Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет466/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
528 
Әрине, қазіргі компьютерлік есептерге сүйене отырып, әртүрлі варианттардың 
мүмкіндігін шығаруға болады. Бірақ олардың қайсысы жеңеді, оны тек кездейсоқтық 
шешеді. 
Осындай күрт даму, күрделену сатысындағы жүйе айнала қоршаған ортадан зат, 
энергия, информацияны пайдаланады да, оның құлдырауын, хаосизациясын өсіреді. 
Тәртіптің деңгейін көтеру үшін оған «төлем» жасалуы қажет: энергия мен 
информациянын өсуі осыған байланысты. Мысалы, АҚШ - өте қатты дамыған, әрі 
қарай күрделену жолындағы ел. Ал оны қамтамасыз ету үшін жыл сайын энергия 
қажеттіктері өсіп, сонау мыңдаған шақырым алыстағы Парсы шығанағын, соңғы 
кезде Каспий теңізін олар «ұлттық мүдделілік» аймағы деп отыр. 
Белгілі бір биік ұйымдасу дәрежесіне көтерілген зат, я болмаса құбылыс айнала 
қоршаған ортадағы неше түрлі үрдістердің ыкпалында болып, оған қарсы «шаралар» 
қолданады. Бірақ оның мүмкіндіктері шектелген, ал айнала коршаған ортадағы 
үрдістер шексіз. Сондықтан ертелі-кеш қандай биік дәрежеде ұйымдасқан объект 
болмасын сыртқы ықпалдарға қарсы тұру мүмкіндіктерін сарқыған кезде, құлазып, 
соңынан хаосқа айналады. Бірақ хаостың шеңберінен тағы да тұрақты, ұйымдасқан
күрделенген заттар мен құбылыстар дүниеге келіп жатады да, соңынан хаосқа кайта 
өтеді. 
Сонымен синергетика ғылымы дамуды тек тіршілік әлеміне ғана жатқызбай
бүкіл Дүниедегі өлі және тірі табиғат, қоғам, рухани өмір — бәрі де өзара даму мен 
хаосқа айналу үрдісінде деген тұжырымға келеді. Бұл үрдісте «кездейсоқтықтың» мәні 
күрт өсіп, ешкім, ешқашанда Дұниенің болашағын анықтай алатын болжамдар жасай 
алмайды. Дүние ешқашанда өзінің кемеліне келмейді, соның арқасында ол өне бойы 
даму мен ыдырау үрдісінде. Оны қазақ халқы «жалған», «арман» деген сияқты 
ұғымдармен сезінген. 
§ 11. Даму бағыттығы 
Даму барысындағы белгілі бір бағыттықтың болуы - табиғат қажеттілігі. Біз оны 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет