Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі



Pdf көрінісі
бет28/68
Дата11.02.2023
өлшемі1,07 Mb.
#67058
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

 
Сабақты талдау түрлері 
Сабақты аспектілі талдауы - сабақта жүзеге асырылатын білім беру процесінің бір 
бағытын терең қамту үшін қолданылады. Бұл талдау сабақтың аспектілерін талдау мен 
бағалауды 
қамтиды: 
дидактикалық; 
психологиялық; 
білім 
беру; 
әдістемелік; 
ұйымдастырушылық. 
Сабақтың барынша нақты аспектілерін талдауға болады, мысалы, оқушылардың 
танымдық белсенділігін арттырудың жеке әдістері, тәрбиелік ықпал ету әдістері, оқу 
материалының мазмұны, сабақтың құрылымдық ұйымдастырылуы және т.б. Бұл талдауды 
элемент бойынша талдау деп атауға болады. 
Дидактикалық талдау - сабақты негізгі дидактикалық категориялар бойынша 
талдауды қамтамасыз етеді, мысалы: мақсаттар, принциптер, құрылым, сабақтың түрі; 
мазмұны, оқу процесін ұйымдастырудың әдістері мен формалары, даралап және саралап 
оқыту. 
Сабақты психологиялық талдау - бұл сабақты келесі компоненттер бойынша талдауды 
көздейді: эмоционалды фон; оқу-танымдық іс-әрекетке деген көзқарас; қарым-қатынасты 
модельдеу; қарым-қатынасты ұйымдастыру және басқару; мұғалімнің қарым-қатынас жүйесін 
анықтау; қабылдауды, көріністерді, есте сақтауды ойлау, қиял, сөйлеу, зейінді, ерікті 
процестерді, оқушылардың темпераментін басқару; сабақтың жалпы психологиялық климаты. 
Сабақтың қысқаша талдау - сабақтың сапасын бағалауды қамтиды. Мыналар 
бағаланады: алға қойылған мақсаттар, сабақ барысында олардың орындалуы; материал 
мазмұнының, әдістер мен құралдардың қойылған мақсаттарға сәйкестігі; қол жеткізілген 
нәтижелер. 
Сабақты кезеңмен талдау - сабақтың негізгі кезеңдерін олардың реттілігіне қарай 
талдауды көздейді: сабақтың мақсатын қою; жаңа материалды зерделеу; бекіту; қайталау; үйге 
тапсырма беру. 
Құрылымдық талдау - сабақтың барлық элементтерінің байланысын, олардың сабақ 
мақсатына байланыстылығын талдауға мүмкіндік береді. Құрылымдық талдау сабақтың басым 
элементін анықтауға, оның міндеттеріне байланысты жеке элементтердің құрылымдарын 
анықтауға, сабақтың құраушы элементтерінің орындылығын, олардың реттілігін анықтауға 
бағытталған. Талдаудың бұл түрі мұғалім мен оқушының іс-әрекетін, оның сабақтың барлық 
кезеңдеріндегі тиімділігін зерттеуді, осы іс-әрекеттің сабақтың мақсаттарына тәуелділігін 
анықтап, қорытынды нәтижеге бағыттауды көздейді. Талдаудың мәні - сабақтың мақсаттарын 
қол жеткен нәтижелермен салыстыру және сабақта қойылған міндеттердің шешілгенін 
анықтау. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет