179
бордақылап сояды. Лажсыз дезинфекция (күйдіргіш натр немесе формаль-
дегидтің 2%-ды ерітінділерімен) жүргізіліп отырылады.
Аналық малдардың соңғы 2 реткі төлдерінен ауруға тән белгілер анық-
талмаған жағдайда шаруашылық сауықты деп саналады.
Індет процесінің
қарқыны энзоотия түрінде болса, онда сауықтыру шараларын радикалды
түрде жүргізу тиімді саналады.
Студенттердің өзіндік жұмыстары ретінде түрлі
індеттік жағдайды
шешуге арналған жаттығулар үлгілері:
1-үлгі.
Індеттік жағдай. Доңыз фермасында 600-ге тарта жануарлар бар, олар 3
қораға орналасқан, төртінші қорада жем сақталады. Соңғысында азықты
қайнатып дайындайтын қазан орналастырылған. Фермада жануарлар 3 топқа
бөлініп орналастырылған. Бірінші қорада аналық доңыздар мен 1 айға дейінгі
торайлар, екіншісінде 1 айдан 2 айға дейінгі торайлар, үшіншісінде 2 айдан 6
айға дейінгі бордақылауға қойылған ересек торайлар.
Концентрат азықтар-
мен бірге жануарларға асхана қалдықтары беріледі. Доңыздар арасында жыл
бойы сальмонеллез, тілме, пастереллез, дизентерия
аурулары кездесіп
отырады. Бұл ауруларды дауалау мақсатында вакцинация жүргізіледі, бірақ
ветсанитариялық режимдер фермада сақталмайды. Сонымен қатар азық
сақтайтын және дайындайтын қорада, басқа да ферма объектілерінде кеміру-
шілер көптеп кездеседі.
Т а п с ы р м а:
а) аталған ауруларға қарсы жалпы және
арнайы шаралар жоспарын
құрыңыз;
ә) арылу шараларын радикалды жолмен орындау шешімі қабылданған
жағдайда ветсанитариялық шараларды орындау, ферманы толық санациялау
жоспарын жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: