Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі


Мектепішілік бақылаудың мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет16/68
Дата11.02.2023
өлшемі1,07 Mb.
#67058
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

Мектепішілік бақылаудың мақсаты мен міндеттері 
Мектепішілік бақылаудың мақсаттары: 
а) мектептегі педагогикалық процестің қызмет етуі мен дамуының мемлекеттік білім беру 
стандартының талаптарына сәйкес келуіне қол жеткізу; 
ә) оқушылардың жеке ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, білім алу мүмкіндіктерін, 
денсаулық жағдайын ескере отырып, білім беру процесін одан әрі жетілдіру. 
МІБ негізгі міндеттері

білім беру саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұзу 
және орындамау жағдайларын анықтау және олардың алдын алу жөнінде шаралар 
қабылдау; 

педагог қызметкерлер қызметінің тиімділігін талдау және сараптамалық бағалау

білім беру процесін ұйымдастырудағы жағымсыз және оң үрдістерді анықтау және оларды 
жою мен дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу; 

мектептегі бұйрықтар мен өкімдерді іске асыру нәтижелерін талдау

педагогтерге әдістемелік көмек көрсету. 
Мектепішілік бақылаудың функциялары: 
Диагностикалық функция: бақылау белгілі бір критерий бойынша педагогикалық процесті 
диагностикалайды, оның барлық қатысушылары жұмысының жетістіктері мен кемшіліктерін 
ашады.
Ақпараттық функция: бақылау - жоспарланған нәтижелермен байланысқан кездегі қызмет 
нәтижелерін талдау, әкімшіліктің, педагогикалық және оқушылар топтарының жұмысын түзету, 
таңдалған стратегияға сәйкес іс-әрекеттің одан әрі тактикасын анықтау үшін қажетті ақпарат көзі.
Ынталандыру (мотивациялық) функция: бақылау оқушыларды оқу нәтижелерін 
жақсартуға, мұғалімдерді оқу процесін жүзеге асырудың формалары мен әдістерін жетілдіруге 
ынталандырады; бақылау мұғалімдер мен оқушылардың оқуда жақсы көрсеткіштерге жетуге 
деген жалпы ұмтылысын ынталандырады. 
Коммуникативтік функция: бақылау өзара қарым-қатынастағы коммуникативтік 
буындардың бірі болып табылады (оқушылар мен мұғалімдер; мұғалімдер мен мектеп 
директоры; оқушылар, мұғалімдер мен басшылар), жүйеленген бақылау педагогикалық 
процестің барлық қатысушыларының өзара әрекеттесуінің үздіксіз процесін қамтамасыз етеді. 
Интеграциялық функция:бақылау жалпы мақсатқа жету үшін жұмыс кемшіліктерін жою 
кезінде педагогикалық процестің барлық қатысушыларының күш-жігерін біріктіреді. 
 
Мектепішілік бақылау:
Мазмұны бойынша  бұл педагогтің өз міндетін орындау барысы мен нәтижелері туралы 
кері байланыс алу (оқушылардың оқу-танымдық әрекеті және педагогтардың оқу-тәрбие 
жұмысы және т.б.);
формасы бойынша бұл объектінің (білім беру процесінің, оқушылардың оқу-танымдық 
іс-әрекетінің және т.б.) жай-күйін тексеруге бағытталған дербес басқарушылық функция; 
мақсаты бойынша - алынған ақпаратты талдау негізінде басқару шешімдерін қабылдауға 
негіз болып табылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет