Нуржігіт Алтынбеков 49
философиясы деп оларды ерекше қараймыз.
Сонымен бірге философияның келесі күрделі ерекшелігі оның тарихына өз әсерін
тигізбей қоймайды. Ол Дүниеге деген көзқарастың көптүрлілігі,ішкі және
сыртқы жағына шексіз Дүниені танып-білудегі кемеліне келген соңғы ақиқаттың үзілді-кесілді түрде болмауы. Сондықтан соңғы ақиқат — ешбір философиялық
ағымда, ешбір аса ірі тұлғаның қолында жоқ және ол болашақ тарихта да болмайды. Бұл философияның іргетасты ерекшелігі тарихтағы пайда болған әр философия
ағымының, әр ірі тұлғаның дүние сезімінің, тебіренісінің қайталанбауын, оның орны
бөлек рухани құндылық екенін көрсетеді. Сондықтан әрбір философиялық ағымның
ішінен
бүгінгі таңда бізге керек даналық пікірді, көзқарасты табуға болады. Мысалы,
көне замандағы Шығыс ойшылдарының «ортаңғы жолымен жүру» қағидасы бүгінгі
таңдағы біздің «біржақтылығымыздың» қателігін көрсетпей ме?
Көшпенділердің Дүниеге деген көзқарасындағы табиғатты аялау, оған табыну
қажеттігі бүгінгі таңдағы Дүниені қайта өзгерту жолында экологиялық дағдарысқа
келіп тірелген адамзатқа қаншалықты қажетті десеңізші!!!
Ал үнді философиясының негізгі қағидаларының бірі ахимсаны (ешқандай
тіршілікті зәбірлемеу) алсақ, оның мән-мағынасы да осы уақытқа шейін
соғыстан құтыла алмай келе жатқан адамзатқа сабақ болатындай. Мұндай
мысалдарды көбейте беруге болар еді.
Қорыта келе, біз оқырманды философия тарихын жете игеруге шақырамыз. Оның шеңберінде телегей-теңіз дана ойлар, нәзік дүниесезімді, таңғаларлық ой-
өрістерін табуға болады. Ол сіздің өзіңіздің ой-өрісіңізді кеңейтіп, Дүниеге терең
көзқарас қалыптастырып, өміріңіздің терең мән-мағынасын табуға көмектеседі.
Ендеше сол философия тарихына саяхатымызды бастайық.
Философияның дүниеге келу мәселесі