83
Ассоциативті келген информацияға талдау жасалады.
Нейрон.
Нейронның денесі (перикарион) жəне өсінділері болады.
Өсінділері 2 түрлі: ұзын жəне қысқа болады. Ұзын өсіндісі-
аксон, қысқа өсіндісі-дендрит деп аталады. Аксон əсер ететін
мүшелерге
барып,
жіңішке
тармақтарға
бөлінеді
де,
рецепторлерге айналады. Ал дендрит қозуды қабылдап денеге
өткізеді. Нейрондар 1. Униполярлы (жалғыз өскіні бар) 2.
Биполярлы (екі өскіні бар) 3. Мультиполярлы (көп өскінді)
болып бөлінеді. Жоғарғы сатыдағы жануарлардың өсінділерінің
қарым-қатынасы
функциясына
байланысты
əртүрлі.
Униполярлы өсінді қозуды қабылдайды жəне өткізеді. Сыртқы
ортадан қабылдайтын дендрит.
Биполярлы өсіндінің біреуі
қозуды қабылдайды, ал екінші өсінді қозуды өткізеді. Барлық
қозу импульстары перикарионда жиналады. Мультиполярлы
өсіндінің аксоны жалғыз ал дендриті көп болады. Нейронның
негізгі
қызметі қозуды қабылдап, соған жауап береді. Оны
рефлекс деп атайды. Рефлекс арқылы организм сыртқы ортаға
бейімделеді. Нерв жүйесінің құрылысы күрделенген сайын
олардың сыртқы ортаға жауап беруі күрделене бастайды.
Тітіркендіргіштерді қабылдайтын нерв ұштарын рецепторлар
деп атайды. Қозуды өткізетін нервтер сезімтал клеткалар деп
аталады. Сезімтал клеткалар
импульстарды орталық нерв
жүйесіне бағыттайды. Орталықтан тараған қозуды органға
жеткізетін эферентті клеткалар, ал аферентті клеткалар
ақпаратты орталық жүйке денесіне бағыттайды.
Рецепторларды
қасиеті
мен
қызметіне
қарай:
интеррецепторлар жəне экстрорецепторлар деп бөлеміз.
Интеррецепторлар-ішкі
органдарды
бір-бірімен
байланыстырады.Экстрорецепторлар-сыртқы ортадан қозуды
қабылдайды.
Арнайы тəсілмен жарық
микроскопының көмегімен
перикарионда нерв клеткасының маманданған органоидтары
табылды. Олар: нейрофибрилдер, тригроидтар.
Нейрофибрилдер
дегеніміз-нерв
клеткасының
цитоплазмасында болатын нерв талшықтары олар өте жіңішке
84
фибрилдерден тұрады. Ерекше бояу арқылы байқалады.
Тригроид- перикарионды толтырушы түйіршікті құрылым,
кейде Ниссель денесі деп те атайды. Жоғарғы базофильді
дəрежесіне ие болады сонымен қатар тригроидта гликоген жəне
белоктар кездеседі.
Сонымен қатар нерв клеткасының цитоплазмасында жəне
дендритінде микротүтіктер кездеседі. Оның көлденең кесіндісі
25нм.
Микротүтіктер кейбір бекіткіштерде (фиксаторларда)
фиксаторларды нашар сақталады. Нейрондарда
жақсы жетілген
клетка ішілік торлы аппарат жəне түйіршікті ретикулум жақсы
байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: