Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


жануарлармен жұмыс iстеу ережелерi. Iндетке қарсы арнайы шаралар



Pdf көрінісі
бет7/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   121
Байланысты:
7-8 ткырып дезинфекция

жануарлармен жұмыс iстеу ережелерi. Iндетке қарсы арнайы шаралар 
жүргiзген кездегi техникалық қауiпсiздiк 
 
Сабақтың мақсаты: Жұқпалы ауруға шалдыққан жануарлармен жұмыс 
iстеген және ветеринариялық-санитариялық шараларды (дезинфекция, 
дезинсекция, дерратизация, өлексенi утильдеу, акушерлiк көмек көрсету, т.б.) 
орындаған кездегi қауiпсiздiк техникасын меңгеру. 1-кестеде көрсетiлген аса 
қауiптi зооантропонозды инфекциялардың адамға жұғу және таралу 
жолдарын талдау.
Зооантропонозды жұқпалы ауруларды негiзiнен мал шаруашылығында 
және олардың өнiмiн өңдейтiн мекемеде iстейтiн адамдардың жұқтыру қаупi 
жоғары. Ветеринария мамандары жұқпалы ауру қоздырушысын малды 
клиникалық зерттеу, емдеу, өлексенi жару, патологиялық материалды 
лабораториялық зерттеу, акушерлiк көмек көрсету кезiнде жұқтырады. 
Малдәрiгерi тек қана өз денсаулығын ғана емес, жұқпалы ауруға шалдыққан 
малмен жұмыс iстейтiн адамдардың iндеттi жұқтырмауына да жауапты 
екенiн назардан шығармауы қажет. Сондықтан олар медицина мамандарымен 
бiрге ветсанитариялық тұрғыда сақтандыру тәртiптерiн ұйымдастырып, 
қадағалаулары керек. 
Зооантропоноз, антропозооноз инфекцияларының iндет ошағында 
жұмысқа қамтылған адамдар эпидемиялық көрсеткiштер бойынша алдын ала 
арнайы вакцинамен белсендi иммунделедi. Адамдардың ауруға шалдығуы 
байқалғанда арнайы иммундыглобулиндер, иммунды қансарысулары, 
антибиотиктер қолданылады. Iндет ошағында шаң-тозаңды басу, ылғал-
дықты азайту шаралары ұдайы жүргiзiлiп отырылуы қажет. Ауру малмен 
немесе патологиялық материалмен жұмыс iстеген кезде көздiң, танаудың, 
ауыздың кiлегей қабықтарына зарарлы материал түссе, онда дезинфектанттар 
ерiтiндiлерiмен (бор қышқылы, риванол, калий перманганаты, т.б.) тез арада 
жуу қажет. 
Жарақаттар 5%-ды спирттi йод ерiтiндiсiмен өңделiп, үстiне 60%-ды 
спиртке салынған дәке оралады. Ит, жабайы аңдар (түлкi, қасқыр, т.б.) 
қапқанда немесе құтырыққа тән белгiлер байқалған жануарлар тiстегенде
жараны өңдегеннен кейiн медициналық пунктке бару мiндеттi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет