Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия



Pdf көрінісі
бет65/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

Техникалық өркениет теориясы (Д.Белл, З.Бжезинский, 
Р.Арон) - өркениеттің негізгі өлшемі, критерийі – техниканың даму 
деңгейі – дейді.
Қорыта айтқанда, «өркениет» ұғымы кең мағыналы. Бір 
жағынан өркениет деп мәдениет және тұтас қоғамның даму деңгейін, 
ал екінші жағынан бүкіл қоғамдық өмірді, оның ерекшелігін 
анықтайтын мәдени құндылықтарды (материалдық және рухани) 
игеру тәсілін айтуға болады. Бұл өркениеттің мәдениеттен 
айырмашылығын көрсететін екі маңызды белгісі деуге болады.
Сонымен, өркениет – ақылды ұйымдастырылған (жоғары 
дамыған жалпы адамзаттық құндылықтарымен) барлық өзінің сан 
алуандығы мен тұтастығындағы қоғам.
АКСИОЛОГИЯ
Аксиология (гр. axios – құндылық және logos – ілім) – 
құндылықтар және олардың табиғаты туралы ілім, құндылықтар 
теориясы. Бұл ұғымды XVIII ғ. неміс философы Э. Гартман енгізді, 
бірақ XIX ғ. ортасына дейін құндылықтар мәселесі философиялық 
талдаудың дербес объектісіне айналмады.
Құндылық – белгілі бір объектілер мен құбылыстардың 
тұлғалық, әлеуметтік және мәдени маңыздылығын білдіретін 
философиялық-социологиялық ұғым. Құндылық объектінің адам үшін 
қаншалықты маңыздылығын айқындайды. Философияда бұл ұғымның 
өзіндік даму тарихы бар: Сократтың «игілік дегеніміз не?», 
Платонның «әділеттілік дегеніміз не?» дегеннен бастап бүгінгі 
түсініктерге дейін жетті.
• Батыстық
• Конфуцийлік
• Синтоистік (Жапон.)
• Индуистік
(үнді-буддалық)
• Латын-америкалық
• Православие-
славяндық
• Мұсылмандық
• Африкалық
3. С. Хантингтон
117


Әдебиетте бұлардан басқа құндылықтардың тағы мынадай да 
түрлерін бөледі: заттық құндылықтар, субъективтік құндылықтар
тұлғалық және топтық құндылықтар, утилитарлық және рухани 
құндылықтар, мәдени құндылықтар және т.б.
Жеке философтар да өз жіктеулерін ұсынды:
1. Г.Риккерт құндылықтардың алты саласы болады деп 
есептейді: ғылым, дін, өнер, мораль, жетілген өмір және «құдіретті 
сүйіспеншілік».
118


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет