89
- қандай ауруларға және қандай мақсатта (дауалау, еріксіз) вакцинаның
қолданылғаны;
- вакцина өндірілген биофабрика аты, преператтың сериясы, өндірілген
күні және қолдану мерзімі.
14- тәжірибелік сабақ.
Індетке қарсы шараларды жоспарлау және
карантин мен шектеу шараларын ұйымдастыру
Сабақтың мақсаты. Індеттік жағдайды дұрыс бағалау арқылы індетке
қарсы шаралардың стратегиясы мен тактикасын айқындау. Жұқпалы ауру-
ларды дауалау және індет ошағынан арылу шараларын жоспарлау негіздерін
түсіндіру.
Қажетті жабдықтар. Індеттік карталар, ветеринариялық құжаттар,
халықаралық ветеринариялық кодекс, ветеринариялық заңдылық кітаптары.
Орны және жүргізу әдістемесі. Сабақ кафедра дәрісханасында жүргізі-
леді. Студенттер індет процесі туралы білген білімдерін басшылыққа алып,
жұқпалы ауруларды дауалау, індет ошағынан арылу шараларын жоспарлау
негіздерін меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: