Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет401/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
462 
революциясының көсемі) өзінің «Исламдық басқару» деген еңбегінде «Исламдық 
құқтық 
мемлекеттің» 
қазіргі 
Еуропа 
елдеріндегі 
құқтық 
мемлекеттерден 
артықшылығын Құран арқылы көрсеткісі келеді. Оның ойынша, Еуропа елдерінде 
заңдарды шығаратын арнаулы мекемелер, заңгерлер, депутаттар т.с.с. бар. «Олардың 
қол астынан шығатын заңдар әрқашанда жетілмеген, кемеліне келмеген, өйткені 
әртүрлі әлеуметтік топтар өздерінін мүдделерін қорғау жолында заң қабылдайтын 
мекемелерге өздерінің ықпалын тигізіп, заңның бұрмалануына әкеледі. Сондықтан ол 
елдегі заңдар оқтын-оқтын қайта қаралып, өзгертіліп отырады. Ал ислам елдеріне 
келер болсақ, онда қоғамдық қатынастар шариғаттың негізінде ретке келтіріледі. 
Шариғаттың заңдарын адам жасаған емес. Олар Мұхаммед пайғамбарға Алланың 
берген аяты, сондықтан ол кемеліне келген, жетілген, барлық адамдар сыйлайтын, 
бұлжытпай орындайтын нормалары», - деп қорытады А.Хомейни Міне, осындай 
ғасырлар бойы шариғаттын негізінде қалыптасқан ислам елдеріндегі қоғамдық сана 
модернизация барысындағы біршама өзгерістерді қабылдай алмайды, өйткені олар 
шариғаттың көп нормаларына қайшы келеді. Олай болса, «діни фундаментализмнің» 
терең түп-тамырын біз осы тұрғыдан тұсінуіміз қажет.Ал енді XX ғ. ислам 
ойшылдарына келер болсақ, олардың қозғаған негізгі мәселелері - ол ислам 
цивилизациясының 
ерекшеліктері 
мен 
ислам 
дініндегі 
адам 
жөніндегі 
қағидалар.Мысалы, Иран философы Сеид Хусейн Наср ислам цивилизациясының 
символы ретінде өзеннің ағысы емес, Қағбадағы алты қырлы тасты көрсетеді. Яғни 
ислам қоғамы өне бойы өзгерісте емес, ол тұрақты да бір қалыпты. Алайда Батыста 
тараған «исламның тұрақтылығы іріп-шірумен тең» деген пікірге ол үзілді-кесілді 
қарсы шығады. 
Екінші ерекшелік - Құдай, Ғарыш және адамның бірлігі мен өзара байланысын 
мойындау болып табылады. Оның үлгісі ретінде табиғаттағы заттардың бірлігі мен 
өзара байланысын алуға болады. 
Үшінші ерекшелік — исламның тазалығы, Мүхаммед пайғамбардың аяндарының 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   397   398   399   400   401   402   403   404   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет