62
Ал «Зұлыс» атты үлкен поэмасын Ақылбай ақын 1900 жылдары жазған.
Зұлыстар туралы поэманы әуелде Мағауия жазбақ болып жүреді екен. Кейіннен
Мағауияның денсаулығы нашар болуы себепті жазбақ поэманың ойлаған
оқиғасын ағасына айтып беріп, «Зұлысты» Ақылбай жазып шығады. «Зұлыс»
поэмасының оқиғасы ағылшын жазушысы Хаттард, Генри Райдердің
«Сүлеймен патшаның қазынасы» «Копи царя Соломона» атты әйгілі романынан
алынған. «Зұлыс» поэмасы – Абайдың ағартушы-тәрбиешілік, ақын-ұстаздық
еңбегінің жемісі. Ақылбай сияқты ақын шәкіртіне ағылшын жазушысы
Г.Р.Хаггардтың шығармаларының ішіндегі ең таңдаулысын танып тауып,
таныстырған және сол романның сарынымен поэма жаздырған Абай екені
дауыссыз.
Ақылбай жас кезінде төрт-бес жыл Құнанбай ауылының молдасынан
ескіше оқып хат танығаннан басқа ұзап оқымаған. Абайдың үлгі -өнегесімен
Ақылбай саналы азаматы, әдебиетке шын берілген ақын болады. Абайдың
әдебиет, өнер-білім жайындағы, адамгершілік, мәдениет жайындағы өсиеті
Ақылбайдың дүниеге көзін ашады.
Ақылбай ұстазы Абайдың ақылымен тау халқының өмірінен «Дағыстан»,
Африкадағы зұлыстар жайынан «Зұлыс» сияқты тамаша романтикалы поэмалар
жазып, қазақ әдебиетінде поэма жанрының жаңа түрін дамытқан, талантты,
мәдениетті ақын.
Достарыңызбен бөлісу: