Лекцияларының жиынтығЫ 2 Сапаров Қуандық Əбенұлы (оқу құралы) Алматы 2004 бет



Pdf көрінісі
бет27/36
Дата10.02.2023
өлшемі1,13 Mb.
#66804
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36
Байланысты:
Гисто-Цито.книга



Гиалинді шеміршектің құрылысы 
 
1- шеміршек үсті; 2-хондробластар; 3-хондроциттер; 
шеміршектің клетка аралық заты. 
 
Сүйек ұлпалары 
Сүйек ұлпасы механикалық қызметтері жақсы жетілген 
дəнекер ұлпасының бір түрі. Организмдегі минералды 
заттардың алмасуын реттейді. Сүйектің негізгі заттарының 
құрамында 
кальцийдің, 
магнийдің, 
фтордың, 
фосфор 
қышқылдарының тұздары кездеседі. Cүйек ұлпасы тығыз 
ұлпалардың бірі. Сүйектен омыртқалылардың қаңқасы 
құрылады. Шеміршек пен сүйек дененің беріктігін қамтамасыз 
ететін жəне формасын белгілейді. Сүйектің аралық заты 
аморфты заттан жəне коллаген талшықтарынан тұрып, біркелкі 


73
болмайды. Солардың орналасуына сəйкес торлы талшықты жəне 
пластинкалы құрылысы сүйектер деп ажыратылады. 
Егер жуандығы əртүрлі жеке талшықтар немесе олардың 
шоғырлары сүйектің негізгі затында əртүрлі бағытта бірін-бірі 
қиып өтіп орналасса, ондай сүйекті- торлы сүйек деп атайды. 
Мұндай сүйектерден жоғарғы сатыдағы омыртқалылар 
ұрығының қаңқасы даму процесінде біртіндеп пластинкалы 
сүйекке айналады.
Пластинкалы сүйектер өте жұқа жəне күрделі құрылысты 
болып келеді. Бұл сүйектің негізін дұрыс орналасқан тығыз 
коллаген талшықтарының шоғырларынан тұратын сүйек 
пластинкаларын құрайды. Пластинкалы сүйек филогенездік 
дамуында талшықты сүйектен кейін пайда болып, тығыз 
ұлпалардың ең жоғары формасына жатады. Сүйек клеткалары: 
остеобластар, остеоциттер, остеокластар болып бөлінеді. 
Ұлпаның негізгі қызметі- минералды зат алмасуында. 
Құрғақ сүйектің 65-70%-і минералды заттардан, ал 30-35%-і 
органикалық компоненттерінен тұрады. 
Сүйек ұлпасы сүйек клеткаларынан жəне клетка аралық 
заттардан тұрады. Бірақ клетка аралық заттары-өте жақсы 
жетілген. Клетка аралық заттарды қарайық, онда коллаген 
талшықтарының басқа түрі-оссеин кездеседі, бұл талшық 
барлық ұлпаның 20-40%-ін алып жатады. 
Сүйек ұлпасының серпімділігі жəне беріктігі ондағы 
коллаген талшықтары мен минералды тұздарға байланысты. 
Талшықтардың қалыңдығы 15-600А°-дей. Ересек адамдарда 
1500А°. 
Тірі сүйектің құрамы: 50%-су 
15,7%-майлар 
12,45%-орг.заттар 
21,85%-тұздар 
Беріктілігі жəне серпімділігі коллаген жəне минералды 
тұздарға байланысты. Минералды заттар негізінде гидрокси 
жəне 
оксиапатит 
кристаллдарынан 
тұрады. 
Сүйектің 
ізбестелінуі бірінші фибриллдер пайда болғаннан кейін жүреді. 
Клетка аралық заттарына байланысты сүйек ірі талшықты 
жəне пластинкалы болып келеді. Сүйек пластинкасы сүйек 
ұлпасының негізгі бөлігі. Сүйек пластинкалары бір-біріне өте 


74
тығыз 
орналасады. 
Сүйек 
пластинкасының 
арасында 
остеоциттер орналасады. 
Сүйек организмдегі кальцийдің депосы. Адам қанында 100 
мл қанда кальций 7 мл шамасындай келеді. Кейде оның мөлшері 
қанда 10-20мг% ке дейін өседі. Оның көбею себебі қалқан серік 
безінің активті қызметіне байланысты. Мұндай жағдайда сүйек 
жұмсарады, остеобластар фибриобластарға ауысады да 
фиброзды заттар синтездеп ол сүйектің орнын басады. 
Қалқан серік безі кальцитонин гормонын синтездеп 
қандағы кальцийдің мөлшерін азайтады. Сонымен қанның 
құрамындағы кальцийдің мөлшері 2 жерден бақыланады. Сүйек 
ұлпасының минералдануына құлақ асты безінің гормоны 
паротин жəне қалқан безінің гормондары үлкен роль атқарады.
Са жəне Р сүйекте қалыптасуына организмінде Д 
витаминінің 
мөлшеріне 
байланысты. 
Д 
витаминінің 
гиповитаминозға байланысты сүйектену рахит ауруында жай 
жүреді. 
Гистоавтографиялық методтар арқылы сүйек ұлпасында 
минералды заттардың, кальцийдің сүйек ұлпасына қосылуын 
жақсы байқауға болады. Остеобластар сүйек ұлпасының 
минералдануында үлкен роль атқарады. 
Сүйек ұлпасы организмнің құрамында өзгеріп отырады. 
Органикалық жəне минералды заттардың алмасуы гормональді 
түрде жүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет