Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет27/42
Дата03.03.2017
өлшемі2,34 Mb.
#6131
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
248
оқу-ағарту,  көпшілік  әдебиет  туралы  болып  отырғанда,  тұтас 
дәуірлер түсіп қалды. Солай, кейбір шегерулерді ескермегенде, 
іс  жүзінде  ортағасырлық  кезең  философия  тарихынан  шығып 
қалды, және тек қоғамдық санадағы «жауынгер атеизмге» табы-
нумен айқындалды. Ең жақсы дегенде ортағасырлық философия-
ны қарастырғанда Әулие Аугустин мен Дюма Аквинскийдің және 
есімдері  көбінесе  латынданған  формада  қолданылған,  көрнекті 
араб-мұсылман ойшылдары Ибн Сина мен Ибн Рушдтың аттары 
аталды. 
Кеңестік  кезеңдегі  философия  тарихы  ғылымында  жиірек 
жаңа-платоншылдық  бағындалмады,  XX  ғасырдың  батыс 
философиясы,  жаппай  сын  модусында  беріле  және  «қазіргі 
буржуазиялық  философия»  деліне  келе,  маркстік-лениндік 
философияның  антикоды  ретінде  қарастырылды.  Шығыстағы 
философия тарихы бойынша еңбектер тым сирек кездесті. Жал-
пы  алғанда  философия  тарихы  бойынша  еңбектерден  жанама, 
ал  кейде  тура  мағынада  Еуропа-орталықтық  ұстанымдардың 
басымдық танытқанын, жетекші рөл атқарғанын көре аламыз.
Шығыс пен Батыс философия тарихы бойынша көзқарастарды, 
олардың кезеңдері мен таралу аймақтарын зерттеудегі толықтық 
және  ауқымдылық  жағынан  мәнді  айырмашылықтар  орын 
алды.  Философия  тарихындағы  маркстік-лениндік  дәуір  мен 
басқаларының  арасында  басылымдар  аумағы  жағынан  ерекше 
бөлектенді, дәл солай түпқайнар-ларды жариялау көлемдері де 
айрықша болды. Батыс ойшылдары еңбек-терінің жарық көруі, 
әсіресе XX–XIX ғғ., орыс ойшылдары еңбегінің жариялану көлемі 
тым асып көп болмағанымен, олар әйтсе де Шығыс ойшылдары 
еңбектерін жариялау аймағынан басым болды. 
Егер  аталып  өткен  «қатандықтар  мен  кемістіктер  кеңестік 
фило-софияға қатысты болса, онда қазақстандық философия бой-
ынша түп-нұсқалық негіздің, қожазба қорларының, түрлі дәуірлер 
бойынша төлтума қайнарлармен әдебиеттің жоқ болғандығымен 
және ақырында, шет елдерде тарихи-философиялық зерттеулер 
жүргізе алатын мамандар тапшылығымен онан сайын шиелінісе 
түсті. Сірә, қазақстандағы тарихи-философиялық зерттеулерге ең 
көп зиянды таптық ұстанның үстемдігі мен ұлтшылдық және діни 
идеяларға қарсы жарияланған идеологиялық күрес тигізді. Олар 
белгілі бір дәрежеде өткенде көне рухани мәдениетті, қазақ дала-
сы  ойшылдары  мен  олардың  ізашарларын  терең  зерттеулердің 
жолын кесті.

249 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
Пантүрікшілдік 
және 
панисламшылдық 
желеуімен 
жүргізілген идеологиялық күрес ұлы түрік ойшылдарына, түрік 
және  ислам  философиясына  деген  туындап  келе  жатқан  зерт-
теу  процесіне  кедергі  қойды.  Оның  бір  нәтижесі  болып,  араб 
тілінде  және  араб  графикасымен  жазылған,  бір  кезде  аз  санды 
болса  да,  қоғамның  жоғары  білімді  бөлігіне  тиесілі  болған  ру-
хани игіліктерден мәдени революция салдарынан бас тарту іске 
асты. Түрік мәдениетінің тарихы қазақстандық тарихтың кеңестік 
кезегінде бөтен жұрттық құбылыстай шетке шығарылды.
Қазақстандық  философия  тарихы  ғылымының  буыны  әлі 
бекімеген  еді  және  ол  қажетті  ғылыми  және  ұйымдық  негізсіз 
толыққанды  дами  алмады.  Әрине,  оның  кәсіби  мүмкіндіктерін 
күшейіткен  маңызды  факторларға  Қазақстан  Ғылым  академия-
сы жүйесінде алдымен Философия бөлімін (1947ж), кейін Фило-
софия және құқық институтының (1958 ж) және 1949 жылы С.М. 
Киров  атындағы  ҚазМУ–де  философия  факультетін  ашу  жата-
ды, оларда жүйелі түрде тарихи-философиялық зерттеулер мен 
бөлек  философия  тарихы  бойынша  мамандар  дайындау  ісін 
жүзеге асыратын ең білікті ғылыми қызметкерлер мен мамандар 
жинақталды.
Осы  ғылыми  орталықтарда  болашағынан  үміт  күттіретін 
жас  ғалымдарды  аспирантура  және  жоғары  білікті  мамандар-
ды  докторантура  арқылы  дайындау  жұмысы  жоспарлы  түрде 
жолға  қойылды.  Оның  үстіне  ғылыми  және  педагогикалық 
жұмыс  Мәскеу,  Ленинград,  Киев  және  т.  б.  жетекші  ғылыми 
орталықтарының  ғалымдарымен  тығыз  байланыста  жүргізілді. 
Бұл процесте Ресей ғылым академиясының және оның ғылыми 
орталықтарының  –  Философия  институтының,  СОКП  ОК 
жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының және де М.В. Ло-
моносов атындағы ММУ, А.А. Жданов атындағы ЛМУ ғалымдары 
үлкен рөл атқарды.
Егер  Қазақстандағы  философия  тарихы  ғылымы  мамандар 
мен  қажетті  ғылыми-зерттеу  негіздеріне  ерекше  мұқтаждық 
көрсетуімен өзіне қолдау таба білсе, онда идеологиялық тұғырдан 
оған  қолдау  көрсету  мен  толыққанды  даму  үшін  ынталылықты 
орталықтан  ала  алмады.  Сөйтіп,  объективті  түрде  ғылымның 
мұқтаждықтары  және  көп  түрлі  философиялық  бағыттарының 
ішінен  тек  бірін  –  маркстік-лениндікті  ұстануды  талап  еткен 
идеологиялық қысымның арасында қайшылық өрістеді. 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
250
Дәл  осындай  негізде,  аталып  өткендей,  оның  есею  мерзімі 
әлі алысырақ, қазақстандық кәсіби философия тарихы өсіп, өнді. 
Бірақ бұл деректі айғақтау Қазақстандағы философия ғылымында 
пісіп  жетілген  тарихи-философиялық  зерттеулер  және  тарихи-
философиялық  процесті  зерттеуді  дәйекті  және  уақыт  сыны-
нан  өткен  дәстүрі  болмады  дегенді  білдірмейді.  Философия  та-
рихын  зерттеуде  көрнекті  қазақстандық  ға-лымдардың  тұтас 
шоғырының еңбектері үлкен үлес қосты, олар: Қ.Б. Бейсембиев, 
М.Н. Чечин, Ж.М. Әбділдин, А.Х. Касымжанов, Ә.Н. Нысанбаев, 
З.А. Мұқашев, М.С. Бурабаев, О.А. Сегізбаев, А.У. Уразбеков, А. 
Келбұғанов,  К.М.  Сатыбалдина,  Г.Г.  Соловьева,  Б.Ғ.  Нұржанов 
және т. б.
Тарихи-философиялық  процесті  зерттеу  бастапқыда 
Қазақстандағы  философиялық  ғылымның  алдында  тұрған 
нақтылы  –  тарихи  міндеттерді  шешуде  пайда  болатын  жалпы 
философиялық мәселелерді шешу аясында жүргізілді. Көбінесе, 
тарихи-философиялық зерттеулер жаңа теориялық дүниетаным 
–  марксизм-ленинизмнің  қалыптасуы  мен  дамуын  көрсететін 
және  маркстік-лениндік  философияның  прогресшілдігін  және 
жаңашылдығын атап өтуші, «қосымша» сипатта болды. 
Ғылыми-зерттеулік 
жұмыстар 
кешенінде, 
маркстік 
философияның  түбегейлі  мәселелері  мен  идеяларының 
қырларына арналған жұмыстар басымдылық танытты, ал фило-
софия  тарихы  бойынша  жұмыстардың  тақырыптық  топтама-
сында осы идеяларды негіздеуге бағытталған еңбектер біршама 
дәрежеде  үстемдік  етті.  Философия  тарихының  өзіне,  оның 
пәніне,  тарихи-философиялық  процестің  методологиясына 
әдіснамасына,  әр  түрлі  кезендерде  философиялық  жүйелерге 
арналған еңбектер өте аз кездесті, олардың саның саусақпен санап 
шығуға  болады.  Мысалы,  орыс  тілінде  жарық  көрген  еңбектер: 
Қасымжанов  А.Х.  В.И.  Лениннің  «Философиялық  дәптерлерін» 
қалай оқып үйрену керек. М., 1968; Кармышев Г.П. Гегель логи-
касы. Алматы, 1972; Мұқашев З.А. Философиядағы сабақтастық. 
Алматы, 1973; Әбділдин Ж.М. Кант диалектикасы. Алматы, 1974.
 Қазақ философиясына, дүниетанмына арналған еңбектердің 
қатарында  мыналарды  атап  өтуге  болады:  Бейсембиев  Қ.Б.  XIX 
ғ.  аяғындағы  –  XX  ғ.  басындағы  Қазақстандағы  идеялық-саяси 
ағымдар.  Алматы,  1961;  Сегізбаев  О.А.  Шоқан  Уәлихановтың 
дүниетанымы. Алматы, 1959; Бурабаев М.С. Қазан революциясы-

251 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
на  дейінгі  Қазақстанда  марксизм-ленинизм  идеяларының  тара-
луы. Алматы, 1965. және т. б.
Идеологиялық  текетірес  пен  еркін  ойға  төзімсіздікке 
үйреншікті  болған,  қазақстандық  философия  тарихы  біртіндеп 
догмашылдық,  дүмшелік,  жаттандық,  үлгішілдік  бұғауларынан 
босай  бастайды.  Бұл  процестің  дамуында  маңызды  рөлді,  олар 
өз зерттеулерінің пәні ретінде диалектикалық логика идеяларын 
тарихи-философиялық  негіздеуді  таңдап  алған,  диалектикалық 
логика  бойынша  жұмыстар  атқарды.  Өздерінін  зерттеу  ны-
саны  ретінде  олар  тікелей  тарихи-философиялық  мәселелер 
топтамасын  алмағанымен,  бұл  жұмыстарды  соның  алдындағы 
кәсіби  қазақстандық  философия  дамуымен  салыстырғанда 
айтарлықтай алға қадам жасалды. Көптеген басқа идеологиялық-
насихат еңбектеріндегі маркстік-лениндік философияға қатысты 
тиесілігін сақтағанымен, ол догматизм формасында болмады, ал 
әлемдік философия жетістіктерінін кең мәтіні негізінде шынайы 
кәсіби зерттеулерді жүргізді. 
Тарихи-философиялық  процесті  зерттеуде  оның  толық 
еместігін  және  таяздығын  сезінудің  нітижесінде  сол  кезеңде 
ғылымның шеткі аймақтарында қалып қойған қазақ философия-
сы және бұрын аталып өткендей, оның тарихи ізашары – түркілік 
философия  айрықша  қобалжу  туғызды.  Соңғысы  кеңестік 
философиялық ғылымда мүлде орын алмады, ал қазақ филосо-
фиясы  көптүрлі  тарихи-философиялық  процестің  толыққанды 
және  құнды  бөлігі  ретінде  емес,  ол  тек  әлдебір  философияның 
алғы формасы – Қазақстанның қоғамдық ойы ретінде зерттелді.
Мәселенің мәнісін тек қана ұлттық басымдылықтарға ыңғай 
таныту мен, сол кезде айтарлықтай, «феодалдық-патриархалдық 
қалдықтарды асыра дәріптеу» дегендермен кінәлаудан қорқумен 
түсіндіруге  болады  деген  ойдан  алыс  болған  жөн.  Ал,  бірақ 
қазір  де  өз  шамасын  тауып  келген,  жалпы  философияның,  же-
кеше  алғанда  философия  тарихының  мәні  мен  пәні  туралы 
сұрақтар төңірегіндегі ғылыми пікірталастар өрбіп отырды. Сөз 
философияның  пәні  деп  нені  түсінуге  болатындағы  және  оның 
мәні  не  екендігі  туралы  болып  отыр.  Философия  феноменін 
әмбебап ретінде, сондықтан, ұлттықтан тыс немесе философияға 
«ұлттық  келбет»  тән  деп  есептеу  керек  пе?  Сол  кезде,  қазақ 
мәдениетінде  философия  болған  жоқ,  тек  өзіндік  философияға 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
252
дейінгі өзіндік «қоғамдық ой» деп аталған, фәлсафашылдықтың 
әлдебір формасы деген ой пікір үстемдік етті.
Егер XX ғасырдың 60-шы жылдары Қазақстанның қоғамдық 
ойы  таптық  ұстаным  және  партиялық  принципті  іске  асыру 
тұғырынан  философтар  белсенді  түрде  зерттеліп  келсе,  онда 
70-ші  және  80-ші  жылдары  әлемдік  философия  мәселелеріне, 
дүниежүзілік 
тарихи-философиялық 
процестің 
әртүрлі 
кезеңдерін  қарастыруға  деген  қызығушылық  үдей  түсті.  Догма-
шыл философияның тежеуші шектерінен босау XX ғасырдың 90-
шы жылдары қайта құру процестерінің ықпалымен мүмкін бола 
бастады,  бірақ  философия  дамуын  құрсап  қойған  бұғаулардан 
шынайы  еркіндік  алу  Қазақстанның  тәуелсіздік  алуымен  бірге 
іске аса бастады. 
Қазақ халқы оған өзінің арманы мен үміттерінен бұрыннан 
ұмытылған,  тарихи  жүзеге  асқан  айғақпен  келген,  қуатты 
дүмпу  алып,  ұзақ  уақыт  бойы  интелектуалдық  мүлгу  күйінде 
қалуға мәжбүр болған, шығармашыл күштерді оятты. Бұл про-
цесс  қазақстандық  тарихи-философиялық  ғылымның  зерт-
теу  өрісін  айтарлықтай  кеңейтті,  оның  көкжиегіне  қуатты  ағын 
сияқты  қазақ  философиясы  тарихы,  ислам  философиясы, 
аксиологиялық еуразияшылдық философия бойынша еңбектер 
енді,  компаративистикалық  философиялық  зерттеулер  пайда 
болды, сонымен бірге бұрын зерттелді деп терең қарастырылмаған 
тақырыптар, әлемдік философия тарихындағы тұлғалар, мектеп-
тер және бағыттар қамтылды. Сондықтан қазіргі Қазақстандағы 
философия тарихы ғылымының дамуындағы сипатты белгіге, ең 
алдымен, көптүрлілік жатады.
Философия  тарихы  мәселелерінің  көптүрлілігі,  жалпы  фи-
лософия мәселелерінің ауқымдылығы, тоталитарлықтан кейінгі 
кезеңде  басталған  және  тәуелсіздік  жағдайында  өз  жалғасын 
тапқан, қоғамдық және мәдени өмірдің либералдануы салдары-
мен, сонымен бірге моноидеология үстемдігінен арылу және сөз 
бостандығы мен көзқарастар плюрализмі үшін жағдай жасаудың 
нәтижелері  болып  табылады.  Зерттеу  тақырыптарының 
көптүрлілігі  философиялық  шығармашылықты  ынталан-
дыра  отырып,  алуан  түрлі  тақырыптарды  батыл  алған  жас 
зерттеушілердің  өсуі  үшін  негіз  болды.  Ендігі  жерде  жабық 
тақырып  болмайтын  болды.  Алайда  өрістеген  көптүрлілік 
қойнауында  методологиялық  ұстанымдар  мен  зерттеу 

253 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
ұстандарында және т. б. бағдарлануда қиындыққа ұшырататын 
ұсақ тақырыпшылдық пен плюралистік көпмағыналық үрдістері 
да ұшқындап келеді. Жалған ұғынылған плюрализм ойдың «жой-
ылып»  кетуіне,  оның  тек  үстіңгі  қабаттарда  жүруіне,  білімнің 
«бәріне» және бір мезгілде «ештеңеге» айналып кетуіне көбінде 
себепші қызметін атқарды.
Қазақстандық  философия  тарихы  ғылымы  бұл  бағдар 
өнімдерін  өсірмей,  оның  теріс  салдарынан  арыла  алады  деген 
ойдамыз.  Тәуелсіздік  жағдайында  дамушы  философия  тарихы 
өз дамуының алғы кезеңдерінен бірнеше айырмашылықтарға ие. 
Олардың кейбір тарихи маңызды тұстарына тоқталайық.
Философия  тарихы  ғылымы  дамуының  кеңестік  кезеңінен 
өзгеше, қазақстандық философия тарихы бойынша зерттеулердің 
алдынғы шетіне ең алдымен, қазақ философиясы көтерілді. 50-60-
шы  жылдары  Қазақстанда  «қазақ  философиясы»  деген  термин 
болмаса да ол бойынша біршама еңбектер жазылды. Оларда қазақ 
философиясы дамуындағы  дәуірлер  мен  кезеңдерді  жан-жақты 
талқылауға талпыныс жасалды, сонымен бірге жеке өкілдерінің, 
бірінші  кезекте,  XIX  ғасырдағы  қазақ  ағартушыларының  – 
Ы.  Алтынсаринның.  Ш.  Уәлихановтың,  А.  Құнанбаевтың 
философиялық шығармашылығы және Қазақстандағы материа-
лизм мен идеализмнің арасындағы идеологиялық күрес тарихы 
қарастырылды.
Түпнұсқаларды,  мерзімді  басылым  материалдарын  зерт-
теу  мен  жаңа  мұрағаттық  айғақтарды  іздеу  бағытында  үлкен 
және  зейінді  жұмыс  жүргізілді.  Қазақстандық  мәселелер  бой-
ынша  үлес  қосқан,  түпнегізді  зерттеулер  қатарында  О.А. 
Сегізбаевтың,  М.С.  Бурабаевтың,  А.У.  Уразбековтың  және, 
әсіресе, Қ. Бейсембиевтің еңбектерін еске алған жөн. Соңғының 
аталып  өткен  еңбектеріне  мыңаларды  қосқан  дұрыс:  Бейсемба-
ев  Қ.Б.  XIX  ғ.  екінші  жартысындағы  Қазақстандағы  қоғамдық 
ой  тарихынан  (Алматы,  1957);  сонымен  қатар,  Қазақстандағы 
озық-демократиялық  және  маркстік  ой  (Алматы,  1965)  және 
Қазақстандағы  маркстік-лениндік  идеологияның  жеңісі.  (Алма-
ты, 1970). шығармалары. Бірақ, жоғарыда аталып өткендей, бұл 
жұмыстар  кеңестік  идеологиялық  шектеу  өрісінен  белгілі  бір 
деңгейде іс жүзінде шыға алмады, оларда дәйекті түрде таптық 
және  партиялық  ұстаным  үстемдік  етті.  XX  ғасырдың  90-шы 
жылдарында  жүзеге  асқан  түбегейлі қоғамдық-саяси өзгерістер 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
254
аясында  зерттеушілердің  назары  объективті  түрде  отандық 
философияға,  оның  теориялық  және  қолданбалы  қырларына, 
бірақ  енді  жаңартылған  дүниетанымдық  көзқарас  тұрғысына 
ауды.
Философия  тарихы  дамуының  кеңестік  кезеңінен  тағы  бір 
айырмашылық шығыс философиясына – қытайлық және үнділік, 
Таяу  және  Орта  Шығыс  философиясына  көбірек  ден  қоюмен 
ерекшеленеді.  Философтар  тарихи-философиялық  мәселелерді 
Шығыс  пен  Батыс  мәдениеттері  сұхбатында  зерттей  бастады. 
Қазақстанда шығыс философиясына қатысты ірі ғылыми форум-
дар,  олардың  арасында  үш  халықаралық  симпозиум  «Шығыс 
–  Батыс:  мәдениеттер  сұхбаты»  мен  «Әл-Фараби  мұрасы  және 
әлемдік  мәдениет»  атты  халықаралық  симпозиум  және  т.  б. 
өткізілді.  Олардың  нәтижелері  бойынша,  жаңа  тұғырнама  мен 
Шығыстың тарихи-философиялық мәселелер ауқымын кеңейтіп 
соны методологиялық ұстандарды көрсететін, материалдар жа-
рияланды, осының бәрі Қазақстанда философия тарихы ғылымын 
жаңа деңгейге көтерді.
Осыған  ғалымдардың  орыс  философиясына  деген 
қызығушылығын, орыс және қазақ философиялары мәселелерін 
салыстырмалы түрде талдауын, сонымен бірге қазіргі батыс фило-
софиясына, оның классикалық емес және постклассикалық емес 
кезеңдеріне  деген  ынталықты  қосу  керек.  Қазақстандық  фило-
софия тарихшыларының жас буыны шетел тілдерін – ағылшын, 
француз, неміс, араб, қытай, түрік, парсы тілдерін барған сайын 
жетік менгеріп келеді. Шетел тілдерін білу олар үшін ойшылдар-
ды түпнұсқаларында зерттеу мүмкіндігін беріп қоймай, оған қоса 
шетелдік  оқу  орындары  мен  ғылыми  орталықтарда  оқуға  және 
тәжірибе  алмасуға,  әлемнің  жетекші  ғалымдарымен  танысуға 
жол ашады. 
Жаңа оқу әдебиеті, бірінші кезекте, қазақстандықтардың жас 
буы-нының тарихи-философиялық мәдениетін дамытуға себепші 
бола  алады  және  қазақ  философиясының  әлемдік  философия 
мен  мәдениетке  қосқан  үлесі  мен  ондағы  орнын,  қазақстандық 
философияның  әлемдік  тарихи-философиялық  процеске 
лайықты түрде енуін анық көрсетеді.
Қазақстандағы  философия  тарихшыларының  зерттеу 
бағдарламасы, бұрын аталып өткендей, мәселелік тұғырнамасы 
бойынша  да,  әдіснамалық-дүниетанымдық  негіздері  бойын-
ша  да,  айтарлықтай  жаңарды.  Философия  тарихы  бойынша 

255 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
қазіргі  жұмыстардың  сонылығын  біз  неден  көреміз?  Ең  алды-
мен,  қазақ  философиясы  тарихы  тұтас  түрде  ғылыми  қайта 
қарауға ұшырады. Ол әлемдік философия тарихымен теңқұқылы 
жағдайларда ғылыми ізденістер шеңберіне енді. 
Тарихи-философиялық  зерттеулердің  жаңа  басқа  қырына 
жаппай  атеизмнен  бас  тарту  және  философиялық  ілімдер  мен 
бағыттардың  діни-дүниетанымдық  негіздерін  объективті  түрде 
зерттеу,  сонымен  бірге  христиандық,  исламдық,  буддашылдық, 
тәңіршілдік  және  т.  б.  көрініс  тапқан  философия  тарихының 
кезеңдерін  зерделеу  жатады.  Өйткені  атеизм  тарихи-
философиялық процестің тарихи өлшем бойынша тым аз бөлігін 
қамтиды, ал сол арада діни уақыт – ұзақ және маңызды. Сондықтан 
философия мен діннің, сенім мен білімнің арақатынасы мәселесі 
қазақстандық  философия  тарихы  ғылымында  қайтадан  өзекті 
бола  бастады  және  ойшылдың  ілімнің,  жүйенің,  бағыттың 
құндылығын қайтадан қарауға мүмкіндік береді.
Бұл тек догмашыл марксизмнен бас тарту батыстың, әсіресе, 
XX  ғасырдың  философиялық  мұрасын,  түрлі  кінәлауларды 
тізбектей  бермей,  әділ  объективті  зерттеумен  бірге  қазіргі 
Қазақстаннның объективті тарихи жағдайлар күшімен демокра-
тия  мен  нарықтық  өзгерулер  жолына  түсуімен  де  байланысты. 
Белгілі  болғандай,  батыс  елдері  бұл  жолға  ертерек  түсті  және 
оның жағымды және теріс әсерлерімен болсын бұрынырақ таны-
сты. Сондықтан нарықтық қатынастарды, олардың жағдайындағы 
адамның өмір сүруін, оның дүниеге, өзінің өзіне және қоғамға де-
ген  құндылықтық  қатынастарын  философиялық  ұғыну,  қазіргі 
батыс  философиясында  көрініс  таба  отырып,  жаңарудағы 
Қазақстан үшін өзекті болып табылады. 
Қазіргі 
батыс 
философиясына 
арналған 
тарихи-
философиялық  зерттеулердің  сонылығы,  оның  көптеген 
тұлғалары  мен  философиялық  ағымдары  өз  дауыстарына  ие 
бола  отырып,  қазақстандық  ғылымдағы  философиялық  зертте-
улер  қатарына  толыққанды  және  өзіндік  дауыстылығымен  ғана 
емес, сонымен қоса олардың қазақстандық нақтылы шындықтың 
талаптары  мен  мұқтаждықтарына  сәйкес  қарастырылуымен 
де  анықталады.  Қазіргі  талапқа  жауап  –  ғылыми,  мәдени,  та-
рихи,  рухани,  атап  айтқанда,  қазақстандық  қоғамның  дамуына 
байланысты  батыстың  тарихи-философиялық  игіліктерін  зерт-
теу,  зерделеу  ең  төрге  қойылатын  міндеттер.  Біздің  ойымыз-

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
256
ша, ол, бір жағынан, қазіргі Қазақстанның рухани мәдениетінің 
қайнарларын  ұмыттырмайтын,  екінші  жағынан,  өзімен  өзі 
мәдени оқшауланбайтын «алтын ортаны» осыдан байқауға бола-
ды.
Қазақстандағы  философия  тарихы  бойынша  зерттеу-
лер  дамуының  бұл  қысқаша  суреттемесінен,  олардың  өздерін 
тудырған дәуірден, ел ішінде дамыған тарихы және мәдениетімен, 
олардың  арасындағы  өздерінің  дербес  ақыл-ойы  және  руха-
ни  тіршілігімен  өмір  сүрген  адамдардың  психологиясы  және 
мінез-құлықтарымен  соншама  түйісетінін  көруге  болады.  Фи-
лософия  тарихы  бұл  –  халық  рухын,  халықтың  жаны  ретіндегі 
мәдениетті,  дәуірдің  квинтэссенциясы  ретіндегі  ойды  түсінудің 
жолы  болғандықтан,  қазақстандық  қоғам  мен  зиялы  қауымның 
рухани  өмірінде  тарихи-философиялық  зерттеудің  қандай 
орын  алғанын  және  болашақта  алатынын  ұғынуға  болады.  Бір 
бірімен  қазіргі  мен  өткен  кездеспейтін,  бір-бірімен  Шығыс  пен 
Батыс  пікірталасқа  түспейтін,  бірін-бірі  әртүрлі  мектептердің 
өкілдері  түсінгісі  келмейтін,  диалог  пен  полилог  жүзеге  аспай-
тын философиялық жұмыстар болмайды. 
Қазақстандық  философия  тарихы  ғылымының  өткендегі 
жетістіктерін  ескеру  және  оны  жинақтау  зерттеу  барысын-
да  сабақтастық  принципі  арқылы  жүзеге  асырылды.  Кеңестік 
дәуірдегі  жұмыстар,  –  бір  жағынан,  материалдық  және 
идеологиялық  реттегі  көптеген  себептердің,  мүдделердің  саяси 
күресінің әсерімен қалыптасқан, философиялық ойдың күрделі 
ирек-ирек  дамуының  куәсі,  ал,  екінші  жағынан  –  қазақстандық 
ғылымның дүниежүзілік мұраны терең игеруге деген кәсіби көңіл 
аударуының көрсеткіші және мысалы. Олар Қазақстанда тарихи 
– философиялық зерттеулердің шынайы кәсіби дамуының баста-
масы болып табылады.
Кеңестік  кезеңдегі  ғылыми  жұмыстар  біздің  тарих 
болғандықтан  ғана  емес,  сонымен  бірге  олардың  арасында, 
өкінішке орай, өмірден кеткен, бірақ ғылымда өздерінің көрнекі 
қолтаңбаларын қалдырған авторлардың кітаптарын насихаттаған 
орынды  әрекет.  Солардың  ішінде  шығармашылығы  кейінгі 
ғалымдарды  соңғы  ізденістер  мен  жаңалықтарға  шабыттанды-
ратыны анық. Мезгілсіз кеткен ғалымдарға, әріптестерімізге де-
ген республикалық философиялық қауымдастығының құрметті 
мен  ілтипаты  елімізде  2013  жылы  Алматы  қаласында  өткен  1 

257 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет