З. Ж. Тасмағамбетова ХІХ ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы


Кенже ұлы Мағауия шығармалары



Pdf көрінісі
бет25/43
Дата15.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68100
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43
Кенже ұлы Мағауия шығармалары. Мағауия Абайдың Ділдә деген 
бәйбишесінен, әкесінің жиырма бес жасында туған. Мағауия тоғыз жасынан 
бастап, төрт жылдай «кіші молда» деп аталатын татар молда Мұхаметкәрімнен 
оқып, хат таниды. Мағауияны он екіге жеткенде Абай Семей қаласындағы орыс 
мектебіне оқуға береді. Мағауия оқуға аса қабілетті, зерек болады. Орыс 
мектебінде екі жарым жылдай оқып, науқасқа шалдыққан соң, дәрігерлердің 
кеңесімен ауылына қайтады. 1885 жылдан бастап әкесінің тәлім тәрбиесінде 


61 
болады. Абайдың ерекше жақсы көрген, үлкен үміт күткен баласы Мағауия ұлы 
ақынның ең талантты, талапты шәкіртінің бірі болады. Мағауия үнемі әкесінің 
қасында болып, Абайдың өсиет, насихатын зер салып тыңдайтын, зейінді, 
ұғымтал саналы шәкірт болған. 
Мағауия он бес –он алты жасынан бастап өлең жазады. Бұл кезедердегі 
өлеңдері - жастық, махаббат жайындағы лирикалық өлеңдер. Мағауия Абайдың 
жан-жақты талантты шәкірттерінің бірі болған. Ақындығымен бірге 
домбырашы, гармоншы, скрипкашы да болған. Мағауияның қазақтың өткен 
өміріне арналған «Еңлік-Кебек» атты поэмасы, Африкадағы құлдар жайынан 
жазған «Медғат-Қасым» атты поэмалары бар. Абайдың ақын шәкірттеріне 
арнап тапсырған тақырыбының бірі «Еңлік-Кебек» поэмасын Мағауия жиырма 
жасында 1890 жылдары жазады. 
Мағауия өзінің ерекше адамгершілік қасиетімен, кең ақылмен, ақ көңіл, 
майда мінезімен, турашыл әділдігімен өз еліне аса сүйкімді адам болады. 
Жасынан жабысқан науқас Мағауияны меңдетіп жеңеді. 1903 жылы ноябрь 
айынан төсек тартып жатып, 1904 жылы 12 майда 34 жасында Мағауия дүние 
салады. 
Әке жолын құған –Ақылбай. Ақылбай Абайдың Ділдә бәйбишесінен 
1861 жылы туған тұнғыш баласы. Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғаным, өзінен 
бала болмағандықтан, Ақылбайды кішкене күнінен өз бауырына басады. 
Ақылбай туғанда Абайдың өзі де жас, жаңа отау иесі еді. Сөйтіп, Ақылбай жас 
күнінен Нұрғаным тәрбиесінде болып, Құнанбай баласы, Құнанбайдың кенже 
тоқалының еркесі атанып өседі. Ақылбайды 9-10 жас шамасында Құнанбайдың 
указной молдасы атанған Ғабитханға оқуға береді. Ақылбай 4-5 жылдай 
молдадан оқу алады. Ақылбай бір жасынан бастап Нұрғаным қолында 
өскендіктен және Абайдың 16 жасында туған баласы болғандықтан, өз әкесі 
Абайға баласы сияқты емес, ағайындас Ырғызбайдың бір мырзасы сияқты 
көрінеді. 
Ақылбай Абай төңірегіндегі әржақты талантты шәкірттерінің бірі. 
Ақылбайдың ақындығымен бірге ән шығаратын композиторлық өнері де 
болған. Ақылбайдың ақындық атын тарихта қалдырған оның поэмалары. 
Ақылбайда бізге мәлім ондай поэмалар үшеу. Олар- «Дағыстан», «Зұлыс», 
«Жаррах батыр» поэмалары. «Жаррах батыр» бізге жетпеген. «Зұлыс» 
поэмасының басқы бір-екі бөлімі ғана сақталған. 
«Дағыстан» поэмасының тақырыбын ақын шәкірттеріне Абай өзі ұсынады. 
Бұл поэманы жазуға Ақылбай, Мағауия тағы бірер шәкірті кіріседі. Поэманы 
бәрінен бұрын жазып шығып, оқыған Ақылбай болады. Поэманың тақырыбы 
әділет пен жауыздық күресі, «махаббат пен ғадуат майдандасқан» тартыс. 
Әділет пен жауыздық тартысы Абай поэзиясының негізгі бір желісі. Махаббат 
мәселесі мен әділет, адамгершілік мәселесі Абайда бір-бірінен бөлек емес. 
Махаббатың мәні адамның бас бостандығында. Байлық пен ескі әдет-ғұрып, 
зорлық, жауыздық болып тұрғанда махаббат бостандығында, адамның бас 
еркіне, бостандыққа жол жоқ. Ондай бостандықтың жолы – күрес. Поэма 
осыны жырлайды.


62 
Ал «Зұлыс» атты үлкен поэмасын Ақылбай ақын 1900 жылдары жазған. 
Зұлыстар туралы поэманы әуелде Мағауия жазбақ болып жүреді екен. Кейіннен 
Мағауияның денсаулығы нашар болуы себепті жазбақ поэманың ойлаған 
оқиғасын ағасына айтып беріп, «Зұлысты» Ақылбай жазып шығады. «Зұлыс» 
поэмасының оқиғасы ағылшын жазушысы Хаттард, Генри Райдердің 
«Сүлеймен патшаның қазынасы» «Копи царя Соломона» атты әйгілі романынан 
алынған. «Зұлыс» поэмасы – Абайдың ағартушы-тәрбиешілік, ақын-ұстаздық 
еңбегінің жемісі. Ақылбай сияқты ақын шәкіртіне ағылшын жазушысы 
Г.Р.Хаггардтың шығармаларының ішіндегі ең таңдаулысын танып тауып, 
таныстырған және сол романның сарынымен поэма жаздырған Абай екені 
дауыссыз. 
Ақылбай жас кезінде төрт-бес жыл Құнанбай ауылының молдасынан 
ескіше оқып хат танығаннан басқа ұзап оқымаған. Абайдың үлгі -өнегесімен 
Ақылбай саналы азаматы, әдебиетке шын берілген ақын болады. Абайдың
әдебиет, өнер-білім жайындағы, адамгершілік, мәдениет жайындағы өсиеті 
Ақылбайдың дүниеге көзін ашады. 
Ақылбай ұстазы Абайдың ақылымен тау халқының өмірінен «Дағыстан», 
Африкадағы зұлыстар жайынан «Зұлыс» сияқты тамаша романтикалы поэмалар 
жазып, қазақ әдебиетінде поэма жанрының жаңа түрін дамытқан, талантты, 
мәдениетті ақын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет