З. Ж. Тасмағамбетова ХІХ ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы


 Абайдың ақын інілері мен ұлдары



Pdf көрінісі
бет23/43
Дата15.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68100
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43
 
12 Абайдың ақын інілері мен ұлдары 
 
Кәкітай Ысқақұлының шығармашылық өнері. Абайдың інісі 
Ысқақтың тұнғыш баласы. Кәкітай 1869 жылы дүниеге келген. Абайдыф\ң 
Мағауия деген баласы Кәкітаймен құрдас болғандықтан екеуі жас бала күнінен 
үнемі бірге ойнап-күліп, тату-тәтті құрбы, айырылмас дос болып өседі. Олар 
екеуі сегізжасынан бастап ауыл молдасынан сабақ оқып, саутын ашады. 
Кәкітаді әкесі Ысқақ он төрт жасында үйлендіреді. Кәкітай он алты жасқа 
келгенде 1885 жылы бірінші баласы дүниеге келеді. 
Кәкітайдың атасы Текті, тарихта белгілі, Каракерей, Мұрын руының тана мырза 
атанған атақты адамының қарындасы, Жанпейістің қызы. 
Қай ақынды болса да ең мол танытатын баспаға шығу болатынын айта келіп, 
Мұхтар Әуезов Кәкітай туралы былай дейді: 
- Бұлжөнінде қазақтың мәдениет тарихына, Абай мұрасына ерекше еңбек 
сіңірген, абай өзі тәрбиелеп, баулыған жас жұртшылықтың көрнекті өкілі 
болған- Кәкітай Ысқақұлының еңбегін айрықша айту керек. 
- Кәкітай Абай шығармаларының ең алғашқы таңдамалы жинағын бірінші 
рет Петербургтегі Бораганский баспасында 1909 жылы шығарды. Сол 
жинақтың аяғында ақынның Кәкітай жазған бірінші өмірбаяны беріледі деп, 
Кәкітайдың Абай мұрасына сіңірген ерекше еңбегін атап айтып беріп; 
«Абайдың баспаға шығуында тарихтық, бірінші зор еңбек етуші-Кәкітай 
дейміз, - дейді Мұхтар Әуезов 
- Кәкітай өзінше талдау-жіктеу жасаған. «Ой туралы», «Өзі туралы», «Ел 
туралы», «Ғашықтық туралы» деген сияқты тақырыптарды бөліп шығарып, әр 
өлеңнің мазмұнына карай мөлшермен жіктейді. Азамат соғысы кезінде 1918 
жылы «Қытайға қашып бара жатқан ақтардың әскерін қуып келе жатқан 
қызылдар жолда жатқан Кәкітайдың қыстауындаболып, оның үш сандықта 
сақтаулы тұрған кітаптарын, қолжазбаларын өртеп кеткен. Осы себептен, 
залалкес жауыздардың қиянаты кесірінен отыз жыл еңбектеніп жиған 
Кәкітайдың мұралары кейінгілерге жетпеді»деген дереккөзі бар. кәкітай Абай 
мұрасына ерекше зор еңбек сіңірген мәдениет қайраткері ғана емес, ол сонымен 
қатар, өз заманында, саяси-әлеуметтік іске белсене атсалысқан, қоғам 
қайраткері ретінде абыройлы азамат болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет