Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет19/42
Дата03.03.2017
өлшемі2,34 Mb.
#6131
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42

II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
жарияланған «Көтерілістен – ұйымшылдыққа» атты мақаласында 
ол  осы  туралы  айрықша  шегелеп  көрсеткен.  «Біз  ұлттық 
қозғалыс  тарихымыздың  екінші  кезеңіне  өтіп  барамыз.  Өткен 
уақытта  біздің  бүгінгі  талаптарымызға  сәйкес  келетін  ештеңе 
қалған  жоқ.  Қоқан,  Хиуа  хандықтары  және  Бұқара  әмірлігі  ту-
ралы  ойлаудың  өзі  артық.  Тегінде  біз  Ресей  тепкісінен  құтылу 
туралы  айтқанымызда,  орыс  тепкісіне  түскенге  дейінгі  дәуірге 
қайтып  оралуды  армандамаймыз...
*
  Көне  Ресей  үкіметі  де 
біздің  тәуелсіздік  жолындағы  күресіміздің  қажетіне  жарарлық 
бірдеңелер қалдырып кептегенін де естен шығармайық» [1]. Яғни 
большевиктердің сол кездегі Алаш жетекшілеріне, соның ішінде 
М. Шоқайға да қатысты байырғы хандық жүйені аңсап, өздеріде 
хан болғысы келеді деген сияқты жалаларының соншалықты ар-
сыздардан  да  тайынбағандығын  көрсетеді.  Алаш  көсемдерін, 
әсіресе  М.Шоқайды  қаралауда  баспа  мәдениеті  көтермейтін 
«ұлтшыл фашистер», т. б. былапыт сөздер кеңес жарияланымда-
рында әдеттегі нәрсе еді. 
Мұстафа 
Шоқай 
Түркістан 
автономиясының 
ащы 
сабақтарынан  орыс  революционер  демократтарының  империя-
лық өктемдік пиғылдарының бет пердесі ашыла берген сайын ав-
тономия идеясынан ұлттық тәуелсіздік идеясына келгені белгілі. 
Оны ол 1923 жылғы Парижде «Оуриан et Оксидан» журналында 
жарияланған мақаласында ашық білдірген.
Мұстафа  Шоқай  саяси  бостандық  маңыздылығы  жағынан 
ең бірінші кезектегі бостандық дейді. Саяси бостандықсыз халық 
ұлт болып толық қалыптаса алмайды, өз тағдырын өзі шеше ал-
майды, ал онсыз басқа бостандықтардың барлығы мысалы руха-
ни, экономикалық бостандықтар еркін өрістей алмақ емес. Осы 
тұрғыдан  М.  Шоқай  маркстік  материалистік  теорияның  жалған 
екендігін  әшкерелей  білген  бірден-бір  түрік  ойшылы  десек, 
артық  болмас.  Ұлт  мәселесіне  байланысты  ол  марксизмнің  тап 
күресі, пролетариат диктатурасы, социализм туралы теориялық 
қағидаларының тек Түркістан жағдайында ғана емес, жалпы Ре-
сей әлеуметтік болмысына да тура келмейтінін көрсетіп отырды. 
1936 жылғы кеңестік конституцияны қабылдаған, социализм ор-
нады делінген кезеңнің өзінде Ресейде шын мәнінде пролетриат 
*  Қазақшасында  «армандаймыз»  делініп  қате  жіберілген.  Машинкада 
басқанда болған болуы мүмкін.

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
170
диктатурасы жоқ деп есептеді. Мұстафа Шоқай пролетариат дик-
татурасы емес, партияның, ал оның ішінде белгілі бір топтың ғана 
диктатурасы орнаған деп көрсетеді.
Конституциядағы  азамат,  халық  еркіндігі  идеясына  тура 
келмейтін қағидалар – Ресей коммунистік партиясының барлық 
қоғамдық  жүйені,  оның  бағыты  мен  мазмұнын,  идеологиясын 
анықтайтын  күш  екендігі  туралы  бабы.  Бұл  тұрғыдан  шығатын 
тікелей практикалық нәрсе – үкіметтің барлық органдарынан тыс, 
жоғары халық ешқашан сайламаған әрі сайлауға тиісті емес, олар-
дан жоғары тұратын орган да – сол партия. Яғни билікті иеленіп 
алған  саяси  ұйым.  Диктатура  пролетариаттікі  емес,  партиянікі. 
М. Шоқай тіпті партияның диктатурасы емес, ондағы белгілі бір 
билеуші топ – Орталық комитет, одан да дәлірек – президиум, по-
литбюро деп әртүрлі атала беруі мүмкін. Яғни большевиктердің 
билігі халықтың еркін барлық азаматтардың ортақ еркін иемденіп 
алған,  жалпы  саяси  ғылымның  термині  бойынша  узурпация 
жасалған топтың еркіне айналған. Бұл ұрлықтардың ішіндегі ең 
сорақысы  –  халықтың,  оның  әрбір  жеке-жеке  мүшесінің  өзінен 
ажыратуға  болмайтын  түпкі  мазмұны  мен  болмысын  ұрлау, 
халықты оның субъектілігінен ажырату. Билікке шын сайлау бола-
тын болса, онда азаматтар өз еркінен, субъектілігінен ажырамай-
ақ  сайланғандарға  өздерінің  тұтас  еркін  білдіруге  бекітуге 
уақытша  сенім  білдіретінін  көрсетеді.  Сол  сенімін  ақтайтынына 
бақылау жасау өзінде қалады.
Ал  пролетариат  диктатурасы,  тап  күресі  т.т.  марксизм 
идеялары  әр  адамның  түпкі  еркіндігі,  өзін  өзі  анықтайтын, 
анықтауға  тиіс  мән-мағынасы  жағынан  тағы  да  саясат,  фило-
софия  тілімен  айтқанда  нонсенс.  М.  Шоқайша,  онсыз  оларды 
таптау  халықты  малға  теңеу,  оған  мал  ретінде  қатынас  жасау. 
Большевиктердің, әсіресе Түркістан халқына қатынасы тап осын-
дай, айуандық әрекет, оны халық ретінде жою. Большевиктердің 
берген  анықтамасы  бойынша  мемлекет  бір  таптың  екінші  бір 
тапқа, қоғамның бір бөлігінің екінші бір бөлігіне үстемдігі. Яғни, 
философиялық  осындай  мағына  кеңес  конституциясының  өн 
бойында  көрініп  тұрғандығын  М.Шоқай  көрсетіп  отырды.  Ен-
деше  қоғамның  бүкіл  анықтаушы  күші,  ол  –  зорлық,  үстемдік 
екен. Лениннің еңбектерінің бәрінде осы ой, әрине, Маркс идея-
ларын жалғастыра отырып өрбітілген. Маркстік қағида зорлықты 
қоғамдық қозғаушы күш мазмұнында метафизикалық принцип 
деңгейіне көтерген.

171 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
Большевиктердің маркстік дүниетанымның зорлық түріндегі 
мысалдарының бірі деп Бүкілресейлік Құрылтай Жиналысын (ҚЖ) 
(парламентті) күшпен таратып жібергендігін айтуға болады. Оны 
М. Шоқай әр кезеңдерде қайта айтып отырады. Билікке қолдары 
жетпей  жүрген  кездерде  В.И.  Лениннен  бастап  большевиктер 
Құрылтай  жиналысын  сайлауды  жақтайтын  демократтардың 
сапында еді. Ақпан төңкерісінде билікке келген Уақытша үкімет 
басшылары демократтар ретінде оны уақытша деп есептеді: яғни 
бізді тұтас Ресей халқы сайлаған жоқ, уақиғалардың дүмпуімен 
билікке келіп қалдық, бүкіл халықтың еркімен емес. Сондықтан 
біздің міндетіміз – жалпыхалықтық Заң органын ҚЖ-ны сайлауды 
ұйымдастырып, өткізу. Сайланған Құрылтай Жиналысы (Учред.
Собрание) үкіметті тағайындайды, заңдарды түзеді, сол ғана заңды 
билік (легитимная власть) бола алады деп шешті. Сайлау өтті, депу-
таттар сайланды. Бірақ Қазан революциясы да өтіп үлгерді, боль-
шевиктер билікті қолына алды. ҚЖ-на сайланған депутаттардың 
құрамында  большевик  депутаттар  азшылық  болып  қалды.  1918 
ж. Қаңтардың 5-күні жиналған Бүкілресейлік Құрылтай жиналы-
сы бір аптадай ғана отырысын өткізе алып, Ресейді Федеративтік 
демократиялық  парламенттік  Республика  деп  шешім  шығарып 
қана үлгерді. Себебі билікті қарулы көтеріліспен қолға түсірген 
большевиктер  Лениннің  нұсқауымен  парламентті  күшпен  тара-
тып жіберді. Түскістаннан ішінде М.Шоқай да бар 30-дан астам 
депутат  сайланған  еді.  Бірақ,  Түркістандағы  құрылған  Уақытша 
Мұсылмандық  Кеңес  пен  Уақытша  үкіметті  де  жергілікті  боль-
шевиктер  қарулы  шабуылмен  күшпен  таратып  жіберіп,  Қоқан 
қаласын  қиратып,  халқын  қырғынға  ұшыратып,  билікті  тартып 
алған  жағдайда  біз  Құрылтай  жиналысының  отырысына  бара 
алмадық дейді, М. Шоқай. 
Большевиктердің  осы  ешуақытта  сайланбаған,  кезінде  тек 
халықтың  азғана  табының  қарулы  күшімен  тартып  алынған 
билігі  73  жылға  созылғанын  білеміз.  М.  Шоқай  олардың 
қандықол жендеттерінің істерінен Түркістан халқының жоғалуға 
жақындаған трагедиясын бүкіл Еуропа жұртына 20 жылдан астам 
уақыт  бойы  жария  етумен  болды.  Шын  мәнінде  большевиктер 
құрған  жүйенің  мәні  зұлымдық  фашистік  тәртіптің  өзінше  бір 
түрі екенін ашып берді. 1941 жылы Германия Кеңестер одағына 
шабуыл жасап, соғыс жатқан кезде Шоқайдың жұбайына жазған 
бір  хатында  Сталин  мен  Гитлер  екеуі  де  нағыз  зұлымдар,  олар 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
172
өзара келісе алып, басқа дүниеге үстемдік үшін күштерін біріктіре 
алса, бүкіл дүниені қан қақсатар еді дейтіні бар. 
Кеңестік  конституцияға  талдау  жасай  отырып  Мұстафа 
Шоқай  онда  азаматтардың  әртүрлі  топтарына  түрлі  ұйымдар 
құруға  бостандық  берілетін  сияқты  әсер  қалдырмақшы  болған 
дейді.  Ал  шындығында  ондайлардың  барлығына  коммунистік 
идеологияны,  кеңестік  тәртіптерді  уағыздау  және  бекіту  үшін 
ғана  рұқсат  берілуі  тиіс  екен.  Яғни  Кеңестер  одағында  бір  ғана 
көзқарастарға,  бір  ғана  сезімдерге,  бір  ғана  мақсаттарға  жол 
ашық, басқаның бәріне алаңсыз жабық. Ұлттық тәуелсіздік, өзіндік 
дамуға да. Маркстік теория бойынша ұлттар келешекте жоғалып, 
жойылып кетуі тиіс.
Айрықша  терең  талдаулар  нәтижесінде  Мұстафа  Шоқай 
большевиктер құрған әлеуметтік жүйені орыс емес ұлттар үшін 
Ресейлік  отарлаудың  айрықша  өрескел  түрі  екендігін  көрсетіп 
отырады,  ол  жалпы  большевизмнен  басқаша  ойлау,  басқаша 
мүдде – мақсаттардың бәрін тұншықтыру, қудалау, жою жүйесі 
тұрғысынан  фашизмнің  басқашалау  бір  түрі  деуге  келеді.  Осы 
соңғы  ойды  ол  тіке  айтпаса  да,  соған  алып  келе  алады  десек, 
жаңылыспаспыз деймін.
Мұстафаның  саяси  көзқарастарының,  мемлекет,  оның 
құрылымы,  басқару  формалары  жөніндегі  ұстанымдары 
түпкі  еркіндік  идеялары  мен  сенімдерінен  туындайтындығы 
нақты  мәселелерді  талдауларынан-ақ  анық  байқалады.  Ұлттық 
тәуелсіздік  идеясының  өзі  еркіндік  идеясының  нақты  саяси-
практикалық  көрінісі.  Орыс  революцияшыл  демократтарының 
да,  большевиктердің  де  орыс  емес  ұлттардың  өзін  өзі  би-
леу  құқығы  туралы  ұрандарының  бос  сөз  болып  қалғандығы, 
Түркістан,  Алашорда  автономияларының  сол  ұрандарды  тиек 
ете отыра құрылып, кейін солар тарапынан күйретілгендігі орыс 
империясының құрамындағы еркін автономия құру әрекеттерінің 
бос қиял екендігіне көз жеткізеді. Шын еркіндік ұлт дербес мем-
лекет  құрып,  халықаралық  қатынастарда  өзін  тек  өзі  билейтін 
субъект  болғанда  ғана  мүмкін.  Яғни  еркіндік  адамдардың 
сырттай  қабылдайтын  бір  белгісі  емес,  керісінше,  оларды 
шектеушіліктерге  төзбей,  үнемі  бұлқындырып  жататын  түпкі 
құндылығы. Мұстафа Шоқай басқа Алаш қайраткерлері сияқты 
ұлттық  күрестің  бас  кездерінен-ақ  қандай  мемлекеттік  басқару 
формасы тәуелсіздікке неғұрлым сәйкес келе алатынын анықтап 

173 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
алды. Ол – Түркістан автономиясын құруға дайындық барысында 
да, Алашорда партиясын, кейінірек үкіметін орнатудан бұрын да 
Ақпан  революциясынан  кейінгі  құрылатын  Ресей  федеративтік 
демократиялық  Республика  болуы  керек  деген  шешім.  Ресей 
сияқты монархиялық жүйеде автономияға жол жоқ екені о бастан 
анық еді. Автономиялықтың өзін олар ұлттық дербестік идеясы-
на жақын деңгейде түсінді. Өйткені жарияланған Құрылтай жи-
налысын (парламент) сайлағаннан кейін оның депутаттары ғана 
тұрақты үкіметті тағайындауға тиіс деген сөз. Сондықтан да қазақ 
ұлтшылдарының сол кездегі революцияшыл демократтарға шын 
сенуі  түсінікті  еді.  1917  жылғы  21–23  шілдеде  Орынборда  өткен 
Жалпықазақ съезінің резолюциясында «Ресейде демократиялық 
парламенттік  республика  болуға  тиіс»  делінген.  Съезге  Петер-
бургтан  келіп  жеткен  Мұстафа  Шоқай  да  қатысқан.  Яғни  Алаш 
қозғалысы  қайраткерлері  мен  Мұстафа  Шоқайдың  мемлекеттік 
басқару  формасы  жөніндегі  көзқарастарында  айырмашылық 
жоқ.  Түркістан  мұсылмандарының  IV  төтенше  съезінде  де 
Уақытша  Кеңесі  сайланып,  оның  үкіметі  Құрылтай  жиналы-
сына  Түркістаннан  сайланған  депуттар  Жалпы  Құрылтайдың 
шешімдерінің  негізінде  автономияның  тұрақты  үкіметін  осы 
депуттар  тағайындау  керек  деп  есептеді.  Яғни,  барлығы  да 
демократиялық принциптер бойынша. 
Алаш  көсемдерінің  де,  Түркістан  автономиясының 
басшыларының  да  демократия  принциптеріне  соншалықты 
беріктігі  олардың  ұлттық  тәуелсіздікті  осы  принциптердің 
орнықққан жағдайында ғана қорғай алатындығында еді. Ал орыс 
демократтарына,  олардың  ең  көрнекті  өкілдері,  Керенский  мен 
Милюковтарға Ресейлік бірыңғай әрі бөлінбейтін ұлыдержавалық 
сезімдері бойын кернеп кеткендіктен орыс емес ұлттарға келгенде 
демократиясы жетпей қалады. Бұл ауруға олар әсіресе шетелдер-
де эмиграцияға жүрген кезінде шалдықты. Бұл ауру қазіргі Ресей 
билігіндегілерде де асқындап тұр. 
Мұстафа Шоқайдың Түркістан түріктерін біртұтас бір халық 
деп  қарағаны  белгілі.  Сондықтан  да  ол  Түркістан  түріктерінің, 
қазақтарды да қоса, бір автономия болып құрылғанын қуаттаған. 
Бірақ  большевиктер  ондай  біртұтас  автономияның  қуатты 
құрылым  болып  кету  қаупінен  қорықты.  Мұстафаның  айтуын-
ша,  жеке  ұлыстық  республикалар  құруды  олар  федерациялық 
Түркістаннан  артық  көрді  дейді.  Осы  федерациялық  Түркістан 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
174
жайында ол өз ойын былай білдірген: «Қалай дегенмен де, біз фе-
дерация идеясы «Ұлттық республикалар» идеясынан артық деген 
сенімдеміз.  Біздің  мұратымыз  –  бөлінбейтін  біртұтас  Түркістан. 
Біз  келешекте  Түркістанымызды  бөлінбес  біртұтас  ұлттық  мем-
лекет түрінде көргіміз келеді. Жағдайдың табиғи дамуына ілесіп, 
оның  құрамындағы  бірнеше  уәлаяттар  автономия  түрінде 
құрылуы да ықтимал. Келешектегі тәуелсіз Түркістан үкіметінің 
ең басты міндеті – байыпты да парасатты саясат жүргізе отырып, 
бүкіл  түрік  атаулыны  бір  қазанға  қайнатып,  ақырында  бір  ұлы 
ұлттық мемлекет түзу болып табылады» [1].
М.  Шоқай  саяси  қайраткер  болумен  қатар  аса  терең  ойлы 
ғалым,  зерттеуші  де  еді.  Оның  шығармашылығында  бұлар  екі 
түрлі  сала  емес,  шын  мағынасында  бір  нәрсе.  Нақты  тарихи-са-
яси  жағдайдың  қажеттілігіне  сай  жазылған  саяси  мағынадағы 
мақалалары,  кітаптары  бұлтартпас  фактілерге,  материалдарға 
негізделген.  Оларды  ол  Кеңестер  Одағында  көбіне  сол  кезде 
шығып  жатқан  газет,  журнал,  кітаптардан  алып  отырды.  1928 
жылы француз тілінде жарық көрген «Түркістан Кеңес билігінің 
қол астында (Пролетариат диктатурасының сипаттамасына)» де-
ген кітабына жазған алғысөзінде Франция социалистік партиясы 
жетекшілерінің бірі Пьер Ренодель де осылай дейді. Ол кітаптың 
айрықша  құндылығы  –  оның  большевиктердің  жарияланған 
өз  баяндамаларынан,  әртүрлі  жарияланымдарынан  алынған 
фактілерге құрылуы деп көрсеткен. М.Шоқайдың мұрағатындағы 
материалдарды  біршама  ретке  келтіріп,  жүйелеген  Америка 
Құрама Штаттары ғалымы Лаззерини де осы тұрғыдан бағалайды.
Осыған  орай  М.  Шоқай  ғылыми  зерттеудің  методолгиясы-
на  қатысты  аса  құнды  ойларын  да  жазып  кетті.  1931  жылы  «Яш 
Түркістанның» 25-санында жарық көрген «Бір ғылыми өтірікке қарсы 
(Қоқан автономиясына 14 жыл толуына орай)» деген мақаласында 
былай  дейді:  «Тарих  жазудың  екі  жолы  бар.  Бірінші  жолы  (курсив 
М.Шоқайдыкі):  Зерттеуші  өмірде  болып  өткен  оқиғаларды  көңіл 
қойып  жинастырады.  Оларды  хронологиялық  тәртібі  бойынша 
заманның  жағдайына,  ахуалына  қарай  зерттейді.  Мәліметтер  мен 
ақпараттардың бұлақтарын іздейді. Жиналған мәліметтерді өзінің 
ғылыми  зердесінен  өткізеді,  орнына  салады  және  ол  мәніндегі 
ғылыми тарих, міне, осындай тәсілмен жазылады.
Екінші  жол:  Зерттеуші  көздеген  мақсаттарын  күні  бұрын 
белгілеп  алады  да,  соған  жету  үшін  оқиғалар  құрастырады. 

175 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
Тіпті  мақсаты  қажет  етіп  жатса,  оқиғаларды  ойдан  шығарады. 
Мақсатқа қайшы келетін бұлақ көздеріне жуымайды. Мұндай та-
рихшылар өзін бейтарап ұстаудың орнына оқиғаларға партиялық 
тұрғыдан талдау жасайды. Кеңес тепкісіндегі халықтардың ұлттық 
қозғалыстары туралы жазып жүрген большевик тарихшылар осы 
екінші түрге жатады» [1].
Мақалада  большевик  тарихшысы  Алексеенко  деген 
«біреудің»  Қоқан  автономиясы  тарихына  арналған  мақалалары 
туралы  сөз  болады.  Олар  Қоқан  автономиясы  Түркістанның 
ауқатты  буржуазиялық  топтарының  ықпалында  болды  және 
Қоқан  Уақытша  үкіметінің  құрамында  болмаған  5-6  адамдарды 
үкіметке мүше еді деген сияқты шатпақтарға толы сандырақтар 
екен  дейді  Мұстафа.  М.Шоқайды  осы  сандырақтардан  кейін 
Стамбұлда  «Түркістан  ұлттық  бірлігі»  ұйымының  (ол  ұйымға 
М.  Шоқай  да  мүше  болған  және  кейін  оның  басшысы  болды) 
басшысы  болып  жүрген  Ахмет  Заки  Валидидың  да  қайталауы 
әсіресе қынжылтады. Валиди де Қоқан автономиясы тарихын аса 
тұрпайы бұрмалап, оның айқын бағдарламасы болған жоқ еді де-
генге дейін барған. Осы тақырыпқа М. Шоқай кейін де бірнеше 
еңбектер жазып, Қоқан автономиясының шын тарихын айқындап 
берді. Мәселенің методологиялық мазмұнына оралсақ, М. Шоқай 
ғылыми зерттеудегі түпкі принцип – объективтілікті алға тартып 
отыр. Оның бейтараптылық талабы объективтіліктің баламасы.
Ғылымдағы  объективтілік  танылуға  тиіс  объектіні  та-
нушы  субъектіге  тәуелсіз  өз  болмысында  қандай  болса,  сол 
қалпында,  оның  өз  мазмұнына  танушы  субъекті  тарапынан  еш 
қоспасыз  өз  күйінде  идеалдық  бейнесін  беру  деген  сөз.  Ал  осы 
принципті  Маркстік  таным  теориясы,  оны  ұстанған  В.И.  Ленин 
алаңсыз  теріске  шығарады.  «Большевиктер  жалпы  ғылымда 
бейтараптықты  мойындамайды.  Ғылым  олар  үшін  таптық 
күрестің баламасы. Сондықтан олар тарихты өздерінің болашақ 
таптық мақсаттары үшін пайдалануға тырысады» [1]. Маркстік та-
ным теориясы бойынша ғылымның, әсіресе оның дүниетанымдық 
жағында таптың мүддеден тәуелсіз көзқарас бола алмайды, болуы 
мүмкін емес, ең алдымен бұл әлеуметтік-гуманитарлық салаларға 
қатысты. Бүкіл философия тарихы бұл көзқарас бойынша мате-
риализм  мен  идеализмнің  –  тартысы  және  мұнда  материализм 
барлық  уақытта  прогрессивтік  күштердің  идеялық  көріністері. 
Марксистер мойындамағанымен бұл шын мағынасында ғылымда 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
176
ақиқаттың болу мүмкіндігін жоққа шығаратын көзқарас. Таптық 
мүдделер де, жалпы адам мүдделері де тарихи ахуалдарға бай-
ланысты  өзгеріп,  айнып  тұратын  құбылыстар.  Олай  болса,  бір 
сәтте  ақиқат  деп  танылған  нәрсе,  екінші  бір  сәтте  ақиқат  деп 
қабылданбауы  мүмкін.  Қаншалықты  материалистік  деп  жари-
яланса  да  марксизмнің  бұл  тұрғысы  олар  күстәнәлап  жүретін 
субъективизмнің дәл өзі. 
Объективтілік  М.  Шоқай  үшін  негізінде  танымдық  прин-
цип болуымен бірге әрі маңызды моральдық-этикалық та прин-
цип.  Таным  объектісінің  өзіндік  дәл  бейнесін  түзуден  ауытқу, 
белгілі бір өткінші мұқтаждықтар үшін шындықты көпе-көрінеу 
бұрмалаушылық  –  адамгершіліктің  ең  бірінші  ережесін  аяққа 
таптау.  Оның  бүкіл  шығармашылығы  большевиктердің  сөздері 
мен істерінің өмір шындығын бұрмалау, ешбір адамгершіліктің 
аясына  жатпайтын  озбырлықтар  екенін  көрсету  болды.  Оған 
бір  дәлел  ретінде  М.  Шоқайдың  Заки  Валидидің  «Знамя  борь-
бы»  атты  орыс  солшыл  социалистерінің  журналында  жазған 
моральдық-этикалық  ұстанымына  айтқан  сыны  мысал  бола 
алады. Онда Заки Валиди былай депті: «Тарихи оқиғалар соғыс 
кезінде  де,  саяси  күрестерде  де  адалдық,  шыншылдық  т.  б. 
моральдық нормалардың жарамсыздығын көрсетті және «дұшпан 
еместерге  де  қарсы  екіжүзділік,  арандатушылық,  сатқындық, 
опасыздықтарды» қолдануға болатынын ақтады» М. Шоқай бұл 
оның (З. Валидидің) саяси пікірталас пәлсафасына айналды деген 
баға береді. Осы тұрғыдан М. Шоқай тек ғылыми еңбек жанры-
на жататын шығармаларында ғана емес, барлық саяси бағыттағы 
мақалаларына  да  осындай  биік  талаптардың  көзімен  қарады. 
Оларда  да  ешбір  дәлелденбеген  факт,  тұжырым  болмауы  тиіс 
деп есептеді. Фактілерден қайдан алынғанын қатаң міндетті түрде 
көрсетіп отырды. Өзінің отандастарына қызмет ету үшін, олардың 
келешек бостандығына тек қана ақиқат деп көзі жеткен ойларын 
ұсынып отырды. Сондықтан да оның кез келген мақалаларын са-
яси памфлет түрінде болса да түпкі мазмұны жағынан ғылыми 
шығарма деп қабылдауға болады.
Щоқайдың  философиялық  әрі  ғылыми  ұстанымдары 
объективтік  шыншылдыққа  негізделгенді  «Түркістан»  деген 
еңбегінде де көрінеді. Шамамен 1939-40-шы жылдары жазылған 
«Түркестан» атты орыс тіліндегі еңбегі бұрынырақ жоспарланған 
көлемді  ғылыми  жұмыстың  бастамасы  ғана  болуы  керек.  Онда 
есімі,  еңбектері  бүкіл  әлемге  танымал  Ортағасырларда  өмір 

177 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
кешкен  біраз  түркістандық  ғалымдарға  қысқаша  сипаттамалар 
беріліпті.  Солардың  ішінде  аль-Фарабиге  арналған  бөлігінде  М. 
Шоқайдың көптеген философия классиктерінің еңбектерімен та-
ныс екендігі көрініп тұр және өз пікірін де білдіріпті. Сол сипат-
тамасын сөзбе-сөз күйінде беруді жөн көрдім.
«Фараби  Әбу  Насыр,  философиядан  жазған  еңбектері, 
әсіресе  Аристотельге,  жалпы  грек  философиясына  берген 
түсініктеремелері  үшін  «le  second  Maitre»,  яғни  Аристотельден 
кейінгі бірінші деп аталып кеткен. Философ Фараби Платонның 
«Заңдары» рухында «Жетілген қала» – «Le Cite Modele» – атты са-
яси трактат та жазған.
Адам  қоғамының  пайда  болуы  хақындағы  Фараби  ойла-
ры  көп  ғасырлардан  кейін  Ж.Ж.Руссоның  «Контр  Социалында» 
дәлме-дәл қайталанады. Сите-Модельде, – деп жазады барон Кар-
ра де Во, – «Ницшенің жақын арадағы зорлық пен күш туралы 
қағидаларына  таңданарлық  деңгейде  жуықтайтын  ойлар  бар». 
Бірақ  күш  пен  зорлыққа  және  оларға  беретін  бағаға  Фарабидің 
қатынасы неміс философынан тіпті басқаша, қарама-қарсы. «Егер 
Ницше үшін жақсылық деген жоғарғы кастаның төменгіге, «асқақ 
тұлғаның»  қараға  үстемдігіне  қолайлы  жағдай  болатын  болса, 
Фараби үшін зорлық пен күш «адам философиясының қатігездік 
ауруы» және бұл туралы пікірін «Жетілген қаланың» авторы сол 
кітаптың «жетілмеген қала» – «Les cites imparfaites» деген бөлек 
тарауында берілген»
*
 (аударма менікі – Қ.Ә.) [1]. 
Әдебиеттер
Шоқай М. Таңдамалы.– Алматы, 1998. – 1 том. – 176 б.
Кант И. Сочинения в шести томах. – М., 1966. – Т. 6. – С. 42.
Шоқай М. Таңдамалы.– Алматы, 1999. – 2 том. – 245 б.
Шоқай М. Таңдамалы.– Алматы, 1999. – 2 том. – 245 б.
Шоқай М. Шығармаларының толық жинағы. ХІ том. – 2014. – 142 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет