Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті
дамыту мәселелері
Әдістемелік құрал
Астана
2013
2
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы № 1 хаттама).
Орта мектепте
оқыту процесінде
көптілділікті дамыту мәселелері.
Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы, 2013. – 85 б.
Әдістемелік
құралда
көптілділікті
дамытуға
арналған
әдістемелік
ұсыныстар берілген. Мектеп жағдайында тілдік және тілдік емес пәндерді
бағдарламалық сағат мөлшерінде екі тілде оқыту әдістемесі әзірленіп,
мектептің
бастауыш, негізгі орта және жоғары буындарында
қолдану
ерекшеліктері
қарастырылған.
Тілдік
пәндерді
функционалдық-
коммуникативтік,
тілдік
емес
пәндерді
когнитивтік-коммуникативтік
технологиялармен оқыту үлгілері ұсынылып отыр.
Бұл құрал білім беру жүйесіндегі әдіскерлерге, мектеп мұғалімдеріне
арналған.
© Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2013
3
Кіріспе
Еліміздің тәуелсіздігі нығайып, қоғамдағы демократияның өрісі кеңейген
шақта адамның қоғамдық та, тұлғалық та рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр.
Соған орай рухани құндылықтар жаңарып, адамның зияткерлік әлеуетін
қалыптастырудағы білімнің маңыздылығы туралы қағидалар түбегейлі өзгерді.
Жалпы білім беретін мектепте оқытылатын әрбір пән оқушы тұлғасын
жетілдірумен
қатар оның шығармашылық қабілеттерін дамытуды көздейді.
Оқушының
жан-жақты
білім
алуына
бағыт-бағдар
беруші
мұғалім
мәдениеттілік, шығармашылық, инновациялық тұрғыдан ойлай алатын және
бірнеше тілді білетін маман болуы шарт.
Бүгінгі технология және жаһандану заманында
өскелең ұрпақты
көпмәдениеттілікке тәрбиелеу
үдерісін іздестіру
қарқынды жүргізіліп
отырғанын байқауға болады. Қазіргі
таңда өзара байланысы мен өзара
тәуелділігі басым әлемде жас ұрпақты бәсекелестікке дайындаудың бірден бір
жолы көптілділік болып табылады.
Қазір көптілді білім беру – мектептегі оқу пәндерін екі немесе одан да көп
тілде оқыту, жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын,
әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік
беретін ең басты қажеттілік. Көптілді білім беру – көптілді тұлғаны
қалыптастырудың негізі. Қазіргі кезде
қоғамдық қатынас жағдайында
тұлғаның қалыптасу деңгейі көбінесе адамның өзін-өзі жүзеге асыра алуына,
бәсекеге қабілеттілігіне және әлеуметтік ұтқырлығына тікелей байланысты.
Жаһандануға бет бұрған заманда көптеген ұлттық айырмашылықтар
азайып, олар үшін аға буын аталарымыздың адамгершілік тәжірибесі мәнін
жоғалта бастады. Сондықтан мұғалімнің алдында
әр халықтың мәдени
құндылықтарын, аға буынның барлық үздік тәжірибелерін пайдалану арқылы
әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік беретін қолайлы
білімдік ортаны құру сияқты маңызды міндет тұр. Яғни, көпұлтты және
көпмәдениетті ортада белсенді, әрі тиімді өмір сүруге мүмкіндігі мол, өзге
мәдениеттерге түсіністік және
құрметпен
қарай алатын, бейбіт және
ынтымақтастықта өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру
үшін көптілді білім беру қажет.
Көптілді білім мазмұны ана тілі мен мемлекеттік тілде, сонымен қатар, бір
немесе бірнеше шетел тілінде жүйеленген білім, білік және дағдыны қамтуы
тиіс. Көпмәдениеттілік жағдайында көптілді білім беруді жүзеге асырудың
негізгі идеясы оқушылардың қажеттілігі мен қызығушылығына сәйкес түрлі
тілдерді
пайдалануға
ынталандыру,
мәдениетаралық
қарым-қатынас
дағдыларын қалыптастыру, өз халқының мәдени құндылықтарын жоғалтып
алмай, өзге елдің де мәдени құндылықтарын бойына сіңіре алу болып
табылады.
Елімізде үздіксіз жүргізілетін маңызды іс – тіл саясатын жүзеге асыру, тілді
меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру, жан-жақты дамыған, бәсекеге
4
қабілетті тұлға тәрбиелеу, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін –
жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау.
Ғылыми әдебиетте «көптілді білім беру - бұл мектепте оқу пәндерін екі
немесе одан да көп тілде аудармасыз оқыту» деген ұғым қалыптасқан. Бірақ
іргелі білім негіздерін меңгеру болашақтағы түбегейлі мақсат болғандықтан,
көптілділіктің «туын» көтеріп, стандарт мазмұнын білім алушыларға
толығымен жеткізу, одан оң нәтиже алу артқы шекте қалып қалмауы
әдістемелік ізденістерді талап етеді. Олай болса, аудармасыз оқыту мәселесі
тәжірибеде толығымен дұрыс нәтижеге жеткізіп жатыр деп айта алмаймыз.
Қазақстанның бүгінгі жағдайында оқушылар білім мазмұнын жетік меңгеру
үшін
білімді оқыту тілінде қабылдауы тиіс. Соның негізінде екінші тілді
меңгере алады. Ал аудармасыз оқыту- көптілділікті дамытудың келесі сатысы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттарының талаптарына жүгінсек, бүгінгі мектеп түлегі – көптілді
коммуникативтік және ақпараттық құзыреттілігі дамыған, көпмәдениетті,
рухани-адамгершілік, ұлтаралық қатынастар мәдениетінің жоғары деңгейін
меңгерген, қазақ елінің және жалпықазақстандық құндылықтарды қастерлейтін,
тілдерді меңгеруге тұрақты қызығушылық танытатын, отансүйгіштік және
азаматтық сана-сезімдері дамыған тұлға.
Еліміздің орта мектептеріндегі оқыту процесінде көптілділікті дамытудың
басты тұжырымдары: тәуелсіз Қазақстанның үш тілді қатар пайдалана алатын
мемлекет ретінде дамуы; «Үштұғырлы тіл» ұлттық жобасы – қоғамдық
келісімді нығайтудың негізгі факторы; көптілділік – тілдер мен мәдениеттер
байланысын дамытушы құбылыс.
Тәуелсіз елімізде негізгі үш тілді дамытуға басымдық беріле отырып,
мемлекетімізде өмір сүріп жатқан басқа халықтардың тілдері де назардан тыс
қалған жоқ. Өйткені, мәдениет мен тілдердің саналуандығы – бұл Қазақстанның
ұлттық байлығы. Яғни, еліміздегі кез-келген этностың өкілі қай тілде білім
алатынын ерікті түрде таңдай алады. Қоғамымызда барлық этностардың
мәдениеті мен тілін дамытудың бірегей формуласы жасалып отыр.
Қазақстан қоғамының әлеуметтік-экономикалық, рухани қалыптасуының
жаңа міндеттерін іс жүзінде асыруға дайын жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі
факторларының бірі – мектепте көптілді білім беруді жолға қою болып
табылады.
Көптілді білім – көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Қазақ тілі
– мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-
өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол
ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толеранттылығын және планетарлық
ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту,
сонымен қатар көптілділікті меңгертуді жолға қою – бүгінгі таңда орта білім
жүйесіндегі педагогикалық үдерістің негізгі бағыттарының бірі.
Тілдердің үштұғырлығы туралы идея 2006 жылдың қазанында Қазақстан
халқы Ассамблеясының
ХІІ сессиясында ресми түрде мәлімделді. Ол
мемлекетіміздің әлемдік қоғамдастыққа енуіндегі өмірлік қажеттіліктерге
5
негізделді. Дамыған әлемдік тілдер ішінде ағылшын тілі ел мен халықтың
коммуникациялық және интеграциялық қабілеттерін кеңейтетін тіл ретінде
таңдалды. Президент 2007 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында
[1] «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын кезеңді жүзеге асыруды
бастауды ұсынды.
«Тілдерді дамыту мен
қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасының» [2] іске асырылуы үш кезеңге бөлініп отыр.
2011-2013 жылдар аралығында (бірінші кезең) тілдерді дамыту мен қолданудың
нормативтік-құқықтық және әдіснамалық негізін арттыруға арналған шаралар
кешенін өткізу жоспарланған. 2014-2016 жылдарда (екінші кезең) мемлекеттік
тілді оқыту мен қолдану технологиялары мен әдістерін енгізу практикалық
шаралар кешенін жүзеге асыру және тілдердің көптүрлілігін сақтау жұмыстары
көзделіп отыр. 2017-2020 жылдар аралығында (үшінші кезең) өзге тілдердің
қолданысын сақтаумен
қатар,
қоғамдық өмірдің
барлық
салаларында
мемлекеттік тілдің қажеттілік деңгейін, оның қолданылу сұранысының сапасы
мен меңгерілуін жүйелі мониторинг арқылы нәтижесін шығару белгіленген.
Бағдарлама бойынша мемлекеттік тілді қазақстандық өзге ұлт азаматтарының
2014 жылы – 20%-ы, 2017 жылы – 80 %-ы, 2020 жылы – 95 %-ы, сонымен
қатар, орыс тілін 2020 жылы қазақстандықтардың 90%-ы, ағылшын тілін 2014
жылы – 10%-ы, 2017 жылы - 15%-ы, 2020 жылы -20%-ы меңгеру керек деген
мақсат қойылуда. Үш тілді меңгерген халықтың бөлігі 2014 жылы - 10%, 2017
жылы - 12%, 2020 жылы - 15% құрау керек деген міндет қойылып отыр.
(http://tengrinews.kz/vibori/178150/) [3].
Қазақстан Республикасының
Президенті
–
ұлт көшбасшысы Н.Ә.
Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» [4] атты Жолдауы аясында білім
беру саласындағы стратегия мен саясатты қайта пайымдау жүргізілуде.
Елбасы «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын
тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап
жатырмыз» деп, осы мәселеге орай белсенді түрде іс жүргізу қажеттігін
белгілеп берді. Аталған үш тілдің әрқайсысының функционалдық мүмкіндіктері
мен өзіндік орындарын барынша ашу қажет.
Ұлттық бірлік доктринасында мемлекеттік тіл негізгі басымдықпен,
сонымен қатар рухани және ұлттық бірліктің басты факторы екендігі
айқындалған. Тілдерді меңгеру - әрбір Қазақстан азаматының парызы мен
міндеті, бұл олардың қоғамдық өмірде бәсекеге қабілеттілігі мен белсенділігін
айқындайтын болуы тиіс.
Осы бағдарламаны іске асыруда отандық білім беру жүйесінің үлесі басым
болмақ. Алдымен қазақстандық білім жүйесі бәсекеге қабілетті болу үшін,
мектеп түлектері кез келген шет елде оқуын жалғастыра алатын деңгейге жетуі
қажет. Оның негізі - әлемдік тілді жетік білу. Қазақстан білімінің жақсы
дәстүрін сақтай отырып, оқушыларды халықаралық біліктілік сапасымен
қамтамасыз ету кейінге қалдырылмайтын мәселе.
6
Мектептегі көптілдік білім берудің жағдайы: 2011-2012 оқу жылында
республикамызда көптілді білім беретін 33 «Мұрагер» арнайы мектептері;
дарынды балаларға арналған 115 арнайы мектептер, 6 Назарбаев зияткерлік
мектептері, 2 «Мирас» мектебі, 2 «Хэйлибери» мектебі, 29 қазақ-түрік
лицейлері жұмыс істеді. Қазақ-түрік лицейлерінде оқыту төрт тілде жүргізіледі.
Яғни, математика, информатика және жаратылыстану циклі пәндері ағылшын
тілінде, қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы мен Қазақстан географиясы,
«Адам.
Қоғам.
Құқық»,
дүниежүзі тарихы
қазақ
тілінде, дүниежүзі
географиясы, түрік тілі пәндері түрік тілінде, орыс тілі мен әдебиеті пәндері
орыс тілінде оқытылады.
1-кесте – Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған арнайы мектептер
Облысы
Мектеп, мекенжайы
Алматы қ.
№159 гимназия;
№ 34 гимназия;
№ 140 гимназия;
№8 мектеп-лицейі
Астана қ.
№ 48 мектеп-лицейі
Акмола облысы
М.Ғабдуллин атындағы № 3 ОМ., Көкшетау қ.
Ақтөбе облысы
№ 21 мектеп-гимназия Ақтөбе қ.
Алматы облысы
№2 Қарғалы мектеп-гимназиясы, Жамбыл ауданы;
№ 8 орта мектеп-гимназия, Талғар қаласы;
әл-Фараби атындағы орта мектеп-гимназия, Қарасай ауд;
№ 20 мектеп-лицей,Талдықорған қ.;
№ 24 мектеп-лицей,Талдықорған қ.
Атырау облысы
№ 30 ОМ, Атырау қ.
Шығыс
Қазақстан
облысы
Дарынды балаларға арналған «Восток» ғылыми-зерттеу
орталығы мектеп-кешені, Өскемен қ.;
Шәкәрім ат. №5 мектеп-гимназия, Семей қ.
Жамбыл облысы
№ 3 ОМ, Тараз қ.
Батыс
Қазақстан
облысы
№ 8 ОМ, Орал қ.;
С.Сейфуллин ат. №11 облыстық қазақ мектеп-интернаты,
Орал қ.
Қарағанды облысы
Облыстық «Мұрагер» арнайы мектебі, Қарағанды қ.;
Н.Нұрмақов ат. дарынды балаларға арналған мектеп-
интернаты, Қарағанды қ.
Қостанай облысы
Облыстық дарынды балаларға арналған «Озат» мектеп-
интернаты, Қостанай қ.
Қызылорда облысы
№ 2 ОМ, Қызылорда қ.
Павлодар облысы
Дарынды балаларға арналған № 3 мектеп-гимназия
Павлодар қ.
7
Солтүстік
Қазақстан
облысы
Облыстық дарынды балаларға арналған«Лорд» арнайы
мектеп-лицейі, Петропавловск қ.
Ш. Уәлиханов ат. мектеп-гимназия, Петропавловск қ.
Оңтүстік
Қазақстан
облысы
№ 8 мектеп-гимназия, Шымкент қ.
Дарынды балаларға арналған №1арнайы мектеп-интернат,
Шымкент қ.
№12 мектеп-интернат, Шымкент қ.;
М Әуезов ат. ОМ, Байдібек ауданы;
Абай ат., ОМ, Түлкібас ауданы
Манғыстау облысы
Экономикалық лицей, Ақтау қ.
Алматыдағы «HaileyburyAlmaty» мектебінің оқу жоспары Ұлыбритания
мемлекетінің стандарты негізінде жасалды. 12-сыныптардағы оқытуды мұғалім
мен оның екі көмекшісі жүргізеді. Көмекшілер қазақ, орыс, ағылшын тілдерін
меңгерген. Көмекшілердің негізгі міндеті тақырыптың түсініксіз тұстарын
түсіндіру және оларды ағылшын тілінен қазақ/орыс тілдеріне аудару, білім
алуға ынталандыру, сонымен қатар ағылшын тілін оқуға қызығушылықтарын
арттыру болып табылады. Негізгі және жалпы орта деңгейлерге арналған оқу
жоспарында ағылшын, қазақ (Қазақстан азаматтары үшін) тілдері, математика
пәндерінен емтихан тапсыру міндетті деп белгіленген.
Аталып отырған мектептер арнайы орта білім ұйымдары болып отыр. Ал
жаппай мектептерді алатын болсақ, мұндай көптілділікке үйрету жағдайы бола
бермейтіні сөзсіз: педагог кадрлардың екі тілде дәріс беруге дайындығының
жоқтығы, қазақстандықтардың көптілділік деңгейінің төмендігі, сол деңгейге
еліміздегі оқулықтардың икемделмегені.
Мектептің оқыту тіліне қатысты емес басқа тілдердің мазмұнын оқушының
қазіргі және болашақ мүддесінен шығару
қажет деп санаймыз. Сонда
мектептің төменгі және орта буын оқушылары
күнделікті қарым-қатынас
жасау және қоршаған ортаға байланысты әңгімелесу төңірегінде екінші –
үшінші тілдерді меңгерсе, жоғары сыныптарда және кәсіптік білім беру
жүйесінде сол тілдер пәндерінің мазмұны таңдаған болашақ мамандық аясын
жүйелі функционалды түрде қамтуы тиіс. Жүйелілік дегеніміз – екінші-үшінші
тіл пәндерінің мазмұнын белгілі бір мамандардың кәсіби қарым-қатынасының
қалпына ықшамдау. Осы мәселемен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы айналысуда.
Өзге тілді мектептерде мемлекеттік тіл бастауыш сыныпта – 544 сағат, 5-9-
сыныптар арасында – 850 сағат, 10-11-сыныптарда – 272 сағат оқытылады.
Жалпы сағат саны 11 жылдың ішінде бір оқушы 1666 сағат оқиды. Оның
үстіне сыныптар 2 топқа бөлініп оқытылады. Мұғалімдерге 15 % үстеме ақы
төленіп отыр. Мемлекет тарапынан осыншама жақсы жағдай жасалуына
қарамастан, нәтиже ойдағыдай емес. Оның үстіне мемлекеттік тілді оқыту
үдерісі
қазіргі
жаңа
техниқалық
құралдармен
жақсы
жабдықталған.
Материалдық жағдай жасалғанына қарамастан неге бүгін керекті нәтижеге жете
алмай отырмыз? Неге 2 ай оқыған шетелдік азаматтар қазақ тілді қолданыс
8
аясына ықшамдап меңгере қояды? Бұл айтылған қайшылықтардың себебі қазақ
тілі пәндерінің мазмұны қоғамның сыртқы сұранысына сәйкестендірілмей, тіл
жүйесінің теориясын берумен, ал сөйлеу, қарым-қатынас жасау материалын
тіл жүйесіне тіркеме құрал етіп қолдануы. Осы орайда қазақ тілі пәні мазмұнын
әлі де жүйелі түрде ғылыми тұжырымға негізделген жолмен анықтау керек
екені байқалып отыр.
Көп тіл білетін тұлғаны қалыптастыру үшін оқу үдерісін ұйымдастырғанда,
оқытудың мазмұны, принциптері ерекше іріктелгенде, жоспарлау, оқытудың
сәйкестігі көзделген арнайы технология жасалып, осы оқытудың нәтижесі
назарда ұсталғанда көп тіл білетін тұлғаның қалыптасуы мүмкін.
Бірін бірі өзара толықтырып отыратын мына жолдар ұсынылады.
Бірінші жол. Бұл мектептерде мазмұны бірыңғай тақырыптық-сөздік
негізбен сипатталатын элективті курс, оған үш не төрт тілден белгілі бір
тақырыпта
қолданылатын лексикалық-грамматикалық
материал іріктеліп
алынады. Қолданбалы курстардың атауы мынадай болуы мүмкін: «Күнделікті
көптілділік» (бастауыш және орта буынға арналған), «Мәдениет саласындағы
көптілділік», «Экономика саласындағы көптілділік», «Қоғамдық-саяси өмірдегі
көптілділік». Бұл оқушыларға көп тіл үйретудің оңай жолы, оқу жоспарларына
өзгеріс енгізудің қажеті жоқ. Дегенмен бұл жол жеткіліксіз. Өзге міндетті оқу
пәндерімен салыстырғанда екінші қатарға ысырылған элективті курстар
мұғалімдер жоғары жауапкершілік сезінгенде, оқушыларда тілдерді оқуға деген
табиғи құмартушылық, мектеп әкімшілігі тарапынан айырықша бақылау
болғанда ғана оң нәтиже береді.
Екінші жол. Оқу жоспарына күрт өзгерістер енгізуді қажет етеді. Тіл оқыту
жөніндегі әдіскер ретінде басқа дәстүрлі емес жолды ұсынамыз. Бұл қазақ
мектебінде орыс және шетел тілдері, орыс мектебінде қазақ және шетел тілдері
сабақтарын біріктіру, яғни кіріктірілген тілдік курс құру, ол үшін бірыңғай
тақырып минимумын, бірыңғай жағдаяттар минимумын, сөйлеу ниетінің
бірыңғай минимумын анықтау, үш тілден семантикалық нышандары сәйкесетін
лексикалық – фразеологиялық және грамматикалық минимумдар құрастыру.
Үшінші жол. Барлық тілдік пәндерді (ана тіл, екінші тіл, шетел тіл)
функционалды-коммуникативтік технология бойынша бірыңғай тақырыптық
минимум негізінде оқытуға болады (Болатбаева К.Н). Бұл жағдайда әр тілдік
пән жеке түрінде оқытылады, бірақ тіл дамыту тақырыптары уақыттық
параллелизм принципінің негізінде бірдей болуы тиіс.
Төртініші жол. Бұл жол Павлодар облысының кейбір мектептерінде
өткеріле бастады. Ол – тілдік емес пәнді (биология, физика, информатика,
математика т.б) үш және одан көп тілде когнитивтік-коммуникативтік
технология бойынша оқыту.
Бесінші жол. Тілдік тәжірибе үшін оқушылардың алмасу мақсатымен
халықаралық қатынастарды белгілеу. Бұл жол қосымша және демалыс кезінде
іске асырылады.
Барлық жолдарды жүзеге асыру үшін керекті әдістемелік тәсілдер
ұсынылады.
9
1 Бастауыш мектепте көптілділікті дамыту әдістемесі
1.1 Бастауыш сыныпта шетел тілін енгізу мәселелері
Белсенді түрде қолданылып жүрген әлемдік тілді қамтыған көптілділік
Қазақстан
халықтарын
рухани
дамытумен
қатар
еліміздің
бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін ішкі саясаттың жекелеген бағыты
ретінде ерекшеленді. Жаппай көптілділіктің
негізгі
іргетасы мектепте
қаланатыны сөзсіз. Бұл білім беру жүйесіне түрлі объективті факторларды
ескере отырып, көптеген шұғыл орындалатын міндеттерді шешуді алға қояды.
Мектепте
көптілді
тұлғаның
қалыптасуы,
оқу
процесінің
айқын
ұйымдастырылуы мазмұн мен оқыту принциптерін арнайы таңдау, оқыту және
нәтижені
тексеру,
сәйкесінше
жоспарлауды
қадағалайтын
арнайы
технологияларды қолдану барысында мүмкін болады.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің оқу сағаттарының қажетті санын оқу
жоспарына нормативті енгізу, тілдік емес пәндерді ерекше технология
бойынша екі және үш тілде оқытуды ұйымдастыру, мазмұны тақырыптық
тілдік негізді сипаттайтын қосымша элективті курстарды енгізу - мектепте
көптілділікті дамытудың сыртқы шарттары болып табылады.
Мектепте
көптілділікті
жоспарлы
түрде
дамыту
процесі
ұйымдастырушылық және әдістемелік сипаттағы қайшылықтардың дұрыс
шешіміне байланысты. Бір жағынан, мектепте қазақ тілін, одан кейін қарым-
қатынас құралы ретінде орыс және ағылшын тілдерін меңгерген көптілді
тұлғаны қалыптастырудың қажеттілігін, екінші жағынан, ағылшын тілді табиғи
ортаның болмауын, бастауыш кезеңінен бастап мектеп оқушысын жалпы жан-
жақты дамыту керектігін, ағылшын тілі пәнінің сағат сандарының кері әсері
тимейтіндей ғылыми негізде бөліну мәселесінің шешілмеуін және бастауыш
мектепке арналған қазақстандық ағылшын тілі оқулықтарының болмауын
сыртқы қарама-қайшылықтар деп есептейміз.
Ішкі қайшылықтар ретінде саналатын әдістемелік сипаттағы мәселелерді
қарастырайық.
Мектепте тіл пәндерінің
сағаттарын тиімді пайдалану
мақсатында сөйлеу тақырыптарының бірдей болу негізінде екінші тілдерді
кіріктіру
маңызды
болып
табылады.
Оқушылардың
коммуникативтік
құзыреттілігін
қалыптастыру
стратегиялық
мақсатына
сәйкес
тілдік
құралдардың дұрыс іріктелмеуі де шешілмеген мәселе. Яғни, әлі күнге дейін
абстрактілі тілдік жүйеге сүйенудеміз. Ал функционалды, қарым-қатынас
құралы ретінде тілді меңгерту оқу бағдарламасы, оқулықтар мен оқу-
әдістемелік кешен авторларының құзыретіне байланысты болып отыр.
Әлі де XIX ғасырдың 60-70 жылдарында қалыптасқан дәстүр бойынша
мұғалім тілді оқытудың
соңғы нәтижесін оқушылардың
фонетикалық,
лексикалық,
фразеологиялық,
сөзжасам, морфология және синтаксистік
деңгейлердегі біліктер жиынтығымен шектейді. Сонда тілдің коммуникативтік
қызметі не оқулықта, не мұғалімнің сабақ жоспарында жүйелі көрініс
таппайды. Қазақ тілін мемлекеттік, орыс тілін екінші тіл ретінде және шетел
10
тілін оқыту барысында тілдік құралдарды функционалды түрде игерту
мәселесін
шешуге
мүмкіндік
беретін
тілдік
пәндер
мазмұнының
лингвистикадан тыс, шындық-болмыс компоненттерін ескеру маңызды.
Сонымен қатар, Қазақстан мектептерінде көптілділікті дамытуда тілдерді оқыту
сапасын арттыруға мүмкіндік беретін функционалдық тұрғыдан жасалған екі
және үш тілді оқу сөздіктерінің рөлі зор. Қазіргі таңда Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясында орта білім беру саласындағы лингводидактикалық
мәселелерді шешу бойынша жүйелі жұмыс басталды және Қазақстанның оқу
ұйымдарында көптілділікті дамытудың ғылыми тұжырымдамасы әзірленуде.
Мектепте ағылшын тілін ерте жастан меңгертудің көп жақты ғылыми
негіздемесі осы аспектідегі жұмыстардың ерекше бағыты болып табылады.
2011 жылы сәуірдің 17 күні Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан
мектептерінде
оқушыларға 1-ші сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту мәселесі бойынша
тапсырма берді.
Бұл мәселенің нақты шешілуі қазақстандық оқу орындарында келесі
қиындықтармен ұштасып отыр:
қоршаған ортаның әлемдік тілді меңгеруге ықпалының жоқтығы;
мамандығы тіл және әдебиет емес мұғалімдердің тілді оқыту әдістемесін
білмеуі;
тілдік емес пәндер мұғалімдерінің мемлекеттік тіл мен/немесе ағылшын
тілін білмеуі;
оқулықтардың екі тілде (қосымша жағдай болса-үшінші тілде) оқыту
жағдайына икемделмегені;
ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың
керекті деңгейде
қолданылмауы.
Осыған байланысты ҚР БҒМ мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясында бастауыш мектептерге ағылшын тілін енгізу механизмін әзірлеу
және теориялық негіздемесі бойынша жұмыс барысының
нәтижесінде
Кезеңдік жоспар әзірленді, мұнда төмендегілер қамтылды:
Қазақстан Республикасының бастауыш мектептерінде ағылшын тілін
меңгертудің
психологиялық-педагогикалық
және
ғылыми-әдістемелік
негіздемесін әзірлеу;
бастауыш сыныптарда ағылшын тілін меңгерту бойынша оқу
бағдарламаларын дайындау және МЖБС-на өзгерістер енгізу;
бастауыш мектеп оқушыларына арналған ағылшын тілі пәні бойынша
оқу-әдістемелік кешен дайындау;
лингафонды мультимедиялық кабинеттер мен интерактивті тақталармен
жабдықталған
кабинеттер
жағдайында
ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдануын талап ететін әдістемелік құралдардарды әзірлеу.
Бүгінгі таңда ағылшын тілін ерте жастан оқыту ғылымда педагогикалық
жаңалықтарды жасау, қабылдау, бағалау, меңгеру және қолдануды басқару
процесімен
түсіндірілетін
инновациялық
үдеріс
болып
қабылданады.
Сондықтан
Ы.Алтынсарин
атындағы
Ұлттық
білім
академиясында
11
инновациялық-педагогикалық
іс-әрекетті
ғылыми-әдістемелік
жағынан
қамтамасыз етудің арнайы жүйесін әзірлеу мақсатында шығармашылық топ
құрылды.
Ағылшын тілі бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың әдіснамалық негізі
ана тілін меңгеру және тұлғаның әлеуметтену үдерістерін қайталау болып
табылады. Балалар өз ана тілінде жазуды меңгергенге дейін, бір жастан бастап
қоршаған ортамен қарым-қатынас барысында табиғи қажеттіліктерін білдіретін
қарапайым
түрде өз ойларын жеткізе бастайды. Мектеп алды
жасындағы
балалар нақты түсініктерге сүйенеді,
өйткені олар абстрактілі ойлау
элементтерін ғана меңгере бастайды. Осы факторлар бірінші сыныпта ағылшын
тілінде жаздырмауға, сондай-ақ ағылшын алфавитімен таныстырмауға негіз
болады.
Өз ойларын білдіру қажеттіліктерін тудыратын қоршаған орта жағдайы
ағылшын тілін меңгертудің алғашқы сатысы болуы тиіс. Қазақстанда мұндай
табиғи қалыптасқан жағдай жоқ. Сондықтан ағылшын тілін меңгеру үдерісін
қарым-қатынастың шынайы жағдайына жақындастыру мақсатында қоршаған
болмысты
әдіснамалық
тұрғыдан
ықшамдау
жүргізу
қажет.
Экстралингвистикалық материал белгілі бір сатылы ұйымдастырылған жүйені
білдіреді, ол мынадай тізбе арқылы көрініс табады: тақырыптық өріс – шағын
тақырыптар және оларға сәйкес тақырыптық
сөздер тобы
–
сөйлеу
интенциялары және оларға қызмет атқаратын грамматикалық құрылымдар –
тілдік жағдаяттар – диалогтік бірліктер – диалог құрылымдық-мазмұндық
сызба-нұсқалары.
Осы орайда оқытудың келесі дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алу
қажет: тәрбиелеп оқыту,
белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және бірізділік,
меңгеруді бекіту, қолжетімділік, дараландыру принциптері.
Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың жоспарланған нәтижесіне
жету үшін жалпы дидактикалық ұстанымдармен қатар жеке әдістемелік немесе
лингводидактикалық принциптерді басшылыққа алған жөн, олар декларативті
түрде қалмауы тиіс, оқу материалын ықшамдау (минимизациялау) барысы
секілді оқу үдерісін жоспарлауда да жүзеге асырылуы қажет.
1-ші сыныпта ағылшын тілінде жазғызуға болмайтындығына байланысты
пәннің алдын ала өткізілетін ауызша мазмұны болады. Мұнда оқытудың басты
принципі – коммуникативтілік болып табылады. Бұл оқу үдерісін бастауыш
мектеп оқушыларының тұрмыстық және оқу жағдайындағы қарым-қатынас
барысында тыңдалым, айтылым (оқу мен жазу 2-сыныптан бастап енгізіледі)
секілді тілдік
қызметтерін нақты
қарым-қатынас жағдайына барынша
жақындатуды қамтамасыз етеді.
Бастауыш мектеп оқушыларына ағылшын тілін оқытуда функционалдық
принципке баса назар аудару қажет. Тілдік жүйе абстрактілі түрде емес, нақты
тақырыптарға, жағдаяттарға қызмет ететін ағылшын тілінің түрлі деңгейіндегі,
яғни
лексикалық
және
синтаксистік
(фонетикалық,
сөзжасамдық,
морфологиялық) құралдарының микрожүйесі ретінде көрініс табады.
12
Тіл үш аспектіде қызмет етеді: а) тілдік-құрылымдық, мұнда төменгі деңгей
бірліктері жоғары деңгей
бірліктерін
құрайды (дыбыстар
–
буындар,
морфемалар – сөздер, сөздер – сөз тіркестері мен сөйлемдер, сөз тіркестері мен
сөздердің тіркесуі – сөйлем, сөйлем – күрделі синтаксистік тұтастық, күрделі
синтаксистік тұтастық және жекелеген сөйлемдер – мәтін); б) сөйлеу тілінің
құрылымы, мұнда қандай да бір ойды білдіру үшін сөздер мен сөз тіркестері,
предикативтік қолданылады; в) тілдік емес, мұнда тілдік жүйе тілдік құрылым
емес, яғни ол материалдық-заттық әлем, қоғам, санаға қатысты қызмет етеді.
Бастауыш мектеп оқушылары үшін тілдік минимумды анықтауда тілдік
емес қызметтерді ескеру 1-сыныптың оқу үдерісін ұйымдастыруда сыртқы
әлемнің «бейнесін» пайдалану тәрізді нәтижелі болып табылады.
Тілдің көптүрлі қызметінде таным, ұлттық-мәдени және аккумулятивті
қызметтер басым болып табылады, олар өз бірлігінде когнитивті қызмет
атқарады.
Орта білім және одан кейінгі кәсіптік білім деңгейлерінде көптілділіктің
қалыптасуы
бастауыш
сыныптарда
ағылшын
тілін
оқытуды
дұрыс
ұйымдастыру әдістемесіне байланысты болады.
Көптілділікті дамыту мәселесінің туындаған себебі мемлекет дамуымен
тікелей байланысты. Осы тұрғыда ең маңызды істің бірі – жалпыға міндетті
білім беру стандартын оқушылар мен студенттерге меңгерте отыра, оларды
көптілді тұлға ретінде қалыптастыру. Бұл кезде «оқыту технологиясы»
ұғымына сүйенеміз. Оның мағынасы: қысқа уақыт ішінде күш-қуат пенен
құралдарды аз жұмсай отырып, алға қойылған оқыту мақсатына жетуді
қамтамасыз ететін ғылыми ұйымдастырылған еңбектің неғұрлым тиімді
тәсілдерінің жиынтығы. Технология қолданбаса, стандартта берілген сағатты
пәннің мазмұнымен қосымша мемлекеттік немесе ағылшын тілді меңгеру
мүмкін емес: немесе стандарт оқыту тілінде ғана меңгеріледі, немесе екінші
тілмен шұғылданып, стандарт мазмұны толық меңгерілмей қалуы мүмкін.
Бүгінгі күні Ы.Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясында
көпмәдениетті тұлға
үш тілді күнделікті
қарым-қатынас пен болашақ
мамандығына бейімделген шеңберде меңгерген және кәсіби саладағы әлемдік
жетістіктерге ұмтылып, өз еліндегі өнімнің сапасын әлемдік деңгейге көтеруге
және одан әрі асыруға үлесін қоса алатын тұлға деп анықталды. Ал олай болса,
көптілдік дегеніміз көпмәдениетті тұлға тәрбиелеудің негізгі шарты болып
саналады. Көптілдік жеке адамға ғана емес, қазақстандық қоғамға пайда
әкелетін фактор деп санауымыз қажет. Көптілдікті дамыту барысында
патриоттық тәрбиені күшейту мәселесі туындайды. Басқа тілдерді үйренумен,
басқа мәдениетті білумен қатар, жас ұрпақтың өз елінің құндылықтарын биік
ұстауына бүгінгі мектеп пен жоғары оқу орындары жауапты. Ол үшін жүйелі
түрде тәрбие жұмысының концепциясын Академияның тұлғаны тәрбиелеу мен
дамыту зертханасы жасауда. Тағы бір өзекті мәселе – көптілділікті дамыту
барысында оқушылардың жүктемесін нормадан тыс асырмау. Тілдік пәндердің
мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы осы бағытта атқарылатын істердің
бірі болып саналады.
13
Достарыңызбен бөлісу: |