А. Амангелді, С. Симбаева


Бұйрық райдың жіктелу кестесі



Pdf көрінісі
бет162/165
Дата07.02.2023
өлшемі53,4 Mb.
#66060
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   165
Бұйрық райдың жіктелу кестесі 
Жекеше
Көпше
Мен түбір етістік + -айын/-ейін, -йын/-йін; 
Біз түбір етістік + -айық/-
ейік,
-йық/-йік 
Сен түбір етістік;
Сендер түбір етістік + 
-ыңдар/-іңдер, -ңдар/-ңдер; 
Сіз түбір етістік + -ыңыз/-іңіз, -ңыз/-ңіз;
Сіздер түбір етістік +
-ыңыздар/-іңіздер,
-ңыздар/-ңіздер; 
Ол түбір етістік + -сын/-сін;
Олар түбір етістік + -сын/-
сін; 
3. Шартты рай (условное наклонение). Қимылдың, іс-әрекеттің болу-
болмау, іске асу-аспау мүмкіндігінің шартын білдіретін етістіктің түрін 
шартты рай деп атайды. 
Условное наклонение выражает возможность или желательность 
действия при тех или иных условиях. 
Шартты рай етістіктің түбіріне -са/-се жұрнақтарын және одан кейін 
жіктік жалғауының қысқа түрінің жалғануы арқылы жасалады: мен 
оқысам, түсінемін, сен білсең, айтасың. 
Шартты райлы етістік қолданылған сөйлем шартты бағыныңқылы 
құрмалас сөйлем болады. 
4. Қалау рай (желательное наклонение). Қимылдың жасалуын 
сөйлеушінің немесе басқа адамның қалайтынын, тілейтінін, ынтасын 
білдіретін етістіктің түрін қалау рай деп атайды. 
Желательное наклонение выражает желание, намерение говорящего. 
Қалау рай реікті қалау рай, тілекті қалау рай болып екіге бөлінеді. 
Ерікті қалау рай қимылдың жасалуын субъектінің қалайтынын, 
ұнататынын білдіреді. Мысалы, сенің әнші болғың келеді. Ерікті қалау рай 


176 
етістіктің түбіріне -ғы/-гі кел аналитикалық форманты тіркесу арқылы 
жасалады. Ерікті қалау райда қалау мағынасының кімге қатысты екендігі -
ғы/-гі жұрнағынан кейін жалғанатын тәуелдік жалғауы арқылы көрінеді. 
Тілекті қалау рай қимылдың жасалуын субъектінің, сөйлеушінің 
тілейтінін білдіреді: келсе екен, келсе игі еді, келгей еді. Тілекті қалау рай 
екі түрлі тәсілмен жасалады: синтетикалық және аналитикалық. 
Тілекті қалау райдың синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы: етістіктің 
түбіріне -ғай/-гей, -қай/-кей жұрнақтары жалғанып, одан кейін жіктік 
жалғауы жалғанады: Қарағым, тезірек келгейсің.
Тілекті қалау райдың аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы:
1. -ғай/-гей, -қай/-кей еді форманты арқылы жасалады: ол білгей еді, 
сен келгей едің. Тілекті қалау райдың жақ мағынасы жіктік жалғаудың 
қысқа түрінің еді көмекші етістігіне жалғануы арқылы беріледі.
2. -са/-се екен форманты: айтса екен, алсам екен. Тілекті қалау райдың 
бұл тұлғасымен жасалған түрінің жақ мағынасы екі түрлі беріледі: а) 
жіктік жалғаудың қысқа түрі -са/-се жұрнағынан соң жалғанады: мен 
білсем екен, ә) жіктік жалғаудың толық түрі екен көмекші етістігіне 
жалғанады: сен алса екенсің.
3. -са/-се игі еді форманты: естісе игі еді. Тілекті қалау райдың бұл 
түрінің жақ мағынасы жіктік жалғауының қысқа түрі арқылы беріледі. Ол 
бірде -са/-се жұрнағына, бірде еді көмекші етістігіне жалғанады: келсем игі 
еді, келсе игі едім. 
4. -са/-се еді: келсе еді. Тілекті қалау райдың бұл түрінің жақтық 
мағынасы жіктік жалғаудың қысқа түрінің не -са/-се жұрнағынан кейін, не 
еді көмекші етістігінен кейін жалғануы арқылы беріледі: келсем еді, келсе 
едім. 
Тілекті қалау райдың болымсыз түрі -ма/-ме жұрнағының алдына 
жалғануы арқылы жасалады: бармағайсың, алмаса екен, кетпесе игі еді
көрмесе едім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет