83
Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас диагностикасы - бір-бірімен үнемі
байланыстағы адамдар тобындағы стихиялы түрде, формалдық емес қарым-
қатынастың пайда болуын ашуға бағытталған диагностика.
Жеке тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы - адамның өзін-өзі қоғамда жеке тұлға
ретінде сезіну процесі,
Тұлғаның белсенділігі- адамның шығармашылықта,
қарым- қатынаста рухани
және материалдық байлықты иелене отырып, қоғам үшін
маңызы зор әлемдік
өзгерістер жасауға қабілеті.
Жеке тұлғаның дамуы - жеке адамды әлеуметтендіру
және тәрбиелеу
нәтижесінде, жеке адамды әлеуметтік тұлға ретінде қалыптастыру процесі.
Жекешелендіру (индивидуализация) - әр баланың оқу стилін,
қарқынын және
басқа да ерекшеліктерін есепке алу. Баланың күшті жақтарын дамыту, осал
жақтарын барынша нығайтуға мүмкіндік беретін процесс.
Жетекші қызмет - балалық шақтың әртүрлі кезеңдеріндегі психикалық дамудың
сипатын анықтайтын қызмет.
Жинақтау қорытындысы - баланың өзі ашқан жаңалықтарға негізделген түсінік
пен тәжірибені байланыстыра білу қабілеті.
Достарыңызбен бөлісу: