Нуржігіт Алтынбеков 682
болғанымен, ішкі өмір әлі де болса жеңілірек.
Жасы келе, адам өмірдің соңғы - үшінші - сатысына аяқ басады. Оны пуристік (таза), я болмаса діни, адам дінге сенбесе, руханияттық саты деп атауға болар еді.
Өйткені адам өз өмірінің «күнбатысымен» кез болады. Бұл шақта адамның рухы
кемеліне келіп, оған көп сұрақтар қойып, мазалай бастайды. Адамның сыртқы өмірі
жеңіл (күнкөріс, бақталастық т.с.с. күйбіңнен адам алшақтайды) болып, ішкі рухани
өмірі үлкен тебіреністерге, ауыр жүкке толып, оны күнбе-күн үлкен ойға қалдырады.
Ондағы негізгі сұрақ өмірдің мән-мағынасы, мазмұндылығы, өмір соңындағы
қалдырған із болса керек.
Енді рухтың өмір сүру формаларына келер болсақ, уақытында оны Г.Гегель
егжей-тегжейлі талдаған болатын. Ол оны субъективті, объективті және абсолютті
рухқа бөледі.
Субъективті рух деп біз тарих сахнасында өмір сүріп жатқан тірі өзіндік сана-
сезімі бар адамды айтамыз. Рух жеке адамның психикалық ерекшеліктеріне сай
қалыптасып, дамиды. Адам өзінің саналы іс әрекетінің негізінде тұлғаға айналып,
қоғам өміріндегі құндылықтарды игеріп, өзіндік сана-сезімін қалыптастырады.
Объективті рухқа біз белгілі бір әлеуметтік қауымның мойындаған ортақ
құндылықтар әлемін жатқызамыз. Оған оның дүние сезімі, көзқарасы, этикалық,
эстетикалық, саяси-құқтық, философиялық т.с.с. түсініктері, көңіл күйі, идеялары
жатады. Негізінен алғанда, объективті рух - ол белгілі бір тарих сахнасында өмір сүріп
жатқан халықтың рухы, ең алдымен оның тудырған тілі, жасаған өнер әлемі, әдет-
ғұрпы, тәлім-тәрбие әдістері, құқтық жэне моральдық құндылықтары, менталитеті
(ділі) т.с.с.
Гегельдің уақытында айтқан абсолюттік рухы — ол кемеліне келіп жетіліп, өзінің
шеңберіне қайта оралған абсолюттік идеяның (Құдайдың) жердегі өмірмен ешқандай
байланысы жоқ рухы. Мұндай көзқарас бүгінгі әдебиетте көп жағдайда
мойындалмайды. Сондықтан Гегельдің көрсеткен абсолюттік рухтың сатыларын:
өнер, дін, философияны объективті рухтың ішіне кіргізуге болады.