Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет6/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121
Байланысты:
7-8 ткырып дезинфекция

Орны және жүргiзу тәртiбi: Сабақ кафедрада және ветеринариялық 
клиникада жүргiзiледi. Клиникада инфекциялық бөлiм мен оқшаухананың 
орналасу схемаларымен танысып, ондағы арнайы жұмыс киiмдерi мен құрал-
жабдықтарды қарап, инфекциялық ауруларға шалдыққан малмен жұмыс 
iстеу ережелерiмен танысады. Оқытушы клиникадағы малды қолдану 
арқылы клиникалық зерттеу әдiстерiн көрсетедi. Студенттер өз беттерiмен 
оқытушының тапсырмасы бойынша түрлi мал дәрiгерлiк емдеу мекемелерi, 
мал шаруашылықтарына арналған инфекциялық бөлiмдер, оқшаухана 
(изолятор) жобаларын жасап, жұқпалы аурулардан сақтану шараларына 
реферат дайындайды.
Сабаққа студенттер келесi сұрақтар бойынша дайындалып келулерi 
қажет:
1. Iндеттану ненi оқытады? 
2. Жұқпалы аурулардың жұқпалы емес аурулардан айырмашылығы 
қандай? 
3. Iндеттанудың тарихи жетiстiктерi және басқа ғылымдармен 
байланысы?
4. Жаңа экономикалық тұрғыда туындалған iндеттанудың мақсаттары?
Инфекциялық бөлiмдер және оқшауханалар. Жұқпалы аурумен 
ауырған малдарды оқшаулау, iндеттiң таралмауына қарсы қолданылатын 
шаралардың басты бiр элементi болып саналады. Осы мақсатта ветери-
нариялық емдеу мекемелерiнде, шаруашылықтарда жұқпалы ауруларға 
күдiктi және инфекциялық ауруларға шалдыққан малдар үшiн арнайы 
инфекциялық бөлiмдер, оқшауханалар ұйымдастырылуы қажет.
И н ф е к ц и я л ы қ б ө л i м ветеринариялық емдеу мекемелерiнде 
арнайы ұйымдастырылуы қажет. Оған кiрiп-шығатын арнайы жеке есiктер 
бөлек болады. Инфекциялық бөлiмге түскен малдар тек бiр бағытта ғана 
қозғалуы тиiс. Есiктерде арнайы дезинфекциялық төсенiштер орнатылады. 
Бөлiм жеке қолжуғышпен, сабынмен, дезинфекциялық ерiтiндiмен (0,2% 


12 
хлорамин немесе 0,1% “Дезоксон-1”,болмаса т.б.), құралдарды стерильдеуге 
арналған жабдықтармен қамтамасыз етiледi. 
Ауру малды қабылдағаннан кейiн қолданылған құрал-жабдықтар 15 
минут қайнатылады. Егер мал изоляторға жiберiлетiн болса, байлауға 
қолданылған жүген-ноқта, т.б. қолданылған құрал-саймандар дезинфекция-
ланады. Оқшауханаға кiргiзер алдында, малдың тұяғы жуылып, тазаланады. 
Ауруға қойылған диагноз бойынша қайшылықтар болмаса, мал сабынмен 
жуылып, дезинфекцияланады. Ауру малды қабылдаған ветеринар маманы 
қолын жуып, алшалғышты, қолғапты, пiскек т.б. жабдықтарды үнемi 
ауыстырып отыруы тиiс, мүмкiншiлiк болмаған жағдайда дезинфекцияланып 
отырылуы керек. 
О қ ш а у х а н а жұқпалы ауруға шалдыққан малды тұрақты емдеуге 
арналған орын. Ветеринариялық заңдылықтарға сәйкес оны малдәрiгерлiк 
емдеу мекемелерiнде, шаруашылықтарда ұйымдастырады. Ветеринариялық 
мекемелер (емдеу пунктi, оқшаухана) мал мен терiсi бағалы аңдар 
фермаларынан 200 м, құс фермаларынан – 500 м, автокөлiк және темiр-
жолдардан – 300 м, облысаралық жолдардан – 150 м, жергiлiктi жолдардан – 
50 м, елдi-мекеннен (ауыл, поселок, т.б.) – 500 м арақашықтықта орналасу-
лары шарт. 
Оқшаухана басқа да ветеринариялық объектiлермен қатарласып 
орналасса, оның жан-жағы 2 м жабық қоршаумен қоршалып, кiрiп-шығатын 
есiк бөлек болуы қажет. Изолятордағы жылқы тұратын бөлменiң биiктiгi 2,7 
м, басқа малдардiкi – 2,4 м, қабырғалары тегiс болып, ол ылғалға шыдамды, 
ақшыл түске боялады. Оқшаухананың сиымдылығы шаруашылықтағы мал 
басына байланысты. Ол сиыр малы байлаулы ұсталғанда 3-5%, сиыр мен 
жылқы байланып ұсталғанда 2-3%, доңызға – 1-2%, қойда 2,5-3%, ал терiсi 
бағалы аңдар мен қоянда барлық мал басының 1%-ы.
Оқшауханада ауру малды емдейтiн және құрал-сайманды, азықты 
қоятын арнайы орындар болуы тиiс. Ондағы мал серуендеуге шығарыл-
майды. Оқшауханада жүктi әйелдер, кәмелеттiк жасқа толмаған жасөспi-
рiмдер жұмыс iстеуiне тиым салынады. Ауру малмен жұмыс iстейтiн 
санитарлар жұқпалы аурулармен ауырған малдармен жұмыс iстеу ережелерi 
жайында вет-санитариялық минимумдармен танысулары керек. 
Оқшаухана мен ветеринариялық клиникалардың инфекциялық бөлiм-
дерiнде қолданылған су және малдың сұйық қиы мiндеттi түрде арнайы 
бөгеттерде зарарсыздандырылып (хлормен, сөндiрiлген әкпен немесе басқа 
да дезинфектанттармен), тек сонан кейiн ғана жалпы құбырға жiберiлуi шарт. 
СТУДЕНТТIҢ ӨЗIНДIК ЖҰМЫСЫНА ТАПСЫРМА: 
1.Түрлi мал объектiлерiне (фермаларға), емдеу мекемелерiне (ветерина-
риялық клиникаларға) ветеринариялық-санитариялық тәртiптерге сәйкес 
оқшаухана жобасын жасау. 


13 
2-тәжірибелік сабақ. Инфекциялық ауруларға шалдыққан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет