Нуржігіт Алтынбеков 679
өмір алдына қойған талаптары мен шынайы өмірде қалыптасқан жағдайдың
арасындағы қайшылықтың шегіне жетіп өршіген кезде пайда болатынын біз жақсы
білуіміз керек. Бірақ бірде-бір тарихта болған революция өзінің алдына қойған
мақсат-мұратына толығынан жете алған жоқ. Көп жағдайда ол қан төгіске, зардап
шегуге, сәтсіздікке әкеліп, зұлымдыктың кейбір өршіп кеткен түрлерін жойғанмен,
олардың орнына оның жаңа түрлерін дүниеге әкелді.
Бұл арада біздің зұлымдық мәселесіне тоқтала кеткеніміз жөн болар. Өлі табиғат
пен жануарлар өміріне, әрине, зұлымдық ұғымын қолдану мүмкін емес. Ол - қоғам
өмірінде пайда болатын кұбылыс. Ұлы Гегельдің ойынша, оның қайнар көзі - өмірде
болып жатқан мен болуға тиістінің арасындағы қайшылық. Тек қана адам
өмірінде шынайы өмірде жоқ, бірақ болуға тиістіні қажет ету(долженствование) бар.
Ал орындалмаған бұл кажеттілік адамнын зардаптануына, қайғы-қасіретіне әкеледі.
Біздің
ойымызша,
зұлымдық
материалдық
ресурстардың
әрқашанда
шектелгендігінен, соның нәтижесінде кейбіреулердің жеке мүддені асыра бағалап,
қоғамдық бір тұтастыққа қарсы кою іс әрекетінен пайда болса керек. Ол жеке
адамның өзімшілдік мүддесін іске асырудағы пиғылынан шығуы мүмкін, сонымен
қатар белгілі бір әлеуметтік топтың да іс әрекетінен пайда болуы ғажап емес. Мысалы,
уақытында фашистік Германияның басшылары неміс халқын ерекше биік орынға
қойғысы келіп, басқа халықтарға қарсы қойып, сол саясатты жүргізу барысында
адамзатты қандай трагедияға әкелгенін білеміз. Бүгінгі таңда, АҚШ басшылары өз
күшін пайдаланып, басқа халықтардың мүддесіне сай келмейтін өр көкіректік
саясатты жүргізіп, ондаған мың шақырымдағы жерлерді сол елдің «өмірлік
мүдделері» бар аймақтары деп бағалауда. Ал одан шыққан іс әрекеттерді біз
локальды қан төгістер жүріп жатқан жерлерден көріп жатырмыз.
Енді жоғарыда талданған шынайы өмір мен құндылықтар әлемінің арасындағы
қайшылықтарға тағы да оралсақ, Л.Фейербах діннің қайнар көзін Дүниенің өтпелілігі
мен кемшіліктерінен, содан шығатын адамның зардабынан, табиғаттың орасан зор
күштеріне тойтарыс бере алмай, үрейленуінен көреді. «Сондықтан адамның қиял-