ӘДЕБИЕТТЕР
1 Құдайбердіұлы Ш. Үш анық. – Алматы: Қазақстан, «Ғақлия» ғылыми-әдеби орталығы,
1991.
2 Құран Кәрім: қазақша мағына және түсінігі. /Аударған Халифа Алтай. – Мәдина, Сауд
Арабия, 1991.
3 Құнанбаев А. (Ибраһим) Шығармаларының екі томдық толық жинағы. I том. – Алматы:
Ғылым, 1977.
4 Мырзахметұлы М. Абайтану: оқу құралы. – Алматы: [Asia Book Trade Company], 2010.
5 Қазақ халқының философиялық мұрасы // Қазақ этикасы және эстетикасы: жиырма
томдық.12-том. – Астана: Аударма, 2007.
6 Психология: Энциклопедиялық сөздік. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.
7 Есім Ғ. Хакім Абай. – Астана: Фолиант, 2012.
8 Шәкәрімтану мәселелері.Сериялық ғылыми жинақ. 6-том. – Алматы: Раритет, 2008.
9 Құнанбаев А. Қара сөздері. – Алматы: Өнер, 2006.
10 Философиялық антропология. Мәдениет философиясы. Дін философиясы: жиырма
томдық. 19-том. – Астана: Аударма, 2006.
11 Мырзахметұлы М. Абайдың адамгершілік мұраттары: Ұлы ақынның 150 жылдығына.
– Алматы: Рауан, 1993.
12 Ноғаев А. Даналық ойдан дән ізде. – Алматы: Көкжиек, 2013.
13 Қазақ халқының философиялық мұрасы // Ислам философиясы: жиырма томдық.
4-том. – Астана: Аударма, 2005.
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы атақ, жақсы ана, жақсы
құрбы, жақсы ұстаздан болады
Абай.
51
МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК
ӘОЖ 372.4
А.Е. Садықова
ҚазҰПУ Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ директорының орынбасары
Н.Б. Маханова
ҚазҰПУ Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ эксперті
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА БІЛІМ БЕРУДЕ КЕЗДЕСЕТІН
ҚИЫНДЫҚТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Мақалада бастауыш сынып оқушыларына білім берудің, ұйымдастырудың тиімді әдістері
туралы қарастырылған. Оңтайландыру мақсатында мақалада партаға отырғызу тәртібінде,
бағалау жүйесінде, мадақтау мен сабақ оқыту барысында ұтымды әдістер ұсынылған. Әр
ынталандыру әдістердің маңыздылығы мен оның мәні, оның жасалу жолдары, мысалдар
берілген. Бастауыш мектепте сабақты ұйымдастырудың дәстүрлі әдістерінің кемшіліктері,
оның балалардың эмоционалды психикасына әсері түсіндірілген.
Түйін сөздер: бастауыш сынып, оқушы, ынталандыру әдістері, мақтау, бағалау, ойын
әдістері.
В статье рассматриваются эффективные методы организации учащихся в начальной
школе. Предложены эффективные методы расположения учеников, системы оценивания,
поощрения и обучения в ходе урока. Показаны значимость, суть, пути осуществления
и примеры по каждому методу стимулирования. Выявлены отрицательные моменты
традиционных методов организации урока в начальной школе и их влияния на эмоциональную
психику детей.
Ключевые слова: начальный класс, учащийся, методы поощрение, восхваление,
оценивать, игровые методы.
Аrticle discusses about effective methods of organizing students in elementary school. An
effective method for the location of students, assessment system, and the promotion of learning
in the lesson. Showing the importance of the essence, the implementation and examples for each
method of stimulation. Identified negative aspects of traditional methods of organizing lessons in
primary school and their influence on the emotional psyche of children.
Keywords: primary school pupil, methods of encouragement, praise, evaluate, playing
methods.
21 ғасырда білім беру түбегейлі өзгерген.
Күн нен күнге әлем қарыштап дамыған са -
йын, қоғамда білім алушылардың ой-түй сі-
гі нің қабылдауы, білімге деген қызы ғу шы-
лы ғы, танымдық көзқарасы өзгере түсу де.
Сон дықтан, білім алушыларды оқуға қы-
зық тыру, назарын аудару, ынталандыру, шы-
ғар машылық қасиетін дамыту білім бе ру
ісін де өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Осы лардың барлығын іске асыру бас та уыш
мектептен басталады. Бастауыш сы нып
оқушысының тұлғасы мен санасын қа лып-
тас ты ру – дамытудың негізгі кезеңі ретінде
ерекшеленеді. Жоғары сыныпқа көшкен кез-
де бала еркін ойлап, қоршаған ортамен бел-
сен ді байланыс жасай білуі керек, алдында
тұр ған міндеттерді толығымен шешу дағ ды-
ла рын игере алуы қажет. Мұның өзі бас тау-
ыш мектептің оқу-тәрбие процесінде жа ңа
ынталандыру әдістерін пайдалануды мең-
зейді. Ал оқытуды жаңашылдық тұр ғы дан
ұйымдастыру өз кезегінде оқу шы лардың жас
ерекшелігін, танымдық қы зы ғушылығын
ескеріп, анықтап, талдау ар қы лы да йындайды.
Жалпы бастауыш сынып оқушылары
52
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
кімдер? Олардың танымдық қызығушылығы
қан дай? Ой қабылдау деңгейі қаншалықты?
де ген сұрақтарға сипаттама беретін болсақ,
бірін шіден бастауыш мектеп оқушылары ке-
ше гі балабақшадан келген ойын балалары,
екін ші ден олар ойынға, мультфильмдерге
жә не т.б. істерге қызығады, оқуға назары
тұрақ сыз болып келеді. Сол себепті, бас-
тау
ыш сынып оқушыларға ынталандыру әдіс-
те рін қолданған тиімді. Бастауыш мектепке
қол данатын ынталандыру әдістерінің түрлері
ин тел лектуалды, сергіту, эмоционалды, ойын
бо лып бөлінеді. Бұл ынталандыру әдістері
са бақ тың бүкіл процесінде қолданылуы ке-
рек. Атап айтқанда, партаға отырғызу тәр ті-
бін де, бағалау жүйесінде, мадақтау түрлері
жә не сабақты оқыту барысында ескеруі
ти іс. Енді, сабақты меңгерту барысында қол да-
нылатын ынталандыру әдістеріне тоқ та лайық.
Ынталандыру әдістерінің бі рі – ойын. Төменгі
сынып оқушыларын да муын да ғы ойынның
әсерін ерте заманның өзін де-ақ атақты ғұлама
ойшылдар, педагог, пси холог ғалымдар көріп,
байқап оны іс ке асыру жолдарын ұсынған.
Ертедегі ұлы ойшылдар Я.Коменский, Ж.Руссо,
Дж.Локк, И.Пестолоцци ойын арқылы бала -
ларды болашақ өмірге бейімдеу ке рек деп
түсіндірген [1, 2, 3, 4]. Дж.Локк бала лар дың
еркіндікке, бостандыққа, ынталы келе тін ді гі-
мен санасуды талап етті. Бұл мәселеде ол кейін
Ж.Руссо дамытқан еркіндік тәрбие ұғы мы ның
негізін сала бастады. Оқытудың әдіс те рі мен
құралдары жөнінде мәселелерді қарас тырған.
Дж.Локк та, Ж.Руссо да ең бірін ші орынға
баланың дамуын, білім алып тәрбиеленуін
ойын арқылы жүзеге асы ры луы н қойған.
Ал, қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар
ау қымды зерттеулерде қомақты орын алып,
оның баланы дамытудағы мәні анықталды.
Зерт теушілер ойын арқылы оқу міндеттерін
тиім ді шешуге болатынын дәлелдеді. Ойын-
ның теориясы мен маңыздылығы тура-
лы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт, тәр-
бие де және оқыту барысында ойынның
ала тын орны туралы В.А.Сухомлинский,
С.П.Шацкий және Н.К.Крупская өз пікірін
біл дір ген. К.Ушинский: «Сабаққа ойын эле-
мент те рін енгізу оқушылардың білім алу
үр ді сін жеңілдетеді. Ойынды балалардың
өз бетімен ерікті атқаратын іс-әрекеті, ой-
ын арқылы адамның жан дүниесінің бар лық
қырлары, жүректілігі, ерік-жігері қа лып та-
са ды», - деген ой айтады [5]. Ал, Фрейдтің
тұ жы рымы бойынша, бала үшін ойын еш кім
үйрете алмайтын нәрсеге үйрету әді сі болып
табылады. Бұл шын өмірдегі; кеңіс тік пен
уақыттағы; заттардағы, жануар құ ры лы мын -
да ғы және адамдардағы зерттеу және ориен-
та ция лау әдісі [6].
Ойынның, әсіресе, бастауыш сынып оқу-
шы лар дың психологиясына тигізетін әсе рі
көп, ойын кезінде балалардың орта мен қарым-
қатынасы кеңейіп, таным қабі ле ті өсіп, мінез-
құлқы қалыптасады, ойын ның сан алуандылығы
балаларды
дос тық қа,
адам гер ші лік ке,
тапқырлыққа, шап шаң дық қа бау ли ды.
Осы қағиданы ескере келе, төменгі сынып
оқу шыларының білімге қызығушылығын
оя ту, ынталандыру үшін төмендегідей әдісті
ұсы на мыз.
1. «Фантастикалық елестету» әдісі. Бала-
лар білетін ертегінің кейіпкерлері туралы
әң гі ме қылып, «қандай кейіпкер болғың
келеді?» деп сұрай отырып, кейіпкердің
рөлін елестету ар қылы сабаққа деген
ынтасын арттыру. Өз дері күнделікті
көретін мультфильмдері ту ра лы сұрақтар
қою негізінде, еркін сөйлеу қа бі летін
ашуға ынталандыра аламыз. Бас тау ыш
сынып балалары мультфильмді та ма ша ла-
тып, өзінің балалық шағындағы ойын мен
әлі қоштаспағандығын сездіре оты рып,
мектепке барып сабақ оқу ойын сияқ ты
қызықты өтетініне сендіру. Бұны сезін ген
төменгі сынып оқушысы мектепке асы ға
келуге, сабаққа деген ынтасын оянып, өмі-
рін де гі бұндай өзгерістен қиындықсыз өтеді.
2. «Таң қалдыру» әдісі. Табиғатта, күнде-
лік ті өмірде кездесетін жәйттарды сабақ
бас тал мастан бұрын 5-10 минут аралығында
ай тып, бастауыш сынып оқушыларын таң
қал ды ру арқылы сабақ тыңдауға назарын
ау да ра білу. Мысалы: таң қалдыратын жағ -
дай лардың бірі ретінде – Ресейдің Санкт-
53
МҰҒАЛІМГЕ КӨМЕК
Петербор қаласында жаз айының бірін-
де 1 ай бойы түн батпай, күндіз болып
тұратындығы, керсінше Арктикада поляр-
лық ұзақ түндер болып тұратындығы. Бұл
жара ты лыстың кереметтілігін, табиғатта
осын дай жағ дайлар бар екенін түсіндіріледі.
Бұл баланың ойлауына, сұрақтар қоюына,
пі кір алмасуына жағдай жасалады.
3. «Ойын» әдісі. Оқушыны ынталан-
дырудың ең әсерлі жолдарының бірі – ойын
болып табылады. Дидактикалық ын та лан-
дыру ойынның жеке және топтық бо лып
екіге бөлінеді. Алған білімдерін пысық-
тау үшін «Қонаққа барамын» деп аталатын
ойын ды мысалға келтіруге болады. Ойын-
ның шарты бойынша, екі түсті карточка
бері ле ді. Балалар өздері таңдап алады. Қы-
зыл карточка қонақты, сары карточка үй
ие сін білдіреді. Сарыны таңдаған үй иесі
сұрақ тар жазылған жазылған карточкадан
қо нақ болған оқушылардан сұрап, баға қоя-
ды. Қонақтар жауап бермеген тұстарын, үй
иесі толықтырады. Оқушылар мұғалімнің
қатысуынсыз еркін ойлауға, баға туралы
қорқы ны шын ұмыттыру арқылы, сабаққа
ын та сын аудара аламыз. Ынталандыру ойын-
дар дың басқа түрлерінде мұғалімнің қатыс-
па уы, балалардың өзара еркін ойнауына жағ-
дай жасап, сабаққа деген ықыласын арт ты-
ру дың алғашқы шарттары болып табылады.
4. «Ертегі желісімен жаттату» әдісі.
2-сынып оқушыларына 1-100 аралығындағы
екі таңбалы сандарды жаттауды үйрету жол-
да ры ның бірі ертегілердің кейіпкерлері ар-
қы лы, белгілі бір ертегі желісімен іске асы-
ру ға болады. Мысалы, Қожанасырдың әң -
гімесі негізінде құрастыратын болсақ, бая-
ғы да Қожанасыр базарға қой сатып алуға
сапар шегеді. Үйден шыққанда қалтасында
жұп санына жататын 12 теңгесі болыпты.
Бі рақ 12 теңгесіне қой жетпейтінін біліп,
са ту шымен саудаласуға кіріседі. 25 теңге
тұра тын қойды біртіндеп бағасын түсіреді.
Бала лар ға әңгімемен қызықтыра отырып,
қой дың құны 25 теңге қандай санға жатады,
Қожанасырға қандай бағаға келісу керек деп
сұ рау арқылы сандарды жаттауға ынтасын
арттыруға болады. Және осы секілді түрлі
мультфильмдер, ертегі, әңгіме желісі бойын-
ша құрастыруға болады. Сандардың қасына
бел гі лі санның басталатын бірінші әрпін қою,
өсу және төмендеу диаграммалар бойын-
ша сандарды ретімен қою әдістері қа тар
қолданылады. Бұл тәсіл оқушыларды әң гі ме
арқылы ойын алдандырып, санды жат та ту.
5. «Мәселелі тапсырма» әдісі. Белгілі бір
та қырып өткен сайын балалардан «Не үшін?
Не істеуге болды? Мәселені қалай ше ше
аламыз?» секілді сұрақтарды қойып, бала-
лар ды ойландыру қабілетін дамытып, са бақ-
қа тұрақты назарын аударуға септігін ти гі-
зе ді. Мысалы, «Үйде не үшін өрт болады?
Оны қалай болғызбауға болады?» деген сұ-
рақ тар қойылады. Мәселелі сұрақтар ба ла-
ны ойлануға, тәжірибе жүзінде мәселені ше-
шу ге дағдыландырады.
Ал, бастауыш сынып оқушыларын баға-
лау мен мадақтау әдісіне келетін болсақ, ма-
дақ таудың, баға қоюдың жаңа әдісін ұсы на-
мыз. Дәстүрлі баға қою әдісі, яғни сандық ба-
ға лау балалардың қай жағынан әлсіз еке нін,
нені жөндеу керектігін жіті түсінік бер мейді.
Дәл сол сияқты мақтауда да бір не ше оқушыны
сабаққа жақсы үлгерімі үшін мадақтау, қал ған
оқушылардың оқуға та лпынысы ескерілмей,
оқығанын жоққа шы ға ру мен бірдей болады.
Жалпы мадақтау ісі қа рапай ымды бола тұра,
өте жауапкерлі де іс. Ма дақ шектен тыс әсіреге
айналып кетпей, орын сыз кем де болмауы керек.
Санамен сарап талмаған әсіре мадақ баланы
бұзады. Осы дан мадақтаудың психологиялық
қырлары мен оның салдарын ескерген жөн:
1. Мадақ-марапат сырттай көзге түсіп,
әй гі ле ну ниетімен емес, мақтаушы мұғалім
мен марапатталушы оқушының, яғни екі
тарап тың бірдей жан дүниелік қалауы мен
қа был дауынан болуы шарт.
2. Мадақтау арқылы тәрбиеленушіні бас-
қа балаларға қарсы қойып алмауды да ой лас-
тыр ған жөн. Сондықтан, тек табысқа жеткен
оқу шыны ғана мақтап шектелместен, шын
ықы ласымен еңбектенген, өз ісіне адалдық
та ны та тындардың бәріне де жылы лебіз, ма-
дақ сөзді аянбаған жөн [7,8].
54
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Сондықтан, мұғалім оқушыны белгілі
бір қа сиеті, шеберлігі үшін мақтау керек.
Мысалы, оқушыны «Сен өте зерек, бай қа-
ғыш сың, сурет салуға қабілеттісің, тез ұғып
ала сын» деген сияқты бағалау түріндегі мақ-
тау сөздерімен білдіруге болады. Ал, бағаны
қабылдауы эмоционалды психикасына әсер
етіп, сабаққа деген ынтасын, өзіне деген
сенімін жоғалтады. Оны болдырмау үшін
тү сінікті түрде сандық емес, сөздік түрінде
қол дану керек. Мәселен, ана тілі оқылымын
баға лауда, оқушыға қалай оқығанына қарай
«дұ рыс тығы, анық оқылымы, қатесіздігі, дұ-
рыс екпіні, дұрыс интонация, толық түсінігі»
үшін баға бере аламыз. Сөйтіп, әр оқушы не-
ні түсініп, қалай оқитынын, келесіде қандай
қателіктерді ескеру керектігін ұғынып, өзі-
нің оқуын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Оқу шылар өздерін өздері бағалай алатын
жә не өздерін оқуын қалай жақсартуға бола-
тын дығын түсінуіне түрткі болады.
Бастауыш мектепте оқушылардың бі лім
алуына отыратын орны да, сабаққа қызы ғу-
шы лығына әсер етеді. Партаға отырғызудың
дәстүрлі әдісі, балалардың деңгейі бойынша
бөлінгендігін, физикалық жағдайына (бойы
аласа), болмаса сабаққа үлгерімі нашар не ме се
жақсы болғандықтан, мұғалім отырғызды де
ген түсінік және оқушыларды түрлі дең гейге
бөлінгенін көрсетеді. Сонымен қа тар, бала
тек парталасымен араласып, тұй ық болуына
әсер етеді. Сондықтан да, бала лар ды топ-топ
бойынша, дөңгелете, бетпе-бет бір-біріне
қарама қарсы отырғызу тиімді. Бірін шіден,
бала көпшілікпен қарым-қаты нас ты үйренеді,
екіншіден сыныпта оқу шы лар барлығы тең,
толерантты екенін ұғы нады, үшіншіден топпен
біріге жұмыс іс теу ді, дос болуға үйретеді.
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқы-
ту процесінде оқушылардың танымдық қы зы-
ғушылығын қалыптастыруда оқытудың ын-
таландыру технологияларын сабақтың мақ саты
мен мазмұнына сай мысалдар пай да ланып, осы
технологиялардың негізінде оқу шы лардың
даму деңгейіне сәйкес тап сыр малар жүйесін
ұсыну тиімді болады. Оқу шы лардың танымдық
қызығушылығын да мы ту болашақта білімді
өз бетінше жи най алу қабілеттерін дамытуда
жетекші рөл атқарады және оқушылардың
жалпы ын та сын арттырады.
Қызығу балалардың жақсы оқуына, оқы-
ғанын жақсылап ұғып алуына ықпалы зор.
Егер, балада қызығу болмаса, ол оқу пән-
деріне, тәрбие жұмыстарына ешбір қызық-
па са, оқудың да, тәрбиенің де жемісі болмас
еді. Сол себепті, заманына қарай білім беру,
са бақ ты ынталандыру әдістері бойынша
ұйым дастыра білуіміз керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Шабаева М.Ф. «Педагогическая теория Д. Локка». Век Просвещения. – М., – Париж,
1970
2 Занин С.В. Общественный идеал Жан-Жака Руссо и французское Просвещение XVIII
века . – СПб.: Мiръ, 2007. - 535 с.
3 Коменский Ян Амос: Учитель учителей («Материнская школа», «Великая дидактика» и
др. произв. с сокращ.). – М.: Карапуз, 2009, 288 с. ISBN 978-5-8403-1480-7
4 История педагогики и образования. От зарождения воспитания в первобытном
обществе до конца XX в.: Учебное пособие для педагогических учебных заведений под ред.
А.И.Пискунова. – М., 2001.
5 Серова А.К. Д.Ушинский о роли русского языка в воспитании человека // Электронный
журнал «Знание. Понимание. Умение». – 2009. – № 2 - Педагогика. Психология.
6 Джонс, Эрнест. Жизнь и творения Зигмунда Фрейда / пер. с англ. В. Старовойтова. ––
М.: - Гуманитарий АГИ, 1996. - 448 с. - ISBN 5-89221-006-5.
7 Жұмабаев М. Педагогика – Алматы, 1992.
8 Төлеубекова Р.К. «Адамгершілік тәрбиесінің негіздері» – Алматы, 1998.
55
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
9 Нуриев М.А., Оқытушыларды даярлау бүгінгі таңнан қойылу талабы // Ұлттық тәрбие.
- 2011, №1 (4).
10 Ұлттық тәрбие: Таңдамалы лекциялар курсы. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ,
2011. - 276 бет.
11 http://sclsadovoe.org.ru
ӘОЖ 378.146
Ж. Ерахметқызы
№147-мектептің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі
ЕЛІМІЗДЕГІ АРНАУЛЫ ОРТА ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ БЕРУ
ОШАҚТАРЫНДАҒЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИІ
Мақалада білім – білімсіздіктен адам бойындағы сапалы жаңа функциональды
сипаттарымен ерекшеленеді. Білімнің қарапайым деңгейіне жету ақпараттың ең төменгі,
аз мөлшерін қабылдау арқылы іске асады. Ақпаратты қабылдап, сақтап өңдеудің өзіне тән
процестері адам білімінің әр түрлі деңгейін қалыптастырады. Ақпараттың қалыптасып,
толығуы әртүрлі тәсілмен жүзеге асады. Бұл процесс сапалық өзгерістермен қатар
өтетіндіктен, оны қандай да бір үздіксіз шкаламен өлшеу мүмкін емес. Білім беру саласындағы
ең маңызды мәселенің бірі студенттердің білімін шынайы бағалау, бағаны объективті түрде
қою және білім беруші ұстаздардың әлеуметтік жағдайын жақсарта отырып, білім сапасын
арттыру мәселесі сөз болып отыр.
Түйін сөз: білім, бағалау, ұстаз, қоғам, ынталандыру, сапа.
В статье написано, что образованность отличается от необразованности качественными
новыми функциональными характеристиками в личности. Достижение простейшего
уровня знания осуществляется с помощью восприятия самой низкой и малой информации.
Свойственные процесы восприятия, сохранения и обработки информации формируют
различные уровни человеческого знания. Формирование и пополнение информации
осуществляется различными путями. Так как, этот процесс проходит наряду с качественными
изменения, его невозможно измерить определенной непрерывной шкалой. Одной их самых
важных проблем является критерии оценивания знаний студентов, обьективный подход к
выставлению оценкок, также улучшение социального положения преподавателей и качество
образования, о чем собственно и говорится в статье.
Ключевые слова: знание, оценка, учитель, общество, стимулирование, качество.
In the article wrote that education is different from ignorance quality new functional specifications
of the human. Achieving the simplest level of knowledge by using the lowest perceptual and small
media. Inherent processes of perception, storage and processing of information form different
levels of human knowledge. Formation and replenishment of information is carried out in various
ways. Since this process takes place, along with the qualitative changes, it is impossible to measure
certain continuous scale. One of the most important problems is the criteria for assessing students’
knowledge of objective approach to exhibiting evaluations also improve the social status of
teachers and quality of education, which is actually wrote in the article.
Keywords: knowledge, assessment, teacher, society, incitation, teacher quality.
56
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Қоғам. Қоғам өзгермелі құбылыс. Ақпа-
рат тың ғарыштап дамыған заманында адам-
зат баласының қол жеткізген жетістігі сана-
ға сыйымды, ақылға қонымды, мақтау мен
мадақтауға лайық. Бірақ, осыншама жетіс-
тік тің барлығы дерлік, ілім мен білімнің ар-
қа сын да екендігі өзекті біткенге аян. Осы бір
ақиқатты тәжірбиеде іске асыру үшін, ер те ңі
жарқын, егеменді еліміздің білім беру сала-
сын жетілдіре түсу керек.
Рас, қазіргі кезеңде Қазақстанның б ілім
беру жүйесінде ұлттық сипат қа лып тасуда.
Білім берудің мазмұндық және про це суаль-
дық аспектілерінің саралануы, оқу про цес-
сі нің жаңа технологиялармен қамтамассыз
еті луі мен тікелей байланысты. Жоғары білім
беру дің жаңа сапасы оқу нәтижесіне көп кө-
ңіл аударылатын тың әдістемелік тәсілдің
не гі зінде іске асуы мүмкін. Өркениетті ел-
дер қатарына еніп келе жатқан, егеменді
Қазақстан Республикасы жоғары және ар-
нау лы орта буын оқу орындарының әрекетін
жетілдіру міндеті оқу процесін құрудың дәс-
түр лі әдістерін қайта қарауды қажет ете ді.
Еліміздің Білім беру және Ғылым Ми нис-
трлігі соңғы кезде жаңа оқыту техно ло гия-
сын енгізу мен білімді бақылау мәселесіне
көп көңіл аударуда. Қоғам мен жеке тұл-
ға лар дың талабына сай дәстүрлі жоғары
оқу орындарымен бірге жаңа нұсқалы оқу
орындары пайда болуда. Мемлекеттік және
мемлекеттік емес оқу орындары кәсіби ма-
ман әзірлеуде мемлекеттік деңгейде бекі-
тіл ген типтік және нормативтік құжаттарға
сүйенеді. Оның қойып отырған талаптарын
іске асыруда жоғарғы оқу орындары сту дент-
те рі мен бірге арнаулы орта буын колледж
сту дент терінің білімін тексеріп, бақылау
ғылыми негізделген, әрі іс жүзінде мақсатқа
сай оқыту процесінің бір құрам бөлігі болып
отыр. Әрбір оқу орны өз ішінде оқылатын
курстар мен бағдарламаларды және өзі нің
бақылау жүйесін таңдауға құқылы. Сон-
дық тан да мамандардың дайындық дең-
гей ін көтеру үшін білімді бақылаудың жа-
ңа әдістемелері мен тәсілдерін із дес ті ру
үзбей жүргізілуде. Ол жүйелі бақы лау ды
ұйымдастырып, студенттер мен оқы ту-
шы лар дың іс-әрекеттерінің тиімділігі мен
сенімділігін, үйлесімділігін тексеруге мүм-
кін дік береді.
Жоғары және арнаулы білім беру стан-
дарты студенттердің барлығы қол жет кі зе тін
және білім туралы құжатты алуға жет кі лікті
болатын міндетті минимумды қам ти ды.
Осыған орай, дайындық сапасына қойы ла-
тын бақылау жүйесі міндетті дайындық дең-
гейі не қол жеткізуді арнайы тексеруді қам-
ту ға тиісті.
Білім адамның таным әрекетінің нәти же-
сі ретінде, қарастырылып отырған нысан ның
мәнділігінің, заңдылықтары мен қасиеттерінің
мәліметтер жиынын қарас ты ра ды. Білім –
білімсіздіктен адам бойындағы са па лы жаңа
функциональды
сипаттарымен
ерек ше-
ленеді. Білімнің қарапайым деңгейіне же ту
ақпараттың ең төменгі, аз мөлшерін қа был-
дау арқылы іске асады. Ақпаратты қабыл дап,
сақтап өңдеудің өзіне тән про цес те рі адам
білімінің әр түрлі деңгейін қалып тастырады.
Ақпараттың қалыптасып, толы ғуы әртүрлі
тәсілмен жүзеге асады. Бұл процесс сапалық
өзгерістермен қатар өте тін дік тен, оны қандай
да бір үздіксіз шкаламен өл шеу мүмкін
емес. Білімді бақылап, бағалау үшін оның
деңгейлерінің нақты өрбуін білу ке рек.
Соңғы кезге дейін Қазақстанның оқу
орын дарында қолданылған, білім сапасын
баға лайтын жүйе – бес балдық баға шкаласы
бол ды, болып келеді де. Өкінішке орай, мек-
теп тердегі сияқты осы шкала арнаулы орта
буын оқу орындарында (колледждерде) әлі
сақталған. Мұндай баға шкаласы тек сес сия
уақытында ғана емес, ағымдағы білім дең-
гей ін бақылауда да қолданылды.
Шет елдерде білімді бағалаудың әр түрлі
жүйесі қолданылады: бес балдық (Чехияда,
Вен грияда, Польша мен Германияда), он
бал дық (Голландияда), он бір балдық (Ита-
лия да). Бірдей балдар әр елде әр түрлі мәнді
көр сетеді. Мысалы Германияда 1 мен 2- ең
жақсы бағалар, ал бізде олар ең нашар ба ға
деп есептеледі. Көпшілік шет елдерде қол да-
ны ла тын көп балды жүйе күрделі есептеумен
57
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
бай ланысты болғанымен, шартты сипатты
бо лып келеді. Дегенмен, тапсырманың уа-
қы тын да орындалуы, адалдылық, орындалу
сапа сы сияқты көрсеткіштерді ескеруге
мүм кін дік береді.
Педагогикалық өлшемдерде мүмкін бола-
тын қателіктерді болдырмау үшін біздің елдің
кейбір жоғары оқу орындарында студент
білімін бағалау мен бақылаудың әр түрлі
жүйелері жасалып оқу процесіне енгізілді.
В.П.Беспалько білімді меңгеруді 4 кезеңге
бөліп қарастыруды ұсына келе, меңгерілген
білімді бағалауда білім алушының жоға-
ры деңгейге жетуге байланысты 12 бал-
дық шка ланы қолдануды ұсынады [1].
Гореславский 8-10 балдық бағалау жүйесін
ен гізу керектігін көрсетеді. Онда әрбір баға-
лау деңгейіне сай нақты бағалау өлшемі
құры луы тиіс. Өз жеке тұжырымдамада
В.П.Беспальконың білімді бағалауда жоға-
ры деңгейге жетуге байланысты 12 бал дық
шкаласын қолдануымыз қажет деп санай-
мын. Өйткені, ғалымның жеке пікірінше
осын дай иілмелі, сезімтал жүйе сандық және
сапа лық айырмашылықты дәл анықтап, оқу-
шы жетістігі динамикасы мен қабілеті жай-
лы дұрыс ақпарат береді. Бұл мектеп қабыр-
ға сындағы әдеттен әле айырылмаған, жас
ерекшелік толқуы толық басылмаған ар-
наулы оқу орындарының және колледж сту-
дент терін бағалау үшін таптырмас әдіс.
Ойлап қарасақ, дәстүрлі білімді бақылау
жүйе сіне тән кемшіліктер: салыстыру этало-
ны болмағандықтан бағалау өлшемінің
көмес кі лігі, қойылған бағаның субъектілігі,
емти хан билеттеріндегі сұрақтардың маз мұ-
ны на байланысты бағаның кездейсоқтығы.
Ем ти хан билеттеріндегі әр түрлі сұрақтар
студент тің де әр түрлі ойлау деңгейін талап
етеді: бір сұрақтар білімді қажет етсе, енді
біреулері оқу курсының барлық тарау ла-
ры нан білімнің толық болуын қажет етеді,
ал келесілері тек негізгі түсініктердің мә-
нін ашуды ғана керек қылады және т. б.
Бағаның шынайылылығына және нәти же -
сі не студент пен оқытушының қарым-қаты -
на сы, студенттің мінез-құлқы, оқы ту шы
мен студенттің көңіл-күйі және та ғы да
басқа жайлар әсер етеді. Мысалы сту дент-
тің орташа жауабы алдындағы өте жақсы
жауаппен салыстырғанда на шар көрінуі
немесе алдындағы жауап қанағат та нар лық-
сыз болса, керісінше көрінуі ғажап емес.
Баға ның объективті болуына студенттің
пси хо логиялық ерекшелігі де әсер етеді:
кей бір студенттерге жауап беру үшін бел гі-
лі бір уақыт қажет, ал оны емтихан алу шы
үнемі бере бермеуі мүмкін. Білімді бақы лау
студенттердің қай курста, қандай мек теп ті
бітіріп келгеніне, студенттердің пси хо ло гия-
лық даму ерекшеліктеріне, пәндердің өзіндік
ерекшелігіне, мамандық әзірлеу ерекшелігіне
және т.б. көптеген факторларға байланысты
болады. Соның ішінде мамандыққа ұлттық
тілде дайындалатын топтардағы бірінші
курс сту дент терінің өзіндік ерекшеліктерін
атап айтуымызға болады:
- біріншіден, қазақ топтарында оқитын
сту денттер – көбінесе ауыл мектептерінің тү-
лек тері. Мектепте олардың білім алуы жан-
жақты қадағалау үстінде болған. Бір жағынан
оқушының ата-анасы қадағаласа, екінші
жағынан мектеп мұғалімдері оқушыларды
үнемі сабақты уақытында әзірлеуге жетелеп
отыр ған. Ал студенттік өмірде оларды
бұрын ғыдай жетектеушілер жоқ, студент өз
беті мен білім алуға ұмтылуы керек;
- екіншіден, ата-аналары алыста бол ған-
дықтан, олар жатақханада немесе пәтер жал-
дап тұруға мәжбүр болады. Бірінші курсқа
ке ліп түскен студент енді өзіне-өзі әрі би, әрі
қо жа болады деген сөз;
- үшіншіден, қазіргі заман дамуына бай-
ланысты, студенттердің жеке басының да муында
акселерация құбылысы кеңінінен кө рі ніс тапқан.
Яғни, қазіргі жастардың ақыл ойының дамуы ағза
дамуына қарағанда ке ше уіл деген. Сондықтан,
ата-ана назарынан алыс таған біріші курс студенті
уақытын үнем ді қолданып, бар ынтасын білім
алғанға бағыт тағаннан гөрі, қала қызығын,
жастық өмір қызығын тамашалауға көбірек ауып
ке те ді. Ендеше студенттің саналы түрде білім ал-
уын қамтамасыз ететін және білім деңгейін дәл
анықтап бақылайтын жүйе қажет.
58
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Осы айтылғанның бәрі білімді бағалаудың
дәс түрлі формасының заман талабына сай
емес, ескіргенін көрсетеді. Оның ең басты
кем шілігі студенттің белсенді, шабытты жұ-
мыс істеуіне мүмкіндік бермейді. Сонымен
қа тар, емтихан алдында үш-төрт күннің
ішін де меңгеруді қажет ететін теориялар
мен заңдардың, формулалардың, реакция
тең деулерінің, анықтама мен ережердің ағы-
ны студентті басып қалады деуге болады. Ал
емтихан студент үшін үлкен қорқыныш ту-
ғы за ды.
Сонымен қатар, көбіне айтылмай еске ру-
сіз қалатын бір жағдай ол – ұстаз мәселесі.
Ұс таз – деген сөзге психо-педагогикалық өл-
шем мен қарар болсақ, жеке тұлға ғана емес,
сту дент терге білім жеткізуші, ақпарат көзі.
Қа зір гі сананы тұрмыс билеген қоғамда,
білім ді ұрпақты тәрбиелеу, сахара шөліндегі
бұ лақ көзін ашумен пара-пар екендігі анық.
Ұс таз дарға мемлекет тарапынан жалақыны аз
төленуіне байланысты бір емес, бірнеше жер-
де жұмыс істеуге мәжбүр. Соның әсерінен
шәкірт ке берілер білім сапасызданады. Өйт-
ке ні, ұстаз екі білім ордасының арасында
жүр ген де ұстаз білім беру үшін қажетті
ақпа рат тармен қарулана алмайды. Дәріске
дайын дықсыз келген ұстаз, студентке сапалы
бі лім бере, оны қанағаттандыра алмайды.
Өз тобымен етене жұмыс жасап, әр бір шә-
кірт пен жеке тілдесіп, оны танып соның
дең гейіне қарай әрекет ету мәселесі мүлде
ұмы ты ла ды. Осы айтылған кемшіліктер мен
қате лер ді жойып, студент білімін нақты, дәл
баға лау үшін педагогикалық өлшемдердің
жа ңа мүмкіндіктерін іздестіруімізбен қа тар
ұстаздардың әлеуметтік ортадағы ста ту сын,
жалақысын көтеруіміз керек. Бұл ұстаз дар-
дың жеке басына жасаған жақсылық емес,
ғарыштап дамыған ғаламдық ілім, ғы лым
майданына аттанар әр бір шәкірттің бола ша-
ғы ның жарқын болуына жасаған бір қадам
деп тануымыз қажет.
Жалпы, педагогика ғылымында білімді
есеп ке алудың 4 функциясы қалыптасқан Ол:
-бақылау;
-оқыту;
-дамыту;
-ұйымдастыру [2].
Процесс
ретінде
қарастырылатын
бақылау компоненттері:
- білімді тексеру;
- білімді бағалау;
- бағасын анықтап, оны қою;
- білімі мен іскерлігін ескеру;
Мысалға алар болсақ, қазақ тілінен бі лім
алатын студенттердің оқу үлгерімін тек се ру-
дің негізгі нысандары төмендегідей:
– негізгі қазақ тіліндегі дыбыстық таң-
ба лар ды, ережелер мен анықтамаларды, жай
сөйлем мен құрмалас сөйлемнің өза ра айыр-
машылықтарын, қазақ тілінің заң на малық
қасиеттерін, сөйлем құрылысын, не гіз гі
түсініктер мен заңдарды, қағидаларды бі лу;
– қазақ тіліндегі сөйлем құрастыру про це сі нің
жүру жолдарын анықтап, ережелерге сай күрделі
сөйлем құрам, орфографиялық заң дылыққа сай
жұрыс жаза білу іскерлігі;
– алған білімдерін диктант және өзіндік жұ-
мыс тарда, шығарма жазу барысында сөй лем дер
мен теңеулерді қолдана білу іскерлігі;
– логикалық ойлай білу іскерлігі;
– өз ойларын әдеби тілмен сауатты, дұ рыс
баяндап жеткізе білу іскерлігі- деп ба ғам дай мын.
Әрине, бұл менің өз таным түсінігімде, қа-
лыптасқан жеке пікірім, яки ұсынар қағидам.
Жаста болсам, ұстаз деген атыма сай бүгінгі
таңда менің алдымда тұрған екі күрделі
мәселе бар: оның бірі – ұстаздың әлеуметтік
жағдайын жақсарта отырып, білім берушінің
нақты өзінің міндетінен ауытқымай білім
алу шыға сапалы білім беруге жағдай жасау.
Екін ші білім алушының жас ерекшелігіне,
әлеу меттік ортасына қарамастан, сапалы бі-
лім алуына жағдай жасап, өз кезегінде бі лім-
ді де, білікті маман даярлау. Атап өткен екі
мәселеде де, ұстаздың шәкіртті білім дең-
гейі не қарай шынайы бағалауы мен шә кірт-
тің ұстазды білім беру деңгейіне сай бағам-
да уын да болып отыр.
59
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Достарыңызбен бөлісу: |