анме»
' 4
Дііан** ойлаи, дара гүргам бір дарак,
Естай болып емстедв квимв.
Дд ыйыңдар Хераан бш ш а ән салып,
Томар бояыа, т о п А л р гүр томсарып.
Ц
і
« к ш е күргем шыгар Мүзағаң,
Т> Ш № кщ и Түшыквчге жол салыіі.
Соа
Мү іағам гу* ам іу ш - К»шыл там,
К & і »
г у н г
түрган ауыл -- Қызыл там.
Ерпя кслш акын жақын лостарын
Га у уъ -са&рам күргам * у ш - К и ш д там
Оттай Оолыіі Д т ы іщ м күи і м і ,
Касмстгмсм кааар естс су
м
азте.
ДергтКе аЦ » б ііШ М І і В Ц Ц Р П
м Ж и ш й ^ ш »
лоя штшяпш Ыр
и ш .
... І ч м р и і» ү«
п и л ж а т
мүр,
А у и я барсм , с іж ііа і ш м бф.
Лдош тупиі» акыи иы м мшга^іан
Тым жакым бое к г т маіаи сол іуы л
*Н1т —і іуш иін
.
|Г|
«Кмірліи іы и Ж ірагкаиы
К О Р І А И ЖЫР
<М| іафар « Ы м бм вка)
Ьвс «деар бм ага ц с ю иалм ,
# и ак ын
--Щщ
=
■
1 =-
'М
-
^ н сы^шы, д,--
<м*й* *К:
Н Я Н Е
і
К ^
ғ
Ш
9Ш
гшмш*
,м
- 1 ; к Ш Н Ц ^ ^Н
К еЛСДі Ц 1 Ц И И « ы р і £1 П М П Щ ф У В ,
І Г л м т и касіреіімас м я барын1... і
:
'
і
Ш
І 2 Ь
Жатса да сам кубылып ну даманы,
П м с и м ,
М іш і
улылы-к -
кушгаяы!
Қорлан-жыр кол булгаАды к и ш а й ы и ,
Му>аған Му іартыиан Музадагы
Айм-ымас адалдыгы - ш и уеаган.
Корлмнжыр -
ком#ан капал бак кусы огам!
Маржам ым Мухит сынлы дунмемі-н
Гереиімеи теріп алып такты сотам
М ух итта - кеудеепдер ж у ре ала ма.
Маржа мды
«ерлесі и ер тпе ада ма?!
Ар'шндм аз-ак кундік олжа кяргсм
«Ж үі акым» - ген келер ме М упгаиа1
Т
сктімін
туп атасы и таиыл-угып.
Текс і зге жылымайлы жамы кулиг
жас кайлы сетімінш халынимем,
тастайды акылымен алып урып!
С от лайды уякендігін. жасым самая,
жакпайлы бір кемдіпн жасырса о лак.
Далаша
к о й
ы мы на каусырады
балаша мойыныиа асылсан-ак,
Жалганнын сарайынла жаркыл кагыл,
Отыр ол армамнын да иаркыи 6а« ып!...
Қорлан-жыр,
касиетіннен айналайын,
сырым мен сымбатына халкын камык'
Өмірдін ешуакытта өшпейлі ані,
кенілдін ешуакытта кешпейді ар»:
еііне Мү>ағаңдай гашык болса,
Елімнін екі ту мае Естай лары!
Зейиолла Қабдолов
АҒА БУЫННЫҢ ОНЕГҒЛІ ӨК
1
Л
1
Жуырда Казакстанныи халык жазушысы Музафар Әлімбайдан
чат аллым. Акын елеммен жазып ты Бір шумагын га на окып берейін:
127
«Көбі өтіп, калған өмір азын білдім.
Щ
Зекен-ау, кесір дерттен кажып жүрмін.
I
Лебіңмен демей жүрсең, демікпеспін,
I
Қарт діні үзілгенше қазығымның».
1
Мен үзак-үзақ ойға калдым...
1 1
***
1 I
Бүгінде көркем әдебиет кемесі өмір мүхитының түңғнық
тереңінен саяз жагасына калқып шығып қайырлап түр. Жекелеген
үлттык әдбиет кана емес, бүкіл әлем едебиетінін хал-күйі осындай.
!
Бізде де осынау ардын ісін (арсыздық деп кайтейін) акылы аз I
адырақпайлар жайлап барады: казіргі калам үстагандардын бәрі
каражаяулар, үзақка шабатын хас жүйрік тек өзім ғана дейтін,
Әуезовше айтқанда, «толмаған Толстойлар», «шала Шекспирлер»
ШЫКТЫ.
I I
Е, шапса кайтеміз, шаба берсін! Бірак не керек, олар өзімен-өзі |
«озып» кете коя ма, кайтып оралып келіп әлгі «жаяу салдарды» жікке н
- жүзге бөліп, жасы кішілерді жасы үлкендерге карсы койып, аға I
қаламгерлерді тіпті, тапанттар тобынан сызып тастап, XX ғасырдағы I
әдебиет тарихын өздерінен бас гағылары келеді.
I
«Өлген соң ол да үндемес» деп Абай айтқандай, олар әйтеуір о
дүниедегілер ғой; көзі тірілердің өзіне күн бергісі келмей көз алартып,
күйе жағатын кейбір бейбастақтар да жоқ емес. Мүндайлар
мысыктілеу келеді: аппыстан асып, жетпіске жеткендердің тезірек 5
тыншыганын калайды.
%
I
Бүл күндерде жетпістіц бесеуінен асқан Мүзафар акын
Әлімбайдың өмір сүріп, өнерін өрбітіп отырған әдеби оргасының
сиқы осындай.
:
Турасын айту керек, әлгілер секілді жойымпаздар Мүзағаңды ;
тіпті, жібі түзу акын деп есептемейді.
|
Рас, Әлімбай - акылды ақын. Ал әлгілерше, ақындық акылдан
емес, сезімнен туады. Ақыл астарында сезім жатқанын біле бермейді.
***
Мүзафар Әлімбай әдебиетке соғыстан кейін 1948 жылы 25
жасында келді. Қылшылдаған жас офицердің бүған дейінгі жеті жыл
өмірі кылыш жүзінде өтті: орта мектепті бітіре сала өзі сүранып
барып көргені - карша бораған ок пен түтіндеген от, зіркілдеген
зеңбірек пен күркілдеген танк, окоптағы айкас пен шабуылдагы
шайқас... Дегенмен, әйтеуір жаудан айласын асырып, окка үшып
өлмей тірі қалды.
128
Деме к, Мүзафар - өрттен шыккан акын. Сондыктан бол ар.
кыркыншы жылларлын аяк жағымда оейбіт омірлі жырлаған бпге ксп
коеылғаида сенбсй, Калыр айткандай. «шок боп мазлап» жүретін.
Үетінлегі сүр
гимнастеркасын шешпсй, үйге келсе блиндажға
кіргендей, үйдсн шыкса окоптан шыккандай сеіінстін. Жалынлап
жанып түрады: сөзі октын тіліндсй шолак. ойын шорт үзіп келте
кайыралы, әскери өмір (команда) бергендей
Қыска жазады. Ойын түйіп айтады. Образды деталыиен,
штрих пен жасайды. Ен үіак өлені үш-ақ шумақ! С ондыктан болса
керек,
жасан
кезінде
Мүзафарды
әріптес
күрбы-күрдастары
«Қазактың Щипачевы» дейтін.
Десе, дегендей; өзінін казакшадан гөрі орысшасы басым;
орысша көп оқилы, казакша кеп жазады, сондыктан ба, калай.
казакша өлендері орысшадан аударылгандай; кейде тіпті орысша
ойлап, казакша жазғандай...
Ьул акыннын тал бойынан мін іздесеніз тек осы арадан табасыі
Онын елен жасау күрал-тәсілінде (инструментовкасында) әйтеуір бір
кедір-бүдыр бүрапаңдар бар; окығанда тіл күрмейтін бір түткыр
нәрсе; аздап бытпылдыктау, бірак былык дей алмайсыз...
Задында. өлециің тууы әр алуан. күрделі. кызык кой Акпа-
токпе. ағыл-тегіл акындар болады. Олар нөсерлете жауып, тогіп өтеді;
өленнін ырғағы мен тармағм. бунагы мен үйкасы еркін, ерке,
іркіліссіз күйылып түседі. Мүндай өлен «өзегі гола ак жалын»
(Хамит)
шабыттан
туады.
Окырманлы
сонысымсн
баурайлы.
Селдария толкын екпінімен сырып. тіпті ыктырып окетеді. Әрине,
мүндай өленнін де шала-шарпы, олпы-солпы. артык-кем түстары
болуы
мүмкін;
бірак
мүндай
ксм-кетік
сырткы
жалт-жүлка
жасырыиып
калады.
Ал енді бір оленлер салкын канды санага, с ал и калы ой га,
салмакты толғамға күрылады. Мүзафар өлендері көбінесе сондай.
Вүл сипаттағы поэзия олак жазылса. жалан лилактикаға
айналып кетуі мүмкін. Ал шебер колдан туса, философиялык тереніне
тартып. окырманды толғаныска түсіреді, тебірентіп әкетеді.
Қыскасы. бүлардын бәрі - акын өлендерінін әрі күны, әрі міні.
Асылы, пенденін не нәрсе күны болса, со нәрсе міні болатыны
рас.
Тағы да айту керек: Әлімбай - акылды акын.
«Тумайды жүртын акын жылатуға.
Туады жүректерді нүрлантуға,
Өлеңін орамал ғып өтеді олар
Көз жасын адамзаттын күрғатуға».
12^
«
Осы шумақты талдап қарасақ, алдымен қүны неде? Қүны -
бағанағы Қадыр айтқан, - «асаулығында»: автор адуын, асқақ, тіпті
жалына қол апартпайды, айтарын үзілді-кесілді түйіп, түжырып
айтады, кимылы ерлікке бара-бара екпінді, өзі мейлінше өр, өршіл,
оптимист. Адамның жігерін жасытатын, көз жасын шақыратын
«жылауык» өлеңге карсы! Жырдан мүнды сыр емес, сырлы да шуақ
нүр талап етеді. Сонда көкіректер шерге түншықпайды, нүрмен
арайланады, тыныс кеңиді. Демек, өлең жалаудай желбіреп, жібек
орамалға айналып жылаған адамзаттың көз жасын қүрғатуға тиіс. Осы
күндылыктың бәрі өлеңнің ішкі мағынасына саяды. Сөз жок,
мазмүнды өлең.
-
3
Мазмүнмен бірге әрбір кәркем туындыда пішін деген болады.
Өлең оқыған адам оның мазмүн тереңіне тек пішін аркылы ғана ене
алады.
.
Ендеше, мазмүн терең болғанда пішін әдемі, шебер қиюласуға
тиіс. Мазмүнда тартымды гармония болса, пішінде сүлу симметрия
болуы шарт. Сонда ғана өлеңде «сылдырап өңкей келісім, тас
бүлақтың суындай» (Абай) мазмүн мен пішіннің мызгымас бірлігі
пайда болады. Сонда сіз акынмен бірге шеберліктін шыркап шағар
биігіне көтерілесіз. Акынның өлеңін сіз оқып қана тынбайсыз, сол
өлеңді өзіңіз-жазыи отырғандай боласыз.
Осы түрғыдан карағанда, Мүзағаңның әлгі өлеңінің күнымен
бірге міні қайсы?
Екі-ак жолын қайталап оқиық:
«Тумайды жүртын ақын жылатуға *
I
Туады жүректерді нүрлантуға».
Жарайды. Қосылуға болады. Ақын жүртын жылату үшін ғана
тумайтыны рас. Дей түрғанмен, тегінде жыламау мүмкін емес
шындықтар да бар емес пе? Жүрт басынан өткен трагедиялык жайлар,
қайғылы халдер... Оны жан тебіренте терең һәм шебер суреттеген
өлеңді жыламай оқу мүмкін бе? Жыламасақ қасірет те болмағаны,
немесе болған касіретті ақынның жүрт толғанғандай етіп үтымды
шебер суреттей алмаганы да.
Жө, қарсы болмайық. Жылатпаса, жылатпасын. Десек те,
«туады жүректерді нүрлантуға» дегендегі тіл болымсыз, үйкас
толымсыз түр. «Жылатуға», «нүрлантуға» дегендер онша толымды
үйкас емес. Зордан үйқасып түр. Бүл тағы да түтқырлыққа әкеледі.
... Мен осымен болдым. Әлімбай поэзиясындағы кем-кетікті,
мін-мүлтікті
енді
казбаламаймын.
Себебі,
ол
дәл
осы
олқылыктарының өзімен коса өзінін туған әдебиетіне ойдай олжа
салған, ойдағыдай үлес қосқан әрі іргелі, әрі күрделі ақын! Қазіргі
130
казак поэзиясын, әсіресе балалар поэзиясын Мүзафар Әлімбайсыз
елестету киын. Дсмск, ксиінірек аитар сөз түйінің алдын-ала айтсак,
Мүзафар Әлімбай - казіргі казак әдебиетінде өзінің жеке меншік
(қудайдыц өзі приватизация жасап берген) өзіндік өлең өлкесі бар.
«Ешкімңің ортагы жоқ жүрсін былай» дегендей, жарты ғасырдан
астам тынымсыз дэ мігірсіз сңбсгімбн атажүрты үшін өзі жясдғэн
рухани қазынасына өзі кожа бүтін бір творчестволық түлға, аса
көрнекті ақын.
Ал осылардың ішінен былтыр шыққан екі томдығындагы
«Бүлдіршін, бүлдіршін, күнмен бір күлсін!» деген кітап ішіндегі
кітабын (Мүзафар Әлімбаев.Шығармалар жинағы, Алматы, «Санат»,
1997, 2 том, 245-656 беттер) бөліп алып байыптасак, Мүзағаң - казак
балалар поэзиясының көзі тірі классигі (Мүхтар ақын Шахановша
юмормен айтсак - КТК).
Щ
*♦*
Ақыннын шыгармашылыгы оның ғүмырнамасымен тығыз
оайланысты. Акынның жске өмірбаяны неғүрлым шытырман, кат-
кабат күрделі болса, оның өлеңдері де сондай бай, мазмүнды болады.
Жарык дүниеде жетпіс бес жыл ғүмыр кешіп, енді жетпіс алтыға
қарай аяк баскан Мүзафар акынның өмір жолы үзақ. Бастан кешкен
өмір тіршілігі бейнеті мен зейнеті аралас бай, көрген-білгені көп,
үккан-түйгені мол. Жарты ғасыр калам күрғатпастан жазып келе
жаткан
көркем
шығармалары
осынау
үлангайыр
бай
өмір-
тәжірибесінен туған және солардың бедерлі бейнесіне, яки бәрі өзінін
айшыкты автопортретіне айналған. Бүл Пушкин айткан «Александр
мүнарасын еңкейтіп дербес шыға ма», жок па, оны келешек көрсетер,
бірак әйтеуір Әлімбай поэзиясы өзі тіршілік еткен, ғүмыр кешкен
жарты гасырдын ойы мен кыры, кия-калтарысы түгел және түтас
камтылған көркем ескерткіші екені даусыз. Сонда кай дәуірдің
ескерткіші? Өзі алпыс жылдан астам туған халқымен бірге тағдырлас
болған Кеңес дәуірінін ескерткіші!
Қазіргілердің арасында сауатсыз, кате үғым бар: олар Кеңес
дәуірін бірынғай каралағанымен түрмай, оны тарих кемесінен түп-
басымен алып тастап, лактырып кеткілері келеді. Мүмкін бе?
Мүмкін емес. Бір жүзжылдыктың төрттен үшін алып жаткан
кезен ғана емес, бүтін бір дәуір. Бүл дәуірді тарих бетінен сызып
гастау, я болмаса тарих кемесінен түсіріп кету ешкімнің колынан
келмейді. Сондай-ак бүл дәуірге бірыңғай кара бояу жағу, жылт етер
сәулесі жок караңғы түнек ретінде көрсету тағы да парыксыздык. Бүл
дәуірдін де көлеңкесімен катар күнгейі мол. Бүл дәуірде өмір
131
сүргендер де - өзіміз және өзіміз секілді адамдар. «Жақсылык көрсем -
өзімнен, жамандык көрсем - өзімнен», деп Сүлтанмахмүт айткандай,
біз өмір сүрген сол дәуірдін жақсылығы да, жамандығы да - бәрімізге
ортак. Адассак - бәріміз бірге адастык, алға бассақ - қол үстаса
бәріміз бірге адымдадық. Қысқасы, бүл дәуір де өзін тарихта
шыңдаумен бірге шегелеп калдырған ойлы-кырлы, кия-қалтарысы,
алмағайып, аласапыран өмір. Бүл дәуірдің адамдарында да жеке
бастан өткен өмір, кешкен ғүмыр бар. Бүл дәуірдін адамдарында да
күнделік қыбыр емес, келешекке иек арткан мүдде мен мақсат, арман
мен мүрат болған. Осы жолдағы күреске толы іс-әрекет, кимыл-
карекет болған. Кеңес дәуірінің осы шындықтарының бәрін кеңес
әдебиеті болмаса, келер үрпақ қайдан оқып біледі, кайдан тауып
таниды?
у
Осы
түрғыдан
қарағанда,
Мүзафар
Әлімбай
шығармашылығында шежірелік сипатбар.
Ц
Тоғыз жасында әкеден, он төрт жасында анадан айырылган
Мүзафардың ақындык һәм азаматтык сапары басталған түстан былай
қарай өзінің өленіне айнапған өмірінің өн бойында өзі тіршілік еткен
Кеңес дәуірінің, сол дәуірде өмір сүрген замандастарының, олардьщ
ішінде өз буынының басынан кешкен қиян-килы шындығы түтас, әр
алуан ақиқаты желі тартып жатыр.
-
' Жетімдік - киын тағдыр. Бірақ, Мүзафар қанша киындық көрсе
де мойымаған. Тағдыр тәлкегіне төзу үшін тек өзіннің халінді ғана
емес, өзгелер жайын да ойлай білу керек екен. Өзгені ойлау - өзіңді
үмыту. Мүндайдың үлгісі Ана:
«Күн асса үзілдіріп, сарылдырып,
Арманы алыстагы сағындырып.
Жас ана аяғы ауыр, күні таяу,
Бакытын күтті асыга, жаны күліп...
Бір күні зарықтырған үлы туды:
Тоғыз ай шеккен бейнет үмытылды.
...Ү йрену керек екен аналардан
Өзге үшін өзіңді-өзің үмытуды!»
Төзімділік үлгісіне айналған бүл жас ана — ақынның жары.
Мүндай төзімділікке көшкен адам өмірдің қандай киыншылығы болса
да жеңеді, өз тіршілігін қакаған каңтар емес, майдақоңыр мамырга
айналдырады. Бүл күш пен касиетті ақын тағы да болашак анадан
табады. «Жігіттің сүйген жары жап-жас ана» дегендей, Мүзафар
сүйікті Ш әпауын осы мағынадағы жырға қосады:
«Өлең боп әлі күнге жазыл маған
Сен бердің махаббаттың жазын маған...
132
Жүрек - күн. Екі бірдей күн барында
Бізден аулақ күз бен қыс азынаған».
Жанүядағы тірлік — тамаша тірлік. Акын соны айтып отыр.
Әйтпесе, тіршілікте тірі кісінің көрмейтін киындығы бар ма? Оны
төрт жыл соғыста етігімен кан кешкен Әлімбайдан артык кім біледі?
Со! ыста каза тапқан досын жырлау аркылы майдан акикатын да
өлеңге айналдырады:
«Екеуміз түйдей қүрдас ек,
Екеуміз сырлас, мүңдас ек.
Жүлдызды туған бала еді,
Ақындай албырт жан еді,
Жаңа өмір сүйген жары еді,
Отаны р адал ары еді...
Қүрдасым неге кешікті?
Қаға ма біреу есікті?
Қақпайды енді есікті,
Мәңгілік досым кешікті».
Бас-аяғы он жол өлең. Он жолда он түрлі сыр бар. Қыска жазу
біз білген Мүзағаңнын кашангы қаламгерлік ерекшелігі болатын.
Келе-келе,
әсіресе,
майдан
жырларында
акын
творчестволық
эволюцияны бастан кеше бастаған. Ендігі өлең қыска ғана емес, әрі
кысқа, әрі нүска! Мәселен, соғыста оқка үшкан солдат өлімін
әркімдер-ақ жазған. Оқиғаны сол болған жерінде суреттеп, үзак
баяндайтындар
да
біркыдыру.
Әлімбай
бірақ
олай
етпейді.
Майдандағы досын лүпілдеп үйден күтеді: «Жаным-ау, неге кешікті?
Біреу есік кағып түрған жок па?». Жок. Тағы күтеді, жок! Үміт үзілді:
«Қақпайды енді есікті,
Мәңгілік досым кешікті».
Адамның көңіл күйі үшін осыдан артық «азынаған күз бен кыс»
бола ма? Сүрапыл соғыс зардабынан туған дәл осы «күз бен қысты»
ақын азынатпай-ак, айғай-шусыз, тып-тыныш бейнелеп отыр. Ал
осыны жазған ақын көнілі де, окыған біздін көңіліміз де үйкы-түйкы,
астан-кестен. Мүзаған шеберлігін осы күрсінудің астарынан, әр
жолдын, әр жолдан орнын тауып ойнап түрған әр сөздің астынан
іздеген жөн. Сонда дәл осы арада «азынаған» сырткы дүрілді ішкі
дірілге, яки сыртқы дыбысты ішкі тыныска көшіріп отырған
Мүзағаннын каламгерлік куаты кай деңгейде екенін әркім өзінше
топшылай алады.
Акын мазасыз. Жалкы жүрген жігіт сыңарын тапты, жүптасты,
бүлар енді «азынаган күз бен кыстан» аулақ кетті, өмірді жайма-шуақ
жазга айналдырды деп тыныштык таппайды. Көңіл шіркін бәрібір
133
апаң. Жігітке «махаббаттың жазын» сыйлаған қыз енді анага айналды
үл тапты. Бәрібір тыным жоқ, көңіл әлі күптігей. «Ата-ананын
арманы» толассыз:
^
І р Я Н В
«Қипақтайды қит етсе анан, әкең:
Е
- Қайтсем ғана осыны адам етем?
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ, шала ма екен?
Ойын емес, оллаһи, біздікінгн
Е нжарл ығы — елде жоқ — ала бөтен.. I
/•
...Ү міт пенен күдіктін ортасында,
Ата-ананың жүрегі талады екен!»
Осы хал-күй қай ата-ананың басында жоқ? Міне, адамға тән
осындай ақиқатты әрі сыншыл, әрі шыншыл жырлаған ақын тақырып
шеңберін барған сайын кеңіте, өрбіте, сан-сала дамыта келе жеке
адамды ғана емес, сол адамдар өмір сүрген коғамды жырлауға көшеді.
«Отан отбасынан басталады» деген даналықтың дәлдігін акын енді
жырымен дәлелдейді. Жыр болғанда, бүл түста Әлімбай поэзиясынын
жанры да үлғаяды, қысқа жазатын ақында эпнкалық қүлаш пайда
болады, жырға айналар сыр да тереңдей түседі, өлең көкжиегі кеңіп,
көркемдікпен коса идеясы да биіктей береді.
Осы сипаттағы шығармаларды сөз еткенде екінші томдағы он
поэмаға ой токтату керек. Солардың ішінен ақынның эр жолына бар
болмысын, күллі калам қасиетін салған «Менің Қазақстаным» атты
лирикалық-философиялық поэманы айрыкша бөліп атар едік. Мүның
өзі — туған ел туралы толғау. Жүрттың «Мүзаға мүзарты» деп
жүргендер де осы толғау шығар. Оның барлық ақындык куатын аямай
сарка жүмсаған бүл шалқыма - Әлімбай поэзиясының мәңгілік
такырыбы, алтын қазығы , тіпті мүзарт биігі екені де рас. Финалын
қараңыз:
«Қадірлі Қазақстан, Отан-ана,
Есімім сенен бөлек атала ма?
Алдында парызымды өтеп келем,
Өтсем де қарыздар боп ата-анама.
Көгінен куң аумайтын Қазақстан!
Сен жайлы өмір боны жазам дастан.
Сырлаймын эр сөзіңді өле-өлгенше,
Соғамын сәнді сарай асыл тастан».
I *
т-
|
Қайта окыңыз: «Сен жайлы өмір бойы жазам дастан». Бүл -
әрине, Әлімбайдың туған ел алдындағы еміреніп айтқан антка бара-
бар уәдесі, іяғни орындар қарызы, аткарар парызы. Сонымен катар,
өзінің осынау халық алдындағы перзенттік карыз-парызын орындау
134
үстшдегі оарлық капам кызметінің козғаушы күші, максаты мен
мүраты, акындык бағдарламасы. Бүл ретте, Әлімбай өлеңдері мен
поэмаларынын мазмүн мен пішін мағынасында үзыннан-үзак көш~
керуендей түтаскан циклдік сипаты бар. Оның сан апуан тақырыптағы
барлык өлеңдері де, барлык поэмалары да, яки күллі лирикасы мен
эпикасы, бәрі-бәрі бір үлы арнаға саркып күйып, бір үлы желіге
көгенделген деп білуіміз керек.
Сонда акын өлеңдерін өз алдына койғанда, он поэмасы аркылы
өзінің Қазақстанының кешегі, бүгінгі және енртеңгі талайы мен
тагдырын әр такырыпта жырлау аркылы, сайып келгенде, Отан
образын айшыктайды. Ол Отандағы адам мінезін жасау аркылы коғам
болмысын, одан кала берсе заман бітімін бейнелейді, мәселен, сегіз
желіден түзілген «Елдіктің еңсесі» дастаны - Абылайды, ғашыктык
дастаны - «Естай-Хорланды» толғаса, бүлар аркылы ақын әлгі
айтканымыздай, Отан тарихына экскурс жасаса, ' «Қүрбымның
күнделігі»,
«Қүрыш
казак»,
«Ту
тіккен»,
т.б.
лирикалык,
философиялық поэмалары аркылы Отанының бүгініне кайтып
оралып, өз замандастарынын еңбегі мен ерлігі, сол еңбек пен ерліктің
жемісі мен женісін жырға косады. Отан образын осылай жан-жакты
ашады. Сонда Мүзафар Әлімбайдың сан алуан такырыптағы өлеңдері
мен
поэмалары
мазмүн
жағынан,
жоғарыда
айтканымыздай.
иіежірелік сипат алады. Мүның өзі Мүзағаңды өз дәуірінің үніне, өз
заманының үлына айналдырады. Әлімбай поэзиясының көркемдік-
идеялык күны да, күллі эстетикалык байлығы да осы арада жатыр.
Осы поэзия жөнінде пікір айтып, талдау жасаушыларға біз оның
мінін казбалай берудің орнына осындай күнын іздеп таба білуге,
сөйтіп, Мүзафар акындығының казіргі казак поэзиясындағы орнын
әділ белгілеуге кеңес берер едік.
Ал, Мүзағаңның өзіне салсаңыз, ол колдан жасалған данкка,
дакпыртка ешкашан үмтылған емес. Мүзағаңнын мүддесі:
«Абай еккен, Мүхтар еккен орманның
Арманы не бір шыбығы болғаннын?!»
Үлылыктың синонимі -кішілік.
Кішілік - кісілікті кісіге тән касиет. Сондыктан да Мүзафар
акын Әлімбай - өзінің алдында откен үлылардын жалғасы. Түлпардын
түягы, сүнкардың қияғы.
«Акырын жүріп анык бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Үстаздық кылған жалыкпас
Үйретуден балаға!»,-деп Абай айтқандай, ақыл мен ойдан
күйылған Мүзафар Әлімбай - азамат ақын ғана емес, әрі үстаз ақын.
Әлімбай поэзиясынын өзгеше бай, шүрайлы саласы - балалар
әдебиетінің меншігінде. Оның саналы өмірінің сегіз жылы «Пионер»
журналында, жиырма сегіз жылы өзі ашып орныктырған «Балдырган»
журналы нда Бас редактор болуы - казак балалар поэзиясын
өркендетуге айта калган дай рел ат карды.
|
Муза га нда кызык ш> мактар бар:
«Кейде шыным, бала болғым келеді,
Бала болгым келеді.
|
Бала болып кала бергім келеді,
Қала бергім келеді».
I 1*
■
■
■
с _
Со секілді, Мүзағаңның бөбектерге арналган том-том жыр
жолдарын окыганда шынында да, бала болгың келеді. Әр сөзі балалар,
тіпті бөбектер тіліне жеңіл, жүрегіне жылы тиетін дақпа-дақ, накла-
нак, мөлдір, мінсіз жырларды кім-кім де жас бала секілді бүтарлап -
талдай алмайды, тікелей түйсінеді, ізінше түсінеді, көреді, содан соң
у гады. Болды. Бірер мы с ал.
Белене
Устатлады бедене,
Бүғып кал ы л кодеге,
1
Устал ал сам егерде,
Гойгызар ем бедеге.
0 1
Қус аткан д а
Ізберген
Қус атты:
Біздерге
устатты.
Ш у ре гей
Үйректі
Дурегей
С уйрггп.
К унбагы с
Кундс кокке ка раса да,
Жалыклайды кунбагыс.
*
4
>
*•
*,гЩ
У мтылгаиы тамаша гой,
Асландагы кунге алые!
Б ал а р а н м н ж и р ы
Бартыным -
136
Қыр.
Қонатыным -
Гүл.
Теретінім—1
і ’ ;
Нәр,
"■ •
Беретінім —
^
.
Бал.
Тамаша! Бөбектерге-ақ рахат. Оп-оңай жаттап алады. Ондай
балаға ана тілі ана сүтінше дариды. Ондай бала туған тіліне уызында
жариды.
Мүзағаңнын .^балаларға
арналган
өлеңдерінің таным
тарапындағы мағынасы мен тәрбие саласындағы мәні орасан зор.
,,
Мәні демекшіу Мүзағаңның «Әнсіз өмір - мәнсіз» цикліне енген
ән мәтіндері халық арасына кең тараған, әр қазақтың сүйікті әніне -
көңіл қүйіне, жан сырына айналып кеткен. Бүларды да талдаудын
керегі жок, тамсана шырқап толғау керек.
***
Мүзафар Әлімбай туралы жазылған толғау-талдаулар аз емес.
Бірақ солардың көпшілігінде акынның өнерінен гөрі өміріне
байланысты деректер басым. Ал біз осынау шағын шығармашылык
шолуымызда Мүзағаңның акындығына, әсіресе, оның каламгерлік
ерекшелігіне назар аудардык. Сол аркылы, сайып келгенде, айтар
_ түйін-түжырымымыз: Мүзафар Әлімбай - қазіргі казак поэзиясынын
күнарлы топырағына қаккан казығы нык, нығыз; сондыктан оның діні
ғүмырда үзілмейтін, Ғали ағамыздың:
«Қабақка біткен қарағай
Қарасам, көкке тірелген.
Қалай түр десем күламай,
Тамырын
терең
жіберген»-
дегені
секілді
биік
творчестволык түлға - сол Ғалилар бастаған аға буыннын өнегелі
өкілі.
«Заман Қазақстан», 1999 жыл, 9-16 маусым.
137
Қ ы р ы к б ай Алдабергенов
Б ақ ы т Баткеева
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ НЫ Ң АЛДАСПАНЫ
Қазакстанның халык жазушысы, Мемлекетгік сыйлықтың
лауреаты, сонымен қатар Абай атындағы және халыкаралык Жамбыл
атындағы сыйлықтардың да лауреаты, мәдениетке еңбегі сінген
кызметкері, Ы.Алтынсарин медалініц иегері, Қазақ Республикасы
мемлекеттік гимні авторларының бірі, көрнекті ақын, көп қырлы
талант иесі Мұзафар Әлімбаевтың атамекен қонысы Павлодар
облысының
Баянауыл
ауданына
қарасты
Қызылтау,
казіргі
Ж.Аймауытов (Жосалы) елді мекенінің Қаратөбе ауылы. Ал езініц
туған жері Шарбақты ауданының Қызыл тан ауылы.
Мүзағанның кұдай косқан жары - Шапау жеңгей. Руы - Қаржас.
Биыл екеуінін отау тігіп, шаңырак күрғанына 48 жыл толыпты
Мамандығы тарихшы. ¥ з а қ жылдар бойы жас үрпаққа білім, тәлім-
тәрбие берумен айналысқан жан.
%
2000 жылға дейінгі мағлүмат бойынша М.Әлімбаевтың әр алуан
жанрдагы елуден астам төлтума кітаптары жарык көрген, таңдаулы
өлең-жырлары әлем халықтарының 39 тіліне аударылған. Сонымен
қатар ол - 300-ге тарта ән-өлеңдердің авторы. Бұл туралы кезінде
ақын
шығармашылығын
көбірек
зерттеген,
белгілі
сыншы
Б.Сахариев: «Мүзафар қызығы да, қиындығы да, бейнеті де зейнеті
мол шығармашылык жүмыстан бір күн мойнын босатпай, өз талантын
тынымсыз, толассыз толғаныс, тебіреніс арқылы, іркілмей іздену
арқылы шыңдап, біртіндеп өсіп, өндіре жазып келе жаткан жемісті
қаламгер»,-деп жазған болатын.
"
^
Иә,
шындығында
да
солай.
Тоталитаризм
түсындағы
кіріптарлық, теңсіздік, зорлыктар жағдайында патриот ақын азамат
каламгер М.Әлімбаевтың өлен-жырлары да үлттык намысты оятып,
тәуелсіздік үшін күреске щакырғаны ақиқат. Ол түста қияметтей
киын такырыпты ашықтан-ашық ащы айғайға басып, жалаңаш жазуға
болмағандыктан тек киюын тауып қана, өте нәзік тәсілмен ғана
жырлауға керек еді |
ШН
Міне, сондықтан да ақын М.Әлімбаевтың сонау 1961 жылы
жазылған «Жапанда жалғыз алма ағаш» деген өлеңінде: Қаратау
қапталынан жалгыз алма ағашын көріп, қарттарихқа үңіледі:
Алқакөлде сүлама,
Үдіре көш шүбаған.
1
Қүлағанда еңіске
Жерге түскен жеміс пе?
138
Мынау алқап-атырап,
Тынау торғын топырақ.
I
-Онда түтас бак па екен,
Өртеп кеткен жау бөтен?-
деп су рак кояды да, казак жерін күлазыткан кілең басқыншылардың
киянаты екеніне ишара жасайды. Окырманды сондай ойға жетелейді.
Өленді автор былай түйіндейді:
Тарлан ата-бабамнын,
Тарихына адалмын...
Жүдеп шыктым бір ойдан
Түлеп шықтым бір ойдан.
Жемісі де
Щ
мирасым,
Кейісі де - мирасым.
Тарихка
адалдық
оны
бүрмалауға
жол
бермей,
туған
халқымыздың туын көтере, азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен
айтулы батырларды үмытпай, азаткерлік дәстүрді жалғастыру екенін
Де окырманға жанама түрде үқтырады, өткен заманньщ жемістері ғана
емес, касірет, трагедиясы да біздің жүрегімізде, -жанымызға батады,
яғни
бүгін де казак халкы кайғы-касірет шегіп отыр дегенді де
ишарамен аңғартады.
••
Тағы да сол 1962 жылы жазылған бір рубаиында автор:
«Мынауың,-дейді біреу,-ойбай кесір:
Көрсетпе атын айтпа, давай өшір.
Кітапта бос бет бар ма? Тарих-кітап,
Қымбаттар орнын табар - ағай кешір».
Тап сол түста, коммунистік идеологияның кызыл көз қырғи
каргалары анталап. жалақтап отырған түста былай деп жырлау нағыз
азаматтык, өжеттік болатын.
Осы орайда теңсіздіктің тізе-теперішін үзақ жылдар кешіп,
іштей өксіп жүрген халкының халін ойлаган ақын М.Әлімбаев өткен
ғасырдың 60-
ііі
ы жылдарынын орта түсында:
«Нанбаңдар бейпіл жантыкка,
Адамнан адам артык па?!
Нанбаңдар жауыз жантыкка,
Халыктан халык артык па?!
Баланнан балаң кем емес,
Акыл мен ойға кенде емес.
Адамнан адам кем де емес,
Халыктан халық кеже емес»,-
деп бүрынғысына әлде кайда ашык сөйлеп, жалпыны елең еткізгендей
болады.
139
Аға халық, іні халық деген жоқ, ешбір халық кенже-кіші, күйкі
емес. Бәрі де тен қүкыкты болуы тиіс!
I
Яғни, бір халық екінші халыкты иінінен басып, еңсесін түсіруге
тиіс емес!- деген идеяны оқырманның санасына ап-анық түрде
күйғандай эсер қалдырады. Соғыстан кейінгі жылдарда казақ
поэзиясында
өлеңнің
орнығуына
Қ.Жармағамбетов,
Жүбан
Молдағалиев, Сырбай Мәуленов, Сағынғали Сейітовтармен катар көп
еңбек сіңірген көрнекті ақындардың бірі М.Әлімбаев. Осы аталмыш
авторлардың бүл саладағы жетістіктёрін мәскеулік сыншы, әдебиет
зертттеушісі Зоя Кедрина
өзінің «Из живого источника» деген
ғылыми кітабында айрықша атап өтеді.
1949 жылы жарық көрген ортақ жинақ «Достар дауысына»
енген өлеңдері ішінде Мүзафар Әлімбаевтың «Түтін», «Орамал»,
«Сурет» атты жырлары шағын сюжетке қүрылған. Орыс ақыны
Степан Щипачевті өзіне үстаз тұтып, өнеге алған жас ақын Мүзафар
Әлімбаев олеңнің нақтылығына, өмірге неғүрлым жақындап, жанды
көрініс жасауға құдшынды.
Елуінші жылдарда дүниеге келген «Со бір күн маужыраган
шуақ еді», «Бойдақ досым күрсінді», «Шофер неге кешікті», «Бір күн
кейін білдім мен», «Он және бір», «Командирдің әңгімесінен»,
«Өтелмеген парыз», «Әттең» және тағы басқа өмірден ойып алгандай
детапьдардан күрылган шагын-шагын оқига аясында акын көкейіндегі
идеясын үтымды суреттеп шыққан.
!
|
Мәселен, «Ер өлмейді» деген жыр төрт тармақты жалгыз
шумақ, соган карамастан өзінің сипаты бар:
«Мерт болды ер - жүзі оның күліп қаоты,
Туған жер оның қанын суытпады.
Ыргагын қағып алып жүрегінің
Сағаты қолындағы жүріп жатты».
Бүдан майданның шынайы шындығы көз алдынан өткендей
болатындығы анык.
Ақын М.Әлімбаев шыгармашылыгын қадагалап отыратын
оқырмандар автордың әрбір жаңа кітабында нактылыққа күрылған
сюжетті жырладың қазақ поэзиясына актив болып косылганын жақсы
біледі.
Өмір шындыгын, халық тірлігін, тарихын талмай зерттеуші
М.Әлімбаевтың балладалары өзі бір төбе. Әлбетте, баллада да сюжетті
өлеңнің шиыршық атқан шымыр түрлерінің бірі. Мәселен, «Әр
Пушкиннің өз Пушкині бар», «Достық балладасы», «Аспандағы
айкас», «Ш ебердің шері», «Жамбыл және Жандосов» және т.б.
140
Мүзафар Әлімбаев бүгінге шейін сюжеттілікке деген тенденциясынан
айнымай келеді...
Әсіресе, балалар поэзиясында сюжетке, оқиға динамикасына
үлкен мән береді. Мәселен, «Екі тақтай бір көпір» атты жинактағы
«Төртеу» деген өлеңнің окиғасы мынадай:
Түсіп кеткен таяғы.
Қапт-күлт етіп аяғы.
Өзіне-өзі шал кейіп.
С ипактайды еңкейіп.
Бүкеңдейді неғып карт?
Өйткені ол зағип карт.
.
‘ *
': • ->л
Қасында екі бала түр.
Сипалактап шал отыр.
• "
Әріректе жігіт түр.
Неге ыржындап күліп түр?!
Егер автор адамның біріне-бірі жанашырлык, кайырымдылык
көрсетуі имандылыкка жатады деп жалаң-жайдак уағыз соқса,
көкейіндегі идеясын көркемдік куатпен жеткізе алмаған болар еді. Ал,
мынау карапайым сюжет аркылы автор
окырманды, жасты да,
жасамасты да - ойга калдырады, корытындыны өзіне шығартады.
Байкағыш, алғыр ойлы басқа ақындардың әлі көзі шалмаған,
акын М.Әлімбаевтың оригиналды сюжетгерді өзі тауып, аз сөзбен
әдемі сурет жасайтыны - жас акындарға мектеп дерліктей. Мүзафар
ешкашан ешкімнің бүрын жырлаған сюжеттерін кайталамайды,
әркашан мәнді идеяны танытар тартымды окиғаны кейде өз киялыМен
ойлап табатыны - өнегелі үрдіс М.Әлімбаевтын балалар поэзиясында
өз мектебі, өз шәкірт акындары бары - шындық.
Мүзафар Әлімбаев - қазіргі заманғы казак ән-өлеңдерінін
профессионал акыны, маңдайлы маманы, зергері, осы жанрдын көш
бастаушысы және теоретигі. Ол 1949 жылдан бері осы жанрда жемісті
енбек етіп келеді. Ақыннын 300-ге тарта өлеңдеріне ән ЖазЫЛган.
Солардын ішінде бүкілхалыктык сипатка ие болган «Акмандайлым»,
«Аксүнкарым», «Маралдым», «Өзін де жігіт кызыксың» және тағы
баскаларын атауга болады. Бүл әндер жалпы казак музыка мәдениетін
биікке квтеріскен туындылар.Ән мәтіндерінін көркемдік дәрежесін
биіктетуге жаршы болған өлең-жырлар.
Жалпы, акын Мүзафар Әлімбаевтың бүкіл поэзиясын шолғанда
көзге түсетін бір күбылыс бар, ол - философиялык ой ағынынын өлен
өзегіне кызыл кандай кұйылған түстары. Өмір күбылыстарын
тереннен әрі жанаша, өзінше толғауға үмтылуы жемісті деуіміз керек.
141
Мысалға алпысыншы жылдардың басында жарық көрген алты
жолдык атсыз өлеңге ой көзін салайықшы:
Жаңаның бәрі жаңа ма,
Жол берсе тозған ескіге?!
Ескі бар қымбат жаңадан,
..
Ц
Ескіден көне жаңа бар?
Сол түста сүсты цензурадан осы ишарасы-түспалы, аса ойлы
асыл өлеңнін калай өткеніне қайран каласың?! Шала білімді
цензорлар «бүлікті» өлеңді байқамай қалғанға үқсайды. Шындап
келсе, мынау жырдың кез келген жолы үшін «Совет сотының»
алдынан шығу ықтималдығы ап-айқын түр.Бүл социалистік заманиың
қытығына тиер китыкты сөз екені бүгін айкындала түскендей. Акын
өте батыл, өжет идеялы өлеңді үсынып, алғыр оилы замандастарды
ойға жетелегені сөзсіз дер едік.
Философиялық ойлау жемісі сүраулы сөйлемге қүрылуы
оқырманды сүхбатқа шакырып отырғандай әсерге бөлейді.
«Кешегім - бүгінгіге қам кылғаным,
У ақыт каскырына алдырғанын.
Бүгінгім - мардымсымай малданғаным,
Сонда да кеиіегімнен жаңғырғаным...
Тосын бір көрген түстей оқшау жаңа
Тың шаттык сыйлайтындай алдымдағым».
Уакыт жөнінде кім бар голғанбаған, тебіренбеген қандай акын
бар?!
Ал, ойшыл ақын Мүзафар Әлімбаев бүрын ешкімнің қиялында
қылаң етпеген
қырынан сөз қозғап, уақыттың үш өлшеміне -
кешегіге, бүгінгіге, ертеңгіге өзінше баға берген.
Уақыттың қасқырына жем болған кешегі -
жаңа бейне ме?
Әрине, жаңа! Қазактың еш ақынынын аузына түспеген образ!
«Мардымсымай малдану да» тосын метафора.
Автордын «Бөктердегі шым қүдық» атты өлеңі бар. Кемерінен
асып төгілмейтін, суы ортаймайтын шым күдықтан «адамның бір
деңгейде үстаған жақсы мінезді» адамды көреді. Мүнда қиял
үшкырлығын біз ешкімнен үшыраткан жокпыз. Бүл да философиялык
ойлаудың жемісі.
л
]
Бір көніл аударатын нәрсе: автордың философиялык өлеңдері
мейлінше кысқа, ықшам, тығыз. Көбінесе төрт жол, үзаса он екі жол
боп келеді. Эрине, кейде көлемді туынды ішінде екі жолмен ғана
сыңар тармақпен
түйінделген нақылға жақын нәрлі ойлар,
философиялык түжырымдар да кездеседі.
«Ата жолын үмытсаң — адасасың.
142
Ағарады мезгілсіз кара шашын».
Алпысыншы жалдар аяғында дүниеге келген "Өкініш" атты
өлеңінің түйіні осындай...
Ұмыта басталған үлттық дәстүрге, ата-салтына жас үрпактың
назарын әлсін-әлсін аударуды акын М.Әлімбаев үмыткан емес.
Адамдарды тіл бөлмеиді, діл боледі,
Адамдарды күн бөлмейді, түн бөледі.
мәселесі кандай ізгі, әрі
салмакты, әрі ғибратты ой!
Шіркін өмір!
Сүйікті
Арманымен кызыкты!
Жаншып езер иықты
Салмагымен қызыкты!
Шынайы акикатты ашкан осындай философиял^л. өлеңдерін
сүрыптап алса, М.Әлімбаевтың аса қүнды бір кітабы окырмандардың
калын кауымына зор тарту болар еді.
Өлместің жолдары —
Жасау мәңгі тозабы
өнер барда қолдагк,
бастан заман озбасты.
Қазак лирикасында әзірге дендеп кірмеген диалог-өлеңдері де
әдебиетімізге ақын өгкен ғасырдың кыркыншы жылдарының аягынан
бастап алғаш енгізілген.
1. 1949 жылы жазылған «Жігіт жыр» атты жалгыз шумақ:
- Ақыным, бет-аузыңды әжім қаптап
I Болыпты басыңдагы шашың аппак...
- Халыктай үзақ жасар жігіт жырмен
- Өтті дей бер қарттықты акын таптап.
2. «Екі сүрақ, екі жауап»:
- Бакыт қайда барасың?
- Татуларға барамын.
- Қайгы кімді шаласың?
- Араздарды табамын.
(Алпысыншы жыл дары жазылган өлең).
Диалог өлеңге шынайы шеберлік алдымен керек.
- Қалай, кандай шактарда шығады екен кырғын батыр,
төтен ер?
| Намысына шапканда
Нардын жүгін нәзік тайлак котерер.
Не бары торт жол да кандай салмакты ой бар?!
143
Автордың балалар поэзиясында да диалог-өлеңдері бірсыпыра
бар.
^
Алпысыншы жылы жазылған «Жалкаудың жауабы»:
- Апа, есікті жаба салшы,
ілгегін де іле салшы.
*
/л
^
Жалқау әрен ықыранды:
--/Д
- жел соқпай ма,
Достарыңызбен бөлісу: |