Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


 Оқушылардың диалогтік сөйлесу дағдысын дамыту



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата03.03.2017
өлшемі9,78 Mb.
#6257
1   2   3   4   5   6   7   8

2.2 Оқушылардың диалогтік сөйлесу дағдысын дамыту

Диалогтік сөйлесу дағдысын дамыту сабағында жүйелілік ұстанымы белгілі

бастапқы  тілдік қимылы  бар  диалогты  ашу  сызба-нұсқасы жиынтығын

қамтумен жүзеге асырылады. Соның негізінде басқа тілде айтушыдан қосымша

жүктемені алатын стратегия және тактика көрінісін қозғайды. Оқыту тәжірибесі

сөйлесудің

стратегиялық

мақсатына  жету

үшін  тактика  мен  жағдаят

аралығындағы  ассоциативтік  байланысты  ескеру  маңызды  нәтиже  беретінін

көрсетті.

Жүйелілік ұстанымы монологтік  тілдесуді  дамыту сабақтарында  да

жүзеге  асырылады.  Адамның іс-әрекетінің

нәтижесі  ретінде  монолог,  мәтін

өзіне  тән  жүйеден  тұратын  келесідей  түрлерді  білдіреді:  мәлімдеме  монологі,

сипаттау  монологі,  пайымдау  монологі,  аралас  монолог  түрі,  монолог-әңгіме,

ресми іс  монологы,  публицистикалық монолог, әдеби  монолог, ғылыми

монолог.  Оқу үрдісінде  тақырыпқа,  монологқа  оқытуды ұйымдастыруына, әр

монологтың дәйекті  жанрлык ұсынысына қатысты  басқа  тілде  сөйлесуге

үйретуде «монологтік тақырып» біртіндеп  көрсетіледі.

Жүйелілік

ұстанымы 

емлелік 

және 


пунктуациялық

сауаттылықты

қалыптастыруда  да  іске  асырылады.  Сабақтар  айналымын ұйымдастыру

жағдайы жазу сауаттылығын қалыптастыруды қамтиды.

Пунктуациялық дағдылар  синтаксистік  көріністі  сабақтарды  оқуда  және

шиеленіссіз  не  шиеленісті әр  түрлі  мүмкін  болатын  сөйлемдерді,  бір  немесе

бірнеше

предикативтік  түбірі  бар  сөйлемдерді  білдіретін  тақырыптық-



құрылымдық парадигмасын құрастыру дағдылары дамытылады.

22

Демек,  ФКОТ  (функционалдық-коммуникативтік  оқыту  технологиясы)

жағдайында  жүйелілік

ұстанымы  білімді  меңгеру  және  сөйлеу/сөйлесу

дағдыларын қалыптастыруды білдіреді:

а) тілдік дағды мен икем;

б) орфографиялық және пунктуациялық сауаттылық;

в) сөйлеу дағдылары – тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым;

г) стилистикалық дағды мен икем;

д) сөйлесімнің әлеуетті тақырыбының жүйелі көрінісі.

Сыныптар  бойынша  бөлінген  және  тақырыптық сөздік  негізінде  терілген

сөйлесімнің  әлеуеттік  тақырыптары  шынайы  жағдайды  бейнелейтін  белгілі

когнитивті жүйені білдіреді.

ФКОТ  тәртібінде  функционалдық  ұстанымды  жүзеге  асыруды  көрсетейік.

Әр  деңгейлі құралдардың  өзінен  жоғары  бірліктерді  жасау қызметін  ашу-

бастапқы  функционалдық саты  болып  саналады.  Айтылымның лексикалық

дағдыларын қалыптастыру  және  жетілдіру  сабақтарында  тақырыптық  өріс

аясында 


кілт 

сөздер


қызметі, 

олардың 


үйлесімдік 

мүмкіндіктері,

фразеологизмдердің  қолданылуы және нақты ой жеткізу ниетін жүзеге асыруда

басқа  да  бірліктер қамтылып  игертіледі.  Тілдің грамматикалық дұрыстығын

қалыптастыруда  ерекше  назар

аударылады,

грамматикалық

формаларды

игеруге  бейімделген  белгілі  бір  синтаксемалар  мағынасына  бөлінеді,  оларға

синонимдік қатар құрылады, белгілі жағдайда сөйлем маңыздылығы талданады.

Жеке тілдік құралдарды оқыту бойынша дәстүрлі тапсырмалармен бірге әр

түрлі синтаксемалармен топталып оқушылардың мағына жүйесіне бағытталған

тапсырмаларды  күшейту  маңызды.  Бұл  жағдайда келесідей  тапсырмалар

түрлерін ұсынуға болады:

1. Кестеде  берілген  сөздерді  меңгеру.  Бос  бағандарды  керекті  сөздермен

мәтіннен (мәтіндерден) теріп толықтыру.

2. Шақтық мағынаны  білдіретін  зат  есімдерді қолдана  отырып,  бір  ойды

бейнелеу (таң, кеш, түс және т.т.с.).

3. Берілген  сөйлемдерде  бір  заттың екінші  бір  затқа әсер  етуі  мәлімденеді.

Осы ойды басқаша қалай жеткізуге болады?



Жел терезені ашты - Желмен терезе ашылды.

Жаңалық барлығымызды аңыртты- Барлығы жаңалыққа аңырды

Тапқырлығымен  ол  баршаны  таңдандырды. - Оның тапқырлығы  баршаны

таңдандырды.

Оны өз  еліне  деген  мақтаныш  баурады. - Ол өз  еліне  деген  мақтанышқа

бауралды.

Сөйлемдерге  синонимдер  тере  отырып,  оқушылар  мәтінді құру  кезінде

синонимдік қатардан  нақ жағдайға  керектісін  таңдап  алады.  Мұндай  жұмысты

монологтік  тілдесімді  дамыту  сабақтарында  мәтін

құрастыруға

үйрету


алдындағы дайындық деп санауға болады.

Диалогтік  сөйлесімге үйрету  кезінде  сөйлесушінің мәртебесін  ескере

отырып,  тілдесу үдерісінде  терілген әр  түрлі  тілдік құралдардың лептік  және

этикалық ( әдептік) қызметіне ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар,  сабақтың



23

бұл  түрінде қарсы    мағыналас  синтаксемаларды қарастыру,  ресми \ биресми

жағдайларда синтаксемалар тіркестерін қолдану мақсат ретінде алынады.

Сабақта монологтік тілдесімді дамытуда функционалдық ұстаным автордың

негізгі  ойы  мен қолдану  жағдайына  байланысты  мәтіннің  құралдарын

қалыптастыруды  талқылаумен  жүзеге  асырылады.  Осыған  орай  оқушылар

«мәтін – бұл жай ғана  сөйлемдер жүйесі  емес»  деген  мәліметті ұғынуы қажет.

Автордың ниеті  болып  грамматикалық формаларды қалыптастыру  не  белгілі

бір  сөйлем  түрлерінің лексикалық  құралын қалыптастыру болып

саналады.

Одан  басқа,  бір  түбірлі  сөздер,  шылаулар,  шылау  сөздер,  есімдікпен  және

синониммен, антониммен ауыстыру, түр – мезгіл, бір тақырып өрісіндегі сөздер

т.б. сияқты мәтіндегі байланыс құралына оқушылардың көңіл бөлу керек.

Әртүрлі  мәтіндердегі  тілдік құралдарды қалыптастыруды  талдау  негізінде

оқушылар осы бірліктердің таңбалануын анықтайды, өз мәтінін шығару кезінде

оларды саналы тереді.

Стилистикалық

дағдылар  мен  икемдерді

қалыптастыру  сабағы

оқу


үдерісінің шектелуіне  байланысты  5-9-сыныптарда  жеке  түрде өте  сирек

кездеседі.  Негізінде,  стилистикалық жұмыс әрқашан  оқушылардың сөздік

қорын  молайту,  тілдің грамматикалық дұрыстығын қалыптастыру,  диалогтік

сөйлесу  дағдысы  мен  тұлғалық-бағдарлы  монологты  дамытумен  ілесе  жүреді.

Тілдік құралдарды стилистикалық қолдануға үйрету - оларды қалыптастыруды

үйрету үдерісімен парапар.



2.3  Диалогтік  және  полилогтік қатынас  икемділігін қалыптастыру

және жетілдіру сабағы

Бұл сабақтың ерекшелігі – дәстүрлі емес оқыту бірліктерін үйлестіру. Төрт

түрлі  диалогтік  бірліктер  (мәлімет – мәліметке  жауап-әрекет,  сұрақ – сұраққа

жауап-әрекет,

өкімдік  білдіру –

өкімдікке  жауап-әрекет,  эмоциялық

экспрессивті  диалогтік  бірлік) ғана  емес,  диалогтік құрылымды – мазмұнды



түрі  не  болмаса  сөйлеу қимылының алғашқы  сұлбасын  ашу  да  соңғы  кезде

қолдануда.  Тек әлеуетті  белгілі  бір  тақырып  бойынша  диалогті  ашу  сызбасын

енгізу  екінші/үшінші  тілде  мазмұнды  диалогті  жүргізудің нақты  икемін

қалыптастыру  және  жетілдіру  бойынша  белгілі  нәтиже  береді.  Деректі  бұл

сабақта  екінші/үшінші  тілде  сөйлеу әдебі  ерекше  орын  алады.  Тәжірибе

көрсеткендей,  белсенді  түрде  сөйлесудің тұрақты  формулаларын  тұтынуда

негізгі кедергі, атап айтқанда, «табиғи мінез» күшіне қарай сөйлесуде жасанды

мінез  көрінбеу  тілегі.  Тосқауыл  болатын  осындай  сәйкессіздік  барлық

тақырыптық

сабақтарда  тұрақты  формулаларды  жиі

қайталау  арқылы

жойылады.

Диалогті  оқытумен  бірге  оқушылар  ресми  және биресми  ортада  сөйлесу

дағдыларын  табады,  лайықты  тілдік құралды  таңдайды.  Т.У.Тучкова ұсынған

сөйлесу қызметтік  тіректер  көмегі қолданылады.  Диалогтің мазмұны  мен

құрылымын 

анықтағанда 

профессор 

Д.И.Изаренковтың 

[8]


лингводидактикалық зерттеуінің нәтижесіне  сүйенеміз.  Сөйлесушінің пікірін

24

бағалай  білуді  дамыту,  сөйлесуді қолдау,  жүйелі  сөйлесу,  біртұтас өз  ойын

жеткізу де ілеспелі мақсаттар болуы мүмкін.

Оқытудың кезекті  кезеңінде  берілген  жаттығулар  2 үлкен  топқа  бөлінеді:

1)  ахуалға  парапар  икемді қалыптастыруға  бағытталған  тілдік  жаттығулар;

2) ұлттық психологияның ерекшеліктерін  ескере  отырып,  диалогті  жүргізу

тәсілін меңгеруге арналған жаттығулар. Сабақтың берілген түрінің негізгі және

ілеспелі 

мақсаттары 

жаттығулардың

пайыздық 

қатынасын 

келесідей

анықтайды: ұққанын  айту  бойынша  жаттығулар – 50  %,  оқуға  негізделген

жаттығулар – 15%,  бағалау, қолдау,  келісу-келіспеу, қарсы  болу  мақсаттарын

көздейтін жаттығулар – 30%, логикалық (  қисынды) сөйлесу тәсілін меңгеруге

арналған жаттығулар – 40 %, өзіндік қатынастық жаттығулар – 10%.

Білім стандартының мазмұнына сәйкес сабақтың осындай түрінде келесідей

дағдылар қалыптасады және жетілдіріледі:

сөйлесушімен қатынас орнату және қолдау дағдысы;

сөйлесу әдебінің негізгі формулаларын қолдану дағдысы;

тұрмыс, мәдениет, оқу тақырыптары бойынша диалог жүргізу дағдысы;

сөйлесушімен жауап сөз алмастыру дағдысы;

оқыған, естігенге келісу-келіспеу дағдысы;

сұхбат, пікірталас кезінде өзінің көзқарасын дәлелдеу дағдысы.

Аталған  дағдылар  тізімін  төменде  көрсетілген  икемдермен  толықтыруға

болады:

сөйлесу мақсатын нақты анықтау, әңгіме барысын жоспарлау;



сөйлесу кезінде өз бағдарламасын қолма-қол өзгерту, сөйлесу бастамасын

мақұлдау, қабыл алу;

сөйлесушінің репликасын жағдайға байланысты қабыл алу.

Тілдік әдепті  жетілдіруді  мақсат  ететін  топтық және  жаппай  сөйлесуге

үйрету сабағы –сабақтың тағы бір түрі болып саналады.

Бұл  сабақтар – пікірталас  сабақ, конференция-сабақ,  «дөңгелек үстел»

сабағы, кездесу сабақ, КВН-сабақтары. Бұл сабақтарда топқа, сыныпқа орта бір

мәселе  талқыланады.  Мұғалім  оқушылардың  өз  тұжырымдарын,

яғни,

талқылауын,  бағалауын, өзгеріс  енгізуін  ынталандырады  және  реттейді.



Конференция сабаққа алдын-ала дайындық кезінде өнімді хат жолдау да ретті.

Осыған  сай әр  түрлі  жаттығулар  байланысы  беріледі:  түсінгенін  айтуға - 5%  ,

тілдік  дамытуға - 40%, қатынастық жаттығулар - 40%, қосымша  мақсаттарға

негізделген жаттығулар - 15%.

Білім  стандартында  полилогтік  сөйлесімге  доминанттық түрде  көңіл

бөлінбейді,  бірақ шындық деректер  бізді  осындай  сабақтардың  қажеттілігіне

сендіреді.

Қазақ ортасында өскен  оқушылар  орыс/шетел  тілінде қарым-қатынасқа

түскенде  тыңдаушы  ретінде өзін  көрсетеді.  Оның себебі – орыс/шетел  тілін

нашар  меңгеруі  және ұлттық интроверттік  психология.  Мұндай  сабақтарда

келесідей дағдыларды қалыптастыру қажет:

сөйлесуге кірісу дағдысы;

өз бағытын жүргізу дағдысы;


25

сөйлесу бастамасын қолдау я тоқтату;

тілдік әдеп дағдысы;

сөйлесуші бағыты бойынша диалогті жандандыру.

Бұл  дағдыларды  арнайы  тексерудің  қажеті  жоқ, бірақ бақылау  негізінде

мұғалім  оқушылардың  «кемшіліктерін»  жөндеп, өзгертуіне  болады.  Белгілі

тақырып  бойынша  диалогтік  сөйлесуді  меңгерту  деңгейін  тексерудің негізгі

өлшемдері:  репликалардың жалпы  саны,  инициативті,  жауапты  және  бос

репликалардың ара-қатынасы, қажетті әдеп  тілдік құралдарының нақтылығы,

анықтаманың мазмұндылығы.



2.4 Сөйлеу үдерісінде монологтік тілдесімге үйрету сабағы

Оқытудың


функционалды-коммуникативті  түрі  тұлғалық-бағытталған

монологті ұсынады.  Ана  тілден  басқа  тілде  сөйлесудің монологтік  түрі

оқушыларға белгілі қиындықтар тудырады. Көптеген жылдар бойы монологтік

тілдесім деп «ешқайда» бағытталмаған, «ешкімге» арналмаған мәтінді  санады.

Талқыланып отырған сабақтың түрін өзіндік мінездемесі бар түрлерге бөлеміз:

а)  Микромонолог құрастыруды үйрету  сабағы.  Негізгі  мақсаты – толық

мәнді  монологті үздіксіз,  дәйекті  түрде, қисынды  тудыруды үйрету.  Берілген

сабақтың бұл  түрінің  қосымша  мақсаттары - пікірталас  кезінде өз  пікірін

дәлелдеу  икемін  және  тілдік  этикет  икемін  дамыту.  Бұл  кезеңде өндірілетін

икемдер:

1) аяқталған  бір  ойды,  бір  шешімді  бір  айтылым  (сөйлем  көлемі)

деңгейінде жеткізу;

2) сөйлемдерді қысқаша мәтін көлемінде қисынды байланыстыру;

3) бірнеше  сөйлеу  интенцияларын  (ниеттерді)  байланыстыру,  оларды  2-3

не одан да көп сөйлемдермен жүзеге асыру.

Оның  үстіне әр  сөйлеу  ниеті  бойынша  бұл үш  кезеңді ұдайы қайталауды

қамтып  отыруы қажет. Ұнамды  нәтижеге  жету үшін  жаттығуларды  келесідей

қатынаста  орындайды:  шартты  тілдік  жаттығулар – 40  %,    тілдік – 40  %,

коммуникативті -20%.  Білім  стандартының мазмұнына  сай  сабақтың бұл  түрі

берілген  жағдаятқа  сәйкес  2-3  не  одан  да  көп  сөйлемдер тудыру  дағдысын

қалыптастырады.  Айтылып  отырған  сабақтың бұл  түрі  монологті үйрету

кезеңінде  сабақтың бір ғана  бөлігі  болуы  мүмкін,  сондықтан  бұл  сөздік

икемдерді бақылау қажет.



б) Продуктивтік монолог тіліне үйрету сабағы.

Бұл сабақтың негізгі мақсаты – мәтін деңгейінде жазбаша не ауызша түрде

монологтік  сөйлеу  икемін  дамыту. Қосымша  мақсаттары  болып  графикалық

және  пунктуациялық  (сызбалық және  тыныс  белгілік)  сауаттылық, айту,  оқу,

түсіну,  жазу  дағдыларын  жетілдіру  есептеледі.  Сабақ  /не  сабақтың кезеңі

монологті қалыптастыру ия жетілдіру бойынша келесідей кезеңдерді ұйғарады:

а) мәтінді қабылдау кезеңі (түсіну);

б) мәтіннің құрамын анықтау;

в) мәтінді қабылдау;


26

г) ойды монолог түрінде жеткізу.

Әртүрлі  жаттығулардың  қатынасы  келесідей  орындалады:  10%- тілдік

жаттығулар,  шартты – тілдік  жаттығулар – 10  %,  сөйлесімдік – 40  %,

коммуникативтік – 40 %.

Білім  стандартының мазмұны  бойынша  төмендегідей  айтылым  дағдылары

қалыптастырылады:

оқыған не естіген мәтінді қабылдау;

берілген тілдік тақырып бойынша мәлімет жасау;

теледидар, радиодан естіген мәлімет мазмұнын жеткізу;

көрген фильм мазмұнын жеткізу;

монолог - пайымдау, монолог – сипаттау түрінде өз ойын қалау;

тақырып бойынша өз ойын жазбаша рәсімдеу.

Сабақтың бұл  түрі қызметтік    маңызы  бар әр  түрлі  жағдайды, әр  түрлі

қабылдаушыны, әр  түрлі  айтушының  әр  түрлі ұстанымын, әр  түрлі  талқылау

тақырыбын ескере отырып, әлеуметтік-бағдарлы мәтінді құрастыруға үйретеді.

Сабақтың  «жарықшақты»  нұсқалары  беріліп,  жұмыс  сипаты  мінезделіп, әр

түрлі  сабақта  оқу  нәтижесін  бақылау  бойынша әр деңгейлі  тапсырмалар

анықталған.

2.5  Мектептің негізгі  орта  деңгейінде  оқушылардың мемлекеттік  тілді

меңгеруіне жүргізілген эксперимент қорытындысы

Мектептің негізгі орта деңгейінде оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеру

жағдайына

үнемі  бақылау  жасау,  эксперимент  жүргізу  осы  мәселенің

жетістіктерімен қатар проблемаларын да дер кезінде анықтауға мүмкіндік беріп

келеді.  Осындай  жұмыстардың жүргізілу әдістері  мен  нәтижесі  мектеп

мұғалімдеріне қажет болары сөзсіз.  Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептегі

қазақ тілі  пәні  бойынша  жүргізілген  эксперимент  арқылы  мектеп  тәжірибесіне

байқау  жасап,

ұсынылған  функционалдық-коммуникативтік  технология

бойынша  оқытудың тиімділігіне  көз  жеткізу  мақсатында,  соны  тексеру,

нәтижелерін  айқындау үшін  жүргізілді.  Яғни,  а)  анықтау  эксперименті

кезеңінде  оқытудың жалпы  жайы,  оқушылардың білімі, қабілеті,  дағдысы

алдын-ала  тексерілді.  Осындай  мақсатта  оқушылардың  қазақ тілінде  сөйлеу

қабілетінің даму  дәрежесін  анықтауда  ауызша  және  жазбаша  жаттығу

жұмыстарының

мәтіндері,  түрлі  материалдар  дайындалды;

ә)

оқыту



экспериментінде  жүргізіліп  жатқан  сыныптарда ұсынылып  отырған  мәселенің

тиімділігі,  артықшылығы  тексерілді;  б)  тексеру-қорытындылау  эксперименті

арқылы оқыту әдістемелік жүйенің дұрыс-бұрыстығы тексерілді. Ол әр тексеру

эксперименті  жүргізілген  сыныпта  жүргізілді.  Мұнда ұсынылып  отырған

мәселенің артықшылығы, тиімділігі, кемшілігі салыстырылып, қорытындылары

анықталды.

Функционалдық-коммуникативтік  технология  бойынша  оқытудың  ғылыми

негіздеріне  сәйкес  тапсырмалар құрастырылды. Онда,  алдымен, ұйымдастыру

кезеңінде өткен тақырыпты еске түсіру жұмыстары орындалады. Тапсырмалар


27

баланың  өздігінен  ойланып  мұғалімнің нұсқауымен  іздене  жұмыс  жасауына

бағытталған.  Мұғалім  жаңа  тақырыпты  түсіндірмейді.  Баланың оқу-танымдық

қабілеттерін  жетілдіретін  тапсырмалар  берілді:  мәтіндер  негізінде  ойлау,

сөйлеу,  іздену, қорытындыға  келу,  оны  жинақтау,  салыстыра  білу,  ой  бөлісу,

мысалдардан  ереже  шығару,  оған  жеткізетін  дерек  көздерді  ақтару, қажеттісін

саралап  алу,  жүйелеп  жазу,  оны  жеткізу,  интеллектілік  ойын  дамыту,  яғни

шығармашылықпен  айналысу.  Мұғалім  бағыттаушы,  нұсқаушы,  кеңесші

рөлінде жұмыс атқарады.

Төменде  эксперимент  жүргізу үшін  алдынғы  бақылау  жұмыстарының

нәтижесін талдайық.

Орта  буын  сыныбында қазақ тілі  пәні  екі  топқа  бөлініп  оқытылды.

Экспериментке  салыстырмалы  түрде  6  «а»  және  6  «б»  сыныптары  алынды.

6 «а» сыныбы функционалдық-коммуникативтік технология бойынша құрылған

тапсырмалармен  жұмыс  жасады.  Анықтау  экспериментінде  жылдың басында

екі  сыныптан  да  оқушылардың жалпы  білім  деңгейін,  сауаттылығын  тексеру

үшін жатжазу, грамматикалық тапсырмалары бар бақылау жұмыстары алынды.

Шығармашылық  қабілеттерін,  жазу  шеберліктерінің

деңгейін  бақылауға

арналған  шығармашылық диктант,  басқа  да  жұмыстар ұйымдастырылды.

Бақылау  жұмыстары  көрсеткіші  бойынша  оқушылардың сауаттылығы  мен

грамматикалық тапсырмаларды  орындау  деңгейлері қанағаттанарлықтай.  Ал

шығармашылық-іздену тапсырмаларынан төмен көрсеткішті байқатты.

2-кесте – Сыныптардың сауаттылыққа  арналған  бақылау  жұмыстары  бойынша

көрсеткіші

3-кесте – Грамматикалық тапсырмалар бойынша үлгерім деңгейлері

Сынып

Оқушы


саны

«5»


«4»

«3»


«2»

%

6 «а»



І -топ

13

4



7

2

-



85

ІІ -топ


14

4

6



3

1

71



6 «б»

І -топ


13

3

8



2

-

85



ІІ -топ

12

4



6

2

-



83

Сынып


Оқушы

саны


«5»

«4»


«3»

«2»


%

6 «а»


І -топ

13

2



7

3

1



69

ІІ- топ


14

3

7



2

2

71



6 «б»

І-топ


13

4

6



2

1

77



ІІ- топ

12

2



7

2

1



7

28

Шығармашылық диктант  ретінде  «Кітап – білім  бұлағы»  тақырыбындағы

мәтінді өз ойларымен түйіндеп жазып, аяқтау тапсырылды. Үлгісі:

1. Кітаптан  не  іздесең, бәрін  табасың. Кітаптың білмейтіні  бар  ма?  Ол –

білімнің жолдасы.  Ол – ғылымның ордасы.  Ол – жан  азығының  қоймасы.

Жаның сұлу болмай, тәнің сұлу болмайды. Сүйкімді ас тәнді семірткені сияқты,

жақсы кітап жанды семіртеді.

2. Ы.Алтынсариннің:



Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар, – атты өлең шумағынан қандай  тәрбиелік өнеге  ала

алдың, ойыңды қара  сөзбен әдемі әрі  жүйелі  жазып  жеткіз  деген  тапсырмалар

ұсынылды.  Сыныпта  орыс  тілі  мен қазақ тілді  жетік  меңгеруге  тырысатын

оқушының ой сомдауы, өлең мазмұнын меңгере отырып, айтам дегенін сөздер

орамын тауып көркем етіп баяндауын ерекше атап өтуге болады. Мазмұны:

Біз  адал  пейіл,  шын  адамгершілік,  нағыз  достық,  әділеттілік  сияқты

жақсы қасиеттерді  осы  кітап  оқу  арқылы  бойымызға  сіңіреміз.  Мен өзім

кітап  оқығанды  жақсы  көрем.  Кітаптағы өзім  жақсы  көрген  кейіпкермен

немесе ондағы аянышты оқиғаларда бірге қайғырып, қуанышты жағдайларда

бірге қуанамын.  Жуырда  «Асыл  ағаш» атты әңгімені  оқып,  Айгүл  есімді

қыздың  үлкен  жүректі,  ата-анасын,  кішкентай  бауырларын  сыйлап  жақсы

көргендігі, әділдік үшін  күресі  мені  сүйсіндірді.  Мен  де    сол қызға ұқсап

мейірбан,  кішіпейіл, қиындыққа  төзімді,  көпшіл  болып өссем  деген  ойға

қалдым. Қазір  мен  Айгүлдің мінезі,  жасаған  істерін өзіме үлгі  етіп

тырысамын.  Ол – мен үшін  ақылды қыз.  Және  біз  білгіміз  келгеннің бәрін

кітаптан  табамыз.  Сол  арқылы  білім  аламыз,  жақсы  адам  боп  жетілеміз.

Жақсы  кітап  жанды  семіртеді  деген  осы”. Өлең шумақтарынан  түйген

түйіні:  “Ы.Алтынсарин  бабамыздың  үлгі  еткені – білімді  болу.  Егер  білімді

болсақ, оқысақ  өміріміз  шам  сияқты  жарық болады.  Біз өмірде  не  керектің

бәрін  біліміміз  болса,  тауып  ала  аламыз.  Білімсіз  болсақ оны  табу қиын.

Жолын 

іздеп 

таба 

алмаймыз. 

Ы.Алтынсарин 

айтқандай, 

оқысақ,

тілегеніміздің барлығы  көп қиналмай қолға  түседі.  Білгеніміз  арқылы  ретін

табамыз.  «Білімдінің  өрісі  кең» деп  тегін  айтылмаған.  Білімді  адамның

өмірден алары мен берері көп.

Шығармашылық жұмыстан  аталған  оқушының ойының тереңдігі, қазақ

тілін  меңгеруде өзіндік  ерекшеліктерін  жаттап  оқып қана қоймай,  жазып,

сөйлеудегі  тілінің шұрайлығын  байқадық. Ал  көпшілік  оқушылардың сөздік

қоры  таяз.  Соған  орай  тілі  де  жұтаң. Сыныптын  тоқсан  пайызының

шығармашылық жұмысы  төмендегідей  мәтіннің төңірегінде  болды: «Өлеңде



Ы.Алтынсарин  оқу  керек  дейді.  Бізді  оқуға  шақырады.  Білімді  болсаң,  өмірде

көп  нәрсені  жеңесің. Сондықтан  оқудан қашпау  керек, ұмтылуымыз  тиіс»

29

деген  сияқты  ой-тұжырымдар  жасап  баяндаған.  Жалпы,  сыныптың мәтіндегі

ойды  жалғастырып  аяқтау  түрінде  берілген  шығармашылық деңгейлерін

тексеру  мақсатында  алынған  творчестволық диктант,  шығармашылық жұмыс

көрсеткіштері мынадай қорытындыны көрсетті (4-кесте).

4-кесте – Оқушылардың шығармашылық көрсеткіштері

Сынып

Оқушы


саны

«5»


«4»

«3»


«2»

%

6 «а» І топ



13

1

3



9

-

31



ІІ топ

14

1



5

8

-



43

6 «б» І топ

13

1

4



8

-

38



ІІ топ

12

-



4

8

-



33

Оқушылардың білім  алу  жүйесі,  сабаққа  дайындығы, үлгерімі  жөнінен

көзқарастарын анықтау мақсатында төмендегідей жабық сұрақ түрі, сауалнама

ұйымдастырылды:

1) Қазақ тілі пәні сені неге үйретті?

2) Пән саған ұнай ма? Оны игеруде қиындықтар болды ма, қандай?

3) Сабақтың  өтілу  барысына қанағаттанасың ба?  Оның  қалай өткенін

қалайсың?

4) Көркем, жүйелі сөйлеу қабілетің қаншалықты, өзің қанағаттанасың ба?

5) Қазақ тілі пәні бойынша үлгерім деңгейің қандай, оған көңілің тола ма?

6) Қазақ тілі пәні сен үшін неге қажет?

5-кесте – Оқушылар жауаптарын пайызбен көрсеткенде нәтижесі төмендегідей

р/с

Жауаптары



6 «а»

І топ


6 «а»

ІІ топ


6 «б»

І топ


6 «б»

ІІ топ


1. а) теорияны жаттауға

ә) жазып сөйлей білуге

100%

0%

100%



0%

100%


0%

100%


0%

2. а) тапсырма көп,

тақырыпты меңгермеймін

ә) қиындық жоқ

75%

25%


67%

33%


63%

37%


72%

28%


3. а) қанағаттанамын

ә) қанағаттанбаймын

56%

44%


51%

49%


59%

41%


63%

37%


4. а) 

көркем 


сөйлеу

қабілетім төмен

ә) жақсы

83%


17%

74%


26%

68%


32%

72%


28%

5. а) жақсы

ә) орташа

89%


11%

90%


10%

90%


10%

92%


8%

6. а)  көркем  жазып,  сөйлеу

үшін

ә) терминдер  мен  оның



ерекшелігін меңгеру үшін

5%

95%



8%

92%


12%

88%


6%

94%


30

Жауаптардан  аңғарғанымыз,  балалар қазақ тілі  пәнін  сауатты  жазып,

көркем  сөйлеуге  баулитын  пән  деп қабылдамайды.  Оларды  жалықтыратын –

жұрнақ, жалғау, тағы да басқа терминдерді жаттау. Оқушылар шығарма жазуды

ұнатпайды.  Ондай қабілеттері  де  төмен,  бірақ  қорытынды  бағалары – «5»-тік

баға.  6


«а»

сыныбының  5-сыныптағы  жылдық қорытынды  бағалар  көрсеткіші

үлгерім деңгейлерінің төмендігін байқатпайды (6-кесте).

6-кесте – 5-сыныптағы жылдық қорытынды бағалар көрсеткіші

Сынып

Оқушы саны



«5»

«4»


«3»

%

6 «а» - сыныбы



І топ

13

4



6

3

77



ІІ топ

14

4



7

3

78



6  «б»-сыныбы

І топ


13

3

7



3

77

ІІ топ



12

4

5



3

75

Бақылаудан  шыққан



қорытынды:  пәнді  оқытуда  теориялық

білімді


меңгертуге баса мән берілген. Оқушылардың үлгерім деңгейі теориялық білімді

жаттаумен

ғана 

бағаланған. 



Сынып 

оқушылары 

сауатты 

жазады,


грамматикалық тапсырмаларды  дұрыс  орындайды,  ал  меңгергенін  ауызша

дәлелдей сөйлеп, жазуға дағдылары қалыптаспаған. Қазақ тілін игерудегі басты

мақсат – меңгерген  тұлғаларды  анық, жүйелі  сөйлеу құралы  ретінде  жұмсауға

икемделіп,  дағдылану.  Ол үшін  олар  пәннің  үйрететін  нысанын  түсініп,  соған

өздері ізденіп жетуі тиіс. Ал «іздендіру» деген сөз сөздіктерде «талпыну» деген

мағынаны білдіреді. Адам қай  уақытта талпынады, қажетсінгенде, қызыққанда

ғана әрекетке  талпынады.  Сөйтіп,  бала  білімді қажеттісіне  саналы  түрде өзі

ізденіп  меңгеруі  керек.  Тақырыпты  оқушы өзі  ізденіп  тануы  тиіс.  Мұғалім –

соған  жетудің жолын  салушы, қажетті  материалды  дайындап,  баланың жұмыс

жасауына дұрыс бағыт-бағдар жасаушы. Әрине, ол үшін мұғалімнің көп ізденісі

қажет. 

Тапсырма 



баланы 

ойлантатындай,

қызықты, 

жауабын


іздеп

талпынатындай  түрде  жасалу  керек.  Ол үшін    мәтіндер,  басқа  да  тапсырмалар

түрлі әдебиеттерден қарастырылып  тиісінше  іріктеліп  алынуы  керек.  Сынып

деңгейіне  сәйкес,  сонымен

қатар  бала  жалықпайтын,  дүниетанымдық

көзқарасты  кеңітетіндей қарастырылуы  тиіс.  Оқушы  салыстыра  отырып,

айырмашылық,  ұқсастығын  тауып,  одан

қорытындылар  шығарып,  оны

дәлелдей  сөйлеуге,  жазып әңгімелеуге  икемделуі қажет.  Яғни,  мысалдан

ережені өзі  шығарып,  тақырыпты  саналы  түрде  меңгеруге  мүмкіндік  жасалуы

керек.

Мұғалім – нәтижеге жеткізуші  басты  тұлға.  Ол  тапсырманы  алдын-ала



құрастырып, әр  баламен  жеке-жеке  жұмыс  жасауға  мүмкіндік  жасауы  тиіс.

Сыныптағы  балалардың білім  деңгейі  бірдей  емес.  Бірі  жылдам  меңгеріп

орындайды,  кейбіреуі  баяу қабылдайды.  Жылдам  меңгеретіні  тапсырма  бойы

алға  жылжи  береді.  Ал  тапсырма  жеңілден  күрделіге  ауысып  отырады.



31

Деңгейлік  тапсырманың  өзі  осындай  мақсаттан  туындаған.  Бәріне  бірдей

тапсырма орындату пәнге қабілеті жоғары оқушылардың дамуын тежейді. Сол

себепті  олардың пәнге қызығушылықтары  төмендейді. Өздігінен  іздендіре

оқытуға  арналған әдістемелік  кешеннің нәтижелігін  анықтау үшін  6-сыныпқа

құрастырылған  деңгейлік  тапсырмалар  жүйесі  осы  мақсаттарды,  яғни қарым-

қатынас  ретінде  мемлекеттік  тілді қолдану  идеясын  жүзеге  асыруға  мүмкіндік

берді. Өйткені ол  оқушының ойлауын,  жағдаятқа қажетті  тілдік құралдарды

қолдану қабілетін,  ынтасы  мен  белсенділігін  арттырды.  Мұғалім әр  жаңа

тақырыпты  түсіндіру  алдында  оқушыларға  «жаңа  тақырыпты өз  бетімен

меңгеруге»  мүмкіндік  береді  (5-10  минут).  Ол үшін  оқушылар  «Тірек

тапсырмаларды» үйде  орындау  арқылы  дайындап  келеді.  Бұл  олардың

оқулықпен  жұмыс  жасап үйренуі үшін, өз  бетімен  іздену    дағдысын

қалыптастыруы үшін, білім сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.

Келесі қадам – төрт  деңгейдегі  тапсырмалардың орындалуы.  Бірінші

деңгейдегі  тапсырмалар  мемлекеттік  стандарт  деңгейіндегі  білімді  бекітуге,

келесі 

екі 


деңгей 

оқушылардың

сөз

қорын 


молайтуға, 

сөйлеудегі

грамматикалық дағдысын  арттыруға,  диалог  түрінде қарым-қатынасқа түсуге

арналады.  Төртінші  шығармашылық деңгейдің тапсырмаларын  мұғалім  жеке

баланың білім, қабілетіне қарай өзі құрастырады.

Деңгейлік  саралау  оқушылардың білімін  мониторинг  жүйесі  бойынша

бағалауға мүмкіндік берді. Ол үшін әр баланың бағалау картасы болды, сондай-

ақ тақтада  оқушылардың тізімімен үлкен плакатта  ілулі  тұрды.  Деңгейлік

тапсырмаларды

қаншалықты 

орындап 

жатқандығын 

бақылап 

отыру


мақсатымен  оқушы  мұғалімнің тексеруінен  кейін  тізімдегі өз  атының тұсына

және өзінің жұмыс  дәптерінің соңындағы  1-кестеге  «+»  белгісін  көрсетіп

отырады.

Мониторингтің мақсаты – әр  тоқсанның не әр  тараудың соңында  шыққан

графиктен осы тұстағы алған білімінің кем тұстары, жетістіктері айқын көрініп

тұрады. Даму мониторингіне қарап, білім деңгейін оқушы өзі бақылап отырады.

Яғни оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстарын өзі бағалайды. Бағалаудағы

әділетсіздік  мәселесі  шешіледі.  Мониторингтің көмегімен  оқушы  білімді

меңгеру  деңгейін ғана  емес,  анықтайтын  білім  сапасын,  дағды қалыптасқанын

бақылауға болады. Білімдік мониторинг – көп деңгейлік жүйе.

Мониторинг ерекшеліктері:

1) оқушылардың белгілі  бір  тақырыпты  шала  меңгергенін,  аз ұпай

жинағанын байқап, білімдегі олқылықты жою мақсатында тапсырмалар жүйесі

ұсынылады;

2) оқушы өз  кемшілігін  байқайды, өз қатарларынан қалмау үшін  не  істеу

керектігін аңғарады;

3) өз зейінін тәрбиелейді;

4) ойланып оқуға дағдыланады;

5) білім жүйелілігі мен тізбекті байқайды;

6) білім алуда жоспар, тезис құруға машықтанады;

7) оқушының білім сапасын арттыруға жағдай туады.


32

Барлық оқушы өз қызметін  бірінші  деңгейдің тапсырмаларынан  бастайды.

Әр  оқушы  оларды  орындау  арқылы  5 ұпай  жинап,  «сынақтан өтуге»  міндетті.

Бұл  осы  пән  бойынша  «нашар  оқушыларға  дейін»  мемлекеттік  стандарт

деңгейінде  білім  алуына  кепілдік  және  көтеріңкі  баға  алғысы  келсе,  келесі

деңгейліктерді  орындауға  мүмкіндік  береді.  Ал қажет  емес  десе,  тек  басқа

өздері қалаған  пәндері  бойынша ғана, қызығушылығына, өз қабілетіне,

қызметіне қарай  жоғарғы  2-4  деңгейлерге  көтерілуіне  дейін  уақыт үнемдейді.

Себебі бұл пәндерден үй тапсырмасы ретінде сыныптан қалған тапсырмаларды

(міндетті  түрде  І  деңгейді  орындап  болған  соң)  қалауына қарай  жалғастырып,

орындауға құқылы.  Демек, үй  тапсырмасының жүктемесі  жеңілдеп,  оны

даралап беру проблемасы шешіледі және оқушыларға кәсіптік бағдар беру мен

дарынды  балаларды  анықтау  мәселелері  де өз  шешімін  табады.  Сондай-ақ

тапсырмалар

жүйесі  балаға  жетекші  сұрақ

түрінде


ұйымдастырылып

құрастырылды.  Сұрақ-тапсырмалар  неғұрлым  оқушыны  ойландыратындай

дәрежеде.  Ол  еріксіз өздігінен  жауап  іздеуге,  ой  жұмысына  кірісуге  мәжбүр

болады. Өзіндік  ой-қорытындысын  шығарады,  оны,  алдымен,  сыныптас-

құрбыларымен, одан кейін мұғаліммен ақылдасып, дұрыс шешімін жасауға тиіс

болады және оның қажеттігін сезінеді. Ол баланы өзінен-өзі ойлануға, ізденуге

әкеледі.  Күтпеген  жерден  оларды  басқалармен қарым-қатынасқа  түсіреді,

өзіндік  ой-тұжырымдарын  жасауға,  оны

өзгемен  бөлісуге  итермелейді.

Жіберген қателерін  түзейді,  ойларын  айтып  жеткізуге  төселеді.  Кітап  ақтарып

қажеттісін  тауып  жазуға  жаттығады.  Бағалау  картасы  көз  алдында

тұрғандықтан, өзгелерден қалмауға  тырысады  да,  бос  отыруға  мүмкіндік

болмайды.  Уақыт жетпеуі  болмайды.  Сөйтіп,  мұғалім  көмегімен  іздеп  байқаса

бәріне жауап табуға болатындығына көзі жетеді. Бұл жерде мұғалім нұсқаушы,

ұйымдастырушы, кеңесші, бақылаушы ретінде өте шебер  болуы керек. Қажетті

материалды  алдын-ала қарастырып  дайындап  отыруы тиіс.  Балаға  даяр  білім

бермей,  тірек  оқу құралын ұсынып,  сәйкес  келетінін  тауып  алуға  икемдеуі

қажет.  Тапсырмаларда  бала өткен  білімді  еске  түсіріп,  жинақтай  отыра,  жаңа

материалды  түсінуге  мүмкіндік  алу  жағы қарастырылады.  Мысалдан  ереже

шығару  дағдысы қалыптаса  бастайды.  Одан  оқушының  қабылдау,  ойлау,

салыстыру  жинақтау,  жалпылау,  жүйелеу  секілді қабілеті  дамиды.  Сұрақ-

тапсырмалар  жалаң кім,  не?  дегенге  жауап  алу  түрінде қойылмай,  оқушыны

ойландыратын, грамматикалық тұлғалар сөйлеуде ойын жеткізуде негізгі құрал

болатындығына  ойлана қарауға  нұсқаушы  болатындай  жасалады.  Оқушы

оқулықпен қатар әртүрлі  сөздіктер,  анықтағыш  энциклопедия  тағы  да  басқа

қосымша  оқу құралдарын қажетіне  пайдалана  білуі  тиіс.  Мұндай  іскерлік-

дағдылар  оқушының оқу үрдісінің субъектісі  ретінде қалыптасуына  мүмкіндік

береді.


«Адалдық

деген  не?»  тақырыбындағы  шығармашылық

жұмысынан

неғұрлым ойының жинақтала, тереңдей түскенін анықтауға болады.



Адал 

адам

қандай 

болады?



деген 

сұраққа 

функционалдық-

коммуникативтік  технологиямен  берілген сабақ нәтижесі  төмендегідей

болды:

33

Адал адам ақылды болады.

Адал адам ешкімді алдамайды.

Адал адам досына қиындықта көмектеседі.

Адал адам ата-анасын қадірлейді.

Адал  адам  жерде  жатқан  наннан  аттамайды. Үлкенге қарсы  шықпайды.

Біреуге  жамандық ойламайды. Бәріне  жақсылық жасауға  тырысып, өмірде

жақсы оймен өмір сүреді.

Ал  1  оқушы  адалдық деген  тақырыпқа  монолог  түрінде  шығармашылық

қабілетін  көрсете  алды: Адал  адам  ешқашан  адалдық іске  жатпайтын

арамдық жасамайды.  Ол өзгені  алдамайды,  пайда  көретін  айуандыққа

бармайды.  Ол өзгені  де өзіндей  санайды.  Жанына  батыра  сөз  айтпайды.

Керісінше,  біреу қиналса  көмегін  аямай, қол ұшын  беруге  дайын  тұрады.

Адамға  шын  жолдас  бола  алады. Қиындықта  да, қуанышта  да  бірге  болады.

Ата-анасын, басқа барлық адамдарды құрметтеп, сыйлайды.

Оқушының шығармашылық жұмысынан  терең ой, өзіндік  пайым бар  екені

байқалады. Оның баяндау шеберлігі де жүйелі, тиянақты.

Сонымен қатар, «Қазақ дәстүрлері» сабақтың тақырыптық бір циклы оқыту

орыс тілінде жүргізілетін мектепте мынадай нәтижеге жеткізді:

Қонақ күту – дәстүрім (оқушы шығармасы)

«Адам  болам  деген  бала қонаққа үйір» деген,  адам  көпшіл  болуы тиіс.

Қонаққа үйір  болу  керек. «Барымен  базар» қылып  дастархан  жай.  «Өз үйіңде

таудай дауыңды айтпа». Қонақ үйіңді құрметтеп, сыйлап кетуі керек. Көңілді

етіп шығарып салған жақсы. Ертең олар сені де солай қарсы алады. Қонақ бір

күндік,  шыдау  керек.  «Қонақты қуа  берсең  құт қашады»  дейді,  «Қырықтың

бірі қыдыр» бір қонақпен  мүмкін  жақсылық келеді. Үйде әжем  солай  деп

айтады. Қонақтар  жақсы  тілегімен  келеді  дейді.  Сондықтан қонақ  үйге  көп

келу керек.

Экспериментке  алынған өздігінен  іздене  (жұмыс  дәптерімен)  жұмыс

жасаған  6  «а» сыныбы  мен  дәстүрлі  сабақ жүргізілген  6  «б» сыныбының

шығармашылық деңгейлерін салыстырмалы түрде көрініс алды (7-кесте):

7-кесте



Оқушылардың



шығармашылық

деңгейлерінің

салыстырмалы

көрсеткіші

Сынып

Оқу


шы

саны


«5»

«4»


«3»

%

ЭС 6 «а»



І топ

13

7



6

0

100



ЭС ІІ топ

14

8



5

1

92



БС 6 «б»

І топ


13

3

6



4

69

БС ІІ топ



12

3

5



4

66

Ескерту: ЭС – эксперимент сыныбы.



БС – бақылау сыныбы.

34

Жыл соңында өздігінен ізденуге құрылған тапсырмалармен жұмыс жасаған

6 «а» сыныбынан эксперимент нәтижесінің қорытындысын байқау мақсатында

жыл  басында  алынған  оқушылардың

пән  жайлы  көзқарастарын  білу

мақсатындағы  сауалдарға  жауап қайта  алынды.  Онда  оқушылардың пікірі

едәуір өзгергендігі аңғарылды.

1) Қазақ тілі пәнін оқу сені неге үйретті?

2) Пән саған ұнай ма? Оны танып, білуде қиындықтар болды ма, қандай?

3) Сабақтың  өтілу  барысына қанағаттанасың ба?  Оның  қалай өткенін

қалайсың?

4) Көркем, жүйелі сөйлеу қабілетің қаншалықты, өзің қанағаттанасың ба?

5) Қазақ тілі пәні бойынша үлгерім деңгейің қандай, оған көңілің тола ма?

6) Қазақ тілі пәні сен үшін неге қажет?

8-кесте – Оқушылардың үлгерім деңгейінің көрсеткіші

Жауаптар


6 «а» - сыныбы

І топ


6 «а» - сыныбы

ІІ топ


а) теорияны жаттауға

ә) жазып, сөйлей білуге

0%

100%


0%

100%


а) 

тапсырма 

көп, 

тақырыпты



меңгермеймін

ә) қиындық жоқ

95%

5%

98%



2%

а) қанағаттанамын

ә) қанағаттанбаймын

95%


5%

98%


2%

а) көркем, шешен сөйлеу қабілетім төмен

ә) жақсы

25%


75%

16%


84%

а) жақсы


ә) орташа

97%


3%

95%


5%

а) сауатты жазып, шешен сөйлеу , қарым-

қатынаста тілді еркін қолдану үшін

ә)

терминдер  мен  оның



ерекшелігін

меңгеру үшін

100%

0%

100%



0%

Сонымен,  мемлекеттік  тілді  оқытуды  жетілдіру  жолдарын  іздестіру

мақсатында  жүргізілген  тәжірибе  жұмысын қорытындылай  келе,  мынадай

тұжырым жасауға болады:

1. Тақырыпқа қызықтырып  оқыту  баланы  білімді өзі  танып  меңгеруге

жетелеп, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік жасайды.

2. Оқушы  жасына    сәйкес  іріктеліп  алынған  сөйлеу  дағдыларын  дамытуға

арналған  тақырыптар  білім  алу үрдісінде  білімге құштарлығы  арта  түседі,

сабақтағы оқу белсенділігі күшейеді, оқу-танымдық уәж тұрақталады.

3. Сабақ тақырыптары  тіл  жүйесіне ғана  емес,  «өмірлік»  мәселелерді

қозғаса,  балалардың бір-бірімен қарым-қатынасқа  түсу,  тапсырмаларды өзара


35

кеңесіп бірлесе орындау қабілеттері артады, ойын дәлелдей жеткізудегі сөйлеу

шеберліктері дамиды;

4. Сөйлесуге арналған тақырыптар кітаппен, әртүрлі анықтағыш, сөздіктер,

энциклопедия,  көркем әдебиет  материалдарымен    жұмыс  жасау  біліктері

қалыптасады,  ой  түйе  білуге  машықтанады,

өзіндік  пікірін  дәлелдеп,

тұжырымды етіп беруге қалыптасады.

5. Тіл  жүйесінен  тыс  сөйлесу  тақырыптары  және  соның негізінде

құрастырылған 

сабақтар 

циклы 


оқушылардың

логикалық

ойлау,

шығармашылық  қабілеттерінің дамытып,  сөйлеу  шеберліктерінің арттырып,



байланыстырып  сөйлеу қабілетінің дамытып,  рухани-адамгершілік қасиетінің

қалыптастыратыны тәжірибеде дәлелденді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет