Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет402/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
463 
қатаң сақталуы. 
Соңғы өте маңызды ерекшелік - исламның «Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед 
оның пайғамбары» деген өзекті қағидасы. 
Исламның негізгі қағидаларына тоқтала келе, С.Х.Наср Құран дегеніміз - сөзбен, 
символдармен берілген табиғаттың сыры», - деген пікірге келеді. 
Адам мәселесін талдай келе, өзінің «Білім және киелілік» деген еңбегінде 
С.Х.Наср «архирейлік» және «прометейлік» адамдарды бір-бірімен салыстырады. 
Архирейлік адам - жер мен аспан арасындағы көпір, ол Құдай алдында жердегі істеріне 
жауап беруге тиісті. Ол кеңістік пен уақыттың шеңберінде шектелгенмен, Негізінен 
алғанда, құдіретті рухани күш. 
Ал прометейлік адамға келер болсақ, ол - жердегі дүниенін туындысы, оның 
негізгі қамы—Құдайды ұмыт қылу. Киелілік сезімді жоғалтып, ол өз табиғатының 
ындынының кұлына айналады. Ол - өз қажеттіктерін өтеймін деп табиғатты 
ойрандатады, ең жоғарғы қазіргі технологиялар оның тәкаппарлығын әрі қарай 
өсіреді. Прометейлік адам тарихи Қайта өрлеу заманында дүниеге келеді. Оқтын-оқтын 
ол өз өміріне қанағаттанбай, киелілікті аңсайды, бірақ оның бүрмаланған табиғаты оған 
оны жеткізе алмайды. «Сондықтан Батыс елдеріндегі ішімдіктің, нашақорлықтың 
т.с.с
дінге келгенде бұрынғыдан жоғарырақ, таза рухқа ие болу. Осындай 
көзқарастарды тарататын саяси-діни ұйымдар «Джан-Сингх», «РСС» (Индияда), 
Джамағаат -и- ислами (Пәкістан, Ауғанс-танда) т.с.с. Бұлардың бәрі де дінді «таза 
ұстауға», тек қана құранның негізінде өмір сүруге шақырады, «Қүран - біздің 
конституция» деген ұран көтереді. Олардың ойынша, мемлекетті Имам (қоғамның діни 
басшысы) шариғаттың негізінде басқаруы керек, ал барлық қайшылықтарды шешетін 
діни сотшы - қади болуы қажет. Жер бетіндегі бүкіл халықтардың арманы - теңдік пен 
әділеттілік тек қана саясат пен дін бір-біріне қосылғанда ғана келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   398   399   400   401   402   403   404   405   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет