Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


Жұқпалы ауруға шалдыққан жануарлармен жұмыс iстеу ережелерi



Pdf көрінісі
бет8/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   121
Байланысты:
7-8 ткырып дезинфекция

Жұқпалы ауруға шалдыққан жануарлармен жұмыс iстеу ережелерi:
- жұқпалы ауруға шалдыққан малмен жұмыс iстейтiн адамдар инфекция 
жайында толық инструктаж алулары керек; 
- жұқпалы ауруға шалдыққан малмен жұмыс iстейтiн адамдар жеке 
басын сақтандыратын арнайы киiмдермен (халат, аяқ-киiм, қорғағыш 
көзiлдiрiк, резина қолғаптар т.б) қамтылуы керек; 
- жұқпалы ауруға шалдыққан малмен жұмыс iстеу кезiнде темекi шегуге, 
қолды бетке тигiзуге, шашты жөндеуге, басқа iске алдануға болмайды; 


14 
- жұмыстан кейiн қолды 2%-ды карбол қышқылы ерiтiндiсi бар ыдысқа 
1-2 минут батырып, артынан арнайы дайындалған сабынды спиртпен жуады. 
Е С К Е Р Т У: Ауру малға жақындау, онымен жұмыс iстеу ережелерi 
студенттерге оқу-клиникалық практика өткен кезде үйретiледi. 
Iндетке қарсы шаралар жүргiзген кездегi техникалық қауiп-
сiздiктер: 
- дезинфектанттармен жұмыс iстеген кезде қолданылатын санитариялық 
ережелер, нұсқаулар және басқа ауыл шаруашылығында қолданылатын 
нормативтiк құжаттар басшылыққа алынады; 
- жұмысты бастау алдында жұмысшылар мамандықтарына қарамастан 
улы химикаттарды қолдану кезiндегi сақтық шаралармен таныс болуы керек; 
- дезинфекцияға қолданылатын заттармен жұмыс iстеген кезде, жұмыс-
шы осы қызметке қажеттi арнайы киiмдердi киюi керек. Арнайы киiмдер 
бүлiнбеген, адамның бойына шақ, қонымды болуы қажет; 
1-кесте. Аса қауiптi зооантропоноздар, олардың адамға жұғу жолдары 
Ауру 
Бейiм мал Ауру қоздырушысының 
бөлiну жолдары 
Ауру қоздырушысының 
организмге ену 
жолдары 
Топалаң Барлық мал Секреттер, экскреттер, 
насекомдар, мал
өнiмдерiмен 
Қарапайым, транмис-
сивтi, жанасу, мал 
өнiмдерi (терi, жүн) 
арқылы 
Сальмо- 
нелездер 
Барлық 
жануарлар 
Экскреттер,мал 
өнiмдерiмен 
Тұрмыстық-жанасу, 
алиментарлы 
Тубер-
кулез 
Жиi сиыр 
малы 
Экскреттер, мал өнiмде-
рiмен (сүт,нәжiс, сора)
Тұрмыстық-жанасу, 
алиментарлы, аэрогендi 
Бруцел-
лез 
Қой-ешкi, 
сиыр, доңыз 
Экскреттер, секрет-
термен түсiк кезiнде 
(қағанақсу, шу,түсiк)
Жанасу, алиментарлы, 
лабораториялық зерттеу 
кезiнде 
Туляре-
мия 
Кемiргiштер, 
кейде қой, 
жиi басқа 
жануарлар 
Экскреттер, секреттер, 
қасапхана 
қалдықтарымен 
Жанасу, алиментарлы, 
аэрогендi шаң-тозаң 
арқылы 


15 
Құты-
рық 
Барлық 
жылықан-
дылар 
Сiлекей, патологиялық 
материалмен (ми, 
жұлын, т.б.) 
Тiстегенде,көз,танау, 
асқорыту мүшелерiнiң
кiлегей қабықтары, 
олардағы және терiдегi 
микрожарақаттар 
арқылы 
Листе-
риоз 
Сиыр,қой, 
кемiргiштер
Экскреттер, 
секреттермен 
Терiдегi микрожаралар, 
кiлегей қабықтар 
арқылы (ауру малмен 
жанасқан кезде) 
Лептос-
пироз 
Барлық 
жануарлар, 
кемiргiштер 
Зәр, нәжiс, тастанды тү-
сiк, жыныс мүшелерiнiң 
ағынтысы, өлексе 
ағзаларымен 
Терiдегi жарақаттар, 
кiлегей қабықтары 
арқылы (ауру малмен 
жанасқан кезде) 
Эризипе
лоид 
Доңыз, 
кемiргiштер, 
балық 
Экскреттер, 
қасапхана 
қалдықтарымен 
Терiдегi 
микрожарақаттар, 
кiлегей қабықтары 
арқылы (ауру малмен 
жанасқан кезде) 
Аусыл Сиыр, 
қой,
доңыз, бұғы 
Барлық секреттер, 
экскреттермен 
Терi, кiлегей қабықтары 
арқылы 
Маңқа Тақтұяқты-
лар 
Барлық секреттер, 
экскреттермен 
Терi, кiлегей қабықтары 
арқылы 
Трихофи
тия және 
микрос-
пория 
Сиыр, 
жылқы, 
мысық, т.б. 
Жарақат қабыршықтар 
арқылы 
Терi арқылы 
Курик-
кетсиоз-
дар 
А/ш 
жануарлары
Трансмиссивтi, тастанды 
төл, шу, қағанақсу, сүт
арқылы 
Трансмиссивтi, терi, 
кiлегей қабықтары 
арқылы 
Ауески 
ауруы 
Доңыз, басқа 
да жануарлар 
Секреттер, экскрет-
термен, доңызда дем 
шығару арқылы 
Ауру малмен 
жанасқанда 
Е с к е р т у. Адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулар 200-ден 
артық, олардың абсолюттi көпшiлiгi инфекциялық аурулар. Кестеде OIE 
тiзiмiне (2005 жылы) жиi кездесетiндерi көрсетiлген. 
- дезинфектант заттарды ерiтiп, одан негiзгi және жұмыс ерiтiндiлерiн 
жасағанда, осы заттармен уланған жағдайда оларға қарсы қолданылатын
сақтандыру препараттары болуы керек; 
- хлорлы дәрмектердiң, формальдегидтiң, аммиактың және басқа 
күйдiргiш препараттардың ерiтiндiсiн жасаған және қолданған кезде мiндеттi 


16 
түрде сақтану киiм киген екiншi адам болуы керек. Қышқыл препараттар 
ерiтiндiлерiн дайындау кезiнде мiндеттi түрде қышқылды суға қосу шарт, 
керiсiнше емес! 
- антикоагулянттар мен тез әсер ететiн улы заттармен iстелiнетiн жұмыс 
жақсы желдетiлген бөлмелерде, жағымсыз иiстi сiңiрiп алатын шкафтарда 
немесе ашық ауада жүргiзiлуi қажет. Улы заттармен жұмыс жүргiзетiн 
адамдар резина қолғаптар, тыныс жолдарына улы заттар енбеуі үшін дәкеден 
байлауыш тағуы керек; 
- кардандық, шынжырлы басқа да берілісі бар айналмалы қондырғы-
ларды қоршаусыз жұмысқа қосуға болмайды. Техника, өрт, электр 
қауіпсіздігіне сай емес, кездейсоқ, қолдан жасалған құралдарды қолдануға 
тиым салынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет