Нуржігіт Алтынбеков 674
жарқын қиялдарға жол ашуда..
XX ғ. экзистенциализм бағыты адамның өмір сүру ерекшеліктеріне аса көп назар
аударды. Олардың ойынша, адам бұл өмірге келгенмен, өмірдің мән-мағынасын жүре
келе неше түрлі зардап, қорқыныш, қайғы, тіпті түңілуден өтіп барып табады.
Адамның еркіндігі - оның басқа тіршіліктен негізгі айырмашылығы. Ол өз өмірін өзі
жобалап іске асырады. Сонымен қатар адам еріктігіне шек қоятын - оның өз
руханияты ғана. Ж-П.Сартр еріктік - басқалардың алдындағы моральдық
жауапкершіліктің ауыр жүгі деген болатын.
Өкінішке қарай, көп адамдар жауапкершіліктің ауыр жүгінен бас тартып, олай
болса, өз тұлғалығының өзегінен айырылып, өз болмысын жоғалтып, жаттанған
дүниеге кіреді. Мұндай адамға М.Хайдеггер «тап» деген ат қойып, ол коғамды
Н.Бердяев «объективацияланған (заттанған) дүние», ал А.Камю «абсурдтық (ақылға
сыймайтын») дүние» деді. Мұнда адамдардың қарым-қатынасы екі жүзділікке, алдау-
арбауға, жәдігейлікке толы. Сондықтан адамдар өзінің жалғыздығын, бір-біріне деген
салқындығын сезінеді. Егер атеистік экзистенциализм мұндай дүние шеңберінен шығу
үшін адамдар бірігіп абсурдтық дүниеге қарсы көтерілу керек десе, діни бағыт: «Құдай
- рух, олай болса, рухани жаңару керек дейді. Ал «диалог философиясының» өкілдері
(М.Бубер, Э.Левинас), тек іштей сырласу арқылы «Сен және Мен» қарым-
қатынастарын орнату мүмкіндігі ашылып, адамның өмірдегі нағыз шынайы болмысы
басталады, ал адам «Ол» болса, құралға айналады деген тамаша пікір айтады.
XX ғ. Батыс діни философиясы либерализм мен тоталитаризмді сынға алады.
Адам еркіндігі, егерде ол Құдайға негізделмесе, ойына не келсе соны істеуге,
озбырлыққа әкеліп, ақырында адамды заттық байлықты жинаудың құралына
айналдырады. Тоталитаризм барлығын мемлекеттің қолына өткізіп, адамның қадір-
қасиетін таптайды. Олай болса, бүгінгі ағарған адамзат діннің шеңберіне қайта
оралып, барлық күш-жігерді рухани өрлеуге жұмсау керек.
Персонализм (тұлға) бағыты адамды үзілді-кесілді денеге, зат, нәрсеге ешқашанда
теңеуге болмайтынын баса айтады. Өйткені, оның құпия өзгермейтін рухани