Дауалау мақсатында вакциналардың қолданылуы. ҚР аумағында
бруцеллезге қарсы вакциналарды қолдану індеттік жағдайларға байланысты
ветеринария саласындағы өкілетті мемлекеттік органдардың рұқсатымен ғана
жүргізілуі қажет. Қажет болған жағдайда штамм 82 және Рев-1 вакциналары
нұсқауларына сәйкес тек қана жас малдарда (тайынша, тоқтыларда) қолда-
нылады. Аумақтың және жануарлардың бруцеллезден статусына байланысты
вакциналарды қолдану схемасы арнайы нұсқауларда көрсетілген (Астана,
2004). Соңғы жылдары вакцина қолдану тоқтатылды.
А р а л ы қ і с – ш а р а л а р . Егер, бруцеллезден таза мал табынында
жоспарлы маусымдық зерттеулерде бруцеллез мал анықталса, онда табын
уақытша күдікті саналып, індеттанулық мониторинг жүргізу арқылы аумақ-
тың, табынның статусы анықталады. Зерттеу нәтижелері негізінде табын
бруцеллезден сау (таза) немесе сау емес статусына ие болады.
Бруцеллезден сауықтыру шаралары.Бруцеллездің таралу механиз-
міне қарсы дезинфекция жүргізгенде ауру қоздырушысының негізгі таралу
жолдарына мән берілуі керек. Көптеген басылымдарда бруцеллез
қоздырушысының құстар, жәндіктер арқылы таралатыны ескеріліп,
инфекция негізінен сиыр бұзаулағанда: қағанақ су, шу немесе тастанды түсік
арқылы сыртқы ортаға алиментарлы жолмен таралатыны баса назарға
алынбаған.
Арнайы тәжiрибеде, бруцеллезден жабық деп саналатын “Ұлытау”
шаруашылығының изолятор сүт фермасы мен “Дружба” шаруашылығының
(Қарағанды облысы) оқшауханаларынан, бұзаулайтын және суалған сиыр
қораларының едендерiнен, қабырғаларынан, сұйық қи ағатын арықшалардан,
қидан, мал серуендеу алаңдарынан алынған сынамалар бруцеллез қоздыру-
шысына бактериологиялық әдiспен зерттелдi. Аталған объектiлерiнен
алынған 160 сынаманың 7-уiнен бруцеллез қоздырушысы анықталды. Бұл 7
сынаманың 5-i “Ұлытау” шаруашылығының бруцеллезден жабық изолятор
фермасының екi сиыр қорасының едендерiнен, ал екеуi “Дружба” шаруашы-
лығының оқшауханасынан алынған сынамалардан бөлiндi. Изолятор фермада
малдың iш тастауы, әсiресе, құнажындар арасынан жиi байқалды. Бұл
фермадағы мал сауын сиыр қораларында бұзаулайтын.
Бөлініп алынған 7 өсін де төсеніш шыныда S бруцеллез сарысуымен оң,
ал R сарысуымен теріс нәтиже көрсетті. Пробиркада антиабортус сары-
суымен өсіндер 1:40-1:160 титрлерде оң, ал мелитензис сарысуымен теріс
реакция берді. «Тб» бактериофагпен барлық жағдайда да өсіндер лизистенді.
Олар өсіндік-морфологиялық, тинкториальдық қасиеттері бойынша B.abortus
S бруцелла формасына жатқызылды.
Арнайы зерттеулерде алынған нәтижелер негiзiнде «бруцеллездің індет