Ұжымдық бақылауды педагогикалық ұжым (мысалы, әдістемелік бірлестік шеңберінде)
кәсіби пікірталастар, жұмыс туралы шығармашылық есептер, сараптамалық кеңестер және т.б.
формаларында жүзеге асырады.
Өзара бақылау тәжірибе алмасу мен біліктілікті арттыруда тиімді болып табылады.
Өзін-өзі бақылау педагогикалық рефлексияның көрінісі болып табылады және өзін-өзі
жетілдіру мақсатында қызмет нәтижелерін өз бетінше талдауға бағытталған.
MІБ түрлері, формалары және әдістері
Мектепішілік бақылаудың формалары мен әдістерін таңдау оның мақсаттарымен,
міндеттерімен, бақылау объектісі мен субъектісінің сипаттамаларымен, уақыттың бөлінуімен
анықталады. Әр түрлі формалар мен әдістерді қолдану нақты, негізделген жоспарлау, оны жүзеге
асыруға әкімшілік өкілдері, мұғалімдер, білім беру органдарының қызметкерлері қатысқан
жағдайда мүмкін болады.
Мектепішілік бақылау түрлері
Мектепішілік бақылаудың түрлерін, формалары (нысандары) мен әдістерін жіктеу мәселесі
қазіргі уақытта қызу талқылаунуда. Бұл осы мәселенің теория мен практикада өзектілігін
растайды және оңтайлы шешім іздеуді жалғастыруға бағыттайды. Теоретиктер мен практиктер
арасында Т.И. Шамова ұсынған мектепішілік бақылаудың түрлері мен формаларын жіктеу
кеңінен танымал. Бұл жіктеу құрылымдық тұрғыдан тұрақты, логикалық, практикалық қолдануға
ыңғайлы, ең бастысы, бақылаудың түрлері мен формалары біртұтас педагогикалық процестің
сипатына толық сәйкес келеді. Мұнда бақылаудың
екі түрін бөліп көрсетеді:
тақырыптық және
Достарыңызбен бөлісу: