Физиологияның мақсаттары. 1. Физиологияның негізгі мақсаты әр түрлі құрылымдық деңгейдегі тіршілік процестерінің (зат алмасу,
тыныс алу, қоректену т.б.) зандылықтарын зерттеу; организмнің жеке жүйелері және организм мен сыртқы
орта арасындағы өзара әсерлердің механизмін (сырын) анықтау; түрлі эволюциялық даму дәрежесіндегі және әр
түрлі экологиялық жағдайлардағы организмдер функцияларының сапалық айырмасын тексеру; организмнің жеке
дамуы (онтогенез) барысыңда түрлі функциялардың қалыптасу заңдылықтарын зерттеу. 2. Физиология ғылымының қағидаларымен таныстыру арқылы адам денсаулығын тиімді
ұйымдастыруды үйрету.
3. Әрбір адамға денсаулық деңгейін анықтау мен бағалау және нығайту тәсілдерін үйрету.
Физиологияның негізгі мақсаты әр түрлі құрылымдық деңгейдегі тіршілік процестерінің (зат алмасу,
тыныс алу, қоректену т.б.) зандылықтарын зерттеу; организмнің жеке жүйелері және организм мен сыртқы
орта арасындағы өзара әсерлердің механизмін (сырын) анықтау; түрлі эволюциялық даму дәрежесіндегі және әр
түрлі экологиялық жағдайлардағы организмдер функцияларының сапалық айырмасын тексеру; организмнің жеке
дамуы (онтогенез) барысыңда түрлі функциялардың қалыптасу заңдылықтарын зерттеу. Демек, физиология өмір
құбылыстарының мәнін зерттеп, тіршілік процестерін баскару, бағыттау әдістерін анықтауды көздейді.
Физиологияның негізгі бөлімдері. Физиология өзінің ғылыми бағытына қарай жалпы, жеке және
қолданбалы болып жіктеледі.
Жалпы физиология көптеген түрлер организмінің жасушалары мен үлпаларына, ағзаларына бірдей тән
негізгі тіршілік үрдістерінің жаратылысын, тірліктерін, жалпы көрсеткіштерін, қасиеттерін зерттейді.
Олардың сыртқы және ішкі ортаның әртүрлі әсерлеріне жалпы жауа- бын, тітіркену, қозу, тежелу, зат
және қуат алмасу құбылыстары туралы мәселелерін қарайды. Жалпы физиология салыстырмалы және
эволюциялық физиология болып бөлінеді.