Нуржігіт Алтынбеков 465
болғанымен, бірақ ол тұлға емес. Құдай -болмыстың ең биік сатысы, ол табиғаттан
бөлінбеген, бірақ Ол ұғымның тозағына түспейді, Оны сөзбен жеткізе алмаймыз.
Мұндай жағдай Құдай жөніндегі арнаулы ілімді (теологияны) талап етпейді. Сонымен
қатар Табиғатқа деген табыну сезімін тудырып, оны қайта өзгертуге бағытталған іс-
әрекеттерді теріске шығарады. Егер христиандық дін Құдай өзі жаратқан жетілмеген
табиғатты тарту ретінде адамға беріп, оны танып-біліп, қайта өзгерту, өз мүддесіне
жарату, оған өз билігін жүргізу құқын берген болса, «Құдай ашылмаған» діндерде
Табиғатқа адам өз билігін жүргізе алмайды, оған табыну кайсыбір үстемдікті теріске
шығарады, адам табиғатқа тиіспей, тек қана өз-өзін ғана өзгертіп, өне бойы жетілу
үстінде болуы керек.
XX ғ. аяғына қарай дүниедегі ең жас дін - исламның рухани ықпалында өмір сүріп
жатқан елдерде діни сананың күрт өсуі байқалады. Оның негізгі себебі осы діннің
ерекшелігінде жатса керек. Ислам - тек қана адамның жан дүниесін баурайтын дін ғана
емес, сонымен қатар ол қоғам болмысының әлеуметтік, саяси, құқтық салаларын да
бақылауға алып отырады. Мысалы, Аятолла Хомейни (Иран революциясының көсемі)
өзінің «Исламдық басқару» деген еңбегінде «Исламдык құқтық мемлекеттің» қазіргі
Еуропа елдеріндегі құқтык мемлекеттерден артықшылығын Құран арқылы көрсеткісі
келеді. Оның ойынша, Еуропа елдерінде заңдарды шығаратын арнаулы мекемелер,
заңгерлер, депутаттар т.с.с. бар. «Олардың кол астынан шығатын заңдар әрқашанда
жетілмеген, кемеліне келмеген, өйткені әртүрлі әлеуметтік топтар өздерінін мүдделерін
корғау жолында заң кабылдайтын мекемелерге өздерінің ықпалын тигізіп, заңның
бұрмалануына әкеледі. Сондықтан ол елдегі заңдар оқтын-оқтын қайта каралып,
өзгертіліп отырады. Ал ислам елдеріне келер болсак, онда қоғамдык қатынастар
шариғаттың негізінде ретке келтіріледі. Шариғаттың заңдарын адам жасаған емес. Олар
Мұхаммед пайғамбарға Алланың берген аяты, сондықтан ол кемеліне келген,
жетілген, барлық адамдар сыйлайтын, бұлжытпай орындайтын нормалары», - деп
қорытады А.Хомейни.
Міне, осындай ғасырлар бойы шариғаттын негізінде қалыптасқан ислам