Нуржігіт Алтынбеков 94
дегеніміз сұхбат барысында білмеген сияқты болып талқыланып жатқан мәселе
жөніндегі қарсыда отырған адамның тұжырымдарының неше түрлі сұрақтар арқылы
ішкі қайшылығын ашып, ең ақырында оны: «Менің біле-тінім - тек қана ештеңе
білмейтінім», - деген ойға әкелу. Бірақ мұнымен сұхбат бітпейді. Егер осы сатыда
әңгіме бітсе, адам толығынан күмәнға батып, дүниеде не істерін, қалай өзін
ұстайтынын білмес еді.
Сұхбаттың екінші сатысында маевтика басталады. Ол сәбидің Дүниеге келуіне
көмектесетін кіндік шешенің қызметі сияқты. Бірақ сәби емес, Дүниеге акиқат келеді.
Ол үшін жоғарыдағы талданған мәселе жөніндегі пікірлер салыстырылып, олардың
ішіндегі ақиқатқа әкелетіндері алынады.
Бірақ Сократтың мақсаты - одан да әрі тереңдеу. Қандай мәселе талқыланса да,
әңгіме ақырында адам өмірінің мән-мағынасына келіп тіреліп, осы мен қалай өмір
сүріп жатырмын, не істеп, не қойдым, менін ар-ұжданым таза ма т.с.с. деген сұрақтарға
әкеледі. Міне, негізгі мақсат енді ғана орындалды, осы уақытка дейін өзінің жан
дүниесі жөнінде ойланбай келген адам іштей тазарып, өмірге басқа көзбен қарай
бастайды.
Олай болса, адамның өз-өзін танып-білуі - оның ең биік мұратына айналуы
керек. Сонда ғана адам мен қоғам арасындағы қайшылықтар шешіледі. Ол үшін адам
күнделікті өмірдегі «ұсақ мәселелердің» жолын табуы емес, ол бүкіладамзаттык
ақиқат деңгейіне көтеріліп, өзінің жан-дүниесін толтыруы керек. Бұл пікірді
қолдайтын бір аңыз бар. Сократтан: «Сіздің туған жеріңіз қайда?» - деп сұрағанда,
ол: «Мен ғарыштанмын», - деп жауап берсе керек. Сократтың ұлы тұлғалығы, міне,
осында.
§ 6. Классикалық кезең. Философияда ұлы жүйелерді жасаушылар. Платон мен Аристотель Б.з.д. IV ғ. Антикалық қоғамда бүкіл мәдениет, соның ішінде философия да өзінің