Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата03.03.2017
өлшемі9,78 Mb.
#6257
1   2   3   4   5   6   7   8

1.2 Жай  сөйлемдердің

семантикалық

түрлері



көптілділіктің



грамматикалық негізін қалайтын құралдар

Қазақстанда  көптілділікті  дамытудың

бірден  бір  кедергісі

-

ол



лингвистикалық

пәнге 


оқытудың

нәтижелерін 

бақылауға 

«қолайлы»

абстрактілік  тілдік  жүйеге  бағытталуы.  Мұндай  кертартпа  көзқарас  көптілді

құзыреттілікті қалыптастырмайды.  Бірнеше  тілге  сапалы үйретудің жолы – тіл

құралдарын мағыналық бірліктер ретінде қарастыру. Семантикалық негізіндегі

сөйлемдерді бір ізге салып, сөйлеу дамуының бірыңғай логикалық негізін құру

қажет.  Осындай  жай  сөйлемдердің семантикалық негізінде  бірнеше  тілдерді

қатар меңгеруге болады. Мысалы, сөйлемдердің семантикалық түрлерінің бірі -

«Субъект  және  оның сипаты».  Мұндай  түр  шынайы өмірді  көрсететін  барлық

тақырып  аясында қолданылады  және  де әртүрлі  тілдер құралдарын  салыстыру

негізі болып табылады. Бұл ойымызды келесі суретте көрсетеміз:

1 кескіндеме – Жай сөйлемдердің әр түрлі тілдердегі семантикалық түрі

Әртүрлі  тілдердегі жай  синтаксистік  конструкцияларды қатарынан  көрсету

оқушылардың берілген тәсілдерді игеруіне мүмкіншілік туғызады. Келесі кезең

– ұқсас сөз таптарына жататын сөздерді берілген конструкцияларға енгізу. Осы

орайда, белгілі  тақырып  аясында қолданылатын құрылымдардың лексикалық

нақтылануы оның міндетті шарты болып есептеледі.

Қазақ тілінде: Бала  ақылды/  байсалды/  тапқыр/  елгезек/  тәрбиелі. Үй



кірпіштен/ағаштан/тастан  салынған.  Бөлме – бесінші/алтыншы/жетінші/

сегізінші/ он бесінші/ жиырма бесінші/ отыз бесінші/ қырық бесінші. Тақырып

оқылған/ талқыланған/ оқылмаған/талқыланбаған.

Орыс тілінде: мальчик

добрый; дом - из

кирпича; комната

пятая; тема изученная/

тема изучена

Қазақ тілінде: бала -

мейірімді; үй

кірпіштен салынған;

бөлме - бесінші;

тақырып – оқылған.

Неміс тілінде: der

Iunge ist gut herzig, das

Haus ist aus Ziegel,

diese Zimmer ist das

funfte, das Thema ist

erlernt.

Субъект және

оның сипаты»

Ағылшын тілінде: a

boy is kind; the house is

made of brick; Room

number five; the topic

has been studied.



14

Орыс  тілінде: Мальчик  добрый/  умный/  спокойный/  находчивый/  чуткий/



воспитанный. 

Дом

-

из 

кирпича/ 

из 

дерева/из 

камней. 

Комната

пятая/шестая/седьмая/восьмая/ 

пятнадцатая/двадцать 

пятая. 

Тема

изученная/ изучена/ обсужденная/обсуждена.

Ағылшын тілінде: The boy is kind/ clever/ calm/creative/sensitive/ well-brought



up/  .  The  house  is  made  of  brick/  wood/stone.  Room  is  number  five/six/seven/

eight/fifteen/ twenty-five. The topic has been studied/ discussed.

Осындай  жағдайда  грамматикалық конструкциялар  бекітіледі,  сонымен

қатар, жай құрылымдар негізінде олардың енгізілуін жоспарлайтын сөздік қор

байы түседі: Бала өте мейірімді. Біздің үй кірпіштен салынған. Келесі бөлме –



бесінші.

Әрі қарай  конструкциялармен  немесе  предикативтік  бөлімдермен  белгілі

бір алгоритм бойынша күрделендірілетін кезең басталады.

Белгілі  бір  мысал  ретінде  көрсетілген  және  де  3-4  тілде  игерілген  типтік

конструкция оны басқа тақырыптарға қолдануға мүмкіншілік береді. Сонымен,

бірнеше  тілді  зерттеудің

тиімділігі  тілдік  материалды  функционалдық-

семантикалық

деңгейлер,  типтік  семантикалық

конструкциялар  арқылы

жеткізуіне  байланысты.  Типтік  семантикалық-грамматикалық конструкциялар

тізімі көптілдікті  тиімді  меңгеру  негізі  бола  алатын  оқу  материалы  болып

табылады.  Тілдік  жүйені  дәстүрлі  игеруден  бас  тарту  және  де  салыстырмалы

аспектіде жай сөйлемдердің семантикалық түрлер жүйесін енгізу қазақстандық

лингводидактиканың жетістігі  болып  саналады,  себебі  ол  баланың ана  тілін

табиғи игеруін көрсетеді.

Бұл еңбекте  белгілі  бір  тақырып  аясында қолданылатын  жай  сөйлемдердің

семантикалық түрлер тізімін ұсынамыз. Оның негізі –синтаксистің бірліктері –

синтаксемалар

[5].


Семантикалық

түрлері  бастапқы  және  предикативті

бағыныңқы  синтаксемалардан  тұратын  жай  сөйлемдерді  іріктеп,  блоктарға

топтастырдық. Оның ішінде:  «субъект  және  оның физикалық іс-қимылы»,

«субъект  және  оның

психикалық

іс-қимылы»,  «субъект  және  оның

интеллектуалдық (оның ішінде – ойлау, сөйлеу) қабілеті», «субъект және оның

әлеуметтік-этикалық ахуалы», « субъект және оның қозғалысы», «субъект және

оның сипаты (мекен-жайы  бойынша – тұрақты  я болмаса  уақытша,  т.т.»;

«субъект және оның күйі (физикалық / психикалық), сезінуі, табиғаттың күйі»,

«бір  нәрсенің немесе  кімнің бар  болуы»;  «күй  / қасиет  және  оның

сипаттамасы»,  «субъект  және  оның немен/кіммен  иеленуі»;  «субъект  және

оның неден/кімнен бас тартуы»,  «субъект және онда ненің/кімнің жоқ болуы»,

«  субъект  және  оның  құбылуы  ия  болмаса өзгеруі», «субъектілердің көптігі

және олардың қарым-қатынасы», «ортақ-бөлшек, олардың бір-біріне әсер етуі»,

«кімнің/ненің кіммен/немен  салыстырылуы»,  «кімге/неге  шектеу қою»,  «іс-

қимылдың, күйдің, қасиеттің мүмкіншілдігі, қажеттілігі / қажетсіздігі».

Аталған  семантикалық түрлерді  оқыту  бірліктері  ретінде қарастырсақ,

сөйлемнің  әрбір  семантикалық түрі  функционалдық-семантикалық деңгейдің

негізі 

болатындығына 



көз 

жеткіземіз. 

Сонымен, 

жай 


сөйлемдердің

семантикалық түрі  бір  атаулы  функционалдық-семантикалық деңгейге  сәйкес



15

келеді. Аталмыш деңгейлер кез-келген сөйлеу тақырыптарын қамтамасыз етеді,

сонымен қатар,  олар  семантикалық-грамматикалық  қатынастардың негізгі

түрлерін, яғни монологтік сөйлеудегі ойды жеткізеді.

Жай  сөйлемдердің семантикалық түрлерін  анықтау  барысында  олардың

пропозиционалдық мазмұны  ескеріледі.  Функционалдық-семантикалық  өріс

шеңберінде 

сөйлемнің

иллокутивтік 

аспектісі 

жеке

қарастырылады.



Функционалдық-семантикалық 

өрістің 


құрылымын 

талдау 


арқылы

сөйлемдердің пропозиционалдық мазмұнын қалыптасу реттілігін көрсетейік.

Функционалдық-семантикалық  өріс

(ФСӨ)


негізіне  детерминантсыз

сипаттағы  жай  синтаксемалар  енеді.  Сонымен қатар,  субъект  мағынасындағы

Барыс септіктегі  форма (Оған жеңіл болды. ) енеді.

Қалған  синтаксемалар  сөйлемнің типтік  мағынасын ұйымдастыруына

қатысқанына қарай әр ФСӨ ядросынан бастап жайғасады.

Екінші  шеңберде  (оқу үрдісіндегі  материалды  жеткізудің екінші  жолы)

локативті,  темпоралды,  каузативті,  жағдаятты,  тақырыптық детерминант

ретінде  табылатын  синтаксемалар  жайғасады.  Мұндай  реттілік  адамның ой

логикасымен  байланысты:  кез-келген  жай  пікір  анықтауды қажет  етеді:  «Қай

жерде? Қашан? Не себептен? Не туралы? Нені?».

ФСӨ-тің  үшінші  шеңберін  есім,  адъектив,  адвербалды  позицияда

байланысқан  синтаксемалар құрайды,  себебі,  олар  субъект  пен объектіні

сипаттайды.

Әдістемелік тұрғыдан төртінші орынға сөйлемді күрделендіретін жартылай

предикативті  синтаксемалар  жайғасады.  Маңыздылығына қарай  олар  екінші

шеңберге лайықты.

ФСӨ-тің бесінші шеңберіне жай сөйлемдердің семантикалық түрлерінің әр

түрлі  эксплицитті  және  имплицитті  салалас  комбинациялары  енеді.  Мысалы:

«Субъект-1 және оның қозғалысы» және «Субъект-2 және оның күйі» (Аналары

келгенде, балалары көңілденді); «Субъект -1 және оның физикалық іс-әрекеті»,

ал  «Субъект-1-дегі  не  нәрсенің болмауы»  (Олар  көп  жылдар    жұмыс  істейді,

бірақ әлі де үйсіз ).

Көптілдікті  дамыту  мақсатында  сөздік қорды  және  сөйлеудің синтаксистік

жүйесін  байыту

үшін  лексиканы  да,  грамматиканы  да  семантикалық

блоктармен  беру қажет.  Белгілі  бір  тақырып бойынша  сөйлеу  дағдысын

тақырып

аясында  айтылған әр  ойдың мазмұнына  сүйену  тәсілі жақсы



дамытады.

ФСӨ-тің ең сыртқы  шеңберіне  эксплицитті  және  имплицитті  бағыныңқы

қатынастағы сөйлемдердің семантикалық түрлерінің комбинациялары енеді.

Көптілдікті  дамытуға  бағытталған

ұсынылып  отырған

әдіснамалық

көзқарас  лексикалық және  синтаксистік  синонимияны бірнеше  тіл құралдарын

салыстыру  негізінде  табиғи  игеруге  көздейді.  Сонымен қоса,  білім  беру

жүйесінің кез-келген  деңгейінде  функционалдық лексикалық-грамматикалық

материал минимумы әрбір ойды жеткізуге негіз бола алады.

Бастауыш мектепте осы мағыналық сипатта берілген синтаксистік бірліктер

оқыту үдерісіне  енгізілсе,  6-9  жасар  балалар өз  ойларына  сәйкес  ықшамдап



16

берілген сөздік қорымен тақырып аясында жай сөйлемдерді құрастыра алатыны

сөзсіз. Бұл әдіскерлерге  тіл  дамытуға  арналған  материалды  дұрыс  іріктеуге

тиімді  жол  деп  санаймыз.  Мысалы,  «Көктем»  тақырыбына  арналған  сабақты

алсақ, тақырыпшаларға    сәйкес  жай  сөйлемдердің типтері  теріледі: «субъект

және  оның сипаты»;  «субъект  және  оның күйі  (физикалық  / психикалық),

сезінуі,  табиғаттың күйі»,  «бір  нәрсенің бар  болуы»;  «күй  / қасиет  және  оның

сипаттамасы», «субъект және оның құбылуы / өзгеруі». Осы мағыналық типтер

аясында  сөйлемдер құрастырылып,  олар  кішкене  мәтіндерге  айналдырылады.

Жоғарыда  сипатталған  жай  сөйлем  негізінде ұлғайтылатын  синтаксистік

бірліктер орта және жоғары буында бірте-бірте сыныптан сыныпқа қосылатын

болады.


Қазақ, орыс,  ағылшын  тілдерін  бастауыш  мектепте  оқытуда  бірыңғай

тақырыптық минимум  теріліп,  соның негізінде бір  уақыттық параллельде үш

тіл  сабақтарында  осы  жай  сөйлемдердің бірдей  мағыналық типтері  негізінде

синтаксистік  материал  беріліп  отырса,  оқушылар  тез  арада үш  тілдің

грамматикасын  меңгеріп  алады.  Сөздік қоры әр  тақырып  сайын өзгертіліп

отырса, грамматикалық конструкциялар қайталанып отырады.

Осы  грамматикалық материалды  теруге  тіл жүйесінен  тыс  дүниетанымдық

тақырыптар  негіз  болуы  тиіс.  Тақырып – сөйлеу  ниеті  (речевые  интенции) -

тақырыпшалар – тақырыпшалар аясындағы кілт сөздер мен сөз тіркестері – жай

сөйлемнің мағыналық типтері оқыту бірліктері болып алынады. Жай сөйлемнің

мағыналық типтері бір  тақырыптан  келесі  тақырыпқа  ауысып  жалғасын  тауып

отырады, лексикалық толықтырылуы әр тақырыпта әр түрлі болады.

Бастауыш  мектепте  көрнекілікке,  балалар  жасына лайықты  жағдаяттарға

сүйеніп, үш  тілдің мазмұнын    де  осылардың бірыңғай  негізіне  сәйкестендірсе,

бастауыш мектепте үштілдіктің алдыңғы сатысы меңгеріледі.


17

2 Негізгі орта мектепте көптілділікті дамыту әдістемесі

2.1  Екінші/үшінші  тілді  оқытуды  жоспарлау және қорытындылау

әдістемесі

Негізгі  орта  мектептен  бастап  күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау  кезінде

кешенді сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында төменде берілген сабақ

түрлерін  кіріктіру қажет.  Айтылымның лексикалық дағдыларын қалыптастыру

және 

жетілдіру 



сабағы, 

айтылымның

грамматикалық

дағдыларын

қалыптастыру  және  жетілдіру  сабағы,  диалог  түрінде  сөйлесу  дағдыларын

дамыту  сабағы,  монологтік  түрде  сөйлесуді  дамыту  сабағы - негізгі  түрлері.

Қалған  типтері  тәжірибе  жүзінде  жай  таза қалпында  емес,  негізгі  типтерімен

кіріктіріле қолданып,  сабақтың бір  кезеңін  көрсетеді.  Сабақтың түрлерін

кіріктіру  жағдайында  жоспарланған  дағдылар  не  сатылай,  не  бірден

қалыптастырылады. Сабақтың кіріктірілген түрлері төмендегідей:

1) айтылымның лексикалық-грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

және жетілдіру сабақтары;

2) айтылымның грамматикалық- стилистикалық дағдыларын қалыптастыру

және жетілдіру сабақтары;

3) айтылымның лексикалық-стилистикалық дағдыларын

қалыптастыру

және жүзеге асыру сабақтары;

4) диалогтік  сөйлесім  дағдыларын қалыптастыру  және  жүзеге  асыру

сабақтары;

5) диалогтік, полилогтік, монологтік тілді дамыту;

6) интонациялық,

емлелік 


және 

тыныс 


белгілік 

сауаттылықты

қалыптастыру сабақтары.

Оқу  уақытын  реттеу  кезінде  коммуникативті  дағдыларды қалыптастыру

және жетілдіру сабағын сабақтан тыс іс-шаралар ретінде өткізуге болады. 10-12

сабақ жылына оқыту нәтижелерін қадағалауға бөлінеді.

Білім мен дағдыларды бақылау ағымды және қорытынды түрде жүргізіледі.

Ағымды  бақылау әр  сабақтың аяғында  не  болмаса үй  тапсырмасын  тексеру

көмегімен  іске  асырылады. Қорытынды  бақылау әр  тоқсан  аяғына  ,  оқу  жылы

аяғына жоспарланады. Ақырында

1) орфографиялық және  пунктуациялық  (емлелік  және  тыныс  белгілік)

сауаттылық;

2) грамматикалық және стилистикалық дұрыстық;

3) диалогтік тілдесім дағдыларын меңгеру деңгейі;

4) орысша монологтік тілді меңгеру деңгейі тексеріледі.

Қорытынды  бақылау  сабағы  бір  тоқсан,  бір  оқу  жылы  бойы  негізгі

мектептің 

9(10)-сыныбында 

меңгерілген 

тақырыптар 

шегінде 

тілдік,


коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру  деңгейін анықтауды  есепке

алады.  Оқу үдерісінің  10 пайызы  бақылау  сабақтарына  бөлінеді.  Олай  болса,

оқу 

уақытын 


реттеу 

екінші/үшінші 

тілді 

оқытудың


функционалды-

коммуникативті  технологиясы  негізінде  бір  тоқсан

үлгісінде  берілген.


18

Сонымен, әр  сыныпта  жыл  сайын  тілдік  сабақ сағаттары әр  тоқсан  сайын

өткізіледі. (1- тоқсан – фонетика, лексика, фразеология, 2- тоқсан – сөз құрамы,

3- тоқсан - морфология,  4-тоқсан - синтаксис  бойынша).  Одан  басқа,

12-14  сабақ тақырыптық айналымдары,  3-4  айтылымның грамматикалық

дағдыларын 

және 

орфографиялық 



(дұрыс 

жазу) 


сауаттылықтарын

қалыптастыру  сабақтары,  8-12 – тілдік, коммуникативтік құзырлықты  бақылау

сабақтары жоспарланады. Мұндай жоспарлау:

барлық оқу  жылдарына,  бір  оқу  жылына,  бір  тоқсанға,  нақты  бір

сабақтардың тақырыптық циклы бір сыныпта оқу үдерісін нақты жоспарлауда

мұғалімге көмектеседі;

тілдік,  кoммуникативтік құзыреттілікті  жүйелі  және өзара  байланыстыра

қалыптастыру қабілетін арттырады;

шынайы өмірде  туындайтын  барлық тақырыптар  бойынша  сөйлеуге

дайындайды;

сөйлеу  жағдайына қатынасты тілдік құралдарды  мақсатты  және  саналы

түрде қабылдауға үйрету (ресми және ресми емес сөйлесу ортасы, үлкен\ кіші\

«бастық»\ «бағынушы»)  немесе  біртұтас  сөйлемдер құрастыру(диалогтік  және

монологтік мәтіндер);

оқыту нәтижесін қадағалау (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау).

Сабақ


айналымының

осындай


әдістемелік  дәйектемесі  төмендегідей

сұрақтарға жауап береді:

1. Сабақ циклындағы тілдік тақырыптарды таңдау шарты қандай?

2. Мектептердің оқу үдерісінде  екінші/үшінші  тілді  оқытудағы  сабақ

циклы қандай орын алады?

3. Әр сабақтың орны және оның мазмұндылығы неде?

4. Әр сабақтың және циклдың мақсаты неде?

5. Сабақтың  құрылымы қалай  негізделеді?  Белгілі  бір  дағдылар  мен

икемдерді қалыптастыру және жүзеге асыру кезеңдері қандай?

6. Сабақтың құрылымы мен мазмұны оның мақсатына сәйкес пе?

7. Сабақта қандай жаттығулар түрі қолданылады? Олар сабақтың түрі мен

қалыптастырылатын дағды мен икеміне сәйкес пе?

8. Әр  сабақтағы  тілдік  мағлұматтың орны қандай?  Тапсырмаларды

қалыптастыруда кешенді жүйелілік жүзеге асырыла ма?

9. Функционалдық және  коммуникативтік ұстанымдар қалай  жүзеге

асырылады?

10. Сабақтың әр түрінде оқыту нәтижесі қалай байқалады?

11. Басқа тілдің әдебіне оқытудың мазмұны қандай?

12. Басқа  тілдің табиғи қолданушылары  (халық  өкілдері)  мен үйренушілер

психологиясындағы айырмашылық есептеле ме?

13. Оқушының психологиялық көңіл- күйі қандай? Оқыту уәждеумен қалай

байланысты?

14. Мұғалімнің қорытындысы ( пікірі, ескертуі, ұсынысы)

15. Басқа  тілді    оқытуда  функционалдық-коммуникативтік әдістің  ғылыми

негізі.


19

Тәжірибелік бағыты мен тақырыптық циклы бар сабақтар:

топтап 

шоғырландыру



ұстанымын 

(оқу 


материалдары

ғылыми


негіздетеріліп алынған тілдік топтардан тұрады);

басқа  тіл  мазмұнының экстралингвистикалық және  лингвистикалық

компоненттерінің байланысын;

тілдік 


мәліметтерді 

беруде 


жүйелілік, 

функционалдық

және

коммуникативтік ұстанымдарды жүзеге асыруды қамтиды.



Сабақ жоспарларының үлгісі төменде берілген.

Функционалдық-комуникативтік технология бойынша жоспарлау төмендегі

тұжырымға әкеледі:

1. Бұл


дәстүрлі  сабақтар  санын  табиғи түрде

қысқарту  арқылы оқу

уақытын тиімді бөлуді қамтиды.

2. Оқу материалдарын өріс бойынша меңгеруге және талап қоюға негіз бол

алады.

3. Сыныпта тілдік ортаны құруға мүмкіндік береді



4. Сан қилы әдістерді қолдану мүмкіндігін кеңейтеді, оларды түрлендіреді,

тіл үйретуге берілген сағат санын көбейтеді.

Орыс  тілі  сабақтарын  тақырып

негізінде

ұйымдастыруды

әдіскер


Л.В.Логвинова  [6]  да өз  тәжірибесінде  жүзеге  асырады. Біз ұсынған  оқу

үдерісін


ұйымдастырудан  айырмашылығы

-

Л.В.Логвинованың



тілдік

тақырыпты нақты бір дәстүрлі сөйлесу тақырыбымен байланыстыруы. Сабақты

жоспарлауда  басты мәлімет  болып  тілдік  жүйе  саналады, әдеби  мәтіндерден

тілдік  мәліметтер  теріліп  алынады.  Мысалы,  Л.В.Логвинова

«Сын  есім»

тақырыбын үйретуге

арналған  кіріспе    сабақта  алдағы  жұмыстың  қисынды

әдістері мазмұны  мен  тәрбиелік  мақсаттар  жиынтығымен  анықтайтын  оқыту

мақсаттарының

циклын 


белгілейді.

Мұндай 


көзқарас 

сабақтың


коммуникативтік  аспектісін  күшейтсе  де,  коммуникативтік

құзыреттілік

жүйесіз  дмытылады. Демек,  функционалдық-коммуникативтік  оқыту  (ФКО)

белгіленген әдістемелік ұстанымды жүзеге асырады.

Функционалдық-коммуникативтік 

оқыту 


технологиясы 

(ФКОТ) 


[7]

жағдайында  жоғарыда  айтылған ұстаным өз ұйытқысын  жүйелі  сабақтар

ретінде  5-9-сыныптарда  орын  алады:  сыныптан  сыныпқа  оқушылардың білімі

әр  деңгейде  тереңдетіледі  (  5  жылда  лексика,  фразеологизмге  10  сағат,  сөз

құрамы  мен  сөздің жасалуына  10  сағат,  морфологияға -10 сағат,  синтаксиске -

10  сағат).  Мысалы, қазақ мектебінде  орыс  тілінің бір  сабағында  көрнекі  түрде

орыс  тілінің жүйесі әр  түрлі  деңгейлердің жиынтығы  ретінде  көрсетілген.

Морфологияны  синтаксистік  негізде  лексикамен  шектелмеген  байланыста

оқыту  тақырыптық сабақтар  аясында  жоспарланған:  айтылымның лексикалық

дағдыларын қалыптастыру  және  жетілдіру  сабағында  лексика  функционалды-

коммуникативті  түрде  беріледі, өзінің шағын  ойларын  осы үлгілерде  берілген

алғашқы  дағдыларды

қолдануға  оқушыларды  баулиды.  Грамматикалық

дағдыларды қалыптастырғанда  (сабақтың  2-түрі)  оқушылардың бір  тақырып

аясында  грамматикалық  құбылыстарды  меңгеруін ұйғарады.  Бұл  жағдайда  біз

предикативтік  негізде әр  түрлі құрылымды  тақырыптық сөйлемді құрастыру



20

әдісін


ұсынамыз.

Қарастырылып  отырған  сабақтың

бұл  түрінде

бір


грамматикалық функционалды-мағыналық  өрісті қолдана  отырып, өз  ойларын

тілдік құралдар арқылы дұрыс жеткізу мақсаты көзделеді.

Оқушыларға  шақтық мағынасы  бар  берілген  сөйлемдерді қолдана  отырып

көктем туралы айтып беру ұсынылады.



(15  сәуірде  дала  бәйшешекке  толады.  Мамырға  дейін  жер  көктемгі

шалшықтан құрғайды.  Наурыз  бен  сәуір  аралығында қар қарқынды  ериді.

Балалық шақтан  тек  көктемгі орман  туралы әсем  естеліктер қалды.

Көктемді  наурыздың  14-күнінен  бастап  санау  дұрыс.  Көктемнен  бастап

құстардың сан қилы дауыстары естіледі).

Демек,  айтылымның грамматикалық дағдыларын қалыптастыру  және

жетілдіру  сабағында  бір  тақырыптық  өріс  шегінде  жүйелі  белсенді әр  түрлі

грамматикалық амалдар іске асырылады.

Жүйелілік

ұстанымы 

айтылымның

стилистикалық

дағдыларын

қалыптастыру  сабақтарында  іске  асырылады.  Стилистикалық сөйлемдерді

ауыстыру  ерекше әдісі  оқушылардың  «стиль  сезімін»  дамытады.  Бұл әдіс,

өкінішке  орай,  оқулықтарда  жүйелі  түрде  орын  алмағандықтан,  мұғалім

бастапқы  кезеңде  сөйлем үлгілерінің негізінде  сөйлесудің ресми\ биресми

жағдайда өтуіне қарай  лексикалық амалдарды  саналы  таңдау  дағдыларын

оятады.

Жоғарыда айтылғандар  түйінделіп, келесі қорытындылар жасалды:



1. Тілдік құзырлықты қалыптастыруда  іргетастық негіз  болып  көріністік

сабақтарда қалыптастырылатын сөйлесім құзырлығы саналады.

2. Тақырыптық

циклдың бірінші  сабағында  тілдік  тақырып  бойынша

талқыланатын  «пән,  зат»  оралымы  шешіледі,  цикл

соңында  оқушылардың

айтылымдары нәтижелі деңгей көрсетеді. Айтылатын ой кейде аяқталған түрде

жеткізілмейді.Оның түсінікті,  жарамды  болуы үшін,  ойды  жетілдіру  бойынша

арнайы жұмыс жүргізілуі керек. Сол себептен барлық бағдарламалық тақырып

бойынша когнитивті құрылым, яғни фрейм анықталған.

3. Ұсынылған  фреймдік құрылым  негізінде  лексикалық-грамматикалық

құралдарды  саналы

түрде

меңгеруге



болады.  «Мәліметті  тақырыптық

ұйымдастыру екінші тілге оқытудың жаңашыл әдістемесінде білімді тек саналы

түрде  меңгеру ғана емес,  оны  тәжірибе

жүзінде  тілдік  дағдыны  көрсетуді

шешетін саналылық ұстанымын өмірде қолдануға көмектеседі».

4. Тақырыптық цикл – пәндік,  тілдік,  сөйлесімдік,  коммуникативтік,

этномәдени құзыреттілікті жүйелі қалыптастырудың қолайлы негізі.

5. Тақырыптық сабақ оқушылардың мәліметті меңгеруде қабылдау сәтінен

бастап  оны өз  тілінде қолдану жұмысын ұйымдастырады.  Жүйелі тілдесу

сөйлесімнің ахуалы  мен  оның түріне,  берілген  мәліметке  байланысты.

Тақырыптық сабақтар  тіл  дамытуға әсер  етеді,  оны қалыптастыруда  дәйекті

қисынды үдерісті қамтиды, әдеби тілдің қажетті үлгілерін ұсынады.

6. Арнайы шағын  тақырыпты  көрсету.  «Халық  ...»  «Белгілі  адамдар»

оқушылардың

жалпыхалықтық

мінезіне 

сай 

тұрпалық


тұжырыммен

оқушылардың тілін  байытуға, әдеби  мәтіндерден  арнайы  теріліп  алынған



21

біріккен  кілттік ұғымдар өрісі  негізінде құрастыруға,  тіл  тұрпатын  күшейтуге,

бір когнитивті жүйенің екіншісімен қатынастыра білу деңгейіне себеп болады.

Нәтижесінде  мазмұнды екінші/үшінші  тілде сөйлесе  алатын

қызықты

сөйлесуші/әңгімеші тәрбиеленеді.



7. Сөйлесім  тақырыбын әдістемеге  сүйене  бөлу  оқушылардың санасында

тақырып  пен  функционалды-мағыналық  өріс  арасындағы

байланысты

қалыптастыруға    мүмкіндік береді.Орыс  тілді  емес  оқушыларға  не  айтылады

және

қалай  айтылатынын  бір  мезгілде  бекіту  ынтасы  оқушылардың



«стилистикалық соқырлық» деп аталатын құбылыспен күресуіне жол ашады.

8. Тақырыптық-циклдық

сабақтарды

ұйымдастыру 

кезінде

қарастырылатын 



мәселеге

өз

қатынасын 



орысша 

жеткізе 


білуді

қалыптастыратын  «Менің көзқарасым...»  деген  шағын  тақырып әр  циклда

қайталанады. Мәліметтердің байланысы ғана  емес,  тұлғаның оған қатынасын

анықтау, орнату, қызығушылық шарттары тұлға үшін мәліметті есте сақтау мен

қабылдауға маңызды әсер етеді.

9. Ал  ең негізгі  тұжырым - қазақ мектептерінде  тақырыптық цикл- орыс

тіліне үйретудің стратегиялық мақсатымен

сабақтарды ұйымдастырудың

өзіндік  байланысы:  осындай  оқытудың нәтижесінде қазақ – түлек әр өмірлік

тақырыпта орыс тілінде мазмұнды сөйлесімге дайын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет