92
зерттеу жүргiзiлiп, соның нәтижесi бойынша (сау емес пункттi iндеттанулық
зерттеу актiсi, ауданның немесе ауылдық округ инспекторының рапорты)
ауданның немесе ауылдық округ әкiмiнiң шешiмi негiзiнде ауру шыққан
шаруашылық, елдi мекен iндеттен сау емес деп жарияланып,
инфекциялық
аурудың жiтi немесе созылмалы өршуiне байланысты карантин болмаса,
шектеу қойылады.
Өте жұғымтал жiтi өршейтiн жұқпалы ауруларда шаруашылыққа немесе
белгiлi бiр ауылдық округке карантин, ал таралу жолдары бәсең көбiнесе
созылмалы немесе жергiлiктi, спорадиялық
байқалатын инфекцияларда
шектеу қойылады. Карантин - аса қауiптi жұқпалы ауруларда қойылатын
шектеу шараларының жиынтығы. Карантинде iндетке қарсы шаралар қатаң
түрде жүргiзiледi. Атап айтқанда, малды топтастыруды тоқтату,
табынды
оқшаулау, шаруашылыққа сырттан малды кiргiзбеу, шығармау, т.б. Каран-
тиндiк инфекциялар тобына жататын жұқпалы аурулардың анықталуы төтен-
ше жағдай (құбылыс). Сондықтан оларға диагноз қоюда объективтi жоғары
квалификациялық тұрғыда (эпизоотолог маманы ретiнде)
назар қойып, өте
жауапты қарау қажет. Нозологиялық балау дер уақытында қойылмаған
жағдайда, аса жұғымтал инфекциялардың кең түрде таралуына мүмкiндiктер
туындалады. Мысалы, Қазақстанда өткен жылдары аусылға дер уақытында
нақтылы нозологиялық балау қойылмай, iндет кең етек жайып, таралып,
көптеген экономикалық шығындарға әкеп соқты.
Індет ошағынан арылу жоспары инфекциялық
аурудың жұғымтал-
дығына байланысты мемлекет немесе шаруашылық қаржысымен орын-
далады.
Карантин немесе шектеу қою шешімін толтыру үлгісі төменде
көрсетілген:
Үлгі:
Шығыс Қазақстан облысы
Үржар ауданы әкімінің шешімі
Үржар ауылы, 30 мамыр 2002 ж., №326, 3 дана
Достарыңызбен бөлісу: