Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның



Pdf көрінісі
бет29/42
Дата03.03.2017
өлшемі2,34 Mb.
#6131
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42

III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
Петрович  Ситковский,  Эвальд  Васильевич  Ильенков,  Генрих 
Степанович  Батищев,  Анатолий  Сергеевич  Арсеньев,  Владис-
лав  Александрович  Лекторский  сияқты  жаңа  жетекшілері  мен 
әріптестері пайда болды. Қазақстандық ғылым философиясы және 
диалектикалық логика өкілдерінің жақын әріптестері көп болды. 
Олар  тек  Мәскеу  мен  Ленинградтан  ғана  емес,  Кеңес  Одағының 
барлық аймақтарынан, тіпті Шығыс Еуропа мемлекеттерінен де 
болды.
 
Жылдар өткен сайын, алматылық топ барлық қазақстандық 
философияның негізі мен бастауына айналды: Ж.М. Әбділдиннің 
ізбасарлары,  мысалға,  Қарағандыда  (Төлеуғазы  Ысқақұлы 
Әбжанов), Өскеменде (Нина Васильевна Гусева) болды, ал кейіннен 
қазақстандық  диалектикалық  логика  бүкіл  Кеңес  Одағындағы 
сәйкес  зерттеулердің  орталығына  айналды.  Дәл  осы  Алматы-
да  Әбділдин  басқарған  Философия  және  құқық  институтының 
негізінде  дилаектикалық  логика  бойынша  бүкілодақтық  симпо-
зиумдар, халықаралық конференциялар мен ғылыми кездесулер 
өтті.  Қазақстандық  философтарды  бүкіләлемдік  философиялық 
конгресстерге қатысуға шақыра бастады. 
Осы тұста заңдылықты сұрақ туындайды Сол кезеңдегі билік 
өкілдерінің  диалектикалық  логикаға  деген  қатынастары  қалай 
болды?
Қысқаша жауап берсек – екіұшты болған еді. Қазақстандық 
дилектиктер кейде ғылымға өздерінің зор үлестерін қосты, кейде 
басқаларды бір идеялық бағыттары үшін кемсітіп, сынға да алып 
отырды.
Осы  бір  екіұшты  жағдайды  түсіну  үшін,  оның  тарихын 
еске  түсірген  жөн.  20-шы  жылдары  КСРО-да  формализм  қатаң 
сынға  алынды,  сәйкесінше  метафизикалық  ойлау  әдісі  де  сынға 
ұшырады  (қасаң  қағидалы).  Елде  әлі  де  револяциның  лебі  есіп 
тұрған  еді,  сондықтан  да  барлық  «формалистік  бұлтарыстар» 
бірден сынға алынды. Есесіне таным мен революциялық қоғамдық 
тәжірибедегі диалектиканың рөлі дәріптелді. Сол кезеңде Үлкен 
Кеңестік Энциклопедия былай жазған еді: «Марксизм-ленинизм 
буржуазиялық философиялық тарихнамаға қарама-қайшы бола 
отырып,  логиканы  таптан  тыс  немесе  жоғары  тұратын  ғылым 
ретінде  қарастырмайды,  ғылым  ретінде  Логиканың  партиялық 
қағидасын  дәріптейді.  Материализмнің  идеализмдегі  күресінде 
айқын  көрініс  тапқан  философиядағы  партиялар  күресі  өз 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
268
көрінісін диалектикалық Логиканың формалды, метафизикалық 
логикамен күресінен табады» [3].
Бірақ бұл жағдай жиырмасыншы-отызыншы жылдары орын 
алған еді. Елуінші жылдардың аяғына таман жағдай айтарлықтай 
өзгерді. Жеке басқа табынған сталиндік дәуір аяқталып, ғылыми 
танымның барлық саласына енген математикалық әдістердің пай-
да болып, дамуымен жағдай өзгерді. Ендігі тұста, формалды ло-
гиканы жоққа шығара қойған жоқ, тіпті оны жалпы пән ретінде 
университет  біліміне  қосты.  Есесіне  бағыт  өзге  тұсқа  бұрылды: 
билік  диалектиканы  логика  және  таным  теориясы  ретінде  оған 
күмәнмен қарайтын болды. 
Бұлай  болары  анық  еді,  себебі  диалектикалық  логиканың 
өкілдері жатсыну феномені тақырыбын қозғады, ал бұл кеңестік 
дәуірге  ұнамсыз  еді.  Бірақ  жатсыну  мәселесін  кезінде  Карл 
Маркс  та  қозғаған  еді,  бірақ  ресми  идеологтар  «1844  жылғы 
экономикалық-философиялық қолжазбалардың» авторы ол кез-
де жас болғанын, әлі де қалыптаса қоймағанына сілтеме жасай-
ды.  Социализм  дәуіріндегі  жатсыну  тақырыбын  зерттеуге  жол 
берілмеудің  себебі,  буржуазды  идеологтардың  бұл  тақырыпты 
бірнеше  рет  көтеруімен  де  байланыстырылады.  Тіпті  аталмыш 
мәселені пайымдаудағы Маркстың үлесіне дәл осы буржуазиялық 
идеологтар  жоғары  баға  берді.  Көрнекті  батыстық  ойшыл  Мар-
тин  Хайдеггер  де  бұл  мәселе  бойынша  марксизмнің  негізін 
қалаушыға  өзінің  жоғары  бағасын  берді:  «Гегельден  кейінгі 
Маркстың  пайымдаған  адамның  жатсынуы  мәселесінің  тамы-
ры  жаңаеуропалық  адамның  күйсіздігінде  жатыр.  Бұл  болмыс 
тағдырының  метафизика  образында  болуынан  және  ол  арқылы 
нығайып,  күйсіз  ретінде  жасырын  болуынан  орын  алды.  Себебі 
Маркс,  жатсынуды  пайымдай  отырып,  тарихы,  тарихты  мәндік 
тұрғысынан  өлшейді,  өйткені  тарихқа  деген  маркстік  көзқарас 
өзге тарихи теориялардан асып түседі» [4]. Саясиланған кеңестік 
идеология тарапынан бұл күмәнға толы қошемет болатын. 
Бұл философтар қандай зерттеулерді жүзеге асыруға тыры-
сты,  философиялық  зерттеулер  саласында  өз  алдарына  қандай 
мақсат қойды? 
Ең бастысы, олардың ойлаудың маңызды әдісі және ғылыми 
танымның  неғұрлым  барабар  әдісі  ретінде  философиялық  ма-
териализм  негізінде  диалектика  тұжырымдамасын  құруға 
талпынғанын ерекше атап өту қажет. ХІХ ғасырдың өзінде «әлемді 

269 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
идеялар  билейді»  деп  жариялап,  идеализмнің  шегінен  шыға 
отырып  Карл  Маркс  тарихты  материалистік  тұрғыдан  ұғынуға 
негізделген  ілімнің  негізін  қалады.  Ол  адамзат  тарихында  пай-
да  болған  қоғамдық  сана  мен  барлық  идеялардың  ақырында, 
әлеуметтік-экономикалық  алғышарттары  мен  бастаулар  бар 
екендігін  көрсетті.  Қоғамдық  сана  қоғамдық  болмыс  арқылы 
анықталады.  Бұл  бүгінде  өздігінен  пайда  болған  тұжырымдама 
ретінде көрінгенімен, XIX ғасырда батыл және жаңашыл концеп-
ция ретінде болған еді, ол адамзат өміріндегі барлық құбылыстарға 
мүлдем өзгеше қарауға итермеледі. 
Карл 
Маркстың 
осы 
тұжырымдамасына 
сәйкес, 
диалектикалық  логиканың  өкілдері  (жалпы  КСРО-да,  әсіресе 
Қазақстанда)  адамның  ойлау  жүйесін  танымдық  қағидалардың 
нақты  тәжірибемен  байланысына  сәйкес  оның  біртұтас  жүйесі 
және  категориясы  ретінде  зерттеуді  міндет  етіп  қойды.  Осы 
орайда Жабайхан Әбділдин былай деп жазады: «…Адам тек ой-
лау немесе өз ойларын ауызша, жазбаша түрде білдергенде ғана 
ойға шомып кете қоймайды, сонымен қатар мәдениеттің заттық 
дүниесі  қалыптасқанда  да  ойға  кетеді.  Оның  үстіне:  адам  мен 
адамзаттың  нақты  ойы  жайлы  оның  сөзі  немесе  кітабы  арқылы 
ғана емес, нақты ісі арқылы да пайымдауға болады» [5, 17 б].
Жалпы  сипаттасақ,  бастапқы  мақсат  осындай  болатын. 
Ал  негізінде,  аталмыш  мақсаттың  арнайы  міндеттері  болатын. 
Олардың  ішіндегі  ең  маңыздысы  философия  мен  ғылымдағы 
абстрактілі  тәсілдердің  үстем  болуынан  асып  түсу,  формалды 
логика мен формалды абсолюттендіру мен формалды әдістердің 
гипертрофиясынан, сонымен қатар, адам мен әлем жайлы түрлі 
иррационалистік түсініктен сыни арылу.
Қазақстандық ғалымдардың зерттеулері мен еңбектерінде ди-
алектика таным мен қоғамдық тәжірибенің ерекше әрі маңызды 
тәжірибесі ретінде болды. Оның маңызды болу себебі, ол белгілі 
бір затты сыртқы бақылаушы тұрғысынан зерттеуге ғана емес, ол 
заттың ары қарай да өмір сүруіне жол беріп тұрған ішкі қарама-
қайшылықтарын  зерттеу  арқылы  оның  тарихын,  қалыптасуы 
мен дамуын зерттеуге мүмкіндік береді. Таным мен тәжірибенің 
әдісі ретінде диалектикадағы маңызды рөлді адам мен қоғамның 
нақты  дамуын  терең  зерттеу  ойнайды,  мұнда  дамудың  бастауы 
мен ішкі шиеленіс үнемі орын алып тұрады және ол өзіне дұрыс 
теориялық және өмірлік-тәжірибелік қатынасты талап етеді. 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
270
Ал  диалектиканың  басты  мақсаты  мен  міндеті  жаңа,  жан-
жақты дамыған және жаңа үйлесімді қоғамды құруға мүмкіндігі 
бар  адамды  қалыптастыру  болатын.  Оның  дәстүрлі  атауы 
«коммунистік»  болатын,  бірақ  партиялық  көшбасшылардың 
мәлімдемесіне  қарамастан,  коммунизмнің  мұраты  әлі  де  алда, 
тіпті жыл өткен сайын оның көкжиегі көрінбей, алыстай түскен 
еді. Дегенмен, адам ойын, шығармашылығы мен жауапкершілігін, 
яғни  ақыл  мен  әрекет,  ақыл  мен  адамгершілік  бірлігін  дамы-
ту қажеттілігі өз өзектілігін жоғалтқан емес. Қарапайым ақылға 
қанша утопиялық болып көрінгенімен, философия, ғылым, тех-
ника мен технологиядағы жаңа, серпінді идеяларды ілгері дамы-
тушы жаңа адамның мұраты болды. Тіпті бұл мүмкін емес болған 
күннің  өзінде,  сол  «мүмкін  емес  дүниеге»  адамзаттың  өзіндік 
тиімді жол іздеуіне итермелейді.
Диалектикалық логика саласындағы зерттеулердің бастауына 
Кеңес мемлекетінің негізін қалаған В.И. Лениннің «Философиялық 
дәптерлеріндегі»  идеялар  түрткі  болды:  «Marx  бізге  «Логиканы» 
мұра  етпегенімен,  ол  бізге  «Капиталдың  логикасын  қалдырды»
және оны осы мәселе бойынша өнімді пайдалану қажет» [6].
Мұнда  мәселе  оның  келтірген  дәйексөзінде  емес,  әлдеқайда 
тереңде  жатыр.  Ойлау  логикасы  мен  гносеология  ретінде  диа-
лектиканы  құру  міндеті  ел  мен  әлемдегі,  табиғат  пен  қоғамдық 
өмірдегі,  жалпы  адамзат  өмірінің  барлық  саласында  болып 
жатқан  үдерістерді  нақты  және  толық  пайымдауға  мүмкіндік 
беретін ірі теориялық жинақтың қажеттілігінен туындады. 
Кеңестік замандағы диалектикалық логика Гегельдің алдыңғы 
қатарлы  идеяларын  қайта  өңдеп,  кеңейту  және  тереңдетуді 
мақсат  етті,  соның  ішінде  оның  мәдениет  тарихының  сатылары 
бойынша  көтерілетін  рух  феноменологиясын  және  абстрактілі 
категориялық  анықтамалардан  нақты  ұғымға  өрлеу  ретінде 
құрылған Логика жүйесін зерттеу мақсаты тұрды. Принципиал-
ды өзге тәсіл негізінде тарихи-материалистік тәсілді қайта өңдеу 
керек болды. Ойлау жүйесін оның ішкі тұсынан емес, сол ойлауға 
ықпал  ететін  және  оны  айтарлықтай  негіздейтін  нақты  өмір 
арқылы ұғыну қажет.
Осы  синтетикалық,  интегративті  міндеттің  күрделі  болуы 
әсерінен  ғылым,  философия, мәдениет тарихы бойынша сансыз 
жаңа  материалдары  арқылы  гегельдік  тәсілдерді  пайымдауды 
толықтыра отырып, философия тарихы мен жалпы мәдениеттің 

271 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
тәжірибесіне жүгінуге тура келді. Осы жерден байқалатыны: кей 
уақытта  диалектикалық  логика  саласында  кеңестік  зертеулерді 
кемсіту мақсатында материалист философтардың диалектикалық 
логикасын  неогегельшілдікке  редуциялау  мүлдем  дұрыс  емес. 
Егер диалектикалық логиканы оған дейінгі орын алған белгілі бір 
жүйеге балау үшін философия тарихының тәжірибесіне жүгіну 
керек (оның үстіне ғылым тарихына, баланың ақыл-есінің даму та-
рихына және т. б.). 
Философия  тарихы  –  бұл  сол  философияның  өзінің  бол-
мыс  формасы.  Сондықтан  да  диалектика  теориясын  негіздеу 
үшін  тарихи-философиялық  зерттеулердің  маңыздылығын 
кеңестік  Қазақстанның  барлық  философтары  атап  өткен  еді. 
Диалектиканың  логикалық  категорияларын,  ұғымдары  мен 
қағидаларын  субординациялау  мақсатында  таным  тарихын, 
философия  тарихын  нақты-тарихи  және  логикалық  тұрғыдан 
талдауға арналған тарихи-ғылыми, тарихи-философиялық іргелі 
зерттеу  жұмыстары  қажет  болды.  Мұндай  зерттеулер  шыны-
мен  де,  диалектика  теориясын  құрудың  маңызды  негізі  болады. 
Оның үстіне, философия тарихының квинтэссенциясы бола тұра, 
диалектикалық логика осы тарихтың ұғынудың әдісі де болды. 
Қазақстандық  ғалымдар  антика  классиктерінің  мұрасын, 
бірінші кезекте Ортағасырлық тәжірибені зерттеді (әл-Фарабидің 
философиялық  трактаттарының  аудармалары  мен  олар  туралы 
зерттеулерді атаудың өзі жеткілікті, бұл бағыт сол кезден бастап 
кеңінен  дамыды).  Жаңа  кезеңдегі  батысеуропалық  философия 
терең пайымдау мен мұқият зерттеуді қажет етті. Спиноза және 
Лейбниц, Декарт пен Юмды сол жылдары қарқынды әрі жемісті 
қарастырылды.  ХХ  ғасырдың  70-ші  –  90-шы  жылдары  филосо-
фия  тарихы  бойынша  классик-ойшылдардың  ерекше  пайымда-
ры, қызықты еңбектері дүниеге келді. Осы орайда, Муханмадияр 
Серікбекұлы Орынбековтың Спиноза жайлы, Ғазиз Тұрысбекұлы 
Телебаевтың  Юм  жайлы  еңбектерін  атап  өтуге  болады.  Ағын 
Хайруллаұлы  Қасымжановтың,  Ақылбек  Жолмұхамедұлы 
Келбұғанов пен Күләш Мұхамедінқызы Сатыбалдинаның ««Кру-
ги» в познании» [7] және авторы Зия Аташұлы Мұқашев болып 
табылатын «Философиядағы сабақтастық» атты еңбектер тарихи-
философия мәселесіне айтарлықтай үлес қосты [8].
1958  жылы  Ж.  Әбділдин  нақты  ұғымның  гносеологиялық 
түсінігін пайымдаған болатын. Осылайша ол нақты қорытындыға 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
272
келді:  нақтылық  бұл  біртұтастық,  яғни,  әралуандылықтың 
бірлік. Біз «абстрактілі» деп атап жүрген ұғым – бұл белгісіздік 
пен  өзінділікті  білдіретін  нақтылықтың  қарама-қайшылығы, 
танымның  үстірттігінің  контуры,  таным  үдерісі  барысындағы 
алғашқы  жанасуға  талпыныс.  Абстрактылық  ұғымы  адамзат 
мәдениетінің  көптеген  саласындағы  өзінің  бұлыңғырлығын, 
аморфтылығын  аңғартады,  мысалға  оны  абстрактылы  ұғымын 
көркемсуреттен немесе абстракционизмнен байқауға болады. 
Кейіннен,  жетпісінші  жылдары  нақтылық  ұғымының  идея-
сы түбегейлі дамытылды. Негізінен, нақтылық қағидасының тірі 
затты  теориялық  тану  барысында  қалай  жұмыс  жасайтындығы 
қарастырылды.  Бұл  тұста,  тірі  материяның  бір  немесе  бірнеше 
ерекшелігінен  (өзін-өзі  жаңғырту,  өзін-өзі  ретке  келтіру  және 
т.  б.)  туындайтын  белгілі  бір  өмірдің  біржақтылығы  негізделді. 
Жалпы  табиғат  пен  тірі  зат  болмысының  нақты  ұғыну  жолын 
биологиядағы  теориялық  ойлаудың  екі  бағытының  синтезі 
сияқты  біршама  анықтамалардың  синтезі  құрайды,  олар:  тірі 
материяның концепциясы мен қатар ұйымдастыру деңгейінің те-
ориясын құрайтын эволюциялық теория.
Негізінен нақтылық қағидасының жаңа ұғымдар мен теория-
лар құрудағы маңызы өте зор. Нақтылық қағидасының негізгі та-
лабы зерттеу пәнін біртұтас, жан-жақты қарастыру болғандықтан, 
оның  құрамына  кез-келген  құбылысты  әралуандықтағы  бірлік, 
қарама-қайшылық бірлігі деп қарастыратын ұғым кіреді. 
Қазақстандық  философтар,  нақтылық  ұғымын  қарастыра 
отырып,  жоғарыда  аталғандай,  ұғымның  диалектикалық-
логикалық  түсіндірмесін  формалды-логикалық  түсіндірмеге 
қарсы қойды. Бұл жерде мәселе танымның диалектикалық әдісін 
сынға  алушылардың  көзқарасы  бойынша,  дәстүрлі,  формалды 
немесе аристотельдік логиканың ғылыми маңыздылығын жоққа 
шығару  емес.  «Диалектикалық  логика  формалды  логиканың 
тек  жалпылығын  ғана  жоққа  шығарады..,  оның  монополиялық 
ақиқатқа деген наразылығын жоққа шығарады» [9].
Ойлау тек тіл арқылы ғана жүзеге аспайды. Барлық мәдениет 
затқа айналған ой; бұл Гегельге де, кейіннен ХХ ғасырдағы Кеңес 
Одағындағы  диалектикалық  логика  өкілдерінен  де  айқын  еді. 
Тегінде, адамның айтқаны емес, істеген ісі маңызды болып табыла-
ды. Эвальд Ильенков жазғандай, Гегельдің логикалық формасы бұл 
тілдің формасы емес (қаншалықты кеңінен қарастырылғанымен). 
Бұл  белгілі  бір  шынайылықтың,  нақтылықтың  формасы,  оны 

273 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
бар  тілден  мүлдем  бөлек,  шынайылықты  білдіретін  тіл  арқылы 
қарастыру керек. «Гегелді, тілді ойлау күшінің сыртқы көрінісінің 
формасы ретінде қарастырды деп сынға алу, оны өмір бойы линг-
вистикамен емес, логикамен айналысты, өз өмірін тілді емес, ой 
жүйесін зерттеуге арнады деп кінәләумен тең» [10].
Ғылым  жүйесіндегі  қарама-қайшылықтың  болуы  оның 
теориялық жетілуінің көрсеткіші болып табылады. Мамия Бака-
нидзе ғылымдағы қарама-қайшылық қағидасын талдаудың зерт-
теу барысы көрсеткендей, психологиялық ойдың дамуы қарама-
қайшылықтың  субъект  өміріндегі  психологиялық  құрылымды 
жетілдіретін субъективті кезең, жорамал емес, осы құрылымның 
маңызды тұсы екендігін ұғынуға тура келді. Қарама-қайшылықты 
ұғыну  үдерісі  субъектінің  пәндік  жағдайды  өзінің  міндеті, 
субъектінің  «ой  толғамы»  формасы  ретінде  қабылдау  арқылы 
жүзеге асады және «субъект – объект» контроверзасының мүшесі 
ретінде болады. Репродуктивті және алгоритмді сипатқа ие «та-
ныс»  пәндердің  сипатына  қарағанда,  «жаңа»  объектілермен 
үйреншікті емес жағдайдағы әрекет шығармашылық-продуктивті 
сипатта  болады.  Оның  негізі  нақты  қарама-қайшылықтың 
бекітіліп, алға қойылып, шешілуінде жатыр [11, 268 б].
Осылайша,  қарама-қайшылықты  шешетін  логиканың 
қызметі диалектикалық болып келеді және субъектінің белсенді 
күшіне  айналған  игерілген  пәндік  логика  ретінде  болады,  олар 
қызметті осы пәндермен қатар жүзеге асырады. Бұл тұста, қарама-
қайшылық  қызметінің  бір  формасы  және  оны  шешу  жолы, 
нақтырақ айтсақ, шығармашылық – тұтастай саналы да, бейсана-
лы да үдеріс бола алмайды. Саналы мен бейсаналықтың қарама-
қайшылығы жаңа идеяларды, жаңа өнер туындыларын және т. б. 
туындататын ішкі шиеленісті, шығармашылық алаңдатушылықты 
туындатады. Бұл мәселені 70-ші жылдары қазақстандық философ 
Владимир Юрьевич Дунаев терең қарастырып, зерттеген болатын. 
3.2.2 Диалектикалық логиканың қағидалары мен катего-
риялары
Қазақстандық философтар ой белсенділігі, әсіресе, форма-лық 
құрылым  ырғағындағы  жаһандық  логика  жайлы  Гегельдің  ойы 
жайлы неміс классикасының идеяларын қабылдап, шығармашы-
лық тұрғыдан қайта өңдеді. Гегельдің ойын қайта өңдеу субъектінің 
тек  таным  саласындағы  ғана  емес,  нақты  тәжірибедегі,  пәндік-

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
274
практикалық,  құралдық  әрекеттегі  белсенділігінен  тұрды.  Бұл 
идея немістің тағы бір ұлы ойшылы Карл Маркс дүниетанымының 
іргелі қағидаларынан бастау алады. 
Қазақстандықтар әзірлеген диалектикалық логикада адамның 
еңбек арқылы мәдениеттің пайда болуына сеп болуындағы рөлі 
айқын  көрсетілген.  Жер  жыртып,  дәнді-дақыл  өсіру,  баспана 
мен  жолдар  салып,  машина  мен  механизмдерді  құру  –  мұның 
барлығы  табиғатты  өзгеріске  ұшыратқан  адамның  болмысы-
мен  тікелей  байланысты  (табиғатты  жаңғыртып,  оны  үйесімге 
келтіруге  бейімделген),  мұның  барлығы  –  адам  табиғатының 
әмбебаптығының  көрінісі.  Бұл  өмірде  еңбек  етуші  адамның 
жоғары рөлін мойындамау мүмкін емес, кеңес қоғамындағы оның 
орны өзіне лайықты биік болатын. 
Өзгеріске  ұшырататын  қызметтің  рөлі  ұғымы  сананың 
белсенділігі,  сәйкесінше  бейне  ретінде  сана  мәселесі  идеясымен 
тікелей  байланысты.  Бейне  феномені  көпқырлы  және  әмбебап 
болып  келеді.  Сананың  шынымен  шығармашылық  функция-
сы бар, ендеше біз әлемді тікелей реалдылық емес, идеалдылық 
арқылы  қабылдаймыз.  Алайда  идеалдылық  –  бұл  реалдылық 
емес, бір реалдылықтың екіншісі түрінде көрініс беруі. Бұл, біздің 
жаппай айналар, бейнелер, өз бейнеміздің ерекше әлемінде өмір 
сүретіндігімізді  білдіреді,  –  сәйкесінше,  сана  мен  ішкі  әлем  бұл 
тек  қана  жаратып  қана  қоймайды,  шынайылықты  да  бейнелейді. 
Сана – бұл бір уақытта шығармашылық та, бейне де. 
Н.Қ. 
Сейтахметовтың 
пікірінше, 
белсенділік 
пен 
шығармашылық  адамның  негізгі  мәнін  құрайды.  Оның  үстіне, 
жоғарыда  көрсетілгендей,  диалектикалық  логикада  адам 
жоғары  орынға  қойылды.  Бұл  туралы  қайта  еске  салуға  тура 
келеді,  себебі,  панлогизм  болған  және  жалпыға  ортақтықтың 
жеке  ерекшеліктен  басым  тұруы  сияқты  гегельдік  жүйемен 
салыстырғанда,  материализмнің  диалектикалық  логикасын  кей-
де  адам  рөлін  төмендеткені  үшін,  диалектика  теориясындағы 
тұлғаның жоқ болғаны үшін сынға алды. Алайда мұның орынсыз 
екенін байқаймыз.
Осы  орайда,  Қазақстан  ғалымдары  ұсынған  диалектикалық 
логика бұрынғы философияға қарағанда, асқақ сезімталдық яғни 
оны релевантты ұғыну жолында маңызды қадам жасады. Себебі, 
философия тарихында сезім мүлдем жоққа шығарылды. «Барлық 
адамдар, – деп жазады Лестер Уорд, – сезімді үздіксіз аяққа тап-

275 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
тап, оны дөрекі сөздермен салыстыра отырып, сезімді білдіруде 
қолданатын  бірқатар  сөздерге  өз  таңбасын  қалдырды,  мұны 
«сезімталдық»  және  «сезімділік»  сөздері  дәлелдеп  отыр.  Тіпті 
түрлі  ақыл  атрибуттарын  білдіруде  қызмет  ететін  терминдерге 
бай  неміс  тілі  арқылы  Канттың  өзі  де  субъективті  психикалық 
құбылыстарды  білдіретін,  өзге  мағынасы  жоқ  сәйкес  сөзді 
таба  алмады;  сондықтан  да  ол  Sinnlichkeit  сөзін  мүлдем  жаңа, 
техникалық мағынасында қолдануына тура келді, оның мағынасы 
ағылшынның sensuality сөзіне қарағанда, әлдеқайда дөрекі болып 
келеді.  Осылайша,  жанның  негізін  құрайтын,  тыйым  салуға  тап 
болған нағыз сезімдердің табиғаты жайлы түсінік беретін сындар 
талқыланған да жоқ; бұл мәселе осылайша философиялық және 
ғылыми тұрғыдан terra incognita болып қалды» [12].
Логика 
функциясындағы 
диалектика 
адам 
ойы 
қалыптасуының,  адамзат  білімінің  дамуы  мен  қызмет  етуінің 
жалпыға  ортақ  шарттарымен  байланысты.  Таным  теориясының 
функциясы  арқылы  диалектика  объективті  шынайылықтың 
қоғамдық  субъектісінің  тарихи  даму  формасының  көмегімен 
танымның  жалпы  заңдылығын  зерттейді.  Аталған  аспектілердің 
барлығы  таным  логикасы  мен  теориясы  деп  түсіндіріліп 
жүрген  бірыңғай  диалектиканың  түрлі  функцияларының  мәні 
болғандықтан, бір ғана жалпыға ортақ заңдылықтармен байланы-
сты болып келеді. Егер логикада диалектика заңдылықтары (кате-
гориялар) ойлау, теорялық білімнің қалыптасуы мен дамуының 
басты шарты болып саналса, ал таным теорясында осы заңдар мен 
категориялар  таным  мен  танушының  өзара  қарым-қатынасын 
реттеуші жалпы заңдар ретінде болады. 
Диалектика,  логика  мен  таным  теориясы  бірлігінің  идеясы 
монизм  қағидасымен  ұштасады.  Ғылыми  ойдың  үздігін  бойына 
сіңірген диалектикалық логика бұл қағиданы тек философиялық 
идеялар саласында ғана емес, өзге де ғылым саласында қолдануды 
көздейді.  Монизм  қағидасының  логикалық-әдіснамалық  аспекті 
Лев Науменконың зерттеу тақырыбы болған еді [13].
Өткен ғасырдың екінші жартысында-ақ теориялық супержүйе 
–  метағылымның  объективті  қажеттілігі  байқалды.  Әбден 
жетілген  метағылым  жаратылыстану,  техникалық,  әлеуметтік 
сияқты жеке ғылымдардың жүйелі білімінің жаһандық синтезінің 
қорытындысы  болу  қажет.  Қазақстанда  диалектиканың  күрделі 
даму  үстіндегі  жүйелерді  зерттеуде  теңдесі  жоқ  таным  әдісі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет