«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


БІЛІМ-ӚМІРДЕГІ САРҚЫЛМАЙТЫН АСЫЛ ҚАЗЫНА



Pdf көрінісі
бет11/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

 
БІЛІМ-ӚМІРДЕГІ САРҚЫЛМАЙТЫН АСЫЛ ҚАЗЫНА 
 
Аманжолова А.М. 
«Биология» мамандығының 1 курс студенті
Ғылыми жетекші: оқытушы Хамитова К.К. 
Қазіргі таңда білімді интеграциялау, оның ғылыми деңгейін кӛтеру 
баланың танымдық қабілетіне орай дағдыларын жан-жақты қалыптастыру 
ӛзекті мәселеге айналып отыр. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін 
жаңа технологиялар қажет. Қазіргі заманғы ғылыми техникалық үрдістің 
қарқыны білім беру жүйесіне мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Жаңа 


27 
мектептің мақсаты: әрбір балаға терең білім мен тәрбие беріп қоймай, оның 
бойындағы табиғи қасиетін ашып, жеке тұлғаны қалыптастыру болып 
табылады. 
Білім – адамдардың тіршілік ету барысында жинақталған тәжірбие екені 
бәрімізге белгілі. Қазақ халқы ӛте ерте заманнан бері білімді, сӛзге шешен, дана 
халық болған. Сонау ерте заманнан қазақ балалары молдалардан білім алып, 
сауаттарын ашқан. Олар сол кезден бастап білім алу инемен құдық қазғандай 
екенін түсінген. Сол кезде білім берудің басты мақсаты- қазақтардың сауатын 
ашу, олардың тек қана мал шаруашылығымен шектелмеуін қамтамасыз еткісі 
келді. Қазіргі таңы білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман 
дайындау болып табылады. Бүгінгі күнігі білім жүйесі жыл сайын жаңа 
белестерге кӛтеріліп отырады [1.2-3б]. 
Н.Назарбаевтың бастамасымен ұсынылған «100 нақты қадам» Ұлттық 
жоспары Қазақстанның білім беру саласының даму векторы болып табылады 
және оны жүзеге асыруы тікелей ұстаздарға байланысты екенін атап 
кӛрсетті[2.2-6б].
Ұлы Абай атамыздың:
«Ақырын жүріп анық бас, 
Еңбегін кетпес далаға. 
Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп айтқандай, мұғалім 
үшін кәсіби шеберлікке жету, ӛз мамандығының данышпаны болуы бір күнде 
пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінуіміз керек. Ұстаз мектеп 
қызметін жетілдіру және оқытудың жаңа сапасына түбегейлі жетудегі басты 
тұлға болып табылады. Ұлы ағартушы Ульям Уорд; «Жай мұғалім 
хабарлайды,жақсы мұғалім түсіндіреді, ұлы мұғалім шабыттандырады», - деген 
қанатты сӛздері қазіргі таңда да маңызын жойған жоқ. Сондықтан бүгінгі таңда 
оқушыларды шабыттандыратын, шығармашылығымен «шамшырақ» болатын 
мұғалім, ұжым кӛшбасшысы қажет. Тек тұлға ғана тұлғаны тәрбиелеп шығара 
алады [3.2-3б]. 
Болашақ ұстаз ретінде білім жүйесінде болып жатқан жаңартулар мені де 
алаңдатады. Соңғы жылдары білім саласын ӛзгерту туралы мәселелер 
жаңдануда. Оның себебі «5» балдық жүйе болып табылады. ―Бұл баллдық 
кӛрсеткіш оқушының құзреттілігін қалыптастыруға жеткіліксіз‖-деп ойлайды 
үкімет басындағы тұлғалар. Шынында,бұл балдық жүйе оқушының, сабаққа 
деген қызығушылығын арттыруға, бәсекелестікке қабілетті болуына, жеке 
тұлғалық қасиетін дамытуға жеткіліксіз болып табылады.Оқушының ӛзін-ӛзі 
дұрыс бағалауына кері ықпалында тигізеді.Сол сияқты қойылатын бағада 
әрқашан әділ бола бермейді, баға бір мезгілде субьективті де обьективті де бола 
алады. Обьективтілік анықтықты арттырып, білім сапасын жетілдірсе
субьективтік керісінше, тӛмендететіндігі баршамызға аян. Қазіргі таңы осы 
мәселені шешу қажет деп ойлаймын. Егерде Қазақстанда баллдық жүйе 
қалыптасса бұл оқушының қызығушылығын және тұлғалық қасиетін дамытуға 
ӛз септігін тигізетін еді. Әлемде білім беру ісінің нәтижесін бағалаудың ӛзіндік 
тәжірибесі қалыптасқан. Айталық, шетелде әртүрлі бағалау жүйелері бар. 


28 
Мысалы, 7 балдық, 12 балдық, 100 балдық, рейтингтік және т.б. Бельгияда 60 
балдық, Данияда 13 балдық бағалау жүйесі қалыптасқан. Бұл ӛте тиімді бағалау 
болып табылады.Бұл ретте шетелде кӛбінесе оқушының қаншалықты білім 
алғандығы емес, оның алған білімін ӛмірлік тәжірибеде қаншалықты пайдалана 
алатындығы ескеріледі. Ал Қазақстанда бала алған білімін теориялық тұрғыдан 
ғана шектеліп қалады.Оны практика тұрғысынан жүзеге асыра алмайды. Егерде 
болашақта баллдық жүйе қалыптасса онда оқушы басқа балалармен жарысып, 
ӛзінің кӛшбасшылық қасиетін дамытады деген ойдамын. Оқушыларды 
критериалды бағалау – заман талабына сай шәкірт білімін дәл айқындауға 
мүмкіндік беретін бақылау жүйесі. Бұл жүйеде оқушы ӛзінің білімін ӛзі 
бағалауды ғана үйренбейді, сонымен қатар жеткен жетістігіне кӛңілі толып, әрі 
қарай оқуға деген құлшынысын арттыруды үйренеді. Менің ойымша болашақта 
Қазақстанның білім жүйесінде дәл осындай ӛзгерістер қалыптасады. Осы жүйе 
арқылы біздің білім жүйеміз жаңа бір санатқа кӛтерілетін сияқты [4.9-13б].
Қазіргі таңы біздің білім жүйеміз енді дамып келе жатыр . Біліктілікті 
арттыратын бірнеше жаңа институттар, мектептер ашылуда. Солардың бірі
Астанадағы аймақтық институттар. Сонын ішінде «Ӛрлеу» институты- 
білім беру қызметін ұсыну нарығында ӛз орнын сенімді ұстап тұр сол 
аймақтардағы педгогтар үшін сұранысқа ие оқу орындарының бірі. «Ӛрлеу» 
біліктілікті арттыру ұлттық орталығында жоғары оқу орындарының 
педагогикалық 
мамандықтары 
оқытушыларының 
біліктілігін 
арттыру 
бағдарламасы жұмыс істеуде. Осы оқытушылардың студенттері мектептердің 
болашақ мұғалімдері болуы себебті, ұзартылған мультипликативтік білім беру 
тиімділігі қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда мұғалімдерді оқытуда жүргізілетін 
ғаламдық ӛзгерістерге даярлау әдістері мен біліктілікті арттырудың 
кӛпвекторлы идеясы біліктілікті аттыру, оқыту әдістемесінің негізін құраушы 
болып табылады. Біліктілікті арттырудың мазмұны келесі бағыттар бойынша 
жанартылған ; мектепке дейінгі білім беруде – балаларды ерте жастан оқыту 
әдістемелері, кӛптілдік, орта білімде- білім берудегі әлемдік инновацияларға 
синтез жасайтын «Назарбаев Зияткерлік мектептер» ДББҰ тәжірбиелері; 
жоғары білімде – алдыңғы қатарлы отандық және шет университеттерінің 
тәжірибесі арқылы еліміздің жоғары оқу орындарының педагог мамадығы 
оқытушыларының біліктілігін арттыру бойынша бағдарлама және т.б. 
Елбасы Н.Назарбаев ӛз жолдауында « барлық әлем сияқты Қазақстанда да 
жаңа білім беру әдістеріне кӛшу керек», «отандық білім беру жүйесіне 
инновациялық әдістерді,шешімдері мен құралдарын қарқынды енгізу керек» 
деп атап кӛрсетті. Яғни, біздің білім жүйемізде Smart – технологияларын 
қолдану келешекте мұғалімдердің құзретілігін дамытады. Болашақта 
мониторинг бағдарламасы барлық ӛнірлерде дамып, мұғалімдер оқушыға 
тӛзімділікпен қарап, сынып ұжыммен, оқушылармен болып жатқан ӛзгерістерді 
бағалай алатын еді. 
Шетелдік серіктестерден алынған білім мен тәжірбие, оқыту курстарын 
құру арқылы оқыту үдерісіне енгізілді. Бірақ кезкелген жаңа технологияларды 
енгізу әлеуметтік жағдайлар, дәстүрлер ерекшеліктерін есепке ала отырып


29 
бейімделуі қажет. Осы тұрғыда оқытушыда оқытудың сәйкес деңгейін 
қамтамасыз ету үшін, кәсіби және тұлғалық құзреттіліктердің нақты 
жиынтығына ие болуы ӛте маңызды. Алдымызда тұрған белестер, мақсаттар 
жеткілікті. Жаңа жобалар білім сапасын арттыруға арналған жұмыстарды 
толық қанды атқаруға негізделген 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1. 
«Учительская плюс» Облыстың апталық газеті. № 40 (232) 14 қазан 2016 
жыл.2-3б 
2. 
«Білімдегі жаңалықтар» Республикалық ақпарттық-әдістемелік журнал. 
№3,2015 (51) 2-6б 
3. 
Қазақстан мұғалімі Республикалық газет. №12-13(3472),29 маусым, 2016 
жыл 2-3б 
4. «12 жылдық білім беру» Республикалық ғылыми – әдістемелік және 
ақпарттық-талдамалық журнал. №3,2015 9-13б 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет