Жобалар әдісі - бұл оқу жүйесінде оқушылар жоспарлау және бірте-бірте
күрделене түсетін жоба- тапсырмаларды орындау процесінде, білім мен әртүрлі
шеберліктерді меңгереді.
Жоспар жасау - "авторға" нақты бір тақырып бойынша мағлұмат жинауға және
оны қағазға түсіруге жәрдем беру жолы.
Жою - "айтып жіберуді" (подсказка) біртіндеп жою.
Жұбату дағдылары -кішкентай балаларда дамитын, стрессті жұмсарту
дағдылары.
Жұмыс жазбалары - біз бақылағанкездегі баланың немен айналысқаны туралы
қысқаша сипатттамалар. Олар баланың азғана уақыт ішіндегі (1-2 мин.) істеген
маңызды істерін бақылаудан тұрады.
Жіктеу (классификация) - объектілерді нақты бір белгілері бойынша бөлуден
тұратын ойлау операциясы.
З Заттық іс-әрекет - затты пайдаланудың көпшілік ойлап тапқан жолдарын тану
процесіндегі, баланың нәресте шағындағы басты іс-әрекеттері.
Зейінді шоғырландыру (концентрация) - бір іске ерекше терең назар аудару
дәрежесі.
И Идентификация (ұқсастыру) - баланың жеке басын және оның мінез-құлық
стереотиптерін қалыптастыратын механизм.
Инновация - әлеуметтік тәжірибеде (әлеуметтік - педагогикалық тұрғыдан)
маңызды өзгерістер туғызатын жаңалықтардың әр түрін шығарып және оларды іс
жүзінде қолдану.
Инсульт- миға қан құйылу.
Инстинкт (түйсік) - белгілі бір стимулға лайықты іс-әрекетпен жауап беру
мүмкіндігі, туа біткен мінез-құлық түрі.
Интеграциялық жинақтау - зерттелуші баланың дамуындағы өзгерістерді қосып
талқылау немесе тұжырымдау.
84
Интеллект (ой-өріс) - адамның білім мен тәжірибені игеру және пайдалануға
дайындығын анықтайтын жалпы танымдық қабілеті.