Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет24/42
Дата03.03.2017
өлшемі2,34 Mb.
#6131
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42

II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
гүлденуі  М.  Әуезов  есімімен  тікелей  байланысты.  Сол  себепті, 
біздің  ойымызша,  жазушының  көркем-әдеби,  ғылыми 
шығармашылығын  талдау  тек  қазақстандық  қоғамдық  және 
философиялық ойдың даму тарихын білу үшін ғана емес, халықтар 
арасын жақындастыруға септігі тиетін, бүкіл осы заманғы Шығыс, 
соның ішінде түркі тектес халықтарының этнофилософиясы мен 
этнопсихологиясын түсіну үшін де қажет.
Соңғы  жылдарда  халықтардың  рухани  мәдениетінің 
көне  тарихына  қызығушылығы  өскен  сайын,  М.О.  Әуезовтің 
философиялық және ғылыми мұрасын зерттеу де ерекше маңызға 
ие  бола  бастады.  Бұл  жерде  де  табиғи  заңдылық  бар.  Өйткені, 
бүкіл адамзат өркениеті өтпелі кезендегі әр елдің ұлы ойшылдары 
мен зиялыларының санасымен ұғынылып, олардың шығармашы-
лықтарына қайта оралып, жаңаша көзқараспен ұмтылыс жасауы 
да заңды.
Ал М.О. Әуезовтің теңдесі жоқ рухани мұрасы, оның кезінде 
әлемдік әдебиетке қосқан іргелі үлесі – романдары мен повестері, 
драматургиясы  мен  әдебиеттану  саласындағы  шығармалары, 
абайтану  мен  публицистикасы  бүгінгі  таңда  да  көмескі  тартқан 
жоқ. Бұл мұра – қазақ халқының мәдениетінде қалыптасқан бай 
ұлттық қазына. М.О. Әуезовтің есімі екі мәдениеттің – Шығыс пен 
Батыс келбетінің құрыш құймасын бейнелейді. Егер Абай қазақ 
халқының өткен замандағы зиялылығы мен кемеңгерлігінің асқар 
шыңы  болса,  бұл  құдіретті  бейнені  романист  қаламымен  қайта 
тірілткен Мұхтар Әуезовтің өзі жаңа қазіргі замандағы жаңғырған 
қазақ  мәдениетінің  тари-хында  асқар  шыңға  айналды.  Зеңгір 
аспандағы бір-бірімен біте қайнасқан қос жұлдыз сияқты ұлттың 
аса көрнекті екі алып тұлғасының бұлайша ғажайып түрде тұтасып 
және тілдесіп кетуі – бүкіл дүниежүзілік әдебиет тарихын-дағы, 
көркем қоғамдық ойдағы өзіндік бір ерекше құбылыс.
М.О.  Әуезовтің  республикамыздың  рухани  мәдениетін 
жетілдіру  мен  дамытудағы  орны  тек  Абайға  байланысты 
ізденістермен,  абайтанумен  шектелмейді.  Ол  ұзақ  жылдар 
бойы  Қазақ  мемлекеттік  университетінде  қазақ  әдебиеті  тари-
хынан  студент  жастарға  лекция  оқыды,  студенттер  мен  аспи-
ранттардың  жұмыстарына  ғылыми  жетекшілік  етті.  Қазақстан 
Ғылым  Академиясының  академигі  ретінде  өмірінің  ақырына 
дейін  республика  көлеміндегі  әдебиеттану  жұмысын  жүйелеп, 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
220
оған басшылық жасап, құнды кеңесін беріп жүрді. Оның тікелей 
жетекшілік  етуімен,  болмаса  редакция  алқасының  мүшелігімен 
қазақ  халқының  рухани  мәдениеті  мен  тарихын  танытуға  зор 
септігі  тиген,  бұл  саладағы  ғылымдарға  қомақты  үлес  болып 
қосылған «Қазақ әдебиетінің тарихы» (1958), «Қазақ совет әдебиеті 
тарихының  очерктері»  (1958)  мен  көптеген  фольклорлық  басы-
лымдар жарық көрді.
М.О.  Әуезовтің  қазақтың  дүниетанымы  мен  рухани  әлемін 
дамытудағы орнын айтқанда, жазушы ғылымның қазақ әдебиетінің 
арна басы, халықтың ең қымбат тарихи ескерткіші деп бағаланған 
қазақ  эпосы  мен  фольклоры  туралы  зерттеу  еңбектерінің  орны 
айрықша. Бір шағын мақала көлемінде оны терең зерделеп жату 
мүмкін  болмағандықтан,  біз  осы  бағыттағы  ойымызды  ғалым-
фольклоршының «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты 
еңбегіндегі ұлтымыздың рухани мәдениеті туралы толғанысымен 
шектейміз.  «Бақыт  іздеп,  ғасырлар  бойына  сахараны  шарлап, 
шарқ ұрған мұндар жолаушы қазақ халқы бізге архитектура мен 
скульптураның,  сурет  өнерінің  ескерткіштерін  қалдыра  алма-
ды, – деп жазады М. Әуезов. Бірақ, ол бізге ең асыл мұра – жыр 
мұрасын мирас етті. Жыршы халық, ақын халық есте жоқ ескі за-
мандардан бастап дарыған ақындық даналығын қапысыз жұмсап, 
өзінің рухын ұмытылмас эпостық дастандарында, сан-сан әралуан 
түрлі  жырларында  бейнеледі».  Осындай  рухани  қазынаны  М. 
Әуезовтің  әлеуметтік-мәдени  шеңберде  қазбалай  зерттеуінің  де 
тегін еместігіне бұл үзінді дәлел боларлық.
Халқымыздың  рухани  мәдениетінің  қалыптасуы  мен  даму-
ына  зор  үлес  қосқан  М.  Әуезов  қазақ  өнері,  театр,  драма тургия 
мәселелеріне ерекше ынта қойды.
М.О.  Әуезов  қазақ  жазушыларының  білімдар  ағасы  және 
оның  дамуына  ынталы  адам  ретінде  олардың  шығармашылық 
ізденістері мен осу жолдарын үнемі назардан тыс қалдырған жоқ, 
халқымыздың рухани уызының көрнекті де қолайлы, танымдық 
қабылдауға  ыңғайлы  саласы  әдебиет  дамуы  туралы  көптеген 
ғылыми, публицистикалық еңбектер жазды. Әрбір ұлт адамзаттық 
қазынаға өз үлесін қосады және одан өзіне керегін алады. Әрбір 
халық өзінің рухани мәдениетін басқа халықтардан оқшау жаса-
майды, керісінше, оның өз ру хани сұранысын қанағаттандыратын 
ең жақсы тұстарын қабылдайды, игереді және қорытады. Ұлттық 
рухани мәдениеті – ұзақ сақталып, тарих тылсымынан бізге жет-

221 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
кен оның рухани білім байлығы, рухани мұрасы ғана емес, белгілі 
бір ұлттардың рухани мазмұны да. Осы ұлттық рухани мұра мен 
мазмұн диалектикасын терең түсіне білген М.О. Әуезов бүкіл өмір 
бойы оны байытудың жолдарын қарастырумен болды. Солардың 
бірі  –  тіл  тазалығы,  яғни  тіл  экологиясы  мен  аударма  мәселесі. 
Жазушы  өз  рухани  уызының  дәмін  татқысы  келген  әрбір  сана-
лы адам, ең алдымен өзінің ана тілін білуге міндетті деп түсінеді. 
Сондықтан да, «Өз тілін, әдебиетін білмеген адам толық мәнді 
интеллигент  емес  деуге  де  бола ды.  Себебі,  ол  қандайлық 
мамандық білімі болса да, рухани тәрбиесінде сыңаржақ бо-
лады».
М. Әуезов заманында да өзінің ұлттық тілін менсінбеген ниги-
листер, әсіресе, белсенділер бой көрсете бастаған болатын. Міне, 
осындай  келеңсіз  құбылыстарды  аяусыз  сынап,  өз  ана  тілін  сол 
ұлттың  әрбір  азаматы  білуі  қажеттігінің  зор  мәні  бар  екендігін 
ашына  да  қатты  айтқан  «Ана  тілі  әдебиетін  сүйіңдер»  атты 
мақаласын  жариялады.  Бұл  мақала  бүгінде  өзінің  өзектілігін 
азайтқан жоқ.
Дүниежүзілік  дәрежедегі  өнер  мен  әдебиет  туындылары, 
оның  философиясы  қоғам  дамуының  үлкен  бетбұрыстарына 
жауап ретінде, соған суреткердің қатысы ретінде туады. Ол бол-
мыс  пен  сананы,  қоғам  мен  рухани  дүниені  жоғары  әлеуметтік 
парасат  биігінен,  мән  мен  тұтастық  ұғымында  бажайлап,  ой 
елегінен  өткізуді  қажет  етеді.  Мұндай  кезеңдерде  қайшылықты 
болмыс  шындығын  қарапайым,  күнделікті  формальды  логика-
мен түсіндіру мүмкін емес, сондықтан өмірдің нақты іске асатын 
деңгейлерін тусіндіру, суреткердің әлеуметтік құбылысты, адам-
зат танымының даму кезеңдерін, өз танымының саналы сатысы-
нан өткізетін, жаңа әдіс тұрғысын терең ой мен толғанысты қажет 
етеді. М.О. Әуезовтің терең философиялық астары бар өмірі мен 
шығармашылығы бұл ойымызды дәлелдей түседі. Өйткені, жазу-
шының  үздік  шығармашылық  жетістіктерге  жетуі,  тек  оны  та-
лантына ғана емес, осы биікке барар жолдағы бағыт-бағдарының 
философиялық жөні мен жолына да тікелей байланысты.
Мұхтар Әуезовтің қоғам дамуындағы этникалык мәселелердің 
тарихи  орны  мен  мәні  туралы  көзқарасы  да  қоғамтанушы 
ғалымдардың назарынан тыс қалып келе жатқан дүние. Тек соңғы 
жылдарда  ғана  кәсіпқой  философтар  бұл  мәселеге  көңіл  бөле 
бастағаны сүйсінерлік іс. 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
222
Жазушының  көркем  шығармаларын  этномәдениеттік 
құндылықтар,  ұлттық  психология,  ұлттық  талғам  мен  таным, 
тәрбие  туралы  энциклопедия  десек  те  артықтық  етпейді.  М. 
Әуезов мәдени мұраны ғылыми да, практикалықта маңызы бар 
мәселе  деп  түсініп,  өз  еңбектерінде  ұлттық  мәдениет  пен  тарих 
ескерткіштеріне  зор  мән  беріп  отырған.  Себебі,  әрбір  ұлт  өз 
мәдени тарихнамасының маңызды беттерін, өзінің мән-мағынасын 
құрайтын,  көне  тарихты  жасайтын  барша  асыл  қазыналарын 
бүгінгі  күннің  игілігіне  айналдыру  арқылы  ғана  қазіргі  жасап 
жатқан рухани дүниелерінің сыр-сипатын кеңінен танытпақ. Бұл 
мәселенің осы жағына тоқтала келіп, М. Әуезов тарих қойнауына 
үңілсек, бүкіл адамзаттың прогрестік жолмен дамуына баға жет-
пес  зор  үлес  қосқан,  дүниежүзілік  мәдениеттің  негізін  қалаған, 
Шығыс  халықтарының  мәдени  дамуынсыз  әлемдік  өркениетті 
көзге  елестетудің  өзі  мүмкін  емес  екендігі,  ал  қазақ  халқының 
мәдениетін сан ғасырлық мәдени-тарихи даму жолы бар Шығыс 
халықтарының  мәдение-тінен  бөлек  қарауға  болмайтындығын 
ескертеді. Олай болса, қазақ халқы да өзінің рухани бастаулары-
нан,  сонау  арғы  дәуірлерден  бермен  қарай  жасалып  келген  бай 
қазыналарын, мол мұрасын бүгінгі күннің әдебиетімен, өнерімен, 
мәдениетімен, әсемдік әлемімен, фәлсафалық ой кешу үрдісімен 
ұластырғанда ғана, өзге ұлыстармен және ұлттармен сұхбаттасу 
арқылы  бірлесе  отырып,  жаңа  заман  мәдениетінде  өзінің 
қолтаңбасын қалдыра алады.
М.  Әуезов  халықтар  достығын,  этносаралық  қатынастарды 
тұрақтандыру  үшін  негізгі  қазақ  халқының  мақсат-мүддесін 
қорғауға, онымен есептесуге, мүдделерін ұштастыруға шақырады. 
Осы жағдайды жастарға ескерте оты-рып, ол былай деп жазды: 
«Көп ұлттылық, көп тілде сөйлеу тарихи факті болып отырғанда, 
біздің орыс тілді студенттер мен студенткалар өздері күнделікті 
қатынас жасайтын ұлттың (қазақтың – Ә.Н.) тілін, оның мәдениетін 
білулері керек», – дейді.
Бұл айтылғандар М. Әуезов тағылымы мен өнегесінің бір қыры 
ғана. Оларды қысқаша түйіндесек: өз халқыңды шын жүрегіңмен 
сүйе отырып, бүкіл адамзат мүддесін көздеу, адамзат болашағы 
жолында күресе отырып, өз халқыңның барша шығармашылық 
қуатын  мейлінше  жарқыратып  ашуға  күш  салу,  өтпеліге  емес 
өміршеңге,  тек  бүгінге  ғана  емес,  ертеңге  де,  тіпті  мәңгілікке 
қызмет  етуге  ұмтылу.  Бұл  тағылым  бізді  өз  дәуіріміздің  өрелі 

223 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
әлеуметтік-рухани  ізденістерінің  соңында  қалмай,  аршындап 
басында жүруге, өз талантыңды халықтың қайсар мақсаттарына 
жұмылдыруға  шақырады.  Қазіргі  кезеңде  ұлттық  мәдениет  пен 
рухани  мұраны,  оның  философиясын  халқымыздың  рухани 
қажетіне жаратып, XXI ғасырға қарай қадам басқан салауатты қазақ 
халқының  өркениет  шыңына  жетеріне  күмән  жоқ.  Сондықтан 
мұхтартанудың  теориялық  және  әдіснамалық  мәселелерін  тере-
ңірек зерттеу бүкіл түркі әлемінің келелі міндеті. Әсіресе, Әуезов 
дүниетанымындағы адам мен қоғам мәселелерін зерттеу ауадай 
қажет-ақ.
М.  Әуезовтің  ойлау  тәсілі,  әлеуметтік  философиясы  мен 
дүниетанымының қалыптасуының мәдени-тарихи алғышарттары, 
әдебиеттану  мен  философияның  өзара  байланысы,  әдеби 
процестің динамикасын философиялық талдау, жал пы алғанда, 
оның рухани мұрасы мен қазақтың қоғамдық ойының дамуындағы 
маңызы – терең зерттеуді қажет ететін ауқымды проблема. Оған 
философтар  мен  әдебиеттанушылар  бірігіп  зерттеу  жұмысын 
жүргізгені жөн.
Еуропа мен Азияны жалғап жатқан қазіргі қең байтақ қазақ 
даласы қай заманда да ғұламаларға кенде болмаған. Анахарсис пен 
Зороатуштра, Қорқыт пен әл-Фараби, Махмұт Қашқари мен Қожа 
Ахмет Иасауи, Асан Қайғы мен Бұхар жырау, Шоқан мен Абай, 
Шәкәрім мен Мағжан сары даладағы ұланғайыр мәдениеттің ұлы 
көшінің сорабын аңғартатын, алыстан көзге ілінетін қадау-қадау 
алып шындар іспетті.
Ерлік  жыры  мен  болашақ  ұрпақтарына  айтар  аманатын 
ата-бабалары сонау сегізінші ғасырда-ақ тасқа қашап жазып кет-
кен  көшпелі  халыктың  сол  дәстүрлі  мәдениеті  кейін  бәлкім  хат 
пен  қағазға  ден  қоймаудың  салдарынан  жалпақ  әлемге  кең  та-
нылмаса,  танылмаған  да  шығар.  Бәлкім  Еуразия  құрлығының 
шығысынан батысына, батысынан шығысына сан дүркін жөнкілген 
жаугершілік  заманда  ат  тұяғының  астына  тапталып  көмілсе, 
көмілген де шығар. Бірақ жоғалып кет кен жоқ. Халқымыз дәстүрлі 
мәдениетінің  мәйегін,  әмбебаптарын,  өзіндік  дүниетанымының 
дәнін  асыл  рухты  перзенттерінің  жәрдемімен  ғасырдан  ғасырға 
жалғады.  Танытқан  –  Мұхтар  Әуезов,  танылған  –  «Абай  жолы» 
эпопеясы және абайтану ғылыми саласы еді.
«Абай  жолы»  эпопеясы  тек  әдебиеттің  ғана  оқшау  туын-
дысы  емес,  бұл  жиырмасыншы  ғасырдың  ортасында  әлемдік 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
224
дүниетанымға, ақыл-ой қазынасына және ұлттық ойға жаңалық 
алып келген ерекше құбылыс болатын. Мұны ең алғаш байқаған, 
«Абай»  романын  «XIX  ғасырдың  екінші  жартысындағы  қазақ 
елінің  өмір-тіршілігі  мен  болмыс-тұрмысын  бар  қырынан  жан-
жақты суреттейтін шын мәніндегі энциклопедия» деп бағалаған 
қазақтың  тағы  бір  ғұлама  перзенті,  Ғылым  Академиямыздың 
тұңғыш президенті ака демик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев еді.
Біз,  қоғамтанушылар,  кез  келген  құбылысты  белгілі  бір 
қырынан алып қарастырамыз. Әдебиетшілер үшін Әуезовтің ру-
хани мұрасын публицистика, драма, проза, мақала деп, жік-жікке 
бөліп  алып,  жеке-жеке  зерттеу  тиімді  болса,  тиімді  шығар.  Ал 
философтарға «Абай» эпопеясының әлгіндегі Қаныш Сатбаев пен 
Шыңғыс Айтматов пікірлерінде тұжырымдалған өзгеше қырын – 
көшпелілер дүниетанымын күллі әлемге қалай танытқанын тал-
дау  үшін  Мұхтар  Әуезовтің  бүкіл  рухани  мұрасын  ой  елегінен 
өткізіп шығуға тура келер еді.
Иә, Әуезовтің рухани әлемі оның Ташкент қаласында шығатын 
«Алаш»  газетінің  бетінде  1917  жылдың  30  наурызында  жарық 
көрген  «Қазақтың  өзгеше  мінездері»  атты  тұңғыш  мақаласынан 
бастап,  1961  жылдың  маусымында  ауруханада  операция  күтіп 
жатып,  қаламдас  інілеріне  арнап  жазған  соңғы  хаттарына  дейін 
бір-бірінен бөліп-жіктеуге келмейтін біртұтас рухани дүние.
Тек  алғашқы  мақалаларында  даналық  көрігінде  ерте 
қайнаған албырт жас кеудесін кернеген ойды ірке алмай, халқына 
бағыттаған,  елінің  келешегін  бағамдаған  асыл  ойларын  ашық 
білдірсе, кейін осы ойларды жұртқа жеткізудің әміршіл-әкімшіл 
жүйенің қырағы көзіне шалынбайтындай ұтымды әдістерін шебер 
таба білген. Ал, нәтижесінде Әуезовтің сол ойлары біздің – қазақ 
зиялыларының,  барша  шығыс  жұртының  осы  уақытқа  дейінгі 
рухани  дамуының  темірқазығына,  бүкіл  ғылыми,  фәлсафалық, 
әдеби-көркемдік  ізденістеріміздің  негізгі  бағыттарына  айна-
лып  келді.  Осы  пікірдің  ақиқаттығына  көз  жеткізу  үшін  Әуезов 
мұрасына қайта бір көз жүгіртіп көрелікші.
«Әр  адамның  туып-өскен  елі,  жасынан  жаттап  өскен  ғадеті, 
нанымы, тұрмыс қалпы сол адамның ақыл, мінезіне із қалдырмай 
тұрмайды, – деп жазады Мұхтар Омарханұлы өзінің 1918 жылы 
жарық  көрген  «Өліп  таусылу  қауіпі»  деген  мақаласында,  –  бұл 
қалдырған  із  көңілге  кіріп,  ерікті  билеп,  әр  адамға  өзінің  елін 
сүйгізіп, елдігін іздетеді. Елдікке кел ген қауіпке оқыған, оқымаған 

225 
II тарау. Алаш қайраткерлерінің 
саяси және әлеуметтік-философиялық идеялары
бірдей күйініп қарсысына бірдей шығады. Елдігі аман қалуы үшін 
екінің бірі бейнетке, өлімге, я түрлі басқа қазаға шыдап кететінін 
тарих жүзінен көріп отырмыз».
Дана Мұхтардың жиырма бір жасында жазып, ғұмыр бойы 
бағдарлама  сынды  алдына  ұстанып  өткен  бұл  пікірі  әлі  күнге 
дейін  өз  маңызын  жойған  жоқ.  Мәселе  не  тура лы?!  Мәселе:  әр 
халықтың «туып-өскен елі, жасынан жат тап өскен әдеті, тұрмыс 
қалпы»  сол  халықтың  баршасына  ортақ  дүниетаным,  ортақ  діл 
қалыптастыратынында. Мәселе: осы дүниетанымның, осы мінез-
құлықтың  ел  басына  күн  туғанда  шешуші  факторға  айналып, 
елдің елдігін сақтауға бірден-бір жәрдемін тигізетінінде.
Қазақ  қоғамтанушылары  данышпан  Мұхтар  ұсынған  осы 
тақырыпты тереңірек зерттеуге талай рет талпыныс жасады, бірақ 
қос өкпеден қысқан саяси-идеологиялық құрсау ұзақ жылдар бойы 
бұл  бағыттағы  зерттеу  жұмыстарының  адымын  аштырмағаны 
ақиқат.  Тек  соңғы  Тәуелсіздік  жылдары  ғана  ұлтымыздың  өзіне 
тән дәстүрлі дүниетанымын саралауды шыңдап қолға алған жай-
ымыз бар. Бұл жұмыстың еліміздегі оқу-ағарту жүйесін де мүлде 
жаңа сатыға көтеріп, тың көкжиекке бастары анық. Халқымыздың 
ынтымағын жарастырып, мемлекетіміздің іргетасын нығайтатын, 
сүйтіп, егемен елімізді әлемдік өркениет айдынына алып шығатын 
ақ  желкен  де,  тіпті  түбінде  осы  бүкіл  қазақстандықтарға  ортақ 
дүниетаным, ортақ діл болуға тиіс.
Мұхтар Әуезовтің әлгі мақаласын әрі қарай оқып көрелікші: 
«...  жеңіп  алған  жұртына  жеңген  жуан  ел  не  істейді?..  Бұған 
ескіден  келе  жатқан  даңғыл  жол:  жеңілген  елді  өз  бетіндегі 
жұрттық  қалпынан  айырып,  өн  бойына  сіңіріп,  бөтен  ниет  ой-
латпай,  бөтен  тілеу  тілетпейді.  Алды мен  торыған  елдің  дінін 
қақпайға алады, бұдан соң ғұрып- әдетін араластырады. Артынан 
аламыштап жүріп, тілін жоғалтып, елдік белгісін күңгірттендіріп, 
ақырында бір ұлтты жұтып кете барады. Әрине, бұл айтылғандай 
болып жұтылып кететін қандай ел: мәдениеті төмен болған ғана 
ел. Бұлай болғанда, мәдениет жүзінде төмен болған елдің дүние 
жүзінен жоғалатын зор себебінің бірі осы».
Міне, ғұлама Әуезовті ғұмыр бойы қорқытқан гуманитарлық 
қатер осы. Бұл 300 жыл бойы отарлық езгіде болған, коммунистік 
идеологияның  шырмауына  түскен  өз  ұлтының,  ана  тілінің, 
төл  мәдениетінің,  өзінің  фәлсафасының  жер  бетінен  жойылып 
кетпеуіне  қарсы  жанталасқан  жанкештілік  болатын.  Ал,  жер 
бетінен жойылған кез келген ұлт, кез келген біртұтас ұлт, бірегей 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
226
жұрт  жалпы  адамзат  өркениеті  үшін  орны  толмас  өкініш  екені 
белгілі. Мұхтар Әуезов осы гуманитарлық қатердің бетін қайырды, 
бойындағы табиғат бер ген бар таланты мен рухани күш-жігерін 
жұмсай  отырып,  қазақ  мәдениетін,  барша  көшпелі  халықтар 
дүниетанымын әлемдік аренаға алып шықты.
Ғылыми-көркем,  тарихи  ізденістер  нәтижесінде  ол  бізге 
халық  өмірінің  тұтас  бір  ғасырын  қайта  тірілтті,  жеке  адам-
дар  тағдырының  бүкіл  дүниежүзілік  тарихи  тәжірибелермен 
сабақтасып жататынын ашты, жазушы эпопеясы арқасында Абай 
біздің  бүгінгі  заманымызбен  тілдесті,  біздің  дәуірімізге  қайта 
оралды. Сондықтан данышпан Абай – қазіргі қазақ халқының ру-
хани кеңесшісі, рухани ақылшысы.
Өз  ұлтының  дәстүрлі  дүниетанымы  мен  төл  мәдениетінің 
адамзаттың  өркениет  дүрмегінде  жойылып  кетуіне  жан-
тәнімен қарсы болган Әуезов әлемдік әдебиет пен өнердегі әрбір 
жаңалыққа зер салып, елеулі табысқа жан-тәнімен қуана да білген. 
Сөйтіп,  елдегі  рухани-адамгершілік  қауіпсіздікке  де  баса  көңіл 
аударған. Осы мәселе бүгінгі кезеңде қажетті және келелі болып 
отыр.
Әрбір сөзі жылдарды көктеп өтіп, үнемі санаңда жаңғырып 
жаңарып  тұратын  Әуезовтей  ғұлама  гуманистік  ойшылы  бар 
халықтың  қоғамдық  ойы  қалғитын  ба  еді,  қалғыған  жоқ  және 
қалғымайды  да.  Мұхтар  Әуезовтің  рухани  мұрасының  ешкімге 
жалтақтамай алғаш рет егемен елімізде «Мәңгілік Ел» ұлттық иде-
ясы арқылы тереңірек жаңаша танылып отырған бүгінгі күнімізде 
және алдағы уақытта төл гуманистік философиялық ойымызда, 
әлемдік өркениет пен руханиятымызда тағы бір тың серпіліс бо-
лары хақ.

227 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
III тарау. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІБИ ФИЛОСОФИЯНЫҢ 
ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
3.1  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  ұлттық 
философиялық мектептердің қалыптасу ерекшеліктері 
Өткен 
ғасырдағы 
қазақ 
жеріндегі 
философияның 
рационалданған, жүйеленген формасы сонау түркілік замандағы 
әл-Фараби трактаттарынан бастау алатындығы кәсіби мамандар 
арасында  кеңінен  айтылып  жүр.  Әрине  әл-Фарабидің  рухани 
және  философиялық  мұрасы  жалпы  түркі  халықтарына  ортақ 
рухани байлық екенін айтып өтуіміз керек. Түркі философиясы 
әл- Фарабиден бастау алады деуге болады. Ал енді қазақ халқы 
өзінің этностық құрылымын түзегеннен кейін өзінің ұлттық бол-
мысын, негізінен, поэтикалық формада паш етіп отырғанын зия-
лы қауым жақсы біледі. Сондықтан этностың тарихи эволюция-
сында әлемді рухани игеруіміздің философиялық келбеті фоль-
клормен байланысты болғанын жасыра алмаймыз.
Ал  енді  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  зиялыларының 
ішінен  өзінің  философиялық  дүниетанымымен,  рационалдық 
мағынадағы ұғымдар мен түсініктерді жүйелі түрде өрнектеуімен 
ерекшеленген  тарихи  тұлға  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  бола-
тын.  Сондықтан  Шәкәрімді  өткен  ғасырдағы  қазақ  кәсіби 
философиялық  ойының  негізін  қалаушы  деген  пікірлер  ма-
мандар  арасында  заңды  түрде  бекуде.  Қалайда  қазақ  жеріндегі 
философиялық  ілімнің  өзіндік  тарихы  бар  екені  даусыз. 
Әсіресе,  республикадағы  академиялық  ғылым  саласының 
қалыптасуы  мен  дамуындағы  өзіндік  орны  ерекше  деуге  бо-
лады.  Әсіресе,  гуманитарлық  ғылымдар  корпусында  көптеген 
ғылыми  жоғары  деңгейдегі  іс-шаралар  жүргізіліп  отырылды. 
Ұлттық  Ғылым  академиясының  Қоғамдық  және  гуманитарлық 
ғылымдар  бөлімшесінің  ұзақ  жылдар  бойғы  ғылыми  үдерісті 
ұйымдастырушылық  жұмысын,  инститтутар  арасындағы  өзара 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
228
қатынастарды нығайту бойынша пәрменді қызметін атап өткен 
абзал деген ойдамыз. 
ХХ ғасырдың 40-жылдарының соңы мен 50-жылдарының ба-
сында Қазақстанда философиялық сипаттағы жан-жақты зертте-
улер жүре бастады. Қазақ КСР Ғылым Академиясы құрамында 
Философия  және  құқық  секторының  (1955)  құрылуымен,  1958 
жылы Философия және құқық институтының ашылуымен олар 
өзіндік ғылыми және ұйымдастырушылық жүйелілікке ие болды 
[1, 186 б. ]. Осы сәттен бастап Қазақстанда кәсіби философия нақты 
формаға  еніп,  жүйелі  әлеуметтік  дүние  сипатындағы  құрылым 
пайда  бола  бастайды  деуге  болады.  Содан  кейін  Қазақтың 
мемлекеттік  университетінде  ХХ  ғасырдың  орта  шенінде  тарих 
факультетінің ауқымында философия мамандығы бойынша кад-
рлар  дайындау  қолға  алына  бастады.  Қазіргі  кезеңде  еліміздің 
зияткерлік кеңістігінде өзінің көрнекті орны бар танымал фило-
софия  және  саясаттану  факультеті  жоғары  оқу  орындары  үшін 
философ мамандарды және оған жақын мамандықтар бойынша 
да дайындап жатқанын айта кеткен жөн.
Философиялық зерттеулердің сол уақыттағы кең қанат жаю-
ына белгілі бір жағдайлар мен алғышарттар бар болатын: себебі 
бұрынғы  КСРО-да  саяси  ахуалдың  жалпы  «жылымығының» 
басталуы,  яғни  социалистік  мәдениеттегі  демократиялық 
элементтердің  көрініс  беруі  және  әртүрлі  себептермен 
Қазақстанға  В.И.  Тимоско,  Н.П.  Дардыкин,  М.Н.  Чечин,  В.А. 
Черняк сынды кәсіби деңгейі жоғары философтардың Ресейден, 
Украинадан  келуі,  сонымен  қатар  С.М.  Киров  атындағы  Қазақ 
мемлекеттік университетінде философия факультетінің (1949ж.) 
ашылуы, философия ғылымдарының алғашқы кандидаттарының 
(Н.Д. Жанділдин, Қ.Б. Бейсембиев, Б.А. Амантаев, Н.А. Мұсабаева 
және т. б.) пайда болуы ерекше маңызы бар оқиға болып табыла-
ды.
1956–1957  жылдары  ҚазКСР  ҒА  Философия  және  құқық 
секторының  жетекшісі,  философия  ғылымдарының  кандидаты, 
профессор  Қ.Б.  Бейсембиевтің  «Мировоззрение  Абая  Кунан-
баева»  атты  монографиясы  жарық  көрді.  Қ.Б.  Бейсембиевтің 
жетекшілігімен 
«ХІХ 
ғасырдың 
екінші 
жартысындағы 
Қазақстандағы  қоғамдық  ойдың  тарихы»  атты  кітабы  басы-
лып  шықты.  Сонымен  1958  жылы  Философия  және  құқық 
секторы  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясының  Философия  және 

229 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет