Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет66/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   121
Байланысты:
7-8 ткырып дезинфекция

Дауалау шаралары. Бруцеллездің алдын алу үшін бақылаулық зерттеу-
лер жүргізіліп отырылуы қажет. Бруцеллезге бейім жануарларды (оның 
ішінде асыл тұқымды малды) сатып алғанда оларды бекітілген нұсқауға 
сәйкес 30 күн бойы басқа малдардан оқшаулап ұстап, 2 рет бруцеллезге 
тексереді, ал қошқардың қан сарысуын сонымен қатар инфекциялық 
эпидидимитке зерттейді. Осы мерзімде теріс нәтижелер алынғанда ғана басқа 
малдарға қосылады. Алайда бруцеллез ауруында қолданылуы арнайы нұсқау-
мен бекiтiлген АР, КБР, КҰБР, РБС әдістері, кешенді түрде қолданылғанның 
өзінде 30 күндік карантиндік мерзімде бруцеллездің жасырын түрін әркез 
толық анықтай алмайды, сонымен бірге басқа инфекциялық ауруларға 
қарағанда, бруцеллезге мал жас кезінде төзімді болып, оның бейімділігі 
жыныс органдарының жетіліп, қалыптасуына байланысты арта береді. 
Бруцеллезге ең жоғарғы бейімділік деңгейі буаздық кезеңнің екінші жарты-
сына келеді. Бруцеллезден сау шаруашылықтарда инфекцияның жаңадан 
байқалуына сырттан әкелінген мал себеп болатыны практикада жиі кездеседі.
Практикада қолдануға бекітілген дауалық карантиндеу тәсілінің 
олқылықтарын жан-жақты талдау арқылы, оны жетілдіру мақсатында, сиыр 
бруцеллезінің алдын алу үшiн сырттан әкелiнген малды дауалық карантин-
деудiң жаңа тәсiлi (алдын ала патент №12050, 2002) практикада 
апробацияланды. Автордың (Е.И.Қасымов, 2002) ғылыми деректерiне 
қарағанда өнертабыстың тиімділігі – сырттан әкелінген мал арасынан 
бруцеллездің латентті түріндегілерін толық анықтау арқылы, індеттің дер 
уақытында алдын алумен кепілденеді.
Жаңа тәсіл бойынша шаруашылыққа сырттан әкелінген асыл тұқымды 
аналық мал, бақылаудағыдай 30 күн емес, бірінші туытқа дейін дауалық 
карантинде ұсталады. Бұл мерзімде мал оқшауланып ұсталып, 2 рет 
шаруашылыққа әкелінген кезінде, 2 рет ұрықтандырылғаннан кейінгі 
буаздық кезеңнің екінші жартысында және бұзаулағаннан кейін қатарынан 
екі рет (әр 15 күн ішінде) серологиялық реакциялармен бруцеллезге зерт-
теледі. Белгіленген мерзімде жеке және мал тобы бойынша, бруцеллезге теріс 
нәтижелер алынғанда ғана (барлық зерттеулерде), олар жалпы сиыр 
табындарына қосылады.
Бруцеллездің шығуына аналық мал табынын толықтыру мақсатында 
сырттан әкелiнген асыл тұқымды тайыншалар мен құнажындар себеп бола-
тыны індеттанудың жалпы бөлімінде (дауалық карантиндеу тақырыбында) 
көрсетіліп, талданған. 


127 
Сонымен, шаруашылыққа сырттан әкелінген аналық малды дауалық 
карантинде 30 күн ұстап, алынған – бруцеллезге теріс нәтижелер бойынша 
жалпы табындарға қоспай, дауалық карантин мерзімін бірінші туытқа дейін 
ұзартып, бұл аралықта қатарынан 2 рет (буаздық кезеңнің екінші жарты-
сында және туыттан кейін әр 15 күн сайын) СР-мен зерттеу арқылы індеттен 
сау шаруашылықты бруцеллезден тиімді дауалауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет