Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор


-сурет. Жеке тұлға қабілетінің мәні



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата03.03.2017
өлшемі1,7 Mb.
#6072
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1-сурет. Жеке тұлға қабілетінің мәні 

 

 

 

 



                 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

ДАНЫШПАНДЫҚ 



ТАЛАНТ 

ДАРЫНДЫЛЫҚ 

АРНАЙЫ 

ЖАЛПЫ 


ҚАБІЛЕТТЕР

 

НЫШАНДАР



 

Қабілеттердің даму 

деңгейі 

Әлеуметтік шарттар 

ІС­ӘРЕКЕТ 

Тұлғаның танымдық, әлеуметтік 

белсенділігі 

 

 



17

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

жас  ерекшелігі  ескеріліп,  арнайы  талаптар 

мен  әлеуметтік  қоршаған  орта  (оқу,  жанұя, 

тұл ғалық  қарым-қатынас,  әлеуметтік-мәде-

ни  ор та) қажеттілігіне көз жеткіздік.

Демек,  білім  алушылардың  жас  ерек-



шеліктеріне байланысты: бастауыш мек-

теп  жасындағы,  жеткіншек,  балаң  жас  

өспірім,  жас  өспірім  кезеңдері  деп  қарас-

тыр ға нымыз жөн. 

Соның ішінде балаға білім беруде ең бас-

ты рөл атқаратын, алғашқы танымды қалып-

тас тыратын – бастауыш сынып буынның жас 

ерек шеліктеріне тоқталғанды жөн көрдік.



Бастауыш  мектеп  жасындағы,  әсіресе 

6-7  жас тағы  балалар  өте  зейінсіз  болып 

келе ді. 1-сыныпқа барған оқушылардың жаңа 

құра мымен өткізілген сабақтарда-ақ мұғалім 

олардың зейінін басқару қажеттігіне кезігеді. 

Мұның  өзі  мұғалімге  оқушылардың,  оқу 

процесінің  психологиялық  ерекшеліктерін 

меңгеруіне  міндеттейді.  Өйткені,  олар  оп-

оңай және тез алаңдайды, мұғалімнің нұс қау-

ларын тыңдауды қояды, естігендерін ұмы тып 

қалады, өз жұмыстарында қатені көп жібереді 

және  де  орындап  отырған  кезде  кенет тен 

басқа  іске  алаңдауы  жиі  кездеседі.  Олар 

басқа бір нәрсені ойлап кетеді, тап сы рыл ған 

жұмыстағы  дәйектіліктен  айырылып  қала-

ды да, көпке дейін қайтадан зейін қоя алмай 

отырады. Мұғалім балаларға на шар   бағалар 

қояды, кейбір мұғалімдер тіп ті  зейінсіздігінен 

жіберген қателері үшін жаза лап та жатады.

Алайда, бастауыш сынып оқушыларының 

оқу материалдарын меңгеруге мүмкіншілігі 

өте көп. Себебі, олардың интеллектісі қара-

пай ым ой операциясы дәрежесінде кездеседі.

Бірақ, мұғалім баланың зейінін қатаң тәр-

тіп  және  бағалаудың  дәстүрлі  әдісі  арқылы 

жақсарта алмайтынын тәжірибе жүзінде кө-

ріп  отырмыз.  Балалардың  зейінін  басқару 

үшін  оның  табиғатын  (психологиялық  си-



пат,  негіздерін),  физиологиялық,  қабылдау 

мен  зейін  процесінің  ерекшеліктерін  білуі 

ке рек.  Сонда  балалардың  бірден  толық 

қалып тас қан күйіндегі зейінділікті талап ету 

емес, әуе лі балаларды зейінді болуға үйрете 

ала мыз.

Балалар  үшін  қайсы  бір  нәрсеге  ұзақ 

уақыт зейін қоюдың қаншалық қиын екенін 

бірден ұғыну үшін, кішкентай балаларға тән 

жоғары  жүйке  қызметінің  ерекшеліктерін 

ескеру өте маңызды. Сабақ барысында кіш-

кен тай  балаларымен  атқарылатын  күнбе-

күн гі  жұмысты  ырықсыз  зейінге  негіздеп 

құ ру  қажет.  Бірінші  сынып  оқушыларын 

мек тепте  оқытудың  алғашқы  апталарында 

бала ларға  бірер  минут  дем  алдыру  үшін, 

мұға лімге  3-ші  немесе  4-ші  сабақта  аздап 

үзі ліс жасау да ұсынылады.

Баланың заттарды дұрыс қабылдай алуы, 

бай қампаз болуы мынадай іс-шаралар ар қы-

лы  жүзеге асады:

– баланы арнайы қабылдай алу дағ ды ла-

ры на үйрету;

–  негізгі  дағдыларды  бала  бойында  қа-

лып  тастыру  үшін  анализ  бен  жалпылауды 

жетілдіру керек;

–  балалардың  жасы  неғұрлым  кіші 

болса, анализдеуде олардың психикалық ісі 

соғұрлым үлкен рөл атқарады;

–  қабылдауға  үйретуде  сөзді  кіріс ті ру дің 

рөлі зор.

Өйткені,  балалар  кез  келген  материалды 

емес, өздерін қызықтыратын, олардың сезім-

де ріне  дұрыс  әсер  ете  алатын  материалды 

ға на естерінде сақтайды. 3-4-сынып оқу шы-

ларының  барлығы  дерлік  сөздік  мате риал-

дар дан  гөрі,  көрнекі  материалдарды  есте 

сақ тайды.

Оқу  ісі  қол  жеткізу  және  танымдық 

сияқ ты негізгі екі мақсат-ниетпен сипаттауға 

бола ды.  Адамның  оқу-танымдық  іс-әрекеті 

оның  ойлау  әрекетімен  сәйкес  келеді.  Бұл 

іс-әрекет  күрделі  жағдайларда  туындаған 

оқу шы  мен  мұғалім  арасындағы  дұрыс  қа-

рым-қатынас  орнату  нәтижесінде  дамиды 

[3].  Яғни,  оқушыға  білім  беру  барысында 

бай  қалатын  психологиялық  ерекшеліктер 

мек  теп  программасын  табысты  меңгеруге, 

білім ді болашақ маман ретінде таңдау жасай 

алу ы на септігін тигізеді. 

Әсіресе, ата-ана бауырынан ең алғаш рет 

ұзап,  «білім»  атты  «үлкен  кеме  бортына» 

шық қан  кішкентай  бүлдіршіннің  талап-



18

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

жіге рі не  су  құймай,  ары  қарай  жетелеудің 

дұ рыс  жолын  іздеуіміз  қажет.  Бабаларымыз 

ай тып кеткендей, мектеп қабырғасын ат та ған 

кішкентай бала – жазылмаған ақ қағаз іс пет тес. 

Алғашқы  мұғалімдері  мен  білім  орда сының 

ұжымы сол ақ қағазға «қандай сурет салса», 

болашағының бастауы сол  бол мақ. Сондықтан 

да, еліміздің болаша ғы,  әр жанұяның үлбіреген 

үміттері  –  бүл дір шін дердің  ертеңіне  қиянат 

жасамау үшін, ал ғаш қы білім сатысы – бастауыш 

сыныпта бері летін білім беру сапасына аса мән 

беру өте қажет етеді.

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Намазбаева Ж.И. Психология: оқулық. – Алматы, 2005.-296 б.

2 Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. – Алматы, 2002.

3 Түрікпен ұлы Ж., Мұздыбаева Б. Тәрбие психологиясы. – Алматы, 2008.

Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен

азаттық пен білім қажет                                                                                 



     Шоқан Уәлиханов.

19

ҰЛТТЫҚ ӘДЕП

ӘОЖ 372.8



Ә.Табылды

ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, профессор

Қазіргі таңда ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу өзекті мәселеге айналуда. Себебі, қоғамда жүріп 

жат қан жаппай жаһандану процесі – әр мемлекеттің ұлттық болмысын сақтап қалуына үл-

кен сын тудыруда. Осы тұрғыда профессор Әдібай Табылдының 2007 жылы «Білім» баспа-

сы нан шыққан, 1-4-сыныптарға арналып жазылған «Әдеп әліппесі» оқу құралының тағы-

лым дық,  тәрбиелік  мәні  зор.  Осы  себепті,  журналымыздың  бұл  жолғы  санына  аталмыш 

кі тап тан үзіндіні беруді жөн көрдік.

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗҒА ИНАБАТТЫ ШӘКІРТ БОЛА БІЛУ

1 - сынып

Әрбір  адамның  мінез-құлқындағы  әдептілік  қасиеттері  оның  іс-әрекеттері,  тұрмыс-

тіршілігі арқылы қалыптасады. Сол себепті, бұл оқу құралында қазақ мемлекетінің қазіргі 

мектептеріндегі  1-4-сынып  оқушыларына  әдептілікті,  имандылықты,  мейірімділікті, 

қайырымдылықты,  ұлттық  салт-сана  мен  дәстүрлердің,  әдет-ғұрып,  іс-әрекеттердің 

өркениетті бағдарлары айтылған.



Түйін сөздер: Әдеп, әдет-ғұрып, оқушы, салт-сана, мінез-құлық.

В данном отрывке написано о том, что черты тактичности в характере каждого человека 

формируются через его действия и бытовую жизнь. Написано об обучении учеников 1-4 

классов  учтивости,  гуманности,  доброте,  благородству,  цивилизованным  действиям, 

национальным обычаям и традициям. 

Ключевые слова: тактичность, обычаи, ученик, сознание, поведение.

In this passage is written that the traits of tact in the nature of every human is forming through 

his actions and everyday life. Written about teaching pupils of 1-4 grades to courtesy, humanity, 

kindness, generosity, civilized actions, national customs and traditions. 



Keywords: tact, customs, student, consciousness, behavior.

Абай атамыз: «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шә-

кіртсіз ұстаз – тұл» деп, адам баласының кі сі 

болып  қалыптасуы  көбінесе  ұстазға  бай ла-

ныс ты екенін ерекше атап айтады. Ұстаз – әм-

бе бап білімдар, салауатты, салтанатты ма ман 

кісі.  Ол  –  адам  жанын  терең  түсініп,  жақ сы 

білетін қадірлі де, құрметті, қастерлі, қасиет-

ті  мамандықтың  иесі,  өз  ісінің  шебері,  әрі 

өнерлі, кішіпейіл, мейірімді, қайырымды, ізет-

ті, инабатты адам.

Ұлағатты  ұстаз  –  ең  алдымен,  шәкіртіне 

өмір ді,  білімді  үйретуші.  Ұстаз  шәкіртіне  

үйре те тін нәрсесін өзі жан-жақты терең біле-

ді  және  қалай  үйретудің  тәсілдері  мен  әдіс-

терін жақсы біледі де, шәкіртін білімге қызық-

тыра,  ынталандыра  түсіндіріп,  оның    сезі-

мін  ұшқырлап,  білімін  дамытады,  өмір дің 

қызықтарын  сезіндіреді.  Балалық  өмірдің  ең  

бір  қызықты  кезеңдері  мектепте  өтеді.  Сол 

мектептің тұлғасы – ұстаз.

Ұстаз  шәкіртінің  жан  саулылығын,  тән 

саулылығын  зерлей  зерттеп,  оның  адамдық 

асыл қасиеттерінің жақсара беруін қадағалап, 

қамқорлық  жасап  отырады.  Ол  шәкіртін 

өзінің туған баласындай көріп, адамдық асыл 

қасиеттерді  оның  бойына  сіңіреді.  Шәкірт 

ата-анасынан  гөрі  ұстаздардың  қарауында 

көбірек  болады.  Ұстаз  ата-анаға  қарағанда 

балаға  қамқорлықты  анағұрлым  арттыра 

түсіп,  білім  беру,  тәрбиелеу  ісіне  арнайы 

күш-жігерін,  уақытын  бөліп,  шәкіртіне  бар 

білгенін, өнерін үйретіп, тәрбиелейді.


20

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Ұстаз – әке, өйткені, ол шәкірттеріне ала-

ла май  қамқорлық  жасайды.  Ұстаз  –  ана,  ол 

шәкіртін туған анасындай баурап, өмір өр нек-

терін,  тұрмыс-тіршілік  мехнаттарын,  қиын -

дық тары  мен  қызықтарын  сезіндіріп,  баулу   -

дан жалықпайды. Ұстаз – жолдас. Ол әр қа шан 

да  шәкіртімен  бірге  көпшілікпен  ара ла сып 

жүреді,  қатар  құрбысындай  қатарлас  өмір 

сүреді. Ұстаз – дос, ол шәкір ті не тек жақ сы-

лық ойлап, қиындықта қым сын бай көмек көр-

се теді, жан сала жақсылық жа сай ды.

Шәкірт – ұстазының ұлағатты іс-әрекетін  

үйреніп,  одан  білім  алушы  жаны  жақын, 

ой-мақсаты біртұтас өсіп-өркендеуші өрені.

Шәкірт  ұстазына  инабаттылық,  құрмет  пен 

ізет тілік, имандылық көрсетіп, әдеп сақтауға 

мін детті. Ұстазды құрметтеудің бір белгісі – 

оған ізеттілікпен сәлем беру. Ұстазға сәлем 

беру дің  екі  жолы  бар:  жиналып  отырған 

шәкірт тер ұстазбен тұрып амандасады, жеке 

кездескенде,  шәкірт  ұстазға  әдеттегідей  сә-

лем беріп, бас иеді. Сәлем беру кезінде иман 

жүз ділік, елжірегіш сезіммен құрметтеу ны-

ша ны  көріну  керек.  Сәлемдесу  сөздерінің  

дау ыс  ырғағы  сыпайы,  сыйласымды  болуы 

тиіс. Кейде шәкірт ұстазын алыстау жерден 

кө ріп қалса, бас киімін алып, оң қолын жү-

ре гі не тақап, бас иіп, ишарат білдіреді.

Ұлағатты ұстаз алдында шәкіртінің орын-

дай тын  міндеттері  мен  парыздары  өте  көп. 

Ең әуелі, шәкірт ұстаз сөзін ықыласпен тың-

дау ға, ісін ілтипатпен үйренуге міндетті. Ұс-

таз сөзін мәңгі есте қалдыру үшін, оны бір-

не ше  рет  еске  түсіріп,  қайталап,  жадында 

жат тап, санада сақтау қажет. Ұстаздың тап-

сырмасын  орындамаған  шәкірт  үлкен  қа те-

лік жасап, әрі әдепті бұзады, әрі білімін на-

шар латады. 

Ұстаз әрі жолдас, әрі дос болғандықтан, 

шәкірт  онымен  ашық-жарқын,  жасқанбай 

пікірлесіп, ойын ашық айтса, ұстаздың көңілі 

көтеріліп,  шәкіртіне  сырын  ашып,  оның 

ойына  от  беріп,  қиялын  қиянға  шығарып, 

арман биігіне жетелейді.

Әрбір ұстаз бойында бірнеше өнер бо ла-

ды,  әдепті  шәкірт  ұстаз  бойындағы  қадірлі 

қасиет терді, өрнекті өнерлерді үйреніп алу-

ға   құштар  болуы  керек.  Ондай  шәкіртіне 

ри за болған ұстаз бар өнерін салып, өз бой-

ын дағы  дарынын  шәкіртіне  дарыта  біледі. 

Сон дық тан, шәкірт ұстаз өнеріне қызығып, 

ұстаз білі мін қастерлей білуге міндетті.

Ұстазын сыйламаған шәкірт өз ата-анасын 

да сыйламайды. Өз ата-анасын, ұстазын ар-

дақ та маған шәкірт адамгершіліктен жұрдай 

бо лып, елінің елеулісі, халқының қалаулысы 

бол мақ деген аталық батаның үдесінен шыға 

ал майды.

Бар  білімін,  қайрат-жігерін  аямай,  бізге 

бі лім  беріп,  өнер  үйретіп,  өмірімізге  жол 

ашып  берген  ұлағатты  ұстаздарға  бас  иіп, 

тә жім етеміз!

2-сынып

Имандылық, мейірімділік, қайырымдылық дәстүрлері

Иман  –  арабша  сенім  деген  ұғымды  біл ді-

ре ді. Дінге сенуге байланысты бұл ұғым ха лық 

арасында  әдептіліктің,  яғни,  адам гер ші лік тің 

мәнін  беретін  ұғыммен  ұштасып,  әлеу мет тік 

әдептілікті  көрсететін  мәнге  ие  болады.  Өмір 

заңдылықтарына  айқын  сенім мен  қарап,  адам-

гер шілік рәсімдері мен уәждерін, міндеттері мен 

мақ сат тарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, 

адал  жүректі,  көпшіл  адамды  –  иманды  адам 

дей  міз.    Иман ды  адам  –  айналасындағыларға 

жә  не  бү кіл  адамзатқа  тек  жақсылық  ой лай ды, 

олар ға  мейір-шапағатын  төгіп,  жана шыр лық, 

қамқорлық жасауға әзір тұрады, әркім ге әдеппен, 

ізетпен,  инабатпен  қарай ды.   Сондықтан  да, 

иманды  адамды  бет  бей не сі нен  танып,  халық 

оны иман жүзді адам дей ді.

«Тура биде туған жоқ, туысты биде иман 

жоқ» деп, халық иманды адамның әділет ті, 

шыншыл  болатынын  уағыздайды.  Халқы-

мыз дың  қонақжайлылығы,  кеңпейілділігі, 

көп шілдігі,  дос  көңілділігі  –  әлеуметтік 

иман ды лықтың белгісі. Имандылық дәстү-

рін  қас тер лей  біліп,  иманды  адам  болу  – 

кісілік бо рыш.


21

ҰЛТТЫҚ ӘДЕП

Иманы  кәміл  адам  мейірімді  болады. 

Мейі рім ділік  –  адам  бойындағы  қасиетті 

се зім.  Ата  мейірімі,  әке  мейірімі,  ана  мейі-

рімі,  отбасындағы  адамдардың  бір-бірі-

не  деген  мейір-шапағаты  –  әдептік  әсем 

құбылыс,  түйсікті  баурап  алатын  түсі-

нік,   ұлағатты  ұғым,  адамгершіліктің  ас қар 

шыңы.  Халқымыз  ұрпағын  мейі рім ділік-

ке  тәрбиелеп,  қатыгездіктен  қағып,  қатал-

дықтан  сақтандырып  отырған.  Елі міз   ер-

азаматтарын  мейірімді  болса  екен  де ген 

ниетпен  Мейірман,  Мейіржан,  Мейірбек 

деген  аттармен  атап,  жастарды  үне мі 

мейірімділікке  баураған.  «Көпті  жаман да-

ған  көмусіз қалады» деп, халқымыз мейірлі 

бо лу – өз халқын сүю, бірлікшіл болу еке нін 

уағыздайды. «Үлкен адамның сөзін тың дай 

біл» деп өсиет айтқан ата-бабамыз мейі рім-

ді лік негізі – сыйласым екенін дәл көрсетеді. 

Мейірімділік  рәсімдері  бата  беру,  байғазы 

беру, базарлық беру, көңіл сұрау, көңіл айту, 

жұбату,  т.б.  жөн-жоралғылар    арқылы  іске 

асырылады.

Мейірімділіктің іс жүзінде бір көрінісі 

– 

қайырымдылық. 



Қайырымдылық 

–  мүдделі,  кіріп тар,  көмекке  құштар 

адамдарға, таби ғат қа, жан-жануарларға іс 

жүзінде  жақ сы лық   жасау.  «Байда  қайыр, 



кедейде  пейіл  де  жоқ,  аңдастырған 

екеуін,  құдайым-ай!»,  деп,  Абай  атамыз 

қайырымсыз  байды  қат ты   сынайды. 

Қазір гі  заманда  байыған  адам дар   «қайы-

рымдылар  қауымдастығын»  ұйым дас ты-

рып, сол арқылы жеке адамдарға, әрі ас са, 

бүкіл елге қайырымдылық жасайды. Хал-

қымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көр-

сетіп,  қайырымдылық  жасау,  кіріптарға 

қай ыр беру, қарттарды аялап, мүгедектерді 

қор ғап-қоршау әрбір қайырымды адамның 

адам гершілік борышы деп есептейді.

Қайырымдылық  жылу  беру,  сыйлық  ұсы-

ну,  демеуші  болу,  сый-сыбаға  тарту,  көрімдік, 

байғазы,  бәсіре,  т.б.  жөн-жоралғылар  арқылы 

іс  жүзінде  ізеттілікпен,  ілтипаттылықпен, 

инабаттылықпен, сыпайылықпен орын да ла ды.  

Бір  сәтсіздікке,  ауыр  жағдайға  ұшырап, 

басқаларға кіріптар болып, көмек қажет еткен 

адамға жұрт жиып беретін көмек – жылу деп 

аталады. Жылу жиған кезде кіріптарға көмек 

бермеген  адамға  зор  кінә  тағылып,  оның 

адамгершілігі жоқ, сараң, санасыз, тас жүрек 

екенін  жұрт  бетіне  айтып,  одан  түңіледі, 

кейде қауымнан аластап, қатардан шығарып 

тастайды. Еңбегімен елдің сүйіспеншілігіне 

бөленген  қадірлі  адамға  сыйлық  ұсыну, 

жаңа  киім  киген  адамға  байғазы  беру,  көп 

шығындап,  іс  әрекетінің  арқасында  тапқан 

игілігіне  көрімдік  беру,  жас  баланың 

қуанышын  қуаттап,  оған  бәсіре  арнау,  т.б. 

рә сім дер,  жөн-жоралғылар  халқымыздың 

қайы рымдылық дәстүрлері болып табылады.

Табиғатты қорғау, тал тігу, гүл өсіру, жер 

суа ру,  құстарға  қамқорлық  жасау,  аңдарды 

ая лау  –  қайырымдылықтың  қалыптасқан 

халықтық үрдісі, оны орындай білу – па рыз. 

Ол үшін әрбір әдепті адам өзінің қайы рым-

ды лық борыштарын терең сезініп, тебірене 

іс-қимыл жасауға міндетті.

3-сынып

Ел белгілері, ел ұраны, көк байрақ-туымыз

Әрбір отбасының, әулеттің, рудың, ұлттық 

дәстүрлік,  салт-саналық  белгілері  –  әдепті 

сый ласым  мен  ар-намыстың,  парыздық, 

борыштық  іс-әрекеттің  құжаттары  іспеттес 

қас терлі, қасиетті нәрсе. Халқымыздың сол 

қа сиетті  белгілері:  ен,  таңба,  Елтаңба,  Ән-

ұран,  Ту  және  әскерлік,  сарбаздық  ұрандар 

мен  айырым белгілер.

Ертеден  қалыптасқан  белгі  дәстүрлері  – 

мал ға ен салу, таңба басу. Әрбір отбасының 

жеке  иелігіндегі  малына  салынатын  өз  ені 

болады.Таңба белгісі көбінесе рулық белгіні 

көрсетеді.  Ертеде  әрбір  рудың  өз  таңбасы 

болған.  Ен,  таңба  отбасының,  әулеттің,  ру-

дың  меншігіндегі  мал-мүліктерді  қадірлеп, 

қор ғай білу үшін жасалынған салттық көрі-

ніс тер еді.

Егеменді еліміз әлемдегі басқа мем ле кет-

термен  терезесі  тең,  өркениетті  ел  ретінде 

өзінің  Елтаңбасы  мен  Әнұранын,  Туын 


22

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

белгі леп,  осы бір қасиетті белгілердің мәнін 

әр бір ұрпақтың терең түсініп, оны қастерлей 

бі лу ін талап етеді.

Аспан, шаңырақ, жарық жұлдыз, қанатты 

тұл пар, бидай сабақтары бейнеленген. Аспан 

көк  –  кеңшілік,  тыныштық,  биіктік  белгісі. 

Кеңпейілді еліміздің аспаны ашық, шаңырағы 

биік.  Ашық  аспанға  тараған  күн  сәулелері 

сәулетті  өмірі  санатын  көрсетіп  тұрғандай, 

биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың бе де-

лі биіктеп, бақыт жұлдызының нұрын тө гіп 

тұр. Қазақта «қара шаңырақ» деген қа сиет-

ті  сөз  бар.  Ұрпақтары  өсіп,  өркендеген  үл-

кен  үйдің  шаңырағын  халық  «қара  ша ңы-

рақ» дейді. Сол «қара шаңырақтың» Елтаң-

ба сындағы  көрінісі  шаңырақ  астындағы 

ха  лық тар  бірлігін  талап  етіп  тұр.  Ондағы 

қанатты тұлпардың баламалық мәні халық-

тың аңыз-ертегісінен алынған. Аңыз бойын-

ша,  қанатты  тұлпарға  мінген  алып  ба тыр 

алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер ас ты-

на түсіп, халықты қасіреттерден азат ет кен. 

Сол азаттық тұлпарының бейнесі – еліміздің 

азаттығының 

ерлеріміздің 

жеңім паз-

дығының белгісі. Елтаңбадағы бидай сабақ-

та ры  –  молшылықтың  нышаны.  Аспаны 

ашық,  жұлдызы  жарқыраған,  шаңырағы 

биік,  жеңімпаз,  молшылық  елінің  перзенті 

бо лу – бақыт!

Көк байрақ - Туымыз – халқымыздың қа-

сиет ті,  киелі  белгісі.  Ертеден-ақ  халқымыз 

көк  байрағы  көтерілгенде,  «уа  аруақ,  қол-

да!» деп, туды елдің, аруақтың киелі белгісі 

деп таныған. Сол көк байрақ астында батыр-

лар сан рет жеңістерге жетіп, кең даласын, 

ке

 

мелді  елін  басқыншылардан  қорғап  қал-



ды.  Көк  байрақтың  жетілдірілген  соңғы 

бей несінің мәні зор: Туымыздың аспан көк 

болуы  шексіз  кеңдікті  көрсетеді.  Ту  ор-

тасындағы алтын күн – халқымыздың азат-

тық  күні.  Ол  бүкіл  әлемге  нұрын  шашып 

тұр.   Алтын  күнді  қанатымен  жебеп,  өрге 

көтеріп,  ұшып  бара  жатқан  қыран  құс  – 

ерлік  белгісі.  Кеңпейілді,  кеңісі  таза,  жері 

кең еліміздің азат күні жарқырап тұр! Азат 

күнді,  кең  дүниені  ерлікпен  қорғайтын 

қырандай түлегі болу – зор бақыт! Туымыз 

көкке  көтерілгенде,  әрбір  әдепті  адамның 

Туға қарап, жеңімпаздық сезімі үдеп, ұлттық 

мақтанышы  құлшындырып,  қарқынды 

қажырының  толқынды  толғанысы  пайда 

болады.  «Менің  мынау  қасиетті  Отаным  – 

жа нымнан да қымбат!» - деп, орайлы ой биі-

гі не  көтерілеміз.  Төбеміз  көкке  жеткендей 

болады.  Көк  байрақ  –  Туымыз  еліміздің  ең 

биік  тұғырларында  көкке  көтеріліп,  жел бі-

реп тұр. Біз ту қасынан бас иіп өтеміз, серт 

айтып,  қаһармандық  іске  кірісерде,  хал-

қы мызға  ант  беріп,  Туымызды  сүйіп,  оған 

табынамыз.  Туымызды  қорғау,  Ту  астында 

құр меттеліп, суретке түсіру, Ту көтеруші бо-

лу – қандай бақыт! Өйткені Туымыз – біздің 

еліміздің  бейнесі,  халқымыздың  қасиеті, 

адам дарымыздың  ар-ожданы!  Туымызды 

қас терлеу  –  халқымызды  қастерлеу:  оның 

азат тығын, ерлігін құрметтеу! Ұлттық әдеп-

тілік  қасиеттердің  бір  үрдісі  –  ел  Туын  ел-

жі рей сүйіп, құдірет тұтып, құрметтей білу 

бо лып табылады. Әрқашан да әспеттеп, тө-

бе мізге көтеріп, тәлім алып, тәжім етеміз са-

ған,  қасиетті көк байрақ – Туымыз!

4-сынып

Жыл қайыру мен күн айыру рәсімдері

Ата-бабамыз жыл қайыруды, күн айыруды 

ұрпақтарына үйретіп, әрбір жылдың, айдың, 

күннің  ерекшеліктерін  айқын  біліп,  айтып 

отырған. Жыл қайыру мүшел жылын ерекше 

атап,  мүмкіндігінше  мүшел  тойы  әрбір  он 

үшінші  жылы  (13-25-37...)  аталып  өтіледі, 

мүшел жасы қасиетті жас ретінде тойланып, 

ол  жасқа  дейін  ерекше,  елеулі  өзгерістер 

бол ғаны айтылады.

Жыл  қайырудағы  жыл  реттері:  тышқан, 

сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, 

мешін,  тауық,  ит,  доңыз.  Халық  хай уа нат-

тар ды  «еті  адал»,  «еті  арам»  деп  екі  топқа 

бө леді. Жыл ретіндегі 12 жыл атауында бірі 


23

ҰЛТТЫҚ  ӘДЕП

арам, бірі адал – 6 жұп жыл атаулары бар. Он 

екі жыл өткен соң, он үшінші мүшел жылы 

бо лып, алғашқы атау қайталанып отырады. 

Әр бір адамның «мүшел жылы» – өзінің туған 

жы лы (егер барыс жылында тусаңыз, барыс 

жы лы қайталанған сайын) мүшел тойы ата-

ла ды.  Ғасырлар  бойы  табиғат  сырын,  хай-

уа нат тардың  таңғажайып  ерекшеліктерін 

зерлеп, зерттей білген ата-бабаларымыз, бү-

кіл  өркениетті  адамзат  қауымы  әрбір  жыл-

дың өз айырымдарын байланысты атау қой-

ған.   Тышқан  жылы  ел  тірлігі  мол  болады, 

бір  лігі жақсы ел берекелі, мерекелі өмір сү-

ре  ді.  Сиыр  жылында  еңбек  еткен  адамның 

ба  қыты  мол  болады.  Барыс  жылы  –  сәтті 

жыл, әркім алдына қойған мақсаттарына же-

те ді,  іс-әрекеті  құтты  болады.  Қоян  жылы 

да  құтты  жыл,  бірақ  кейде  бұл  жылда  жұт 

бо луы мүмкін. Жылқы жылы – мархабатты 

жыл. Бұл жылда отау тігуді (үйленуді) арман 

ет кен жастар мақсатын орындайды. Қой жы-

лы  төлдің басы көп болады, молшылық ха-

лық  қа мерейлендіреді. Мешін жылында ты-

ныш   тық, жарасым, келісім, татулық халықты 

қуа нышқа бөлейді. Тауық жылы – арманды 

жыл. Әркім іс ретін тауып, шаруаны білсе, 

ар  манына жетеді. Ит жылында қиыншылық 

көп  болады,  қиындыққа  қымсынбай,  оны 

же  ңе білу керек. Доңыз жылында тыныштық 

пен достық үстем болады, жақсы мінезді жай-

саң   адамдар  өмір  қызығын  көбірек  көреді. 

Тарих та халықтың осы тұжырымдары негі-

зі нен нақты келіп, өмір тәжірибесінің айқын 

кө рі ністерін байқатты.

Әрбір  жылда  12  ай  бар:  Наурыз,  Сәуір, 

Ма мыр, Маусым, Шілде, Тамыз, Қыркүйек, 

Қа зан,  Қараша,  Желтоқсан,  Қаңтар,  Ақпан. 

Он екі ай төрт маусымға (мезгілге) бөлінеді. 

Көк тем айлары: Наурыз, Сәуір, Мамыр; жаз 

айлары: Маусым, Шілде, Тамыз; күз айлары: 

Қыркүйек,  Қазан,  Қараша;  қыс  айлары: 

Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан. Әрбір айдың өз 

ерекшелігі бар, соған байланысты ауа райы 

бол жанады.

Наурыз айы – көктем басы, жыл құстары 

келеді, күн мен түн теңеледі, мал төлдейді, 

егін  салынады,  наурыз  тойы  болады.  Сәуір 

айы нда  жер  гүлдене  түседі.  Көкек  келеді. 

Сон дықтан  да  бұл  айды  көкек  айы  деп  те 

атайды.  Қазақта  «Сәуір  болмай,  тәуір  бол-

мас»  деген мақал бар. Бұл айда көктем толы-

сып,  тіршілік түгел жанданады. Мамыр айын-

да  қызғалдақтар бүр жарып, жеміс ағаштары 

толық гүлдеп, бұлбұл сайрап, өзен-көлде құс 

тойы  болады.  Маусым  айында  арпа  пісіп, 

шал ғын  шабылып,  даладағы  ең бек  ерекше 

қы за түседі. Шілде айында «қырық күн шіл-

де»   басталып,  егін  орағы  қызады.  Тамыз 

айында егін орағы аяқталып, сабантой өтеді. 

Қыр күйек  айында  құстар  қайта  бастайды, 

мек тепте  алғашқы  қоңырау  соғылып,  оқу 

бас талады.  Қазан  айында  жиын-терін  жию 

толық аяқталады. Қарашада жерге алғашқы 

қар  түсіп,  мал  қыстату  ісі  басталады.  Жел-

тоқ санда  күннің  қысқаруы  шегіне  жетіп, 

қы зыл аяз тұрып, үскірік боран соғады. Қаң-

тар айында күн ұзара бастайды, дүние жүзі 

бойынша көптеген елдерде Жаңа жыл мере-

ке сі өтеді. Ақпан айында ақ боран соғып, со-

ңын да «түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз» 

құ  былмалы күн райын көреміз.

Әр айда 4 апта, әрбір аптада 7 күн бар. Күн 

атаулары: жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі, сәр-

сен бі, бейсенбі, жұма, сенбі. Күн ата уы ның 

жек сенбіден  басталатыны:  бұл  күні  аңыз 

бо  йынша Алла Тағала жер жүзін жаратқан. 

Дүй  сенбі – дүниенің алғашқы күні, сейсенбі 

–  іс  ті  күн,  сәрсенбі  –  сәтті  күн,  бейсенбі  – 

бере  келі  күн,  жұма  –  Аллаға  сиыну  күні, 

сен  бі – сенімді күн. Дені сау, жаны жарқын 

адам ға әрбір күн – сәтті. Сәтті бола берсін!



(Табылды  Ә.  Әдеп  әліппесі.  Оқу  құралы.  – 

Алматы: «Білім» баспасы, 2007ж. –13-30б.б.)

24

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ӘОЖ 37.02



М.А. Нуриев

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ директоры, профессор

Д.Б. Сауранбаева

Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ инспекторы

педагогика ғылымдарының магистрі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет