Дауалау, індет ошағынан арылу шаралары ветсанитариялық шара-
ларды және жануарларды күту, азықтандыру технологиясын қатаң орындау-
дан тұрады. Ауруға шалдыққандарын оқшаулап жояды. Індетті дауалау
мақсатында аналық жануарлардың саулығы қатаң қадағаланады.
Тешен ауруы(Encephalomyelitis enzootica suum, энзоотический энце-
фаломиелит, инфекционный паралич) – орталық жүйке жүйесінің жарақатта-
нуынан туындалатын салдану, аяқтарына тұра алмау, бұлшықеттердің
тырысып қалуымен, басқа да энцефаломиелит белгілерімен сипатталатын,
жіті өршитін инфекциялық ауру.
А у р у қ о з д ы р у ш ы с ы (Porcine enterovirus) энтеровирус тұқым-
дастығына жатады. Вирус төменгі температурада ұзақ сақталады. Тиімді
дезинфектанттар ретінде 2-3%-ды формальдегид, күйдіргіш натр ерітінділері
қолданылады.
І н д е т т а н у л ы қ з е р т т е у жүргізгенде ауырып-жазылған до-
ңыздар 1 жылға дейін ауру қоздырушысын тасымалдаушы ретінде қалатыны,
індеттің негізінен күзде, көктемде спорадиялық жағдайда кездесетіні еске-
ріледі.
К л и н и к а л ы қ б е л г і л е р і аурудың өршуіне байланысты. Жіті
өршуінде энцефалит фонында организмнің жалпы салдануы байқалады.
Ауырған торайлардың өлімге шалдығу пайызы өте жоғары (70-90%). Ересек-
терінде инфекциялық процесс созылмалы түрде байқалады. Оларда энцефа-
лит белгілері өте аз байқалады, бірақ қозғалулары қиындап, кейбір жағдайда
артқы аяқтарының салдануы анықталады. Барлық жағдайда ауырып-жазыл-
ған доңыздардың аяқтары ақсақ болып қалады.
Аурудың нақтылы балауын растау қажеттілігі болған жағдайда
лабораториялық зерттеуге патологиялық материал ретінде 30% глицерин
ерітіндісінде консервацияланған мишықтың, сопақ мидың және жұлынның
кесінділері мұзы бар арнайы термоспен жіберіледі. Ретроспективті балау қою
үшін ауырып-жазылған доңыздардың қан сарысуы серологиялық әдістермен
(КБР, ИФТ) зерттеледі. Аурудың бастапқы кезеңінде және ауырып-жазылған
кезде антидене титрлерінің динамикада 3-4 есе өсуі Тешен ауруының
диагнозын растайды.