Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі
Мәдениеттің бұл
қызметі бір ұрпақтан
екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір
тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне
қатысты. Ақпараттық (информациялық)
беріліс әлеуметтік жүйеде биологиялық
тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді.
Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар
жалғастығы мәдени мұраларды игеру,
қабылдау және оны шығармашылықпен
дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени
ақпараттар — салт-дәстүр, әдет-ғүрып,
рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін және өнер,
білім
т.б. руханилықтың
белгілі бір деңгейін
меңгерудің нәтижесінде мәдениет
субъектісінің өзіндік санасының жанды
буынына айналады.