Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет101/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   121
Байланысты:
7-8 ткырып дезинфекция

2-үлгі.
Індеттік жағдай. Фермада түрлі жастағы (1 күндік торайлардан бастап) 
1000 доңыз бар. Аяқ астынан 12 торай ауырып, өлімге шалдыққан. Мал 
дәрігерлері оларды ауырып тұрған кездерінде көрмеген. Өлекселерді 
қарағанда кеуде тұстарында, қарын маңында, құлақ айналасында көгерген 
дақтар байқалады. Сойып қарағанда ішкі ағзаларының қызарып, қанға 
толғаны, мұндай өзгерістер асқорыту мүшелерінде байқалады. Бүйректері 
домбығып ісінген, қою қызыл түске боялған. Жүрек қалақшаларында 
орамжапырақтар тәріздес өсінділер бар.
Тапсырма: 
а) ауруға нозологиялық балау қою үшін жүргізілетін зерттеу жоспарын 
құрыңыз.
ә) тілмеден, пастереллезден арылу шараларының жоспарын құрыңыз.
 
 


180 
5-тарау. ҚҰС ФАБРИКАЛАРЫ МЕН ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНДА 
ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫ 
 
25- тәжірибелік сабақ. Құс өндірістерінде індетке қарсы
шараларды ұйымдастыру 
 
Сабақтың мақсаты – студенттерге құс фабрикалары мен шаруашылық-
тарында инфекциялық ауруларға қарсы жалпы және арнайы күрес 
шараларын ұйымдастыру ерекшекліктеріне талдау жүргізу.
Орны және жүргізу әдістемесі. Сабақ кафедра дәрісханасында , жақын 
орналасқан құс фермаларында немесе фабрикаларда жүргізіледі. Студент-
терден сұрау арқылы ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринария-санитариялық 
және арнайы шаралар талданады. Жаппай диагностикалық зерттеулер, бел-
сенді және иммундеу жұмыстарын атқаруға қажетті жабдықтар дайындайды. 
Құс шаруашылықтарында түрлі балау әдістерін, қан алуды, аллергиялық 
зерттеуді, иммундеу тәсілдерін тәжірибеде қолдануды, сауықтыру шарала-
рының жоспарын құруды үйренеді.
Құс өндірістерінде індетке қарсы шаралар жүргізу принциптері. 
Мал шаруашылығының басқа салаларына қарағанда құс өсіруде заманауи 
өндірістік мамандандырылған технология (ет, жұмыртқа өндіру, асыл 
тұқымды балапандар шығарып, сату) кең түрде қолданылады. Нәтижесінде 
шағын территорияда бірнеше мыңдаған құс шоғырланады. Сондықтан құс 
өсіру мекемелерінде ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санита-
риялық және арнайы шараларды кешенді түрде, қатаң орындау қажеттілігі 
туындалған. Індетті қадағалау шараларының босаңсуы бұл саланы үлкен 
экономикалық шығындарға ұшыратады. 
Құс өсіруде тұрақты ветеринариялық саулықты сақтау үшін өндіріс 
технологиясына байланысты (құс фермасы, фабрикасы, шаруа қожалығы) 
жұқпалы ауруларды дауалау шараларының арнайы жүйесі дайындалуы 
қажет. Инфекциялық ауруларды дауалау, яғни олардың дер уақытында алдын 
алу мәселесі, індетке қарсы күрес шаралар кешенінде өте маңызды.
Ірі құс фабрикаларында індетті дауалаудың негізгі принципі - құсты 
жасына және қолданылуына байланысты оқшаулап ұстау. 
Құс ауруларының қоздырушылары негізінен түрлі факторлар арқылы 
(сыртқы орта элементтері, атап айтқанда, транспорт, құс фабрикаларында 
қолданылатын түрлі құралдар, азық, төсеніш, сырттан инкубаторларға 
әкелінген жұмыртқалар, т.б.) таралады. Бұлармен бірге аурудың таралуына 
жабайы құстар, кеміргіштер, адамдардың да рөлі үлкен. Инфекцияның негізгі 
берілу жолдары – респираторлы, яғни ауа арқылы. Соңғы жолмен ауру 
қоздырушысы тек қана бір қорадан екінші қораға ғана емес, ұзақ жерлерге 
тарайды. Мысалы, Ньюкасл ауруының вирусы желді күндері 5-40 км және 
одан ұзақ жерлерге таралатыны ғылыми деректерде көрсетілген.


181 
Қазіргі кезде заманауи технологиялар қолданылатын құс шаруашы-
лықтары мен фабрикаларында жуқпалы аурулардан ветеринариялық 
саулықтың сақталу кепілі: вет.санитариялық режимдердің (ішкі, сыртқы 
қоршау, мекемеге тек қана ветсан жібергіш, дезинфекциялық тосқауыл арқы-
лы қатынасу, т.б.) сақталып, қатаң орындалуы; індеттік жағдайға байланысты 
түрлі ауруларға вакциналарды негізінен аэрозольды тәсілмен қолдану; 
егілгендерінің иммундық фонын заманауи серологиялық тесттерді (ДПР, 
ГАР, ИФР, ИФТ, т.б) қолданып анықтап отыру; құс өсіру технологиясында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет