Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет43/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
44 
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 
Дүниеге көзқарас дегеніміз не? 
Мифологияның дүниеге деген көзқарас ретіндегі айырмашылығы неде? 
Діни көзқарастың ерекшеліктері неде? 
Дүниеге деген философиялық көзқарастың миф пен діннен айырмашылығы неде? 
Философия мен ғылымның арақатынасы қандай? 
Философияның өнерлік жағын неден көресіз?
Философия кандай рухани құндылықтарды зерттейді? 
Философия мен тілдің байланысы қандай? 
Философияның негізгі мәселесінің үш жағын көрсетіңіз. Философияның қандай 
функциялары бар? 
Рефераттар тақырыптары: 
Философия және миф. 
Философия және дін. 
Философия және өнер. 
Философияның негізгі бағыттары: материализм, идеализм, реализм. 
Философия - дүниеге деген ерекше көзқарас. 
Философия құндылықтары және бүгінгі өтпелі қоғам. 
Философияның жоғары білім саласындағы алатын орны. 
Философия мен жеке ғылымдардың байланысы. 
Философияның танымдағы әдістемелік қызметі. 
XX ғасырдың аяғындағы адамзат тудырған жалпы мәселелерді шешудегі 
философияның рөлі. 
Ойланыңыз: 
Неміс ағартушысы Г.Лессинг: «Егер Құдай мені өзіне шақырып: «Бір қолымда 
Дүние жөніндегі толық ақиқат, екіншісінде ақиқатқа деген іңкәр бар. Қайсысын 


Нуржігіт Алтынбеков 
45 
таңдап аласың?» - десе, мен: «О, Жаратқан, бүкіл ақиқаттың иесі сенсің, маған тек сол 
ақиқатқа іңкәрлікті берсеңіз болғаны», - дер едім» - дейді. Осы көркем сөзбен 
берілген ойды сіз қалай түсінесіз? 
«Ешкім де философияны жастық шағында ысырып тастап, қартайғанда одан 
шаршамасын. ... философия жасқа да, кәріге де керек, біріншіге жастық жігерді 
болашақ алдындағы пісіп-жетілген батылдықпен ұштастыруға, екіншіге өмірдің 
соңында рухани жаңарып, өткенге қуану үшін» деген пікірді грек философы Эпикур 
айтқан екен. Бұл ойдың маңызы неде? 
Француз ағартушысы Д.Дидро айтқандай, «Ең тамаша ойшылдар философиямен 
ғасырлар бойы айналысты. Бірақ соған Қарамастан, онда бірде-бір дау туғызбайтын 
пікір жоқ». Неге олай? 
«Өткен және болашақ замандардағы қасіреттерге философия жоғарыдан 
қарағанмен, қазіргі қасіреттер философияға жоғарыдан Қарайды» деген ойды француз 
жазушысы Франсуа де Ларошфуко айтқан екен. Бұл ой-пікір біздің қазіргі өтпелі 
заманьшызды бағалағанда, қандай тебіреністерді тудырады? 
«Жалғыздықтың шеңберінде өмір сүру үшін я жануар болмаса Құдай болу 
керек» - дейді Аристотель. Бірақ үшінші бар, ол-философ», дейді Ф.Ницше.Бұл 
пікірді қалай түсінуге болады? 
Қайғы таныммен бірге басталады», - дейді француз ойшысы Ф.Камю . Сіз бұл пікірді 
қалай түсінесіз? 
«Философия қоғамға тәуелді болмауы керек, керісінше, қоғам 
философияға тәуелді болуы керек»,-деген екен орыс философы Н.Бердяев.Бұл 
тұжырым қазіргі өтпелі қоғамдақандай ойларды туғызуы мүмкін? 
«Егер өлім болмаса, адамдар философиямен айналысар ма еді?»-дейді 
неміс философы А.Шопенгауер. Оған қалай қарайсыз. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет