ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУДІҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Тҧрдыбек А.Ғ.
«Педагогика және психология» мамандығының 4 курс студенті
Ғылыми жетекшісі Сейдина Б.З
Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім –
тәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындау- педагогика
ғылымы мен озат тәжірибенің кӛкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны
анық.
161
Ӛскелең ұрпақтың білімі әлеуметтік – мәдениетке сәйкес болуы қажет.
Елбасының 2006 жылғы Қазақстан халқына жолдауының «Осы заманғы білім
беру және білікті кадрлар жүйесін дамыту» деп аталатын бӛлімде: «Бізге
экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы
білім беру жүйесі қажет.Ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің аса маңызды шарты
бұл әлеуметтік бәсекелестік үрдісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті
рух пен білім» — деп атап кӛрсеткен.
Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға
ықпал жасау мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан психология
мен педагогикада осы мәселеге үлкен кӛңіл аударылады. Әр мектептің
оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары
құрылып, оны жүзеге асыруға психологтың қосатын үлесі мол болуға тиіс.
Балаларға мамандық таңдату оңай жұмыс емес. Бұл проблеманы зерттеушілер
П.П. Блонский, Г.Н. Стычинский, В.А. Сухомлинский, Ю.П.Сокольников,
А.П.Сейтешов Г.А.Уманов, Л.К.Кермов және олардың шәкірттері баланы жас
кезінен болашақ мамандығын саналы түрде анықтауға ата-аналар, психологтар
мен педагогтар ӛз үлестерін қосуы керек екенін атап кӛрсеткен. Сондықтан
қазіргі кезде кӛптеген психологиялық зерттеу әдістемелері кӛмегімен баланың
психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеп, қай салада қызмет атқаруға икем
екенін болжамдап береуге болады [1].
Бүгіңгі таңда жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берудің
психологиялық тераменттерін зерттеуге арналған Айзенк, Стреляу тестері,
Басса-Дарки, Шмишек, Филипс жасаған мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау
әдістемелері, таным процестерін зерттеу және қабілеттіліктің түрлерін анықтау
әдістемелері кӛмегімен әр адамның жеке даралық психофизиологиялық
ерекшеліктерін нақты анықтауға болады.
Сонымен қатар жоғарғы сынып оқушыларының коммуникативтік және
ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу және барлық бағаланған қасиеттерді
дамыту және қалыптастыру жолдары да анықталған. Дегенмен мектеп
тәжірибесінде психологиялық қызметтің енді аяқ алып келе жатқанына
байланысты оқушыларға дер кезінде психологиялық кӛмек кӛрсету сирек
кездеседі.
Психолог
бар
жерде
олардың
арсеналында
қажетті
психодиагностикалық әдістемелер тапшы. Ғылыми тұрғыда негізделген кәсіби
бағдар беру проблемасын шешу жолдары онша айқындалмаған.
Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттері анықталды:
Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттермен, әдістемелермен
жұмыс істеу;
- Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің теориялық
аспектілерін ашу;
- Білім беру жүйесінде кәсіби бағдар беру түсінігіне талдау жасау;
- Қолданбалы курстар мәселесі және оны оқыту ерекшеліктерін кӛрсету;
- Кәсіби бағдар берудің негізгі бағыттарына талдау жасау;
- Оқушылардың саналы түрде мамандық таңдауында ата-ананың алатын
орнын кӛрсету;
162
- Тәжірибелік жолмен жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің
ерекшеліктерін кӛрсету;
- Арнайы әдістемелері зерттеу [2].
Болашақта ел тұтқасын ұстайтын азаматтардың болашақ мамандығын
анықтауға бағыт-бағдар беру - бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды
мәселердің бірі. ҚР Президентінің Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдауыңда «әр оқушының білімі мен қабілеті деңгейінің тиімділігін
бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек» деп кӛрсетілген. Бұл мәселе
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің
басты міндеттерінің бірі ретінде кӛрсетілген. Оны шешуге мектеп
психологының қосатын үлесі ӛте үлкен. Ӛйткені жеке тұлғаның барлық
қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашып, оларды салауатты ӛмір салтына үйретіп,
қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін жоғары сынып оқушыларының
психологиялық даму ерекшеліктерін ескере отырып, олардың болашақ
мамандығын саналы түрде таңдап алуына психолог кӛмек кӛрсетуі керек.
Қазіргі кезде болашақ мамандықты ерте таңдап, мектепте болашақ
мамандығына бағытталған даярлықтан ӛтудің мән мағынасы ӛте терең болып
отыр. Бұл проблеманы жан-жақты зерттеу мәселесі ХІХ ғасырда басталып,
кӛптеген ғалым психологтар оның әр түрлі аспектілерін зерттеді. ХХ ғасырдьң
басында В.Вундт, Мюнстерберг, А.Бине, Ф.Парсонс, Д.Сьюпер, Е.Гинцберг
т.б.ғалымдар
ұйымдастырған
зертханалар
зерттелінушілердің
психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалау арқылы олардың мамандыққа
жарамдылығын анықтаған. Қазіргі кездегі мектепте жүргізіліп жүрген
мамандыққа бағдар беру жұмыстарының негізін құрғандар Ю.В.Большакова,
П.П.Блонский,
В.И.Лебедев,
В.А.Сухомлинский,
Ю.П.Сокольников,
А.П.Сейтешов, Л.К.Керимов, Е.П.Климов, Г.А.Уманов т.б. ғалымдар. Олар ӛз
зертеулерінде мамандыққа баулу жұмысының құрылымын, мазмұнын және
пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді анықтап, мектеп қабырғасында балалармен
жүргізілетін
мамандыққа
икемділігін
диагностикалау
жұмыстарының
бағдарламасын жасады [3].
Мамандыққа бағдар беру жұмысында әр балаға ӛзінің психологиялық
ерекшеліктерін анықтап, барлық жұмысқа қажетті ашық-жарқындық,
сыйысымдылық, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың мәні ӛте терең.
Мектептерде психологиялық қызмет ұйымдастырылуына байланысты барлық
оқушылардың жеке-даралық психологиялық ерекшеліктерін, әр баланың
қызығушылықтары мен қабілетін, таным процестері мен жекелік қасиеттерін
сандық және сапалық жағынантолық бағалап шығуға болады.
Мамандықты таңдауға жастарды баулудың бастамасын Ф.Парсонс 1909
жылы ғылыми жолға қойып, ол жеке түлға теориясын кұрып, осы теория
негізінде психометриялық әдістемелерді пайдалану жолдарын ұсынған. Оның
ғылыми
қағидаларына
сүйене
отырып,
зерттеушілер
адамдардың
психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты дәру негіздері ретінде келесі
қағидаларды ұсынды:
163
а) әр адам ӛзінің жекелік психофизиологиялық қасиеттеріне және таным
процестерінің ерекшеліктеріне байланысты тек бір мамандыққа икем болады;
б) мамандық бойынша қызметте табысты болу және ӛз мамандығына
кӛңілі толу адамның жекелік қасиеттерінің мамандық қызмет талаптарына сай
келуінетәуелді;
в) мамандыққа бағдар беретін кеңесші мамандық таңдаушының жекелік
ерекшеліктері мен оның диспозицияларын ескере отырып,мамандықты
таңдауды саналы жүретін процеске айналдырып, таңдаудың тиімділігін
қамтамасыз етуі қажет [4].
Әр адам ӛзінің болашақ мамандығын анықтауға негіз болатын кӛптеген
себептері бар. Мамандық бағдар беру проблемасын зерттеушілердің ішінде
Д.Сьюпер ӛзіне дейін жүргізілген зерттеулерді жүйеге келтіріп, мамандық
таңдауға негіз болатын келесі баптарды анықтады:
-әр адам ӛзіне тән қабілет, қызығушылық, мінез және басқа
ерекшеліктермен сипатталады;
-осы ерекшеліктеріне байланысты адам бірнеше мамандықтарға икем
болып келеді;
-адамның ӛмір тәжірибесімен байланысты оның мамандыққа кӛзқарасы
және мамандық шеберлігі, оларға әсерін тигізетін объективтік және
субьективтік факторлар ӛзгереді;
-мамандық таңдауға кӛзқарас бірнеше кезеңде жүреді;
-мамандыққа
кӛзқарастың
дамуы
ата-аналарының
әлеуметтік-
экономикалық жағдайына, баланың жекелік ерекшеліктеріне және мамандыққа
даярлықтан ӛту мүмкіндіктеріне байланысты жүреді;
-баланың мамандық таңдау ниетінің қалыптасу кезеңдерінде оның
дамуын басқаруға және бағыт-бағдар беруге, мамандыққа қажетті
қабілетін басқару мүмкіндіктері мол;
-мамандық бағдар берудің мәні жеке тұлғаның «Мен»-концепциясын
дамыту және іске асыру болып табылады;
-психологиялық кеңес беру және коррекция жүргізу «Мен»-концепция
мен ақиқаттың бір-бірімен түйісуін қамтамасызетеді;
-адам мамандық қызметте ӛзінің қабілеттілігі мен іскерлігін кӛрсетуге
мүмкіндігі болғанда, ол жұмыс жеке тұлғаны қанағаттандырады және
мамандық шеберлікке жетуіне түрткі болады [5].
Белгілі бір мамандыққа деген ынтаның пайда болуына кӛп жайлар: оқу,
адамдар, кітаптар, кино, теледидар, экскурсиялар себепші болуы мүмкін.
Жасӛспірімдер кӛп нәрсеге ден қояды, кӛбіне бірнеше бағытты бағдар етіп
ұстайды, бірнеше үйірмеге барып жүреді. Жасӛспірімдер ӛздеріне ұнаған
кәсіптерді романтикаға бӛлейді, кӛптеген қиыншылықтарды аңғармайды, ӛз
мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Кәсіптік мүддлер мен ниеттердің қалыптасуы
үшін үйірмелердегі тыңғылықты ұйымдастырылған сабақтардың маңызы зор.
Бұл
сабақтар
жасӛспірімге
ӛзінің
бейімделіктерін,
мүмкіндіктерін,
кемшіліктерін ұғынып бағалауға кӛмектеседі. Ӛзін іс-әрекетте сынау-арманын
жүзеге асыру үшін де, түңілуге жол бермеу үшін де жақсы әдіс [6].
164
Мамандыққа бағдар беру жұмысы - тарихы ӛте терең, ежелден дамып келе
жатқан әлеуметтік қызмет кӛрсетудің бір түрі. Психологиялық қызмет кӛрсету
жұмысының қалыптасуы да мамандыққа баулу және мамандыққа бағдар беру
зертханаларында басталған. Қазіргі кезде бұл жұмыс кӛпсалалы болып, әр
саланың ӛзіне тән мақсаты мен міндеттері нақтыланды. Мектептің
психологиялық қызметі мамандыққа бағдар беру барысында оқушылардың
жеке тұлғалық ерекшеліктерін және мамандыққа икемділіктерін анықтау
негізінде психологиялық кеңес беру жұмыстарын ұйымдастырады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.
Дмитриев М.А.,Крылов А.А., Нафтульева А.И. Психология турда и
инженерная психология. – Л.: Ленинградский универс., 1979.-224 с.
2.
Климов Е.А. Введение в психологию труда. М., 1988.-199 с.
3.
Котелева Ю.В. Очерки по психологию труда. – М., 1986-120 с.
4.
Толочек В.А. Современная психология труда. – М.: Питер, 2006. – 477 с.
5.
Гуревич К.М. Профессиональная пригодность и основные своиства
нервной системы человека. – М.: Наука, 1970. – 272 с.
6.
Зинченко В.П., Мунипов В.М. Основа эргономики. – М., 1979. – 343 с.
Достарыңызбен бөлісу: |