Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызметі.
Бұл мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым-қатынасы,
мәдениеттер сұхбаттасуы — әлеуметгік шындықтың басым көрінісі. Адам ерекше бір
өрісте — қарым-қатынас өрісінде болады. Руханилық пен ізгілік, әдемілік пен жақсылық
тербелісі адамды нөзік тормен қоршаған; қоғамдық өмірде тек зат пен тауар ауысуы ғана
емес, ең алдымен идея л ар, мамандық, шеберлік тәжірибелерімен, сезімдік үлгілерімен
ауысу толастамақ емес. Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның
өлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре
бастайды.
Реттеу қызметі
Бұрынғы Кеңес Одағында шыққан кітаптарда «мәдениетті
ғылыми жолмен басқару» атты
сөз тіркесі кең етек
алғанды. Бірақ адамның дүниеде өмір сүру тәсілі ретінде
түсіндірілетін мәдениетті басқару мүмкін емес,
әйтпегенде адамды тетікке, қуыршаққа айналдырған
тоталитарлық айлашарғы үлгілерін көреміз.
Мәдениет — «жабулы қазан емес». Мәдениеттегі
реттеушілік әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Мәдениетте күнделіктіден гөрі
жоғарыға, идеалдыға,
үлгіге көбірек көңіл бөлінеді. Мәдени үғымдарда
нормативтік, ережелік талаптар басымырақ. Мысалы,
«мәдениетті адам» дегенде оның
адамдық жан-жақты
белгілерді бойына толығырақ,
тереңірек дарытқандығын
көрсетеді. Ол — білімі ғылым деңгейіне,
киімі сол кезде
көп тараған сәнге,
мінез-құлқы осы қоғамның
адамгершілік талаптарына сай адам.