қақпақтар жабылғанда қан жүрекшелерге қарай ауысып өтпеуі үшін тесікті дәл жауып тұратын
қақпақтардың жіңішке тарамыс жіпшелері болады. Олардың бір жағы қақпақтар жармасына бекітілсе,
екінші жағы жіңішке қарыншалардың ішкі қабатындағы емізік етке бекітіледі. Қарыншалардан шығатын екі
ірі артериялардың түбінде де дәнекер тканьнен жасалған екі айшық қақпақтар бар. Бірі оң жақ қарынша мен
өкпе артериясы, екіншісі сол жақ қарынша мен қолқа арасында орналасады. Қан қарыншалардан артерия
тамырларына шығарылғанда, бүл қақпақтар қабырғаға жабысады да, қанның ағу бағытына ешқандай кедергі
жасамайды. Ал қарыншалар босаңсығанда, артерия тамырларында қан қысымы жоғары болғандықтан, қан
кері қарай қарыншаға ағады, сол кезде кері аққан қан айшық қақпақтардың қуысына толады да, өкпе
артериясы мен қолқаның көлденең кесіндісін жауып тастап, қанды қарыншаларға өткізбейді.
Оң жақ жүрекшеге келіп кіретін екі үлкен қуыс веналарда және сол жақ жүрекшеге келетін өкпе вена
қан тамырларында ондай қақпақтар жоқ, сондықтан жүрекшелер қанының біраз мөлшері вена тамырларына
қайта құйылады. Қері құйылатын қан мөлшерінің аз болу себебі: вена тамырларының жүрекшелермен
жалғасатын ұшында жүрекшелер жиырылар алдында өзінен-өзі жиырылып қалатын дөңгелек бұлшық еттер
бар. Оң жақ жүрекшеге өкпеден басқа барлық денеден жиналып ағатын қан екі үлкен қуыс венамен келіп
құяды. Жоғарғы қуыс вена қанды бастан, екі қолдан және дененің жоғарғы бөлімінен, ал төменгі қуыс вена
екі аяқтан және дененің төменгі бөлімінен жинайды. Сол жақ қарыншаның қабырғасы оң жақ қарыншамен
салыстырғанда қалыңырақ болады, себебі: сол қарынша қолқа арқылы артерия қанын бүкіл денеге таратып
ағызады, ал оң жақ қарынша қанды тек өкпеге айдайды.
Қанның жүрек арқылы жүретін жолын қысқаша төмендегідей сипаттауға болады. Барлық денедегі қан
оң жақ жүрекшеге құйылады да толғаннан кейін оның жиырылуынан үш жақтаулы қақпақтар ашылып, қан
оң жақ қарыншаға өтеді. Содан кейін оң жақ қарынша жиырылады, үш жақтаулы қақпақтар жабылады да,
айшық қақпақтар ашылып, вена. қаны жүректен өкпе артериясы арқылы өкпеге шығарылады. Өкпеге
шыққан вена қаны көпіршіктері арқылы артерия қанына айналып, өкпе вена қан тамырымен сол жақ
жүрекшеге келіп құяды. Толғаннан кейін оның қабырғасы жиырылуынан екі жақтаулық қақпақ ашылып, қан
сол жақ қарыншаға ауысады. Сол жақ қарынша толғаннан кейін жиырылады, екі жақтаулы қақпақтар
жабылып, айшық қақпақтар ашылады да қан үлкен қысыммен қолқаға шығарылып, бүкіл үлкен қан айналыс
шеңбері арқылы таралады.
Жүректің ет талшықтарын жүрек камераларынан өтетін қан қоректендіре алмайды, себебі: қанның
құрамындағы қоректік зат пен оттегі жүректің қабырғасы қалың болғандықтан диффузия жолымен өте
алмайды. Жүректің ішкі ет талшықтарына артерия қанын қолқаның басталар жерінен тармақталған жүрек
артерия тамыры жеткізеді. Ал жүрек ет талшықтарынан жиналған вена қаны, жүректің вена қан тамырлары
арқылы оң жақ жүрекшеге келіп құйылады.
Ж ү р е к т і ң ж и ы р ы л у ы . Жүректің қызметі ұрықтың даму кезеңінің ең алғашқы сатысынан
басталып, оргапизмнің барлық тіршілік процесінде үздіксіз белгілі бір ырғақпен жиырылып отырады.
Организмнің барлық тканьдері үздіксіз оттегін қажет еткендіктен, оны жеткізіп тұратын қан үнемі ағуы
керек. Ал қан тамырларында қанның ағуы жүректің жиырылуына байланысты болғандықтан, жүрек бірнеше
минут тоқтаса да, ми клеткаларына оттегі жетіспейді де, адам есінен танады, жүрек тоқтаса, адам өледі.
Адамның жүрегі қалыпты жағдайда бір минутта 5 литрге жуық қанды, ал бір соққанда 75 мл қанды
қабылдап және сонша қанды шығарады. Сонда әрбір минут сайын жүректен организмдегі қанның барлық
мөлшері өтіп отыратын сияқты. Ал шынында барлық қан мөлшері бір минутта жүректен ағып өтпейді:
қысқа жолмен ағатын қан бірден көбірек, ал ұзын жолменен ағатын қан жүрекке қайта келіп құйып
үлгермейді.
Адам жүрегі 70 жыл ішінде 2600 миллионға жуық жиырылып, 155 млн литрдей (150 мың т) қанды
жүрек қабылдап және сонша қанды шығарып түрады. Сонда жүректің қызметі орта есеппен салмағы 10
тонна жүкті, 16 км биіктікке көтеруге кеткен күш-пен тең. Бұл — салмағы 300 грамға жуық органның
қызметі. Адамның-дене қызметі күшейген сайын жүректің бір минуттағы соғу саны мен бір минуттағы
қабылдап және шығаратын қанның көлемі де артады. Жүректі шынықтырғанда мысалы, спортшыларда
жүректің, соғу саны азайып, жүрек ет талшықтарының жиырылуы күшейеді де, әр соққанда қабылдап және
шығаратын қанның көлемі көбейеді, соның нәтижесінде жүректің минуттық көлемі артады. Жүрекке келетін
нервтерді кесіптастаса да, жүрек соға береді. Бүдан біз жүректің қызметі мидан импульс келмей қалса да,
тоқталмай соға беретінін көреміз. Бөлініп алынған жүректі денедегідей физиологиялық сұйықтыққа салса,
жиырыла береді. Мұндай сырттан тітіркендіргіш берілмей өзінен-өзі жиырылуды
жүрек еттерінің
Достарыңызбен бөлісу: