Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет65/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   121
Байланысты:
7-8 ткырып дезинфекция

арылу шаралары
Керектi жабдықтар. Бруцеллездi дауалау және одан арылу шараларына 
арналған нұсқау, штамм 82, Рев-1 вакциналары, малдәрiгерлiк заң кiтаптары, 
бруцеллезден сау емес пункттi iндеттанулық зерттеу нұсқауы, көрнектi 
құралдар.
Орны және жүргiзу тәртiбi. Сабақ кафедра дәрiсханасында жүргiзiледi. 
Студенттер биологиялық препараттармен танысып, әр түрлi жануарлар 
фермаларында бруцеллезге қарсы жүргiзiлетiн күрес шараларын талқылап, 
бруцеллездiң түрлi iндеттiк жағдайына байланысты құралған арнайы 
тапсырмаларды орындайды. 
Бруцеллезге қарсы күрес шараларын жүргізу үшін алдымен аумақ-
тың, жануарлардың бруцеллезден статусы анықталады. Аумақтар бруцел-
лездiң статусына байланысты кластарға (таза, А, В, С) бөлiнедi.
«Таза класс»: аудандық әкiмшiлiк аумағында соңғы 12 ай бойы жануар-
лардың 90%-ын ресми диагностикалық тестiлермен тексергенде оң нәтиже 
бермесе.


125 
Класс «А»: аудандық әкiмшiлiк аумағында соңғы 12 ай бойы жануар-
лардың 90 %-ын ресми диагностикалық тестiлермен тексергенде оң нәтиже 
берген мал 0,25 проценттен аспаса;
Класс «В»: аудандық әкiмшiлiк аумағында соңғы 12 ай бойы жануар-
лардың 90 %-ын ресми диагностикалық тестiлермен тексергенде оң нәтиже 
берген мал 1,5 проценттен аспаса;
Класс «С»: аудандық әкiмшiлiк аумағында соңғы 12 ай бойы жануар-
лардың 90 %-ын ресми диагностикалық тестiлермен тексергенде оң нәтиже 
берген мал 1,5 проценттен асып кетсе.
Жануарлар статусына байланысты сау, шартты түрде сау, ауру және 
ауруға күдiктi тудыратын болып бөлiнедi: 
1) сау жануарлар: бруцеллезге ресми тестiлер бойынша терiс нәтиже 
берген және аумақтың таза класында немесе аумақтың «А» және «В» клас-
тарында бруцеллезден таза табындарда орналасқан: 
2) 
Шартты түрде сау жануарлар: бруцеллезге ресми тестiлер 
бойынша терiс нәтиже; бiрақ соңғы екi айда ауру малдармен жанасқан немесе 
аумақтың «А» және «В» кластары аумағында бруцеллезден таза емес 
табында орналасқан немесе аумақтың «С» класындағы барлық табындарда 
орналасқан. 
3) Бруцелезге күдiктi жануарлар: бруцеллезге ресми диагностикалық 
тестлер бойынша күдiктi нәтиже немесе басқа диагностикалық әдiстерге оң 
нәтиже берген. 
4) Бруцеллезбен ауырған жануарлар: ресми тестiлер боынша оң нәтиже 
бергендері. «А» класы аумағында иммунологиялық тестiлерге оң нәтиже 
берген жағдайда, вакцинамен егiлгендiгi ескерiлмеу керек, ал бактериоло-
гиялық зерттеулер оң нәтиже бергенде, бруцелланың эпизоотологиялық және 
вакциналық штамдарын жiктеу қажет. 
Бруцеллез ауруы бойынша табынды таза, таза емес және күдiктiге 
жатқызады: 
1) таза табын – ресми тесттер бойынша соңғы 12 айда және басқа 
тесттер бойынша соңғы екi айда бруцеллезге оң нәтиже бермеген табын; 
2) зақымданған табын – ресми тесттер бойынша бруцеллезге оң нәтиже 
берген мал бар немесе эпидемиологиялық жағдай онда инфекция қоздыру-
шысының бастауы барлығын дәлелдеген табын; 
3) күдiктi табын – ресми тесттер бойынша бруцеллезге күдiктi нәтиже 
берген мал бар немесе басқа тестпен оң нәтиже берген табын. 
Індеттік жағдайға байланысты профилактикалық (дауалық), аралық 
және сауықтыру шараларының жоспарлары жасалынады: 
1) Профилактикалық iс шаралар жоспары - бруцеллезден таза ауылдық 
округтегi шаруашылық субъектiсiне дайындалады. 
2) Аралық iс шаралар жоспары – ауру шыға қалған жағдайда, уақытша 
iс шаралар жоспары жасалынады, бiрiншi рет диагноз қойылатындықтан, бiр 
жетiден – бiр ай аралығы есептелiнедi, онда малдың барлық басына аурудың 


126 
шыққан санын есепке алады, бұл жоспар бойынша, бруцеллездiң нақты 
статусын анықтайды.
3) Сауықтыру iс шараларының жоспары. Таза класс – iндет ошағы 
аумағында бруцеллез шыққанда барлық мал басын ауыстыру жолымен 
сауықтыру жоспары дайындалады. Мемлекеттiк ветеринариялық қадағалау 
органдары жүйелi диагностикалық тексерулер жолымен сауықтыруға рұқсат 
берулерi мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет