Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет84/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
97 
- шынайы болмыс. Идея заттардың терең мәнін құрайды, оның бітімін 
қалыптастырады, сол себептен оны Дүниеге әкеледі, онын «парадигмасын» кұрайды 
(раrаdіgmа -грек сөзі, үлгі). 
Өзінің идеялар әлемі түсінікті болуы үшін Платон «Үңгір жөніндегі аңызды» 
пайдаланады. Сонында бұл аңыз метафизика, гносеология және диалектиканың 
символына айналды. 
Көзімізге үңгірде, я болмаса зынданда, аяқ-қолы байланған адамдарды 
елестетейік. Үңгірдің аузы күншығысқа қараған, сондықтан оның сәулелері сондағы 
адамдар қарап отырған жаққа түсіп тұр. Жер бетінде керуен кетіп бара жатыр, адамдар 
әртүрлі заттарды көтеріп, бір-бірімен сөйлесіп келеді. 
Үңгірде қамалған адамдарға солардың қозғалып бара жатқан көлеңкелері көрінеді, 
түсініксіз күңгірт дыбыстар естіледі. Олар бірақ жер бетінде шын өмір барын 
білмейді, сол көлеңкенің өзін шын өмір екен ғой деп есептейді. Бірақ сол қамалған 
адамдардың біреуі ойланып-толғанып, ақырында өзінің көлеңке әлемінде тұрып 
жатқанын түсінуі мумкін. Ал екіншісі аяқ-қолын калайда шешіп, үңгірдің сыртына 
шығып, күн көзінің сәулесіне көздері үйренгеннен кейін, шынайы өмірдегі 
адамдарды, заттарды, соңында жарқырап тұрған күннің өзін көреді. 
Үңгір аңызынан қандай философиялық тұжырымдар жасауға болады? 
Біріншіден, болмыстың әртүрлі деңгейлігі жөнінде - сезімдік болмыс пен құдіретті 
болмыстың бар екендігі; үңгірдің ішіндегі көлеңкелер - сезімдік әлем, ал жер бетіндегі 
адамдар мен заттар -нағыз болмысты, қүдіретті әлемді көрсетеді, ал күн - ол ізгілікті 
көрсететін идея. 
Екіншіден, танымның деңгейлерін байқауға болады - ол сезімдік таным, ақыл-
оймен тану, интуитивтік жолмен соңғы себептерге жету. 
Үшіншіден, бұл аңыздың моральдык, аксиологиялык жағын да байқауға болады. 
Өмірде тек қана сезім толқынының шеңберінде болу - ол үңгірдегі өмір. Рухани өмір 
сатысьша көтерілу - ол нағыз болмыс әлеміне көтерілумен тең. Ал күннің өзін көріп-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет